Сынып:
5
Сабақтың тақырыбы:
Техника қауіпсіздік ережелері. Кабинет ережелері.
Сабақтың мақсаты:
Технология кабинетіндегі техника қауіпсіздік ережелерімен
таныстыру.
Білімділік: техника қауіпсіздік ережелерімен
таныстыру.
Дамытушылық: білім-біліктерін нығайту,коммуникативтік дағдыларын
қалыптастыру. Тәрбиелік:
жауапкершілік сезімдерін ұштау, жұмыс кезіндегі ұқыптылық пен ережені
сақтауға үйрету. Сабақ
түрі: аралас сабақ
Сабақ өткізу әдістері: -әңгімелеу,
түсіндіру, нұсқаулық, өзіндік жұмыс.
Қажетті құрал-жабдықтар:
оқулық, жұмыс дәптері, пәндік-табиғи нысандар, кесте
Сабақ
барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
-Амандасу, кезекші арқылы оқушыларды
түгендеу.
-Құралдарын көзден өткізу
-Сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Оқушылардың жеке тәжірибедерін
өзектендіру:
Оқушыларға сұрақтар қою:
- Қандай техника қауіпсіздік ережелерін
білесіңдер?
-Төменгі сыныпта қандай техника
қауіпсіздік ережелерімен таныстыңдар, оларды атаң?
ІІІ. Жаңа тақырыпты
зерделеу:
Оқулықпен жұмыс
Төмендегі сөйлемді өздері таңдаған
ұстаныммен толтыру.
-Мен еңбек қауіпсіздік ережелерін
орындаймын, себебі ___________________________
___________________________________________________________________________
-Ыстық сұйықтармен жұмыс
істеген кезде техника қауіпсіздік ережелерін білмесе, ұандай салдар алуы
мүмкін?__________________________________________________________
-Санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтамау
____________________________________
Әкеліп соқтырады.
Оқушылар технология кабинетіне мұғалімнің
рұқсатынсыз кіруге, бір орынан екінші орныға ауысуға, мұғалімнің рұқсатынсыз
жұмыс бастауға болмайды.Жұмысты бастамастан бұрын арнаулы киімді киіп,
құралдарды санап түгендеу керек.
I V. Өтілгенді бекіту:
-Инемен жұмыс істеген кезде қандай техника
қауіпсіздік ережесін сақтау керек?
-Кабинеттегі ережені атаң?
-Қайшымен жұмыс кезіндегі техника
қауіпсіздік ережесін атаң?
V. Үйге тапсырма:
Техника қауіпсіздік ережесін оқу. Арнаулы киім алжапқыш пен орамал алып келу
VI. Бағалау.
VII. Жұмыс орнын ретке келтіру.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.