Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауын насихаттау

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауын насихаттау

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Батыс Қазақстан облысы

Қаратөбе аудандық білім беру бөлімі

«Үшағаш негізгі орта мектебі» КММ




Тағы бір тарихи дәуіріміз басталды

hello_html_4d4fab0e.jpg





ТАҚЫРЫБЫ:«ЖОЛДАУДЫ НАСИХАТТАУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ»


(Үгіт-насихат насихатшыларға, мекеме басшылары мен мұғалімдерге, ішкі саясат бөлімі мен «НұрОтан» партиясы қызметкерлеріне арналған көмекші құрал)









Қаратөбе ауылы – 2014



Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет жанындағы сараптамалық кеңес шешімімен аудан көлемінде таратуға ұсынылды.

1 хаттама, 2014 жыл


Құрастырған: Үшағаш негізгі жалпы білім беретін мектебінің директоры, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қатауов Талғат Тұрсынғалиұлы



«Жолдауды насихаттаудың тиімді жолдары» әдістемелік көмекші құралы


ҚР Президенті Н.Назарбаевтің жыл сайынғы дәстүрлі халыққа арнаған Жолдауын насихаттау барысында әдістемелік көмек көрсету бағытындағы жұмыстарды жандандыруға; Жолдауды насихаттаудың нақты ұйымдастыру жоспарын ретке келтіруге; үгіт-насихатшылар мен мекеме басшыларының және мұғалімдерінің нәтижеге бағытталған түсіндіру және насихаттау жұмыстарын жүргізуіне септігін тигізері сөзсіз.

Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын жүргізіп отырған ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауын қалың бұқара арасына кеңінен насихаттау бәріміздің міндетіміз. Осы мақсатта Үкімет мүшелері мен Парламент депутаттарынан, облыс пен аудан және ауыл әкімшілігінен, сондай-ақ мекемелер қызметкерлері ішінен үгіт-насихат тобы құрылып, әр-түрлі іс-шаралар өтеді. Алайда, үгітшілер тобы мүшелері мен мекеме басшылары және педагог қызметкерлер көбіне үгіт-насихат жүргізгенде көп сөзді баяндама мен бір сарынды лекцияларды оқып тыңдармандарды немесе оқушыларды жалықтырып жіберетіні шындық. Ал, кейбір мекеме және мектеп басшылары тек Жолдауға арналған бұрыш шығаруымен, билбордтарды ілумен ғана шектеледі. Жолдаудың негізгі бағыт-бағдарын түсіндіру мақсатында Елбасының бұрынғы Жолдаулары туралы тосынан сұрақ қойғанда, бұрынғы Жолдаулардың аттарын, қай жылы шыққандарын білмей жататынындары шындық. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтің Жолдауын ел-жұрт арасында кеңінен насихаттау мақсатындағы Т.Қатауовтың әдістемелік ұсынымында Жолдауды насихаттаудың тиімді жолдары, яғни тетіктері, керекті құжаттары және өткізетін іс-шаралар, сондай-ақ ҚР Президентінің 1997-2014 жылға дейінгі Жолдаулары тізбелеп көрсеткен. Бұл әдістемелік жинақ үгіт-насихатшылар тобына, мекеме басшылары мен педагогтарға және ішкі саясат саясат бөлімі мен «НұрОтан» партиясы қызметкерлеріне арналған.





Пікір жазғандар:


Сабитов Нұржан Жұмабекұлы - облыстық оқу-әдістемелік

кабинетінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің әдіскері


Зейнуллин Абат Кәрімұлы- Қаратөбе ауданы ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі









ҮГІТ-НАСИХАТШЫЛАРҒА, МЕКЕМЕ БАСШЫЛАРЫ МЕН МҰҒАЛІМДЕРГЕ, ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІ МЕН «НҰРОТАН» ПАРТИЯСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМ

«...Менің халыққа Жолдауым біздің мақсаттарымыз бен міндеттерімізді түсіндіретін басты құжат болып табылады. Әрбір министр, әкім, кәсіпорын басшысы осы Жолдауды түсіндіру жұмысына және оған баршаны қатыстыру ісіне жетекшілік етуге тиіс. Жолдаудың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру жөніндегі нақты шаралардан әрбір қазақстандық хабардар болуы қажет. Бұл «НұрОтан» партиясы қызметінің негізгі мәселелерінің біріне айналады деп сенемін...»

(ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауынан)




ЕЛБАСЫМЫЗ-ҰЛТ КӨШБАСШЫСЫ

Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баев

2014 жыл 17 қаңтарда тәуелсіз еліміздің тарихында

қалатын тағы бір ұлы қадам жасады.



hello_html_7fdb09b6.jpg





Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына

ЖОЛДАУЫ

  1. жыл 17 қаңтар.



БІР МАҚСАТ, БІР МҮДДЕ, БІР БОЛАШАҚ









«Қазақстан-2050» – Мәңгілік Елге

бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол.



II.КІРІСПЕ


Мәңгілік Ел ұғымы ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы

Н.Назарбаев



hello_html_m70c377f9.jpg


Қазақстан Республикасының Конституциясы

40-бап

Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға.


44 –бап

Қазақстан Республикасының Президенті:
1) Қазақстан халқына елдегi жағдай мен Республиканың iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттары туралы жыл сайын Жолдау арнайды.











ЖОЛДАУ дегеніміз не?

Жолдау- Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы ең басты саяси баяндамасы


hello_html_4fa0efcd.jpg


Жолдаудың мақсаты- Мәңгі Еліміздің жан-жақты дамуының келер жылға, одан да ұзақ мерзімге арналған негізгі басымдықтары мен жоспарлары айқындау.


Жолдауда елдің жан-жақты дамуының келер жылға, одан да ұзақ мерзімге арналған негізгі басымдықтары мен жоспарлары айқындалады. Одан әрі дамудың басты бағыттарын жариялай отырып, Нұрсұлтан Назарбаев халықтың қолдауына ие болатын және табысты жүзеге асырылатын әлеуметтік маңызды бағдарламаларды іске қосады. Әрбір азаматтың өмірінің сапасын жақсарту, әлеуметтік қамсыздандыру, жастарға қолдау көрсету – бұл жайттардың барлығы Президенттің халыққа әр Жолдауында көрініс табады.

Бұл маңызды құжатта қозғалатын тақырыптар Қазақстанның әрбір тұрғынына қатысты. Мемлекеттің дамуы қай бағытта өрбитінін  айқын ұғына отырып,қазақстандықтар болашаққа сеніммен қарайды және өз өмірін сәтті жоспарлай алады. Бұл, өз кезегінде, бүкіл қоғам тұрақтылығының бір негізі бола алады.


Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулар бір жылға арналған басты бағдарламалық құжатқа және «Қазақстан – 2050» стратегиясын жүзеге асырудың ажырағысыз бөлігіне айналды.

Елбасының ең алғашқы Жолдауы қашан жасалды?

- Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауы 1997 жыл16 қазан.
«БАРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ АУҚАТЫНЫҢ ЖАҚСАРУЫ, ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ӨРКЕНДЕУІ»
1997 жылғы Жолдауды батыл түрде нағыз тарихи оқиға деп атауға болады, онда елімізді дамытудың ұзақ мерзімді стратегиялық жолы “ҚАЗАҚСТАН – 2030” айқындалды.

Елдің басты мақсаттары мен басымдықтары айқындалды.
Жолдауда қаралған мәселелер:
1. Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары.
2. Реформаларды аяқтау.
3. Алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу.
4. «Қазақстан барысын» қалыптастыру.

Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың ерешеліктері айтылды.Бұл бағдарлама еліміздің саяси, әлеуметтік экономиқалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. 2030 жыл –Қазақстан күрделі жолдан ойдағыдай өткен және дамудың келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел болады.
Мемлекет басшысы Нұрсұл­тан Назарбаевтың 1997 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы кейін “Қазақстан – 2030” Стра­тегиясы атауына ие болып, елі­міз­дің ұзақ мерзімді дамуын қам­тамасыз еткен базалық құжат ретінде қабылданғаны белгілі. Стратегия негізінде 12 жыл ішін­де Қазақстан өз дамуында ай­тарлықтай нәтижелерге жетті.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жыл 17 қаңтардағы «Бір тағдыр, бір мүдде,бір болашақ» атты Жолдауы халыққа арнаған нешінші Жолдауы?

- Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың2014 жыл 17 қаңтардағы «Бір тағдыр, бір мүдде, бір болашақ» аттыҚазақстан халқына арнаған он сегізінші Жолдауы.


Стратегия дегеніміз не?

- Стратегия – күннен күнге, жылдан жылға елімізді, қазақстандықтардың өмірін жарқын ете түсетін нақты практикалық істер бағдарламасы.


«Қазақстан-2050» Стратегиясы – барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет! (Н.Назарбаев)



























ҚР Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына ЖОЛДАУЛАРЫ

(дерекнама)


hello_html_m41b0a9e4.jpg



1. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы. 1997 жыл 16 қазан.

БАРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ АУҚАТЫНЫҢ ЖАҚСАРУЫ, ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ӨРКЕНДЕУІ


2. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы. 1998 жыл20 қыркүйек.

МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ТУРАЛЫ: ЖАҢА ЖҮЗЖЫЛДЫҚТА ҚОҒАМНЫҢ ДЕМОКРАТИЗАЦИЯЛАНУ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ РЕФОРМА


3. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы. 1999 жыл 16 қыркүйек.

ЖАҢА ЖҮЗЖЫЛДЫҚТА МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚАУІПСІЗДІГІ


4.Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы. 2000 жыл 16 қазан.

ТӘУЕЛСІЗ, ТИІМДІ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМҒА


5. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы. 2001 жыл 16қыркүйек.

МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН 2002 ЖЫЛҒА ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ТУРАЛЫ




6. Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауы. 2002 жыл 16 сәуір.

2003 ЖЫЛҒА ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ТУРАЛЫ


7. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы. 2003 жыл 16 сәуір.

2004 ЖЫЛҒА ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ


8. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы. 2004 жыл 19 наурыз.

БӘСЕКЕЛЕС ҚАЗАҚСТАНҒА, БӘСЕКЕЛЕС ЭКОНОМИКАҒА, БӘСЕКЕЛЕС ҰЛТҚА


9. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы. 2005 жыл16 ақпан.

ҚАЗАҚСТАН ТЕЗДЕТІЛГЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ ЖЕДЕЛ ЖАҢАРУ ЖОЛЫНДА


10.Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы. 2006 жыл1 наурыз.

Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында


11. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы. 2007 жыл 28 ақпан.

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ӘЛЕМДЕ


12. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ҚазақстанХалқына Жолдауы. 2008 жыл 16 ақпан.

Қазақстан азаматтарының ауқатының өсу – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты


13. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы. 2009 жыл6 наурыз.

ДАҒДАРЫСТАН ДАМУ МЕН ЖАҢАРТУҒА


14.Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы. 2010 жыл 29 қаңтар.

ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ – ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ


15. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы. 2011 жыл 28 қаңтар.

БОЛАШАҚТЫҢ ІРГЕСІН БІРГЕ ҚАЛАЙМЫЗ


16. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы. 2012 жыл 27 қаңтар.

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУ – ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ


17.Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы. 2012 жыл 14 желтоқсан.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты


hello_html_7394f451.jpg




ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2014 жыл 17 қаңтардағы халыққа арналған «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауындағы

Билбордтар мен стенділерге алынған ұрандар


  1. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті.


  1. Бүгінде Отанымыздың жетістіктері – әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы


  1. «Қазақстан-2050» Стратегиясы – барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет!


  1. Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн.


  1. Шағын және орта бизнес – біздегі Жалпыға ортақ еңбек қоғамының берік экономикалық негізі.


  1. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар.

  2. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек.


  1. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс.


  1. Спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтана білу, жүйелі профилактикалық тексерілу – аурудың алдын алудың негізі.


  1. Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды.


  1. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз.


  1. Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ұмтылыс кезінде бізге адалбәсекелестік, әділеттілік, заңның үстемдігі және жоғары құқықтық мәдениет ахуалы қажет.


  1. Сот жүйесі іс жүзінде ашық және қолжетімді, қарапайым және барлық дауды тез шеше алатындай болуға тиіс. Барлық құқық қорғау жүйесі жұмысының сапасын арттыру қажет. Зор


  1. Аса маңызды міндет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру.


  1. Біздің Стратегия-2050-дегі басты мақсаттарға жетуді көздейтін барлық іс-әрекеттеріміз нақты қағидаттарға негізделуге тиіс.


  1. Менің халыққа Жолдауым біздің мақсаттарымыз бен міндеттерімізді түсіндіретін басты құжат болып табылады. Әрбір министр, әкім, кәсіпорын басшысы осы Жолдауды түсіндіру жұмысына және оған баршаны қатыстыру ісіне жетекшілік етуге тиіс. Жолдаудың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру жөніндегі нақты шаралардан әрбір қазақстандық хабардар болуы қажет. Бұл «Нұр Отан» партиясы қызметінің негізгі мәселелерінің біріне айналады деп сенемін.


  1. Мемлекеттік қызметшілердің өздері Стратегиямыздың идеяларын білуге және мәнін терең ұғуға тиіс.

  2. Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы

  3. Болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы.

  4. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!

  5. Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым.

  6. Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек.

  7. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.

  8. «Қазақстан-2050» – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол.

















II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті.

Н.Назарбаев


«Қазақстан-2050» – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол көрсеткен «Бір тағдыр, бір мүдде, бір болашақ» атты ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауын халық арасында кеңінен насихаттау мектеп басшысы ретінде міндетім деп түсініп, өз тәжірибеммен бөлісу үшін әдістемелік жинақты қолға алдым. Қазіргі халықтың көзі қарақты, өздері саяси сауатты. Ақпараттық-коммуникациялық технология дамыған заманда олар Жолдауды теледидар мен радиоқабылдағыштан тыңдап, басылымдардан оқиды. Біз қалың бұқараға Жолдаудағы стратегиялық идеялардың ең басты негізгі басымдықтары мен тапсырмаларын, нақты қағидаттарын, басым бағыттар мен оған жету тетіктерін жүйелеп, қарапайым ауызекі тілде жеткізе білуіміз керек.

Елбасы Жолдауында «...мемлекеттік қызметшілер мен мекеме басшыларының өздері Стратегиямыздың идеяларын білуге және мәнін терең ұғуға тиіс...» деген болатын. Үгіт-насихатшылар және мекеме басшылары ең алдымен Жолдауды тек оқып немесе сандық көрсеткішті ғана жаттап емес, мән-мағынасын терең ұғынулары және қандай іс-шара арқылы насихаттау жолдары мен тетіктерін білулері керек. Жолдауды ел-жұрт және оқушылар арасында насихаттағанда апталық, онкүнді, тіпті айлық ұйымдастырғаны тиімді болатына жұмыс тәжірибемнен білемін.

Жолдау аясында өтетін апталық пен онкүндікке «дөңгелек үстелдер», депутаттар мен әкімдер немесе зиялы адамдармен кездесулер, сахналық қойылым мен тәрбие сағаттарын және сурет пен қолөнер көрмелерін, шығарма және жар газеті байқауларын, сондай-ақ, спорттық және әскери-патриоттық шараларды т.б өткізгені дұрыс. Өйткені, педагогика қағидасы бойынша адам тыңдағаннан гөрі, көзімен көргенде және диалог түрде өткен кездесулерде есте көбірек сақталатынын білеміз.

Үшағаш негізгі мектебінің барлық ұжымы 2014 жыл 17 қаңтарда сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Бір тағдыр, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арнаған он сегізінші Жолдауын тікелей эфирден тыңдаған болатынбыз. Кейін, кезектен тыс оздырылған педагогикалық кеңесте Жолдауды талқылап, ауыл жұрты мен мектеп ұжымы арасында Жолдауды кеңінен насихаттау үшін мектеп басшысы ретінде «Онкүндік» өткізу туралы бастама көтердім. Әріптестеріміз бірауыздан қуана келісті. Кейін, педкеңес қаулысы негізінде мектеп бұйрығы шығып, онкүндіктің іс-шаралар жоспары жасақталып бекітілді.

Елбасының 1997 жылғы 16 қазаннан бастау алған «Барлық қазақстандықтардың ауқатының жақсаруы, қауіпсіздігі мен өркендеуі» атты Жолдауынан бастап- 2014 жыл 17 қаңтардағы «Бір тағдыр, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы аралығындағы барлық он сегіз Жолдауы және Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасының жеті басым бағыттары сыныптарға бөлініп берілді. Сынып жетекшілері бөлініп берілген Жолдау және басымдықтары бойынша ата-аналардың қатысуымен тәрбие сағаттарын өткізіп, бөлмелерге бұрыштар мен көрмелер жасақтады. Әр сынып бойынша жасалған іс-шараларды бұрыш пен көрмелер арқылы оқушылар бір-бірлеріне және ата-аналарға түсіндіре отырып, Жолдауға байланысты ой-пікірлерімен бөлісе отырып, көптеген мәліметтер алды. Мәжіліс залында ата-аналар мен оқушыларға қойылған сахналық көрініс көрермендер көңілінен шықты.

Әдістемелік көмекші құралда «ҚР Президенті Н.Назарбаевтің 17 қаңтар 2014 жылғы «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа арнаған Жолдауын ауыл тұрғындары, ұжым қызметкерлері, ата-аналар және оқушылар арасында насихаттау мақсатындағы «Біз Жолдауды қолдаймыз» тақырыбымен өткен онкүндіктің жиыны, іс-қағаздары мен жасалған шаралары және олардың өту барысы ретімен берілген.



Үшағаш негізгі жалпы білім беретін мектебі бойынша

Бұйрық № 6 н/қ 18 қаңтар 2014 ж


«ҚР Президенті Н.Назарбаевтің 17 қаңтар 2014 жылғы

«Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа арнаған Жолдауын насихаттау туралы»


«ҚР Президенті Н.Назарбаевтің 17 қаңтар 2014 жылғы «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа арнаған Жолдауын ауыл тұрғындары, ұжым қызметкерлері, ата-аналар және оқушылар арасынданасихаттау және 18 қаңтар 2014 жылғы №4 педагогикалық кеңестің қаулысын орындау мақсатында

Бұйырамын:

  1. ҚР Президент Жолдауын насихаттау мақсатында төмендегідей құрамда үгіт-насихат тобы құрылсын:

Топ жетекшісі- мектеп директоры Т.Қатауов

Орынбасары-директордық тәрбие ісі орынбасары Г.Ажғалиева

Мүшелері:

  • Б.Ақдөңов-тарих пәнінің мұғалімі

  • С.Зейнуллин-ардагер ұстаз, дене тәрбиесінің мұғалімі

  • М.Тапауов-кәсіподақ комитеті төрағасы

  • Д.Сұлтанова- тәлімгер

  • А.Құспанова-кітапханашы

2. Үгіт-насихат тобына:

  • ҚР Жолдауын насихаттау мақсатында жиын-кеңес, мәжілістер, отырыстар, «дөңгелек үстел» ұйымдастыру;

  • мектептің кіреберіс дәлізі мен кітапханасына ҚР Президенті Жолдауына арналған бұрыштар жасақтау;

  • Жолдауға қатысты оқушыларға ашық тәрбие сағаттары мен байқаулар жоспарлы және жүйелі түрде ұйымдастыру тапсырылсын.

  1. «Біз Жолдауды қолдаймыз» тақырыбымен «Онкүндік»

ұйымдастырылсын.

Онкүндікке:

  • Соналы орта мектебіне барып спорт түрінен (шахмат, тоғызқұмалақ, теннис, дойбы) жарыстар ұйымдастыру;

  • басылым бетіне Жолдау туралы мақалалар беру;

  • Жолдауды насихаттау мақсатында ауыл жастары арасында волейбол жарысын өткізу;

  • Каникулдағы студент жастармен кездесу ұйымдастыру;

  • Жолдауға ауыл тұрғындары мен ұжым қызметкерлердің және оқушылардың ой-пікірлерін жазу журналын ашу;

  • ҚР Президенті Жолдауы тақырыбында мектебімізде аудандық мәслихат депутаты Е.Гумаровпен кездесу ұйымдастыру;

  • «Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті» және «Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!» тақырыбында оқушылар арасында шығарма және көрме байқауы енгізілсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын өзіме қалдырамын.



Үшағаш НЖББМ директоры Т.Қатауов




Үшағаш негізгі жалпы білім беретін мектебі бойынша


Бұйрық № 7 н/қ 19 қаңтар 2014 ж


«ҚР Президенті Н.Назарбаевтің 17 қаңтар 2014 жылғы «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа арнаған Жолдауын насихаттау мақсатында

«Біз Жолдауды қолдаймыз» тақырыбымен өткізілген «Онкүндікті» қорытындылау туралы»


Бұйырамын:

  1. Онкүндікті қорытындылау 5 ақпан 2014 жылы мектептің мәжіліс залында салтанатты түрде өткізілсін.

  2. Мәжіліс залы салтанатты жиынға сай безендірілсін.

  3. Онкүндіктің қорытындылау салтанатты кешіне аудан және ауыл әкімшілігінен, аудандық білім беру бөлімінен, ішкі саясат пен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінен және «НұрОтан» партиясынан өкілдер шақырылсын.

  4. Қорытынды кештің қойылымы жасақталып бекітілсін.

  5. Мектептің кіреберіс дәлізінде ҚР Президенті Жолдауы тақырыбында сыныптар арасында көрмелер өткізілсін.

  6. Жолдау тақырыбындағы суреттер, қолөнер және жар газеттер байқаулары қорытындылансын.

  7. Оқушылардың өзін-өзі басқару «Жас Ұлан» ұйымының «Сұңқар» газеті номері Жолдауға арналсын

  8. «Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!» тақырыбында шығармалар байқауы қорытындылансын.

  9. Елбасы Жолдауын насихаттауға белсене атсалысқандар және сыныптар марапатталып, ынталандыру сыйлықтары берілсін.

  10. Ауыл жастары арасында өткізілген волейбол жарысының финалдық жарысы қорытындылансын.

Үшағаш НЖББМ директоры Т.Қатауов


















Бекітемін: Келісемін:

Мектеп директоры Т.Қатауов Тәрбие ісі орынбасары Г.Ажғалиева


Үшағаш негізгі жалпы білім беретін мектебінде ҚР Президенті Н.Назарбаевтің

17 қаңтар 2014 жылғы «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа арнаған Жолдауын насихаттау мақсатындағы «Біз Жолдауды қолдаймыз» тақырыбындағы Онкүндіктің іс-шаралар жоспары.


Іс-шаралар атауы

Сыныбы

Мерзімі

Жауапты

1


«Біз Жолдауды қолдаймыз» атты дөңгелек үстел


23.01.2014

Сағ:400

Үгіт-насихат тобы

2

ҚР Президенті Жолдауына арналған дәлізде, кітапханада және сынып бөлмелерінде бұрыштар жасақтау

1-9

21-31.01.

Кітапханашы

А.Құспанова

Сынып жетекшілері


Мектеп дәлізінде Жолдауға арналған қолөнер мен сурет көрмелерін ұйымдастыру

1-9

21-31.01

Кітапханашы

А.Құспанова

Сынып жетекшілері

3

«Бір мақсат,бір мүлде,бір болашақ» атты тәрбие сағаттарын өткізу

1-9

22-31.01.

Сынып жетекшілер

4

Соналы орта мектебіне спорт түрінен жарыс өткізу.

5-9

25.01.2014ж

С.Зейнуллин



5

Жолдауды насихаттау бағытында ауыл жастарының қатысуымен волейболдан жарыс өткізу

8-9


24.01.2014ж


Сағ:400

Қ.Зейнуллин

6

Жолдауға ұжым қызметкерлері мен оқушылардың ой-пікірлерін жазу журналын ашу

5-9

21-31.01.

Үгіт-насихат тобы

7

«Қазақ елінің Ұлттық Идеясы-Мәңгілік Ел!» тақырыбында шығармалар байқауын ұйымдастыру

5-9

27.01.2014ж


Сағ:330

М.Шарамикова

Д.Сұлтанова


8

ҚР Президенті Жолдауы тақырыбында мектебімізде аудандық мәслихат депутаты Е.Гумаровпен кездесу ұйымдастыру

5-9

30.01.2014ж

Д.Сұлтанова

Б.Ақдөңов

9

Жолдауды насихаттау барысында сынып жиналыстарын өткізу

1-9

27-31.01.

Сынып жетекшілер

10

Онкүндікті салтанатты түрде қорытындылау кеші


31.01.2014

Үгіт-насихат тобы











ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ


Қазақстан Республикасының Президентінің 2050 жылға дейінгі елді дамытуға арналған стратегиясы табыспен жүзеге асуда. Елбасының бастамасымен Қазақстанның дүние жүзінің таңдаулы отыз елінің қатарына кіру жоспары жасалып, нақты басымдықтары айқындалды.

Еліміздің өркендеу, халқымыздың әл-ауқатын арттыру бағытында нақты жұмыстар атқаруда әрине, алдымызға қойған жоспарлы бағыт-бағдар, белгілі бір межеге жетудің жан- жақты ойластырылған тетіктері болу шарт. Нақ осы тетік–«Қазақстан-2050» даму стратегиясымен ұштасып жатқан, ел Президентінің жыл сайынғы халыққа арнайтын Жолдауы.

ҚР Президенті Жолдауында:«Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы» деген болатын. Ендеше, баршамыз Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтау үшін шама-шарқымызша адал еңбек етіп өз үлесімізді қосайық!

«...Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым. Әсіресе, жастарымызға мынаны айтамын. Бұл Стратегия сіздерге арналған. Оны жүзеге асыратын да, жемісін көретін де сіздер. Өз жұмыс орындарыңызда отырып, осы жұмысқа әрқайсысыңыз атсалысыңыздар. Немқұрайлылық танытпаңыздар...» деген Елбасының дана сөзін біздің болашағымыз-қазіргі жастар үнемі естен шығармай, осы Жолдаудың жүзеге асуына белсене атсалысады деген сенімдемін!

Т.Қатауов

Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын!

Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын!

Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып,

Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік!


(ҚР Президенті Жолдауынан)







Ел сенімін ақтаған

Нұрсұлтан Назарбаевті қолдаймыз











ҚР Президентінің Жолдауын насихаттау мақсатындағы онкүндіктің қорытынды салтанатты кешіне насихат тобы мүшелері аудандық білім беру бөлімнің меңгерушісі Ж.Сұлтан, аудандық ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі А.Зейнуллин, «НұрОтан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Оразов қатысты


Құрметті қонақтар ауыл жастары арасында өткізілген волейбол жарысының ашылу кезінде




hello_html_m8fa3d4b.png






Ауданнан келген өкілдер «Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!» тақырыбында өткен шығарма байқауына қатысқан оқушыларға өз ризашылықтарын білдірді

hello_html_50e2086f.png




Насихатшылар тәрбие сағатында



hello_html_m6f98782c.png










Мектеп дәлізіндегі көрме



hello_html_1a1aad10.png




Оқушылар Жолдауға арналған көрмені әдемі таныстыра білді

hello_html_m5bb8b56e.png

hello_html_m16660503.png

hello_html_7394f451.jpg






ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:


1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.

2. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жыл 17 қаңтардағы «Бір тағдыр, бір

мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы.

3. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына арнаған жыл сайынғы Жолдаулары.




Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

Батыс Қазақстан облысы

Қаратөбе аудандық білім беру бөлімі

«Үшағаш негізгі орта мектебі» КММ

Тағы бір тарихи дәуіріміз басталды

ТАҚЫРЫБЫ:«ЖОЛДАУДЫ НАСИХАТТАУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ»

(Үгіт-насихат насихатшыларға, мекеме басшылары мен мұғалімдерге, ішкі саясат бөлімі мен «НұрОтан» партиясы қызметкерлеріне арналған көмекші құрал)

Қаратөбе ауылы – 2014

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет жанындағы сараптамалық кеңес шешімімен аудан көлемінде таратуға ұсынылды.
Автор
Дата добавления 08.05.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров3387
Номер материала 270929
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх