Инфоурок Технология КонспектыПрезентация по Стандартизации и метрологии на тему "Қазақстан дүниежүзіліқ сауда ұжымы мүшесі"

Презентация по Стандартизации и метрологии на тему "Қазақстан дүниежүзіліқ сауда ұжымы мүшесі"

Скачать материал

Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының толыққанды мүшесі болды

Жаһан саудасын реттеп, тауар айналымының легін бақылап отыратын Дүниежүзілік ұйым бар. Сауда ұйымы - 1995 жылы құрылған. Бүгінде 160-тан аса ел мүше. Дүниедегі сауда айналымының 98 пайызы осы елдердің еншісінде. 

Яғни, ұйымға мүше болуы арқылы осы елдер арасында кедендік салықтың деңгейі төмендеп, алыс-беріс жеңілдейді. Тиісінше, баға арзандап, инвестиция тартуға жол ашылады. 

Қазақ Үкіметі осы ұйымға мүше болу үшін аз тер төккен жоқ. Келіссөздер 20 жыл жүрді. Нәтижесінде биыл заңды түрде Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі болды. 

Осы апта Кенияда Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдердің оныншы министрлік конференциясы өтті. Найробиге әлемнің 162 елінен делегат келді. Қазақстаннан халықаралық жиынға Экономикалық интеграция істері жөніндегі министр Жанар Айтжанова бастаған ресми делегация қатысты. 

Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуға Қазақстан 1996 жылы 29 қаңтарда өтініш берген. Яғни, ұйымның құрылғанына бір жыл өтер-өтпестен оған қызығушылық танытқан. 

Алайда, келіссөздер 20 жылға жуық уақытқа созылып, тек биыл 27-шілдеде Женева қаласында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен конференцияда Қазақстанды ұйымға қабылдау туралы шешім шығарылды. 

Бұл ұйым тарихындағы ең ұзақ әрі ең күрделі келіссөздер. Мұның бір себебі біздің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болуымызда болса, тағы бір маңызды себебі өзіміздің экономикалық мүдделеріміздің сақталуын қатаң талап етуімізде жатыр. 

Бұл ұйымға кіргенде жан-жақты дайындалып, сауда-саттыққа қатысты барлық қарым-қатынастарды реттеп алмаса болмайды. Себебі, әлем экономикасының 98 пайызы осы ұйымға мүше елдердің қолында. Әр екі жылда ұйымға мүше 162 елдің министрлері жиналып, күрделі мәселелерді талқылайды, жаңа елдерді мүшелікке қабылдайды. 

ДСҰ министрлер конференциясына келген қонақтарды кениялықтар осылай өздерінің ұлттық салт-дәстүрлеріне сай жөн-жоралғысымен қарсы алды. Адамзат тарихының бесігі саналатын Кения бұл жоғары деңгейлі жиынға жан-жақты дайындалған. 

Кения ғана емес, жалпы Африка жерінде тұңғыш рет өтіп жатқан ДСҰ конференциясына келген қонақтардың қауіпсіздігіне де қатты көңіл бөлінгендігі көрініп тұр. Қатаң қауіпсіздік шараларын сақтаудың себебі де бар. Өйткені, мұнда террористік шабуылдар жиі болып тұрады. 

Мысалы, 2013 жылы лаңкестер Найробидегі сауда орталығында 67 адамды атып өлтірсе, биыл сәуір айында Гарисса қаласындағы университетте 147 адамды қырып салған. Осы ДСҰ жиыны болар алдында да АҚШ барлау агенттігі терракт болуы мүмкін деген ақпар таратқан болатын. 

Жиын өткен Кенияның тұңғыш президенті Джомо Кениатта атындағы халықаралық конференциялар орталығының маңайындағы көшелерде қозғалыс шектеліп, мұздай қаруланған әскерилерден күзет қойылған. 

Бәсі жоғары бұл басқосуға ұйымға мүше мемлекеттерден келген министрлерден бөлек, Африкадағы бірнеше елдің президенттері де қатысты. Ашылу салтанатында конференцияға қатысушыларды Кения Республикасының президенті Ухуру Кениатта құттықтады. 

Ухуру Кениатта, Кения Республикасының Президенті:
ДСҰ 10-шы министрлер конференциясы Африка жерінде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.
Бұл біз үшін тарихи оқиға. Бүгінгі таңда ешқандай елдің экономикасы жалғыз өзі дами алмайды.

ДСҰ артықшылығы сол - мұнда ешкім де кемсітілмейді, сауда-саттық ашық жүргізіледі. Бұл өз кезегінде мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың нығаюына әкеледі. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!

Биылғы оныншы министрлер конференциясының біздің ел үшін ерекшелігі сол – Қазақстан бұл басқосуға ұйымның толыққанды мүшесі ретінде тұңғыш рет қатысты. Оның үстіне Африканың шығысындағы Кенияға да қазақ делегациясы тұңғыш рет табан тіреген екен. 

Жиында еліміздің Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрі Жанар Айтжанова баяндама жасады. Ол еліміздің ұйымға мүше болу салтанаты Қазақстанның Тәуелсіздік күнімен тұспа-тұс келуін жақсылыққа балады. 

Жанар Айтжанова, ҚР Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрі:
Мен үшін бүгін 16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігінің 24 жылдығын атап өтіп жатқанда осы биік мінберден ДСҰ 162-ші жаңа мүшесі ретінде баяндама жасау - үлкен мәртебе. 

Біздің ДСҰ мүше болуымыз оңай болған жоқ. Бұған келіссөздердің ұзақ болуы ғана емес, талқыланған мәселелердің күрделілігі де дәлел
Қазақстанның осы ұйымға мүше болуы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың нарықтық экономика жағдайындағы батыл реформалары мен сауда-саттық жолдарын жеңілдетуі нәтижесінде мүмкін болды.

ДСҰ мүше болуы арқылы Қазақстан тек өндіруші салаға ғана емес, терең өңдеу саласына да ірі шетелдік инвесторларды тарту мүмкіндігіне ие болады.

Себебі шетелдік компаниялар қандай да бір елге қаржы салмас бұрын осында өндірген тауарын басқа елдерге қалай экспорттай алатынына қарайды. 
Ал, ДСҰ мүше болу арқылы біз осы шарттарды жеңілдеттік. Кедендік салықтардың азаюы өз кезегінде тауарлардың арзандауына әкелуі тиіс.

Жанар Айтжанова, ҚР Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрі:
Үкіметтің Қаулысы бойынша Қазақстан 1300 тауарға ЕЭО қарағанда төмен импорттық баж салығын қолданатын болады.
Ол ең бірінші көлік тауарлары, импортталатын дәрі-дәрімекке өтпелі кезеңнен кейін 0 пайыз кедендік баж қолданамыз.

Өнеркәсіп мұнай газ, тау-кен саласында қолданатын құрал-жабдықтарды үшінші елдерден 0 пайызбен импорттау. Осы өтпелі кезеңде біз ЕЭО елдеріне қарағанда төмен кедендік баж салығын қолданатын боламыз.

Бұдан бөлек, ірі инвесторлардың негізгі қаржы табу көзі саналатын қызмет көрсету саласына қатысты келісімдер де Қазақстанға әлемдік компаниялардың келуіне мүмкіндік береді. 

Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарының ашылуына, жаңа технологиялардың келуіне ең бастысы қызмет сапасының жақсаруына және арзандауына алып келері сөзсіз.

Жанар Айтжанова, ҚР Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрі:
ДСҰ өту барысында келіссөздер нәтижесінде біз осы қызмет көрсету саласына шетелдік инвесторлардың келуіне жағдай жасадық.
Атап айтқанда, дамыған мемлекеттерде ІЖӨ құрамында қызмет көрсету саласы 70-80, кей мемлекеттерде 90 пайызға дейін болады. 

Ал, біздің елде бұл 54 пайыз. Сондықтан, бізде осы саланың өсуіне әлі үлкен жағдайлар бар. Сондықтан, біз өзіміздің қазақстандық инвесторларға мүмкіндік жасауымыз қажет.

Айдос Әшімұлы, тілші: Көпжылдық келіссөздердің нәтижесінде қол жеткізген жетістіктердің ең маңыздысы Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерін 8,5 пайыз көлемінде субсидиялауға мүмкіндік алуы. Мұндай жеңілдікке тек Қазақстан мен Қытай ғана қол жеткізген.

Халқының 40 пайыздан астамы ауылда тұратын біздің ел үшін бұл ауыз толтырып айтуға тұрарлық жетістік. Ендігі міндеті - ауыл шаруашылығы тауарларын өндіретін кәсіпкерлердің осы мүмкіндікті тиімді пайдалануы. 

ДСҰ бас директорының орынбасары Дэвид Шарктың айтуынша, Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болу процесі қанша күрделі болса да еліміз дұрыс саяси және экономикалық бағыт ұстануының нәтижесінде өз мақсатына жетті. 

Дэвид Шарк, ДСҰ Бас директорының орынбасары: Осы жылы Қазақстан Министрлер конференциясында алғаш рет Дүниежүзілік сауда ұйымының толыққанды мүшесі ретінде қатысты. Президенттеріңіз Нұрсұлтан Назарбаев осы ұйымның мүшесі болуларыңыз үшін көп жұмыс атқарды.

Өйткені, Дүниежүзілік сауда ұйымның мүшесі болу оңай емес. ДСҰ жасаған ережелерге сай болу көп мемлекеттер үшін қиын. Қазақстан үшін бұл күрделі болғанына қарамастан, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың дұрыс бастамалары бұл процесті жеңілдетіп, өз мақсаттарыңызға жеттіңіздер. 

Еліміздің ДСҰ мүше болуына әлемдік деңгейдегі саясаткерлер мен шетелдік мамандар да оң бағасын берді. 

Мики Ямада, Жапония Парламенті тағайындаған Сыртқы істер министрінің орынбасары: Қазақстанның ДСҰ 162 мүшесі ретінде бүгінгі министрлер конференциясына қатысуы қуанышты жағдай. Қазақстанның ДСҰ мүше болуы сіздердің қарқынды дамуларыңызға жол ашады деп сенемін. 

Биыл қазан айында Жапония Премьер министрі Синдзо Абэ 9 жылдан кейін алғаш рет Қазақстанға ресми сапармен барды. 11 желтоқсанда Жапония астронавты Кимия Юни Халықаралық ғарыш станциясынан Қазақ даласына табан тіреді. 

Осының барлығы Қазақстан мен Жапония арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайтады ғой, деп сенемін.

Бернадетт Герлингер, Австрия Республикасының Сыртқы экономикалық саясат вице-министрі: Ең алдымен, Қазақстанды Тәуелсіздіктің 24 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін бұдан бөлек құттықтайтын тағы бір себеп пайда болды. 2 апта бұрын Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі болып қабылданды.

Сіздердің бұл ұйымның өте маңызды мүшесі екендіктеріңіз ақиқат. Сонымен қатар, осы сәтті пайдаланып, 2017 жылы Астанада өтетін EXPO көрмесіне Австрияның қатысатынын да айта кеткім келеді. 

Австрия делегациясы Қазақстанға баруды асыға күтуде. Өйткені, Австрия үшін Қазақстан өте маңызды сауда серіктесі.

Аранча Гонзалес, ДСҰ Женевадағы сауда орталығының атқарушы директоры:
Кенияда өтіп жатқан Министрлер конференциясында да өте маңызды және ерекше күн.
Өйткені, Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі болды. ДСҰ Қазақстанмен әрдайым бірлесіп жұмыс істейді. 

Өз ережелері бойынша ДСҰ Қазақстанның шағын және орта бизнесінің дамуына септігін тигізеді. Демек, елдің экономикалық жағдайы жақсарады, жаңа жұмыс орындары ашылып, халықтың тұрмыс деңгейі көтеріледі. Бұл мақсаттарды жүзеге асыруға сіздерде барлық мүмкіндік бар. 

Екі жылда бір рет өтетін ДСҰ министрлер конференциясында негізінен ұйым ішіндегі қордаланған мәселелер талқыланады. Әр ел өзіне қатысты түйткілді жайттарды қозғайды. 

Сондай-ақ, осы жиын аясында ұйымның жаңа мүшелерін қабылдау салтанаты да жүзе асады. Биылғы басқосуда Ауғанстан мен Либерия елдері ұйымға мүше болып қабылданды. 

ДСҰ-ның оныншы министрлер конференциясының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауды субсидиялауға тыйым салу және халықаралық азық түлік көмегін көрсету туралы декларация қабылданды. 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презентация по Стандартизации и метрологии на тему "Қазақстан дүниежүзіліқ сауда ұжымы мүшесі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Землеустроитель

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 189 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.03.2017 566
    • DOCX 49 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мирхашимов Мирабдипаттах Миркадирович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16885
    • Всего материалов: 14

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 175 человек из 48 регионов

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания технологии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 242 человека из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 074 человека

Курс повышения квалификации

Методика инструктажа и обучения в социальном учреждении по вопросам трудовой деятельности

180 ч.

3300 руб. 1650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Технология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель технологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 988 человек из 76 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 583 человека

Мини-курс

Стимулирование интереса к обучению у детей дошкольного возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Аномальное психологическое развитие и психологическая травма

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 17 регионов

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: методика, технологии и практика

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе