Инфоурок Физика Другие методич. материалыПлан урока по физике на тему "Жарық кванттары туралы Планк гипотезасы" 9 класс

План урока по физике на тему "Жарық кванттары туралы Планк гипотезасы" 9 класс

Скачать материал

Сабақ: Физика  9 «А» сынып

Мерзімі: 16.02.15

Сабақтың тақырыбы: Жарық кванттары туралы Планк гипотезасы. Планк формуласы Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік мақсаты - оқушыларға жарық кванты туралы Планк гипотезасын түсіндіру, жарықтың алатын орны туралы өзіндік   ой қорыту, Планк формуласына есептер шығарту;

2. Дамытушылық мақсаты - оқушылардың    өз бетімен,топпен жұмыс істеуін негізге ала отырып,әртүрлі тапсырмалар арқылы   ойлау қабілеттерін дамыту,есеп шығару біліктіліктерін дамыту, іздену дағдысын қалыптастыру;

3. Тәрбиелік мақсаты - оқушылардың алған білімдерін тиянақтай отырып,тапқырлыққа,ізденіп шешім қабылдауға, ауызбіршілікке, ойын жинақтай білуге, біріне-бірі көмектесуге баулу, еңбексүйгіштікке  тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  жеке , топпен жұмыс

Көрнекілігі: интерактивті тақта, презентациялар, үлестірмелі материалдар,бағалау парақтары

Пәнаралық байланыс: математика, геометрия,  жаратылыстану

Сабақтың барысы:

І. «Сәлем- сөздің анасы»( ұйымдастыру кезеңі).

ІІ.«Қайталау-оқу анасы»(үй тапсырмасын сұрау)

ІІІ. «Білгенге-маржан» (жаңа сабақ)

ІV. «Сен оқысаң, мен тоқығам» (жаңа сабақты бекіту)

V. Қорытындылау .

VІ. «Жақсы баға-оқу нәтижесі» (бағалау кезеңі)

VІІ. «Үйренгенді орындап жаттығайық» (үйге тапсырма)

І. «Сәлем- сөздің анасы»( ұйымдастыру кезеңі).

а) сәлемдесу

ә) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

б) оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ.«Қайталау-оқу анасы» (үй тапсырмасын сұрау)

Физикалық диктант

1.Қызған денелердің сәуле шығарып, электромагниттік энергия таратуын жылулық сәулелену деп аталады.

2.Жылулық сәулелер электромагниттік  толқындар қатарына жатады.

3. Өзіне түскен әртүрлі жиіліктегі сәулелердің энергиясын толық жұтып алатын денені абсолют қара дене деп атайды.

4.Жылулық сәулелену құбылысы тек қызған денелерде ғана емес,салқын денелер де орын алады.

5.Жылулық сәулелер  тек жиіліктеріне  немесе толқын ұзындықтарына  қарай ажырайды.

Сергіту сәті (сөзжұмбақ өткен тақырып бойынша сұрақтар)

 ІІІ. «Білгенге маржан» (жаңа сабақ)

Макс Планк жылулық сәулелердің эксперименттік нәтижесін түсіндірудегі тығырықтан шығу жолын тапты.

Ол 1900 жылы « сәулелік энергия үздіксіз шығады» деген классикалық физика түсінігіне қайшы келетін батыл гипотеза ұсынды:

Абсолют қара дене жылулық сәулелерді  үздіксіз шығара да, жұта да алмайды;олар тек үзікті үлес- квант түрінде ғана шығарады немесе жұтады. Сәуле арқылы тарайтын немесе жұтылатын бір үлес энергия квант деп аталады.

Квант латынша guantum –«мөлшер», яғни «үлес» деген сөздің мағынасын береді.

М.Планк дененің үзікті шығаратын немесе жұтатын бір үлес энергиясы үшін

 

E=hv

E-ең кіші энергия үлесі

v-сәуленің жиілігі

h-Планк тұрақтысы:

 

h=6,62*10 -34 Дж·с

 

Сонымен , сәуле шығаратын немесе жұтатын дене өзінің энергиясын үзікті түрде : 1Е, 2Е, 3Е, nЕ  шамасына өзгертеді.

Дененің энергиясы бір квантқа бүтін  n санына еселеніп қана өзгереді:

 

                                                               En= nЕ= nhv

n-электромагниттік сәуле энергиясын таситын фотондар саны ( фотон-тыныштық массасы нөлге тең элементар бөлшек);

Е-әрбір фотонға тиесілі ең кіші бір үлес энергия, яғни бір үлес энергия, яғни бір квант

Классикалық теория бойынша , энергия үздіксіз өзгереді және нөлден бастап шексіздікке дейін кез келген мәнді қабылдай алады.

Планк керісінше, энергияның үзікті өзгеретінін және белгілі бір нақтылы мәндерді қабылдайтынын болжады.

Планктің ғылыми болжамы абсолют қара дененің тәжірибеде байқалған жылулық сәулелену құбылысын түсіндіріп берді. Планк гипотезасы негізінде салынған Е (λ) 2-қисық эксперимент жүзінде алынған 1-қисықпен дәлме-дәл келеді.

Планк гипотезасы қазіргі физика деп аталатын жаңа кванттық физиканың негізін қалауға зор көмегін тигізді.

ІV.«Сен оқысаң, мен тоқығам» (жаңа сабақты бекіту)

 Физикалық сөздік (қосымша)

Гипотеза-болжам

Дискретті-үзікті

Квант-мөлшер,үлес, бір үлес энергия

Фотон-тыныштық массасы нөлге тең элементар бөлшек

Кім жүйрік?

Білгеннің үстіне біле берейік!

Есептер шығарып үйренейік!

Тақырып бойынша білімді жаттығу есептерін шығару барысында дамыту, үш  топқа ортақ есептер беріледі,үш топ жарыса отырып тақтаға шығып орындайды.

№1

Фотонның энергиясы 2,8*10 -19 Дж.Электромагниттік толқын ұзындығы қандай?

№2

Қуаты 100 Вт жарық көзі 1 секундта 5*1020  фотон шығарады. Сәуленің орташа толқын ұзындығы қандай?

 №3

Қандай электромагниттік толқын  ұзындығында фотон энергиясы   9,93*10-9 Дж-ге тең?

V. «Жақсы баға-оқу нәтижесі» (бағалау кезеңі)

(Бұл кезеңде парта бойынша отырған оқушылар бағалау парағына өздері бірін-бірі бағалайды.)

Оқушының аты-жөні

«Қайталау-оқу анасы»(үй тапсырмасын сұрау)

«Сен оқысаң, мен тоқығам» (жаңа сабақты бекіту)

Жалпы бағасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

VІ. «Үйренгенді орындап жаттығайық» (үйге тапсырма)

1.     §48 оқу.38-жаттығу (2)

2.     Шығармашылық тапсырма:

          а)Макс Планк туралы мәнжазба

          ә)тақырыпқа сөзқума,сөзжұмбақ дайындап келу

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "План урока по физике на тему "Жарық кванттары туралы Планк гипотезасы" 9 класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Клининговый менеджер

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 291 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.08.2015 1101
    • DOCX 17.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кошжанова Ажар Болатбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кошжанова Ажар Болатбековна
    Кошжанова Ажар Болатбековна
    • На сайте: 8 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 24943
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Теоретическая механика: векторная графика

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 129 человек

Курс повышения квалификации

ЕГЭ по физике: методика решения задач

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 116 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 119 человек

Мини-курс

Финансовое руководство: от планирования до успеха

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Основы духовно-нравственной культуры народов России: особенности преподавания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Мини-курс

Развитие коммуникации и речи у детей раннего возраста

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек