Инфоурок Другое Другие методич. материалыҚР Сот жүйесін жетілдіру ұлттық жоспар ретінде

ҚР Сот жүйесін жетілдіру ұлттық жоспар ретінде

Скачать материал

Баяндама тақырыбы:ҚР Сот жүйесін жетілдіру ұлттық жоспар ретінде.

 

Қаралатын сұрақтар:

1 Сот билiгi  және сот жүйесінің түсінігі   

2 Сот жүйесін жетілдіру мен қалыптастыру мәселелері

3 Сот жүйесін реформалаудың стратегиялық мақсаттары

 

Сот билiгi  және сот жүйесінің түсінігі   

 

Қазақстан  Республикасында сот билiгi тұрақты  судьялар, сондай-ақ заңда көзделген  жағдайларда және тәртiппен қылмыстық  сот iсiн жүргiзуге тартылған  алқа заседательдерi арқылы соттарға  ғана тиесiлi.  Соттың ерекше өкiлеттiгiн басқа органдарға берудi көздейтiн заң актiлерiн шығаруға тыйым салады және  сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады.

Өзге органдар мен тұлғалардың судья өкiлеттiгiн немесе сот билiгi функцияларын иеленуге құқығы жоқ.  Сот iсiн қарау тәртiбiмен қаралуға тиiс өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды.     

Сот билiгi  Қазақстан Республикасының атынан  жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етедi. 

Судьялар сот  төрелiгiн iске асыру кезiнде  тәуелсiз және тек Конституция  мен заңға ғана бағынады. Судьялардың  мәртебесi мен тәуелсiздiгiне нұқсан  келтiретiн заңдарды немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауға жол берiлмейдi. 

Соттың сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi қызметiне қандай да бiр араласуға жол берiлмейдi және заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Судьялар нақты iстер бойынша есеп бермейдi. Сот iсiн жүргiзудiң белгiленген тәртiбiне қарамастан берiлген сот iстерi бойынша, сондай-ақ соттың құзыретiне кiрмейтiн мәселелер бойынша өтiнiштердi сот қараусыз қалдырады немесе тиiстi органдарға жiбередi. 

Сот жүйесi:ҚР сот жүйесiн ҚР Жоғарғы Соты, Қазақстан  Республикасының Конституциясына  және осы Конституциялық заңға  сәйкес құрылатын жергiлiктi және  басқа соттар құрайды. 

      Қандай да болмасын атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берiлмейдi.     

Жергiлiктi соттарға  мыналар жатады: 

-         облыстық және оларға теңестiрiлген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары);     

-         аудандық және  оларға теңестірілген соттар (қалалық  сот, ауданаралық сот).     

-         Қазақстан  Республикасында басқа соттар, оның  ішінде мамандандырылған (әскери, қаржылық , экономикалық , әкiмшiлiк , кәмелетке  толмағандардың iстерi жөнiндегi және басқа) соттар құрылуы мүмкін.     

-Мамандандырылған  соттарды облыстық немесе аудандық  сот мәртебесімен Қазақстан Республикасының  Президенті құрады.     

-Қазақстан  Республикасының Жоғарғы Сотының,  жергілікті және басқа соттардың  Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы мен өзiнiң атауы бейнеленген мөрi болады. 

     

 

Сот жүйесін жетілдіру мен қалыптастыру мәселелері

 

Сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша 2009 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс  жүргізу  және  Азаматтық іс жүргізу Кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңы қабылданып, аталған заң 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. Жаңа заңның негізгі мақсаты — іс жүргізу заңнамаларын «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңына енгізілген өзгерістермен үйлестіру, үш сатылық сот жүйесін қалыптастыру.

Соған сәйкес, барлық істер бірінші сатылы аудандық, қалалық және оларға теңестірілген соттарда қаралады. Сонымен қатар жаңа заңға сай, облыстық және оларға теңестірілген соттардың құзыреті және өкілеттігі ауқымды түрде өзгертілді. Мысалы, облыстық және оларға теңестірілген соттардың бірінші сатыда немесе қадағалау тәртібіндегі істерді қарау өкілеттігі көзделмеген. Жаңа тәртіп бойынша облыстық соттар істерді апелляциялық және кассациялық тәртіппен ғана қарайтын болады. Ал қадағалау тәртібіндегі істерді қарау тек қана Жоғарғы сот құзырында.

Қылмыстық, азаматтық істер бойынша процеске қатысушы мүдделі тұлғалар, заңда көрсетілген жағдайда олардың өкілдері, қорғаушылары, сондай-ақ прокурор бірінші сатыдағы соттың заңды күшіне енбеген сот актісімен (үкім, шешім, қаулы және ұйғарыммен) келіспеген жағдайда он бес тәулік ішінде облыстық және оларға теңестірілген соттарға апелляциялық (жеке) шағым (наразылық) беруге құқылы.

Елімізде апелляциялық сатыдағы сот ролін ауқымды түрде күшейтіп,  апелляциялық сатыдағы сотты қолданысқа енгізіп отыр.

ҚР ҚІЖК-нің 405-бабының талабына сәйкес, апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істе бар және қосымша табыс етілген, апелляциялық сатының отырысында зерттелген материалдар бойынша істің нақты мән-жайы анықталуының, іс жүргізуді жүзеге асыру кезінде қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу заңы нормаларының сақталуын бірінші сатыдағы сот үкімінің немесе қаулысының заңдылығы мен негізділігін толық көлемінде тексереді. Сондай-ақ апелляциялық сатыдағы сот істі қараған кезде үкімнің азаматтық талап қою бөлігінің заңдылығын, негізділігін де тексереді, қылмыстық және қылмыстық істер жүргізу кодекстерінің талаптарын сақтай отырып, тиісті шешім қабылдайды.

Облыстық соттың судьясы – бірінші сатыдағы сот шешіміне апелляциялық шағымдарды немесе наразылықтарды  жеке-дара қарап, шешім қабылдайды. Апелляциялық тәртіппен келіп түскен іс бір айдан кешіктірілмей қаралуға тиіс. Сот негізге алар ретінде танылған себептер болған жағдайда бұл мерзім іс жүргізіліп жатқан апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы бойынша бір айға ұзартылуы мүмкін. Қажет болған жағдайда істі апелляциялық сатыда қарау мерзімін одан әрі ұзарту тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың алқа төрағасының қаулысы бойынша жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта ҚР ҚІЖК-нің 446-1-бабының (10.12.2009 жылғы редакциясы) қағидалары бойынша облыстық соттың кассациялық алқасы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың істерді алқабилермен қараған кезде шығарған, заңды күшіне енбеген үкімдерін (қаулыларын), сондай-ақ облыстық және оған теңестірілген соттың осы Кодекстің 423-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген қаулыларды қоспағанда, істі апелляциялық тәртіппен қараған кезде шығарған үкімдері мен қаулыларын ғана қарауға өкілетті.

Кассациялық сатыдағы сот үкімді (қаулыны) шығарған соттың қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдарының нормаларын cақтауын тексереді және соның негізінде үкімнің (қаулының) заңдылығын және негізділігін тексереді. Кассациялық сатыда істі кассациялық алқаның үш судьясы қараса, оның біреуі төрағалық етуші болып табылады.

Іс кассациялық сатыға келіп түскен күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қаралуға тиіс. Бұл мерзім істің қиындығына немесе көлемінің үлкендігіне байланысты, сондай-ақ өзге де дәлелді себептер болған кезде істі қарайтын соттың қаулысымен, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

Ал ҚР ҚІЖК-нің 458-бабының 1-бөлігінің 1-тармағының (10.12.2009 жылғы редакциясы) талабы бойынша, заңды күшіне енген бірінші және апелляциялық соттардың үкімдері мен қаулылары, кассациялық сатыдағы соттың қаулылары сот қадағалау тәртібімен қайта қаралуы тікелей Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының құзырында.

Мемлекеттік айыптаушының және жеке айыптаушының айыптаудан бас тартуына байланысты, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына және оның мерзімін ұзартуға санкция беру мәселелері бойынша, анықтауды немесе алдын ала тергеудi жүзеге асыратын тұлғалардың iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне немесе прокурордың iстi алдын ала тергеу сатысындағы iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне берiлген шағымдарды шешу жөнiнде шығарылған, заңды күшiне енген сот қаулылары қадағалау тәртiбiмен қайта қаралуға жатпайды.

Сондай-ақ, қылмыстық және азаматтық істер бойынша заңды күшіне енген сот актілері (үкімдер, шешімдер, қаулылар, ұйғарымдар) 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап процеске қатысушылардың өтініштері бойынша қадағалау тәртібінде тек қана Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының қадағалау алқасында қаралуға жатады. Азаматтық және қылмыстық істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарауға облыстық соттың құзыреті жоқ. Осыған байланысты, қадағалау шағымдарды ҚР Жоғарғы сотының қадағалау алқасына жолдау қажеттігін тағы бір мәрте ескерткім келеді.

 

Сот жүйесін реформалаудың стратегиялық мақсаттары

 

Сот жүйесін одан әрі реформалау соттардың шынайы тәуелсіздігі, сот төрелігін атқаруға азаматтық қоғамның тиім­ді қоғамдық бақылауы, судьялардың кәсібилігі мен бей­тараптығы, сот ісін жүргізуді оңайлату және тым артық рег­ламенттеуді алып тастау принциптерімен жүргізіледі, осы­ның нәтижесінде қоғамның сот жүйесіне деген жоғарғы сеніміне қол жеткізіліп, соттардың жұмыс істеу тиімділігі артады. Сот төрелігін атқару кезінде сот сатылап құры­луы­ның барлық деңгейлерінде және сатыларында судьялардың тәуелсіздігіне ұйымдастырушылық-құқықтық кепілдіктер қамтамасыз етілетін болады.

2011 жылға қарай соттардың мамандануы олардың өкілеттіктері нақты ажыратыла отырып кеңейтілді, оңайлатылған іс жүргізу институттары дамуда  жеке меншік сот орындаушылар институтын енгізе отырып, сот шешімдерін орындаудың аралас моделі           енгізіледі.

2012 жылға қарай - судьяларға үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары және судьяларға үміткерлерді іріктеу  рәсімдерінің транспаренттілігі (ашықтығы) артады  үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін тарта отырып, сот процесіне қатысушылар мен кәсіпқой заңгерлер  арасында жүргізілетін, алынған нәтижелердің        жариялылығын және соттар мен судьялардың рейтингілерін құруды көздейтін мерзімді әлеуметтік зерттеулермен барлық соттарды барабар қамту қамтамасыз етіледі.

2013 жылға қарай - жүгіну субъектілері істерінің қолжетімділігіне, қарапайым әрі жедел шешілуіне кепілдік беретін сот      жүйесі құрылады сотта қараудың толықтай жариялылығы мен ашықтығы, оның ішінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жария дерек қорында соттардың

қорытынды іс жүргізу шешімдерінің қарар бөлігін орналастыру жолымен қамтамасыз етіледі.

2015  жылға қарай-  тергеу іс-қимылдарын соттық бақылау кеңейтіледі.

2020 жылға қарай-  Сот жүйесін реформалаудың стратегиялық мақсаттары Қазақстан Республикасының “соттардың тәуелсіздігі” көрсеткіші бойынша Дүниежүзілік экономикалық  форумның Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексі рейтингіндегі орны жиырма позицияға жақсарады. Сот жүйесінің тәуелсіздік және бейтараптық деңгейі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық   жөніндегі ұйымының міндеттемелеріне (адами өлшемдер саласында) сәйкес деп танылады.

Сонымен Сот жүйесін жетілдіру Заңды мүлтіксіз сақтау елдің ілгері дамуының негізгі шарттарының бірі болып табылады және осы тиімді әрі әділ сот жүйесі әрбір қазақстандықтың азаматтық құқықтарын: өмір сүруге, денсаулығына, меншігіне құқығын сақтаудың кепілі болып табылады. Сот жүйесін жетілдіруге Нұротан партиясының да қолдауы мен мынандай ұсыныстарын атап кетуімізге болады:

•    халықаралық стандарттарға жауап беретін, халыққа неғұрлым қолжетімді және толық көлемде тиімді әділ сотты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін сот жүйесінің ұйымдастырылған құрылымын оңтайландыру;

•    сот билігінің тәуелсіздігін нығайту;

•    соттардың қызметінің айқындығы мен ашықтығын қамтамасыз ету;

•    сот ісін жүргізуді одан әрі оңайлату, сөзбұйдалықты, соттар мен сот қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық көріністерін жою;

•    татуласу, медиациялық рәсімдерді қолдануды дамыту;
•    соттарға бұдан әрі іс жүргізу іс-қимылдары мен адам мен азаматтың конституциялық құқықтарыны және бостандықтарын шектеуге байланысты шешімдерді санкциялау құқықтарын кезең-кезеңімен бөлу;

•    қылмыстық үдерістегі құқықтар мен іс жүргізу функцияларында қорғау мен кінәлау тараптарының теңдігін қамтамасыз ету;

•    сот ісін жүргізуге қатысушыларға сот инстанцияларына шағымдармен (өтініштермен) электрондық форматта жүгіну мүмкіндігін беру – электрондық сот ісін жүргізуді («е-сот») дамыту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тест тапсырмалары:

1.«ҚР Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заң қашан қабылданды

А. 1999 жылы 20 желтоқсанда

В. 2000 жылы 25 желтоқсанда

С. 2000 жылы 20 желтоқсанда

Д. 1995 жылы 20 желтоқсанда

Е. Дұрыс жауап жоқ

 

2.Жоғарғы Соттың органдары

А. Қадағалау алқасы

В.Азаматтық істер жөніндегі алқа

С.Қылмыстық істер жөніндегі алқа

Д.Соттың жалпы отырысы

Е.Барлық жауап дұрыс

 

3.Судьяны қызметтен босату негіздері

 А.Өз өтініші бойынша

В.Судья сот шешімімен хабарсыз кеткен деп танылса

С.ҚР Президенттігіне кандидат болып тіркелсе

Д.ҚР Парламентінің депутаттығына кандидат болып тіркелсе

Е.Басқа жұмысқа ауысса

 

4.Сот билігінің өзіне тән ортақ белгілері

А.Сот билігі ҚР  Конституциясына негізделеді

В.Оның қызметі елдің бүкіл аумағына таралады

С. Сот органдарының шешімдері тек олардың құзіреті шеңберінде қабылдануға тиіс

Д. Сот органдарының шешімдері мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар

Е. Барлық жауап дұрыс

 

5.Жоғары соттың қадағалау алқасын кім басқарады

А.Алқа төрағасы басқарады

В.Азаматтық істер жөніндегі алқасының төрағасы

С.Қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы

Д.Жоғары соттың төрағасы

Е.Дұрыс жауап жоқ

 

6.Сот жүйесінің   бірлігі қамтамасыз   етіледі.

А) Барлық судьялардың  мәртебелерінің   теңдігімен.

В) Сот төрелігінің Конституциялық   принциптерімен.

С) барлық аталған пунктермен.

Д) Судьялардың біртұтас заңдылықтарды қолданылатындығымен.

Е) Соттарды қалыптастыру тәртібімен.

 

7.  Сот билігінің жоғарғы органы.

А) ҚР Президенті.

В) Жоғарғы сот жанындағы ғылыми-конституциялық кеңес.

С) Алқа төрағалары.

Д) ҚР Жоғарғы соты.

Е) Жоғарғы сот алқасы.

 

8."Сот  арқылы қорғалуына құқығы" принципінің мағынасына не кіреді.

А) мемлекеттік органдардың кез келген  құқыққа сәйкес  келмейтін  шешімдері  мен іс-әрекеттерінен сот арқылы қорғануына   кепілдік.

В) ешкім    істі қарату   құқығынан айрылмайды.

С) барлық   соттарда   және    сот өндірісінің    кез   келген сатысында заңды   қорғау құқығына кепілдік береді.

Д) соттық  тәртіппен  қарауға  жататын  өтініш    пен  шағымдар  басқа  органдардың бақылауына   алынбайды.

Е) барлық аталған жауаптар дұрыс.

 

9.Соттардың құқықтық орны.

А) сот шешімдерін орындауды қамтамасыз етеді.

В) соттарды нормативтік материалдар мен қамтамасыз етеді.

С) соттарды материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастырады.

Д) өздерінің    өкілеттігін    жүргізу    кезіндегі    соттардың      талаптары    мен    өкімдері меншіктің   барлық    нысанындағы   ұйымдар   мен   азаматтар   категориялары   үшін міндетті.

Е) барлық жауаптар дұрыс.

 

10.Жоғарғы сот пленумының   өкілеттігі.

А) заңдар     мен     басқа      нормативтік     актілердің     іс  жүзінде     қолданылуын қортындылауды және материалдарды   қарастырады.

В) ҚР  Конституциясы  сәйкес Президентке тағылған  айыптаудың  негізділігі жайлы қортынды береді.

С) сот статистикасын талдау материалдарын   қарастырады.

Д) Жоғарғы     сот    Төрағасының  ұсынысы     бойынша. Жоғарғы     сот Пленумының хатшысын сайлайды.

Е) барлық жауаптар дұрыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.     ҚР Конституциясы, 1995 ж. 30 тамызда қабылданған ҚР Азаматтық Кодексі.-Алматы: ЖЖС «Баспа» 2001 ж.

2.     Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132 Конституциялық заңы

3.     1999ж. ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі,

4.     Ашитов Б.З. ҚР құқық негіздері. Алматы: 2003ж

5.     Баянов Е. ҚР-ның мемлекеті мен құқығының негіздері. Алматы: 2003ж

6.     Азаматтық құқық. /Жауапты редакторлары М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин   том1,Алматы 2003

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ҚР Сот жүйесін жетілдіру ұлттық жоспар ретінде"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

SMM-менеджер

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 740 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.01.2016 3735
    • DOCX 62.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нурекешов Талап Кайратович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нурекешов Талап Кайратович
    Нурекешов Талап Кайратович
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 34398
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 290 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 852 человека

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 158 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Планирование проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Введение в медиакоммуникации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Предпринимательские риски

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе