Инфоурок Другое ПрезентацииПрезентация "Мен қазақ елінің азаматымын

Презентация "Мен қазақ елінің азаматымын

Скачать материал

«Приозерск қаласының №1 жалпы білі беру орта мектебі» КММ

 

 

  Ашық тәрбие сағаты

қалалық деңгей

 

Тақырыбы :  « Мен- қазақ елінің азаматымын »

(дөңгелек үстел)

                                        Өткізген: 10/11 сынып

                              Хизирова М.Х

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Приозерск   қаласы

 

Мен - қазақ елінің азаматымын

 

Мақсаты: Оқушылардың бойында өз Отанына  деген ұлтжандылықты ояту. Ана тілінің қоғамдағы орнын, оның қызметін арттыру. Мәдениеті өркендеген елдің болашағына өскелең ұрпақтың сенімін жеткізу. Жас өспірімдердің тіл байлығы мен рухани байлығын дамыту.

Көрнекілігі: 1) Н.Ә. Назарбаев: «Отаншылдық рухы бізге ауадай қажет» 2)мақал-мәтел «өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» 3)  

 

«Мәңгілік мақтан,                                        «Жасай бер, жаса,

 дауылпаз дастан»                                          Тәуелсіз ел-

    - Қазақстан!                                                Қазақстан»!

 

Қатысушылар: 10-11 сынып оқушылар

Радиодан: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Бүгін қазақ елінің егемендігі туралы акті қабылданды. Біздің Тәуелсіздігімізді алғашқы болып Түркия мемлекеті таныды. Бұл күн - 1991 жылы 16 желтоқсан болатын.

 

Жүргізуші: Құрметті оқушылар, бұл күн өздеріңіз естігендей, отар елдің құлы болып ұйықтап, рауандап атқан 16 желтоқсан таңымен Қазақ елінің азаматы болып ояну біз, қазақ елі үшін, көптен күткен үлкен бақыт екенін жақсы білесіздер.

Жалпы ұлт тағдыры шешілерде өнегелі елдің жастары ортаға шығады деген ұғым бар. Міне бүгінгі ортаға шығып «Мен - қазақ елінің азаматымын» деген аясы кең тақырыпты талқылау үшін дөңгелек үстелге жиналуымызда осыған дәлел. Өйткені, бойында қазақтың қаны тасыған кез-келген ақын жазушылардың қаламына арқау етілген тақырып бұл.Кеш барысында қойылатын сұрақтардың төңірегінде ой қозғап, өз көзқарасымызды ортаға салайық.

1. Біздің белгілі қоғам қайраткерлері, ақын–жазушыларымыз өз ұлтының болмысын қалай қадір тұтқан деп ойлайсыздар?

Жұлдыз:Қазақ ұлтының салт дәстүрін қатты сыйлаған ақын қызымыз Фариза Оңғарсынова Кеңес үкіметі кезінде Германия елінен келген аудармашыларға өз өлеңдерін аудартудан бас тартыпты. Есітуіміз ше, қонақта отырғанда қазақтың ұлттық тағамы қазы қартаны ерсі көріп, қасындағы орыс аудармашымен мысқылдап күлуі ақынның ұлттық намысын оятып, «Менің салт-дәстүрімді сыйламаған адамдар арқылы байымай-ақ қояйын»,- деген үзілді кесілді жауабын беріпті. Өз басым нағыз қазақ азаматы, нағыз қайсар қазақтың қызы ғана ешкімнен тайсалмай осылай жауап береді деп риза болып қалдым.

Серік: Мен де осындай тіл жанашыры боп, қазақ жастарының мүддесін қорғап жүрген қоғам қайраткері, ақын Мұхтар Шахановтың «Ес» кітабынан кейінгі шетел ақыны Джон Эшперидің  мынадай орамды ойына тоқталғым келіп отыр. «Құдайым әр ақынға өз ұлтына осы Мұхтар Шахановтай қызмет етуді жазсын» деп ағынан жарылыпты. Осыдан кейін-ақ қазағым деп соғатын жүректері бар азаматтардың қалай мақтан тұтпасқа?!...

Жүргізуші: Шынымен, М. Шаханов ағамыз азаматтықты ақындықтан биік қоятын тұлға.

2. Ақындықтан биік қойылған қазақ азаматының тұлғасы қалай болу керек деп ойлайсыздар?

Арай, Назерке, Салтанат жауап береді.

Жүргізуші: «Ана тілін сүймейді? Басқа тілде сөйлегенді ұнатады.»- дегенді қалай түсінесіңдер?

Меруерт, Нұржан, Айтбек, Болатбек сөйлейді.

Жүргізуші: Қытай елінде тәлім-тәрбие алған қазақ азаматының сөзін тыңдайық Әсия оқиды: «Мен жат елде, миллиард қытай арасында жүргенімде төсегімнің басында қазақтың көк туы мен Елбасының суреті тұрды. Сол сурет мені Қазақстанға жетеледі. Мен арманыма жетіп, Тәуелсіз елдің азаматы атандым.» дейді.

Жүргізуші: Өз елінде жүрген азаматтар, сендер, бұл оқиғаға қандай ой қосасыздар?

Айжан, Гүлжайна, Азамат өз ойларымен бөліседі.

Жүргізуші: Қымбатты тілді сүйер қауым! Бүгінгі дөңгелек үстелде айтылған орамды ой, сүбелі сөзден алған әсерлеріңіз мол деп ойлаймыз. Олай болса, бүгінгі таңда көк байрағы желбіреп, мәдениеті өркендеп, азиялық айбынды мемлекетке айналған Қазақ елінің әрбір азаматы өз елін, жерін, тілін мақтан етуге құқығы жоғары. (Өлең оқитын оқушыларға кезек беріледі)

Жұлдыз, Еламан, Данияр ұлтжандылықты сездіретін өлеңдер оқиды.

Жүргізуші: Қазақтың майдангер ақын-жазушысы Б. Бұлқышев «Ананың тілі, ананың тілегі, ананың махаббаты тілі жетпес  бір жатқан теңіз емес пе?!» десе, Қырғыз ақыны Б. Сарноғаев:

Ана тілін білмеген,

Ақылы жоқ желікбас.

Ана тілін сүймеген, Халқын сүйіп жарытпас,- деп ана тілінің қадірін арттырған.

«Қазақ елі осындай» әні Батырбаев. С орындайды.

Жүргізуші: Қазақ елін, жерін сүюдің үлгісі болатын өзге ұлт өкілдері тарихта өте көп. Қазақстан да тұратын диаспоралардың таңдайулы өкілдері Г. Бельгер, А. Осман, Н. Лушникова, З. Ахметова сынды азаматтарымыздың қазақ елінің бүкіл болмысын құрметтеп, тіліміздің жанашыры болуы - әрбір қазақ азаматына әрі мақтаныш, әрі үлкен ой тастайды деп ойлаймын. Олай болса, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін ақын С. Торайғыровтың төмендегі өлеңімен аяқтап, өскелең ұрпақтың  рухы биік, Егемендігіміздің еңсесін жоғары көтеретін азамат болып қалыптасуына тілектеспіз.

Мен - қазақ, қазақпын деп мақтанамын,

Ұранға «Алаш» деген атты аламын.

Сүйгенім - қазақ өмірі, өзім қазақ

Мен неге қазақтықтан сақтанамын?!. (С. Торайғыров)

 

 Соңы

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презентация "Мен қазақ елінің азаматымын"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер монтажа

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 367 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.11.2015 2408
    • DOCX 35.5 кбайт
    • 19 скачиваний
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Хизирова Маржанкул Хожабеккызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19944
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Мини-курс

Основы теоретической механики

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Путь к внутреннему спокойствию: освобождение от тревоги, злости и стыда

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 629 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 203 человека

Мини-курс

Стратегии клиентоориентированного бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе