Инфоурок Физика ПрезентацииПрезентация "Физикаға еңбегі сіңген ғалымдар"

Презентация "Физикаға еңбегі сіңген ғалымдар"

Скачать материал

 

АРХИМЕД

шамамен 287 – 212 б.з.д.

 

 

Архимед – ертедегі грек ғалымы, физик және математик.  Иінтірек ережесін тағайындаған, гидростатика заңын ашқан.

 

    Архимед заңы: сұйыққа батырылған денеге  осы дене ығыстырып шығарған сұйықтың салмағына тең ығыстырушы күш әсер етеді.

                                            

 

Тұңғыш рет осы күштің бар екенін көрсеткен және оның мәнін есептеген грек ғалымы Архимедтің құрметіне сұйық немесе газішіндегі денені кері итеруші күш Архимед күші деп аталады.                

 

 

ИСААК НЬЮТОН

1643 – 1727

    Исаак Ньютон - классикалық физиканы құрған әйгiлi ағылшын ғалымы. Ньютон зерттеулерi механикаға, оптикаға, астрономияға, математикаға арналған. Классикалық механиканың негiзгi заңдылықтарын есептеген, бүкiләлемдiк тартылу заңын, жарық дисперсиясын ашқан, жарықтың корпускулалық теориясын дамытқан, қызған денелердің суыну заңын, ақ жарықтың монохромат сәулелерге жіктелуін, сфералық мөлдір денелердің түйіскен нүктесінің айналасында интерференц. сақиналардың пайда болатынын, т.б. ашты.

    И. Ньютон 1687 жылы И. Кеплер ашқан планеталар қозғалысының заңдарын пайдалана отырып, бүкіләлемдік тартылыс заңын ашты.

Надпись:

              

  

Ньютонның атымен Халықаралық бiрлiк жүйесiнде күштiң өлшем бiрлiгi – ньютон аталған.

 

 

 

 

 

ЛОМОНОСОВ М.В.

1711 – 1765

   Орыс тіліне «физика» деген сөзді алғаш    енгізген Ресейдің ұлы ғалымы М. В. Ломоносов болатын. «Физика» грекше фюзис - табиғат дегенді білдіреді.

М. В. Ломоносов  ХVIII ғасырдың басында физика мен химияның одан әрі дамуына негіз болатын аса мәнді жұмыстар жүргізді. Ол барлық денелер өте ұсақ материалдық бөлшектерден – «элементтерден» (атомдардан) немесе олардан тұратын ірілеу бөлшектерден – «корпускулалардан» (молекулалардан) тұрады деп есептеді. М. В. Ломоносов денелердің көптеген қасиеттерін, қатты,сұйық, және газ тәрізді күйдің ерекшеліктерін, ыдыстардың қабырғаларына түсіретін газдардың қысымын түсіндірді.

Зат құрылысының молекулалы-кинетикалық теориясының (МКТ) негізгі қағидаларын жасады.

 

 

 

 

ГЕОРГ СИМОН ОМ

1787 -1854

 

Атақты немiс физигi Георг Симон Ом 1826 ж. эксперименттер арқылы ток күшiн, кернеу және кедергiнiң бiр-бiрiмен байланысын өрнектейтiн электр тiзбегiнiң негiзгi заңын ашты. Ом кедергiнiң өткiзгiш материалына тәуелдiлiгiн, оның ұзындығына тура пропорционал және көлденең қиманың ауданына керi пропорционал екенiн көрсеттi.

 Тізбек бөлігі үшін Ом заңы:                  

                               

"Электр қозғаушы күш" (ЭҚК),  "өткiзгiштiк" деген ұғымдарды да ол енгiзген. 1830 ж. Ом алғаш рет ток көзiнiң электр қозғаушы күшiн өлшедi.

Толық тізбек үшін Ом заңы:       

 

 

 

 

АМПЕР  АНДРЕ  МАРИ

1775 - 1836

 

 Белгілі француз физигі А. М. Ампер   токтардың өзара әрекетін зерттей отырып, магнит өрісінің токқа белгілі бір күшпен әрекет ететінін ашты. Магнит өрісінің бағыты өткізгіштегі ток бағытымен қалай байланысқанын анықтады және магнит өрісінің кернеулігін токпен байланыстыратын формуланы тапты. Сонымен қатар тогы бар екі өткізгіш арасындағы әсерлесу күшінің формуласын қорытып шығарды (Ампер заңы). 

Ампер заңы:          

 

Магнетизмнің молекулалық токтар жөніндегі болжамға негізделген алғашқы теориясын құрды. Ток күшінің анықтамасын ұсынды. Ғалымның дүниежүзілік ғылымға қосқан үлкен еңбегі үшін ток күшінің өлшем бірлігін ампер (А) деп атады.

 

    

 

ШАРЛЬ ОГЮСТЕН КУЛОН

1736 - 1806

 

1785 жылы француз физигі Ш. Кулон тәжірибе жүзінде электростатиканың негізгі заңын – нүктелік зарядтардың өзара әрекеттесу заңын тағайындады. Ол былай айтылады: аттас зарядталған екi кiшкене шариктердiң тебiлу күшi бұл шариктердiң центрлерiнiң арақашықтығының квадратына керi пропорционал. Бұдан кейiн Кулон электр күшiнiң зарядтардан тәуелдiлiгiн орнатып, физика тарихында Кулон заңы деп аталатын заңды тұжырымдады.

 

 


  

   Кулон заңы:                 


     Француздың ойшыл ғалымының құрметiне электр зарядының бiрлiгi – кулон (Кл) атауы 1881 жылдан берi практикада қолданылады.

 

 

 

НЬЮТОН ЗАҢДАРЫ

               

1-  ЗАҢЫ                      


Егер қозғалыстағы денеге басқа денелер әсер етпесе (немесе басқа денелердің әсерлері теңгеріледі), онда белгілі бір санақ жүйесіне қатысты алғанда ілгермелі қозғалыстағы дене өзінің тұрақты жылдамдығын сақтайды.

 

2 - ЗАҢЫ                          

   Денеге әсер ететін күш дененің массасы мен оған сол күш берген үдеудің көбейтіндісіне тең

   

  3 - ЗАҢЫ

 Денелер бір-біріне модулі бойынша тең және бағытты жағынан қарама-қарсы күшпен әсер етеді.

 

                       

 

 

 

 

 

                      

 

Д. П. ДЖОУЛЬ                              Е. ЛЕНЦ

1818-1889                                      1804-1865

 

Ресейлік физик-электротехник Э.Х. Ленц индукциялық ток бағытын анықтау ережесін және токтың жылулық әрекетінің заңын тағайындады. Токтың жылулық әрекетін Э.Х. Ленцтен тәуелсіз ағылшын физигі Д. П. Джоуль ашты. Тогы бар өткізгіште бөлініп шығатын жылу мөлшері электр өрісінің өткізгіштің кедергісін жеңуге жұмсаған жұмысына тең.

 

 

 Бұл формула Джоуль – Ленц заңының математикалық өрнегі болып табылады және ол былай оқылады: өткізгіштегі токтың бөліп шығаратын жылу мөлшері өткізгіштің кедергісіне, ток күшінің квадратына және оның өту уақытына  тура пропорционал.

 

 

 

Джеймс Клерк Максвелл

1831 - 1879

 

      Джеймс Клерк Максвелл – ағылшын физигі, біріңғай электромагниттік өріс теориясын құрды. 1860 – 1865 жылдары Максвелл электр және магнит өрістері туралы Фарадейдің идеялары негізінде және көптеген тәжірибелер нәтижелерін қорыта келе, зарядтар мен токтар жүйесі туғызатын электромагниттік өріс теориясын жасады. Электромагниттік өріс теориясының негізін Максвелл теңдеулері деп атайды.

Электромагниттік өрістің кеңістікте жарық жылдамдығына тең жылдамдықпен тарайтын электромагниттік толқын екендігін дәлелдеді. Электромагниттік толқын тек вакуумде емес, әр заттың ішінде тарала алады. Радиотолқындар, инфрақызыл, ультракүлгін, рентген сәулелер, көрінетін жарық және т.б. электромагниттік толқын болып табылады.

  1831 жылы Фарадей ашқан электромагниттік индукция құбылысын терең зерттей отырып, Максвелл мынадай қортындыға келді: магнит өрісінің кез-келген өзгерісі қоршаған кеңістікте құйынды электр өрісін туғызады.


 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презентация "Физикаға еңбегі сіңген ғалымдар""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Медиатор

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 052 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.01.2016 6036
    • DOCX 749.5 кбайт
    • 275 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мамбетова Гульсим Мадениевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мамбетова Гульсим Мадениевна
    Мамбетова Гульсим Мадениевна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19030
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

ЕГЭ по физике: методика решения задач

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 117 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 117 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по физике в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 81 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 569 человек

Курс повышения квалификации

Информационные технологии в деятельности учителя физики

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 118 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 866 человек

Мини-курс

Налогообложение реализации и доходов физических лиц

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Музыкальная культура: от истории до современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Сенсорная интеграция: типовые и инновационные методы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 76 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек