Инфоурок География ПрезентацииПрезентация на тему " І. Жансүгіров " Жетісу суреттері" өлеңінің ономасикалық сипаты" қазақ әдебиеті

Презентация на тему " І. Жансүгіров " Жетісу суреттері" өлеңінің ономасикалық сипаты" қазақ әдебиеті

Скачать материал
Скачать материал "Презентация на тему " І. Жансүгіров " Жетісу суреттері" өлеңінің ономасикалық сипаты" қазақ әдебиеті"

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Музыкальный журналист

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Зерттеу жұмысының тақырыбы:
 «Ілияс Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңінің...

    1 слайд

    Зерттеу жұмысының тақырыбы:
    «Ілияс Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңінің ономастикалық сипаты»


    ЖОСПАРЫ

    КІРІСПЕ
     
    1. ІЛИЯС ЖӘНЕ ЖЕТІСУ
     
    2. «ЖЕТІСУ СУРЕТТЕРІ» ӨЛЕҢІНДЕГІ ТАУ СУРЕТІ

    3. «ЖЕТІСУ СУРЕТТЕРІ» ӨЛЕҢІНДЕГІ СУ СУРЕТІ
     
    ҚОРЫТЫНДЫ

    ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  • Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ілияс Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңі о...

    2 слайд

    Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ілияс Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңі оқып отырған жанға, оқитын жас ұрпаққа адамгершілік тәрбиесін дарытып, әркімнің бойындағы азаматтық болмыстың нығайып, тамырын тереңге тарта түсуіне жәрдемдеседі. Өлең бойында ақынның туған жер табиғатына деген ыстық ықыласы, перзенттік сүйіспеншілігі, асқақтаған мақтанышы бар. Бар сұлулығы, бар байлығы бойына тұнған Жетісу жерінің әдемі көрінісін бар бояу, реңімен жеткізеді. Жетісуды «Жөкең» деп, адамдық қасиет дарытады да, Жетісу - кеудең асқар, аяғың - көл, қоңың - құм, мықыныңда бар сексеуіл деп, әр бөлімінде Жетісу өңіріндегі тау, өзен-көл, жан-жануар, жәндік, өсімдіктерді түгендеп шығады. Бір сөзбен айтқанда, «Жетісу суреттері» өлеңі таза ономастикалық атаулардан тұрады.

  • Зерттеу еңбектің мақсаты: 
	Ілияс Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» лирикасын...

    3 слайд


    Зерттеу еңбектің мақсаты:
    Ілияс Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» лирикасындағы ономастикалық атаулардың көркемдік қызметін талдау бүгінгі күн талабымен қарастырып, зерттеу, әдебиеттану ғылымының шеңберіне енгізу қазіргі ұрпақтың басты еншісі.
    Ілияс Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» лирикасындағы ономастикалық атауларға талдау жасау, шығу тарихына тоқталу және атаулардың өлеңдегі көркемдік қызметін ашып, айқындау.

  • Зерттеу жұмысының нысаны мен пәні ретінде алынып отырған Ілияс Жансүгіровтің...

    4 слайд

    Зерттеу жұмысының нысаны мен пәні ретінде алынып отырған Ілияс Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» лирикасындағы ономастикалық атаулардың өзіне тән ерекшелігін ашып көрсету тағы бір ізденіс жолдары болмақ. Себебі осы мәселені көтеру арқылы әдебиеттің даму тарихындағы лириканың тақырыптық-мазмұндық, көркемдік-идеялық жағынан толығып, толысуын, ілгерілеуін ашып-айқындау мүмкіндігі туады.

  • Зерттеу жұмысының дерек көздері: 
Еңбектегі мәселелердің шешімін іздеуде...

    5 слайд

    Зерттеу жұмысының дерек көздері:
    Еңбектегі мәселелердің шешімін іздеуде белгілі әдебиет зерттеушілері Т.Әбдірахманованың «Ақын сыры» [2], Т.Сыдықовтың «Жетісу дүлдүлдерінің дүбірі», «Ілияс Жансүгіров және дәстүр жалғастығы» [3], Л.Әділбекованың «І.Жансүгіров прозасының идеалдық-көркемдік ерекшелігі» [4], М.Имангазиновтың «Ілияс Жансүгіров» [5], Ш.Кыяхметованың «Аңызға бергісіз ғұмыр» [6], атты еңбектері басшылыққа алынды.

  • Зерттеу әдістері: Ізденіс барысындағы нәтижелер мен қорытындыларды тұжырымдау...

    6 слайд

    Зерттеу әдістері: Ізденіс барысындағы нәтижелер мен қорытындыларды тұжырымдау үшін теориялық талдау, жүйелеу, жинақтау, тұжырым жасау, салыстырмалы талдау әдіс-тәсілдері қолданылды.

  •              ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

1 ІЛИЯС ЖӘНЕ ЖЕТІСУ

    7 слайд

    ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

    1 ІЛИЯС ЖӘНЕ ЖЕТІСУ

  • Ілияс – кіндік кесіп, кірін жуған Жетісуын жеріне жеткізе жырл...

    8 слайд


    Ілияс – кіндік кесіп, кірін жуған Жетісуын жеріне жеткізе жырлап өткен. «Суретін сөз баяндап жеткізе алмас», көркіне көз тоймас тамаша табиғатын, аққу ұшып, қаз қонған өзен-көлдерін, аспанмен астасқан асқар тауларын, ұшқан құс, жүгірген аңды өлең сөздің өзегіне айналдырып, туған өлкесінің тұғыры биік тұлғасын жасады.

  • Ақын алдымен Жетісудің жалпы кескін-келбетімен таныстырады:
Жер таппан жерге...

    9 слайд

    Ақын алдымен Жетісудің жалпы кескін-келбетімен таныстырады:
    Жер таппан жерге жетер Жетісуым
    Күркілдек, Көксу, Лепсі, Іле, Шуым,
    Асқардың аспан сүйген сілекейін,
    Жан бар ма татпайтұғын, айтпайтұғын.
    Бөленген бұлтқа мәңгі меңіреу құз,
    Ну тоғай, қоғалы көл, қоңыр құмым.
    Асқардан ақтарыла арқыраған,
    Жөкеңнің кім аңсамас балдай суын.
    Жетісу, кеудең асқар, аяғың көл,
    Қоңың құм, мықыныңда бар сексеуіл.
    Тау жайлап, қоңыр күзеп, құмды қыстап,
    Ол бір маң мал өсірген өлкедегі ел.

  • 2  «ЖЕТІСУ СУРЕТТЕРІ»  ӨЛЕҢІНДЕГІ  ТАУ СУРЕТІ
 

    10 слайд

    2 «ЖЕТІСУ СУРЕТТЕРІ» ӨЛЕҢІНДЕГІ ТАУ СУРЕТІ
     

  • Әдебиеттің пірі Мұхтар Әуезов былай дейді: “Мен Ілиясты бұрын да...

    11 слайд


    Әдебиеттің пірі Мұхтар Әуезов былай дейді: “Мен Ілиясты бұрын да білуші едім, өлеңдерін де оқып жүретінмін. Бірақ оны шын мағынасында дарынды ақын екенін мойындағаным сол «Жетісу суреттері» өлеңін оқығаннан кейін”.

  • Ілияс поэзиясы тау өзендерінің тасқыны тәрізді.Мен өзім тауда туып, таста өст...

    12 слайд

    Ілияс поэзиясы тау өзендерінің тасқыны тәрізді.
    Мен өзім тауда туып, таста өстім,
    Жасымнан мұз төсеніп, қарды кештім.
    Асқарда, Аршалыға қозы жайып,
    Бұлттардың аспандағы қасында өстім,
    Жөңкенің жоғары ала басында өстім,
    Ақ гауһар Ақтастының тасында өстім,
    Аспанда ақиығы шаңқылдаған
    Құздардың құламалы астында өстім.

  • Ілиястың өзіндік сөз нұсқасы, өз бояуы да жетерлік. Мысалы:...

    13 слайд

    Ілиястың өзіндік сөз нұсқасы, өз бояуы да жетерлік. Мысалы:
    Тауды тұман бөкселеп,
    Өзен төлі жамырайды.
    Көз жұмғанда көкше көк,
    Көсіліп жер тырайды.
    Кезек – кезек қар, жаңбыр,
    Қыстың күні – қос қырсық.
    Кісі өлгендей шулап қыр,
    Жынданып тұр, жер ұрсып, -
    деген жолдар Ілиястың бұл саладағы ақындық бейнесі мен қолтаңбасын танытады.

  • Тарбиған Тарбағатай жердің құты,
Барлық - ол «қыдыр түнеп көшкен жұрты».
Оран...

    14 слайд

    Тарбиған Тарбағатай жердің құты,
    Барлық - ол «қыдыр түнеп көшкен жұрты».
    Оранған ақ кебенек аруақты Алтай,
    Төгіліп бізге таман жатыр мұрты.
    Ертеде сол асқардың сәулетіне,
    Қиыспай қырғындасқан талай жұрты.
    Тарбағатай
    Алтай

  • Ілияс ақын өлеңдерінде тау аттарын тізбелеп шығады: 
Ақшұнақ, Жабағы...

    15 слайд



    Ілияс ақын өлеңдерінде тау аттарын тізбелеп шығады:
    Ақшұнақ, Жабағылы, Мыңшұқыр, Таз,
    Бұлардың бәрін тізген Жоңғар тұрпы.
    Аршалы, Амантекше, Қарасырық,
    Қараүңгір, Қалмақасу, Қаражырык,
    Сауыры Салқынбел мен Сайымбөлек,
    Суығы соғып тұрад аласұрып.

    Ақшұнақ тауы
    Жабағылы тауы
    Жоңғар Алатауы 
    Баянжүрек
    Талғар шыңы 

  • Асқардың арғы атасы Хантәңірі,
Албанның өрісінің төрінде екен.
Па, ш...

    16 слайд



    Асқардың арғы атасы Хантәңірі,
    Албанның өрісінің төрінде екен.
    Па, шіркін! Болады екен тау да сұлу,
    Мұз көйлек көк мұнармен белін буу.
    Кіндіктас – Шу-Іле тауларының орта тұсындағы тау сілемі. Жамбыл облысы  Шу және Қордай аудандары аралығында.

  • Ақын Жетісудың әсемдігін суреттей келе, ойын мына өлең шум...

    17 слайд



    Ақын Жетісудың әсемдігін суреттей келе, ойын мына өлең шумағымен былайша түйіндейді.
    Неше елді аттандырған құтты қоныс,
    Әлі тұр әсемдігі таусылмай,
    Суретін сөз баяндап жеткізе алмас,
    Жерінің Жетісудің бәрі сондай!
    «Суретін сөзбен баяндап жеткізе алмас» Жетісу өңірінің, соңын ішінде өз ауылымыздың бүгінгі келбеті қандай? Ақын айтқан әсемдік пен сұлулық және байлықтар қазір бар ма, сақталған ба? Осы мәселе бізді ойландыруы керек.
    Оның Жетісуға арнап жазған өлеңдеріндегі нөсерлете төгілген қайталаулар мен үдетулердің поэтикалық түйініне көз жіберсек, ақындық шеберлігін тану қиын емес. Ілияс өлеңдерінің құдіреті оқушысының кейіп-қалпын бүкіл жан дүниесімен арбап, баурап алуында. Осындай шын жүйріктің шабысына, үдей өрлеген асқақ ақын өнеріне сүйсінесің. Біз Ілиястың «Жетісу суреттері» өлеңін құр оқып қана шықпаймыз ғажайып сырлы бояудан жасалған келісті тұтас бір дүниені көріп өткендей боламыз.

  • Ілияс шығармаларынан жер мен көктің, тау мен тастың, күн мен түнні...

    18 слайд




    Ілияс шығармаларынан жер мен көктің, тау мен тастың, күн мен түннің, таң мен кештің, жаз бен қыстың, көктем мен күздің алуан суретін табамыз. Жырға жүйрік, сөзге шешен ақын поэзиясында пейзаж түрлі идеялық-көркемдік мақсатта алынған. Оған дәлел Жетісу жерінің тамаша суреттеріндегі төрт тоғысқан арнадай, сабақтаса ұштасып жатқан жылдың төрт мезгілі. Әлемнің психологиясын ашуды мақсат ете отырып, адамдардың арасын біріктіретін ашылмас дәнекер туған жер екендігін айғақтайды.

  • 3 «ЖЕТІСУ СУРЕТТЕРІ»  ӨЛЕҢІНДЕГІ  СУ СУРЕТІ
 

    19 слайд

    3 «ЖЕТІСУ СУРЕТТЕРІ» ӨЛЕҢІНДЕГІ СУ СУРЕТІ
     


  • Ыстықкөл жер айнасы мөлтілдейді, 
Балқашты қамыс қамап желкілдейді. 
Аттанған...

    20 слайд

    Ыстықкөл жер айнасы мөлтілдейді,
    Балқашты қамыс қамап желкілдейді.
    Аттанған алты өзені Жетісудың
    Балқашқа бауырымдап еңкілдейді.


    Ілияс Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңінің «Жетісуда су суреті» бөлімінде Ыстықкөл, Балқаш көлдері, Шу, Іле, Шелек, Көксу, Қаратал, Күркілдек өзендерінің аты аталады. Даналық сыры, ойшылдық терендігі, құбылысты көкірек көзімен көріп, сүзе зерделеп, терең талдай алатын зергерлігі қанына дарыған дарын екенін кез келген лирикаларынан ойып алынған үзінді айғақтайды. «Жетісу суреттері» өлеңінде ақын Жетісу өлкесіндегі барлық табиғат сұлулығын даралап сипаттайды.

  • Ақын бұдан әрі алты өзеннің әрқайсысының өзіндік сипаты мен ерекшел...

    21 слайд




    Ақын бұдан әрі алты өзеннің әрқайсысының өзіндік сипаты мен ерекшелігін оның халық шаруашылығына тигізетін пайдалы жақтарын көз алдыңа келтіреді:
    Шу әне, тауды тартып шыққан шулап,
    Ойнақтап, ырғып, жосып, таудан құлап.
    Асқардан атқарылған ақ емес пе,
    Қарқ болған қырғыз, қазақ суын сулап, -деп, одан әрі бұл жерді ерте заманна бері қарай осы күнге дейін қазақтың қай тайпасы, қай елі мекен еткені баяндалады.

  • Шымырлап Іле қайнап, құмды кез...

    22 слайд




    Шымырлап Іле қайнап, құмды кезген
    Қыс қақпан, ұйық, дойыр, долы безген,
    Алыстан арып көшкен керуендеп,
    Тоң мойын томсарылып тұнжыр көзбен.
    Күркілдек, Көксу, Іле, Шу өзендеріне ешбір өлкенің өзені жетпейтіндігін, сөзбен жеткізе алмайтындығын дәлелдеді. Өмірді жырға бөлеп, өнердің тілін білген ақын көктен нұрға шомылған, жерден жібек жамылған, қырға кызыл шырайын төккен, нұрлы күнге қарап мелшиген, бауыры торқа, басы бәтес Алатаудың мәңгі бұлтқа бөленген меңіреу құзын, ну тоғай, қоғалы көлін, жасыл көлдің үстіндегі екі шынды қосақ-таған жабағы бұлтын, жағадағы көк толқыны мен бедер бұлағын, тік жырасына дейін әдемі бейнелейді.

  • Арқырап айқай салған Көксу алып, 
Жазыққа шыға келсе үркіп ағып. 
Е...

    23 слайд




    Арқырап айқай салған Көксу алып,
    Жазыққа шыға келсе үркіп ағып.
    Егінші, ылғи диқан жалайырлар
    Үлесед үй басына тоған алып.
    Мөлтендеп мойнақты орай Қаратал да,
    Көксуға қойындасад жарды жанып.
    Қосылып екі ерке су, екі сұлу,
    Балқаштан қалың кұмға кетеді лағып.

    Көксу өзені шығармада Күркілдектен кейін, Лепсінің алдыңда түр. Жетісудың бір өзені Көксу-Қаратал . Суының көптігі, экономикалық маңызы жағынан Көксу алдыңғы қатарда тұрғанымен - Балқашқа Қаратал өзені болып кұяды. Дегенмен де екі өзенді де «екі ерке су, екі сұлу» деп дәріптейді.

  • «Жетісу суреттері» - ақынның туған жер тақырыбындағы ірі туындысы....

    24 слайд



    «Жетісу суреттері» - ақынның туған жер тақырыбындағы ірі туындысы. Туған мекені Жетісу жерін үлкен шеберлікпен, бейнелі сөздермен түгел, тұтас елестетеді, бұл мекенді көрмеген адамға да көп мағлұмат береді.
    Жетісу - қазақ пен қалмақ шайқасы өткен тарихи мекен. Ұқсату, теңеу, эпитеттері нанымды, көркем, айқын.
    Ақын табиғатқа шебер мінездеме береді. Ілияс табиғатты жанды күйде береді. «Пейзаж прекрасен тогда, когда оживлен»,- дейді Н. Г. Чернышевский.
    Меңіреу, мөлдір қара бұлт қоршайды,
    Сұлуға жұпар бүркіп себетіндей.
    Баладай былдырлаған сақау самал,
    Қойнына әжесінің кіретіндей.
    Осы шумақтағы меңіреу, сақау теңеулері жай «меңіреу» көрініс, «мүгедек» дүние емес, жанды бейне.
    Яғни Ілияста табиғат осындай жанды күйде, адам қасиетінде, адам мінезінде көрсетіледі, олар сөйлейді, күледі, қозғалады, ашуланады, сүйеді.

  • Ілиястың шығармашылық портретін, адамдық болмысын жерлесі әрі
інісі, рухани...

    25 слайд


    Ілиястың шығармашылық портретін, адамдық болмысын жерлесі әрі
    інісі, рухани шәкірті - белгілі ақын Әділбек Абайділданов былайша
    пенделікке қимай, пайғамбар деуден айылын жимай мүсіндейді:
    Биікте отыр ақын, тас түйінген,
    Қырандай қанат қомдап, қас түйілген.
    Ұйытқиды алай-дүлей құйын шабыт,
    Тауды ырғап, талды жұлып, тасты үйірген...
    «Өз елі ез ерлерін ескермесе, ел тегі қайдан алсын кемеңгерді». Иә,
    ұлылықты ұлықтай білуге үндеген кемеңгерім, біз рухыңа басымызды
    иеміз.


    ҚОРЫТЫНДЫ



    Ілияс Жансүгіров – табиғат сұлулығын, өзі туып өскен жаннат Жетісу келбетін сомдаудан алдына жан салмаған ақын. Бұл тұстарда ол желмаядай желіп, қырандай қалықтап, өлеңнен өрнек жасайды, жырдан кесте тігеді. Көздің жауын алатын не бір сиқырлы бояулар табады: енді бірде арбаушыдай еркіңнен айырып, бұйдалы ботадай оқушысын жетегіне алады. Сол себепті де оның табиғатты бейнелеудегі шеберлігі қазақ поэзиясының жарқын беттерін ашады.

  • ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
  
1.  Дүйсенов М. Ілияс Жансүгіров. Монография. А.,...

    26 слайд

    ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
      
    1. Дүйсенов М. Ілияс Жансүгіров. Монография. А.,1965, 156 бет
    2. Әбдірахманова Т. Ақын сыры. Алматы.- 1974ж.
    3.Сыдықов Т. Жетісу дүлдүлдерінің дүбірі. Алматы.-Арыс.2010ж.
    Ілияс Жансүгіров және дәстүр жалғастығы. . Алматы.-Арыс.2012ж.
    4.Әділбекова Л. І.Жансүгіров прозасының идеалдық-көркемдік ерекшелігі. 5.Имангазинов М. Ілияс Жансүгіров. Алматы. -2004ж.
    6. Кыяхметова Ш.А. Аңызға бергісіз ғұмыр. Талдықорған, 2006 ж.
    7. Жансүгіров І. Шығармалары. 1том.-Алматы.- Қазығұрт .-2008ж.
    8. Назарбаев. Н. Ә. «Мәдени мұра» бағдарламасы мемлекеттік бағдарлама болуы тиіс» //Егемен Қазақстан. – 2003. – №311-312
    9. Әуезов М. Уақыт және әдебиет – Алматы: Жазушы, 1986. – 254 бет
    10. Бітібаева Қ. «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» А, 1997, 297 бет
    11. Дербiсалин Ә. Әдебиет туралы толғаныстар. Алматы, 1990, 193 бет
    12. Иманғазинов М.Ілияс прозасындағы дәуір дидары. Т.,2000ж, 104 бет
    13. Байтұрсынов А.Әдебиет танытқыш. Шығармалары. А.,1989, 245 бет

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 151 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.02.2016 12691
    • PPTX 16.4 мбайт
    • 194 скачивания
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Базарбекова Ментай Нусипбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 35242
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 142 человека из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания географии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 245 человек

Курс повышения квалификации

Педагогика и методика преподавания географии в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 732 человека

Курс профессиональной переподготовки

География: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель географии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 208 человек

Мини-курс

Технологии в онлайн-обучении

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 18 регионов

Мини-курс

Психологическая помощь и развитие детей: современные вызовы и решения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методология проектного менеджмента и стратегического планирования в инвестициях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе