Инфоурок Школьному психологу Рабочие программыПсихология " 6-7 жасар балалардың мектеп" өміріне бетіндегі ата-аналардың алатын орны

Психология " 6-7 жасар балалардың мектеп" өміріне бетіндегі ата-аналардың алатын орны

Скачать материал

6-7 жасар балалардың мектеп өміріне бейімделуіндегі ата-аналардың алатын орны

 

Мақсаты: 6-7 жасар балалардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, жан- жақты дамуына, әлеуметтік ортаға бейімделуіне ата-аналардың жағдай  туғыза білуі.

Міндеті:

- 6 жасар балалардың психологиялық денсаулығын сақтай отырып жан-жақты  дамуына жағдай жасау;

- әлеуметтік ортаға бейімдей отырып, өзін қоршаған ортада толыққанды сезінуіне жағдай туғызу;   

- қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауда мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелей  отырып, рухани құндылықтардың негізін қалау.

Қажетті құрал-жабдықтар:

Ақ парақтар (А4 форматты), қаламдар, музыкалық әуендер, ата-аналарды ынталандыру сыйлықтары.

 

Мақсаты: 6-7 жасар балалардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, жан- жақты дамуына, әлеуметтік ортаға бейімделуіне ата-аналардың жағдай  туғыза білуі.

  

Семинар-кеңес жоспары:

 

1. Топқа бөліну.  

2. Танысу.

3. Пікірлесу сәті. 

4. "6-7 жасар баланың мектептегі оқуға дайындығы» шағын дәріс.

5. «Балалық шаққа оралу» психологиялық ойын-жаттығуы

6. Жағдаяттар.

7. Сергіту сәті. «Ауа-райы» психологиялық ойын-жаттығуы.

8. Психологиялық кеңес беру.

9. Қорытынды.

  

Семинар-кеңес барысы:

 

1. Топқа бөліну (алдын ала берілген белгілер бойынша ата-аналар өз қалаулары бойынша түске байланысты бөлініп отырады).

 

2. Танысу.

     а) Есіміңіз.

     ә) Сіз қандайсыз? (сын есім, 3,4 сөзбен)

     б) Бүгінгі көңіл-күйіңіз.

         Бала тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын ойшылдары мен зиялы қауымдарын үздіксіз ізденіске түсірген ізгі мұрат болғаны даусыз. Бүгінгі таңда білім беру жүйесі де әлемдік білім беру кеңістігіне ену мақсатында түрлі реформаларды жүргізіп келеді. Соның бірі 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу. Сондықтан да соңғы жылдары бірінші сыныпқа қабылдау 6-7 жастан жүргізілуде.

Бірақ осы жастағы балалар толығымен  мектептегі оқуға жас ерекшелігіне сай жан-жақты дайындалып келе ме? Мектеп өміріне бейімделуде қандай кедергілер мен  қиындықтарға кезігу де?   Баланың мектеп өміріне бейімделуіндегі ата-ананың алатын орны қандай? т.с.с сұрақтар төңірегінде сіздермен ой бөлісуді жөн санай отырып, «6-7 жасар балалардың мектеп өміріне бейімделіуіндегі ата-аналардың алар орны» тақырыбында семинар-кеңесімізді ұсынамыз.

 

3. Пікірлесу сәті.             

Ең алдымен мына сұрақтар төңірегінде пікірлесіп, ой бөлісейік.        

·        1 топ сұрағы. Балаңыздың алғаш мектеп табалдырығын аттап, оқушы атануы сізге қандай ой салды?

·        2 топ сұрағы. Мектепке келгелі балаңыздың мінез-құлқында өзгерістер бар ма?

·        3 топ сұрағы. Балаңыздың  мектеп өміріне бейімделуі дегенді қалай түсінесіз?

Әр топ өз жауаптарын ұсынып, пікір алмасып, ой бөліседі (қорғау сәті)

 

4. "6-7 жасар баланың  мектептегі оқуға дайындығы» шағын дәріс.

Кешегі үйдегі ойын баласы мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап оқушы атанады. Мектепке барып, оқушы атануы - бала өміріндегі  болатын үлкен өзгеріс,жаңа  қоғамға ену, өзіне жаңа міндеттерді жүктеу, жаңа ортаға бейімделу, қарым-қатынаста болу, яғни жетілу, даму сатысы болып табылады. Ендеше, бала психикасы да өзгерістерге ене отырып, ішкі эмоциялары қалыптаса бастайды, түрлі қызығушылықтары оянып, өзінің орнын бағалауға бейімделеді. Мектеп өміріне толыққанды бейімделуі үшін ата-ана баланың жас ерекшілігіне сай даму сатыларын білгені жөн.  Бұл дайындық мына төмендегі құрылымдық көрсеткіштерден тұрады.

 

·        әлеуметтік ортасы өзгереді;

·        жаңа ортаға бейімделеді;

·        дос табуға қажеттілігі артады;

·        үлкендермен қарым-қатынас жасауға талпынады;

·        өзінің іс-әрекетінің бағалануын қалайды;

·        топ мүшелерінің арасында белсенді болуға тырысады;

·        қарым-қатынас түрлерін меңгере бастайды;

·        жанұядағы орны өзгере бастайды;

·        көркем шығармалардағы кейіпкерлерге еліктейді;     

·        танымдық дамуы кеңейіп, қызығушылығы арта бастайды;

·        ішкі эмоциялық көңіл-күйі қалыптаса бастайды.

Психологиялық тұрғыдағы даму көрсеткіштері.

Баланың жеке дамуында:

·        қабылдауы - аналитикалық сипатқа ие болып, білуге құштарлығы оянады;

·        зейіні - тұрақсыз, ырықсыз болады, жиі алаңдайды;  

·        есте сақтаудың механикалық түрі іске қосылады;

·        ойлаудың көрнекі-бейнелі түрі жетекші болады;

·        сөйлеу тілі- сипаттау ыңғайында болады;

·        психикалық іс-әрекеттің ырықсыз қалыптарынан ырықты қалыптарына біртіндеп өте бастайды.

Педагогикалық тұрғыдағы көрсеткіштері.

Бұл көрсеткіштер баланың нақты білімі мен ой-өрісінің ауқымын көрсетеді.

·        Оқу түрткісі мен қызығушылығы оянып, ниеті мен дағдысы қалыптаса бастайды;

·        оқу әрекетіне белсенділігі арта бастайды;

·        жаңа білім дағдысын игеруге тырысады;

·        танымдық ой-өрісі арта бастайды;

·        өзін жағымды жақтарынан көрсе білуге талпынады;

·        білім мен бағаға деген бағыттылығы арта бастайды.

Бүгінгі ұлт ұрпағының болмысын қалыптастырып, дүниетанымын жетілдіру білім жүйесімен қатар әр отбасынан да бастау алуы тиіс.

 

5. «Балалық шаққа оралу» психологиялық ойын-жаттығуы

Мақсаты: ата-аналардың балалық шақтарын естеріне түсіре отырып, өз балаларын тәрбиелеуде ертегі, өлең- жырлардың мәні зор екендігін көңіл бөлдіру.

1 тапсырма.

Үзінді қай ертегіден? Ертегіні жалғастырып көріңіз және бұл ертегі арқылы баланы неге тәрбиелейміз?

... – Қоян, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін ...

2  тапсырма.

Жаңылтпашты оқып көріңіз. Жаңылтпаштың тәрбиелік мәні неде?

Әсем билеймін деп әлек,

Қасен шешен сөйлеймін деп әлек.

Қашан Қасен шешен сөйлеп еді?

Қашан Әсем әсем билеп еді?

3 тапсырма.

Әнді жалғастырып, әуенімен шырқаңыз.

Жазда апамның ауылына,

барып едім қыдырып.

Бір қошақан алдымнан,

Шықты ойнақтап жүгіріп.

...........................................

  

6. Жағдаяттар.

Жағдаяттарды шеше отырып, баланы мектеп өміріне бейімдеуде ата-ананың педагогикалық-психологиялық біліктілігін арттыру жұмыстары.

1 жағдаят.

Кейбір ата-аналар балаларының бойында кездесетін мына кемшіліктерді:

«жалқаулық», «тіл алмаушылық», «қыңырлық» - тұқымқуалаушылықтың салдары деп санайды.

Сұрақ. Осы негіздің қисыны бар ма?     

2 жағдаят.                 

Екі оқушының аналары балаларының оқу әрекетіндегі сәтсіздіктері жайлы пікір алмасты. Бірақ екеуінің көзқарастары екі түрлі болды. Жарастың анасы баласының бойындағы сәтсіздіктеріне  мұғалімді кінәлады. Себебі баласы мен мұғалімнің арасындағы қарым-қатынастың дұрыс еместігінен көретіндігін айтты. Жарас та үнемі мұғалімді өзіне дұрыс қарым-қатынас жасамайды деп түсінді. Ал Алмастың анасы өз баласының бойындағы сәтсіздіктерді алдағы уақытта жеңуге болатындығы жайлы айтты. Оған мұғалімнің міндетті түрде көмек беретіндігі жайында сенімді болды.Алмастың жүрегіне де осы сенімді ұялата білді.  

Сұрақ. Балалардың аналарының әртүрлі іс-әрекеттеріне психологиялық талдау жасаңыз.

3 жағдаят.

Отбасында ата-ана мен бала арасында үй тапсырмасын орындау барысында қарама-қайшы көзқарастар мен дау-жанжалдар туындайды.

Сұрақ. Дау-жанжалдың туындау себебі неде? Қандай әрекеттер арқылы келісімге келуге болады?  

   

7. Сергіту сәті. «Ауа-райы» психологиялық ойын-жаттығуы.

Мақсаты: дене бұлшық еттерін босаңсытып, қарым-қатынасты оңтайландыру.

 

8. Психологиялық кеңес беру. Ата -аналарға арналған кеңестер мен ұсыныстар.

·        Бала әрдайым сіздің қолдауыңыз бен қорғауыңызды қажетсінетіндігін әрдайым есіңізде сақтаңыз;

·        балаңызды болмашы кемшіліктері үшін ұрысып, сөкпеңіз;

·        төменгі сынып оқушыларының оқу бағдарламасын меңгере алмауының негізі  денсаулығына байланысты болып келеді. Бала организмі өте әлсіз. Сондықтан балаңызға үнемі көңіл бөліңіз;

·        баланың танымдық, ақыл-ой деңгейінің дамуы оның жүйке жүйесіне байланысты болатынын ескеріңіз;

·        баланың ұсақ қол моторикасының дамуына, дыбыстарды дұрыс дыбыстай білуіне көңіл бөліңіз;

·        баланың сабақ оқуындағы кездесетін қиындықтарының бірі -  өзін-өзі басқара алмауынан туындайды. Сол үшін баланың ынтасын арттырып, қызығушылығын тудыра отырып, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға көмек беріңіз;

·        баланы өз күшіне сендіріп үйретіңіз және «қолыңнан түк келмейді »деген ескерту баланы жасқаншақ ететінін есте ұстаңыз;

·        кез келген қиындықтар мен кедергілерді жеңу барысында міндетті түрде     

арнайы мамандармен кеңес алыңыз.

Қорытынды. Кері байланыс.

Бүгінгі семинар-кеңес сізге қандай әсер қалдырды? Өзіңіздің педагогикалық білім қоржыныңызды қандай ақпараттармен толықтырдыңыз.  

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Психология " 6-7 жасар балалардың мектеп" өміріне бетіндегі ата-аналардың алатын орны"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Оператор очистных сооружений

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 997 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.06.2016 2284
    • DOCX 22 кбайт
    • 10 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Салимова Айгерим Уалитовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Салимова Айгерим Уалитовна
    Салимова Айгерим Уалитовна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 187362
    • Всего материалов: 50

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности педагога-психолога в образовательной организации

Педагог-психолог

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1761 человек из 85 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 488 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогика и психология в системе специального образования

Преподаватель специального образования

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 54 человека

Курс повышения квалификации

Психодинамический подход в консультировании

72 ч. — 180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Мини-курс

Стратегии бизнес-развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Теоретические аспекты трекинга и менторства

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология личностного развития: от понимания себя к творчеству

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек