Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы"Рақмет, саған Әліппе!" қоштасу ертеңгілігі

"Рақмет, саған Әліппе!" қоштасу ертеңгілігі

Скачать материал

Күні: 19.12.2022 ж

Өтілетін орны: мәжіліс залы

Сыныбы: 1 «Е»

Тақырыбы: «Қош бол, сүйікті Әліппе!»

Мақсаты:

Білімділік: Білімнің бастауы болған, «Әліппеден үйренгендерін тиянақтау, өнерлерін тамашалау, білімдерінің артып, сөз байлығының молайғанын, саналарының өскенін көрсету. Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың өзін еркін ұстай білу қабілеттерін, сөйлеу мәдениеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды  Отанын, мектебін, ұстаздарын, ата-аналарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Түрі: ашық тәрбие сағаты

Әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік

Көрнекілігі: шарлар, әріптердің макеті, «Әліппе», «Ана тілі» оқулықтарының макеті, интерактивті тақта, көрініс, презентация.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Ертеңгіліктің өту барысы:

Музыка әуенімен ойнап келе жатқан бала дауысы естіледі. Осы кезде 2-3 бала (қолдарында добы, қуыршағы, машинасы бар) өзара таласып кіріп, ортаға кіреді.

1 – жүргізуші: Қасым

 Ойын қуып жүрген думан бұл кімдер?

Сылдыраған балғын  тілмен естіледі бір үндер.

Нұрислам:

Апам айтқан күзде мектепке барасың деп,

Көп – көп оқу құралдарын аласың деп.

Ж.Кәусар:

Онда неге мына машинаңды тастамайсың?

Сен әлі ештеңкені түсінбейтін кішкентайсың.

Нұрмат:

Жоқ, ол жетіге толды.

Үлкен бала болды.

Мына машина мен қуыршақты

Бөпесіне сыйлайтын болды.

(балалар ойыншықтарын жинайды)

v Осы арада Э.Кәусар мектепке бара жатып, ортаға келіп қосылады.

Э.Кәусар:

-         Балалар, мектепке бармайсыңдар ма?

Нұрислам:

Мектеп, мектеп деген не ол өзі?

Оның бар ма мұрны, аузы, көзі?

Ж.Кәусар:

Онда не береді?

Менің де барғым келеді.

Э.Кәусар:

7 – ге толсаң, ойын қумай бос текке,

Оқисың әрине сен де мектепте.

Нұрмат:

Мектепте үйрендің сен нені?

Көп пе оның сендерге берері?

Э.Кәусар:

Мектепте бәріміз білім аламыз,

Жан – жақты дамып, өседі санамыз

Жүріңдер үңіліп, мектептің сырына

Шығайық, біз бірге білімнің шыңына.

(Э.Кәусар оқушыларды сахнадан алып шығып кетеді.)

 

Монолог оқылады. ( Шайкуп  Арайлым)

(Бір оқушы сумкасын асып сахнаға шығады)

Алғаш келдім мектепке асығып

Сөмкемді арқама асынып,

Жаңа ғана табалдырығын басқанмын,

Әліппемен білім қақпасын ашқанмын.

Аштымдағы қарадым артыма бұрылып,

Тілеуімді тілеп тұрды анам құлыным

«Е, сәт!» - деген дауысын естідім.

Ашып тұрып мен өмірдің есігін

Анам сонда қол бұлғады белестен,

Көңілім өсіп, көк аспанмен теңескен.

Ақ пейілді мейіріммен суарып,

Тұрды анам тұңғышын жолға шығарып,

Ол да күлді, мен де күлдім шаттанып,

Оқушы болғаныма мен мақтанып!

2 – жүргізуші: К.Раяна

Қадамыңа гүл бітсін деп халқым,

Қол соғып, қошеметтеп, тұр жалпың!

1 – жүргізуші: Қасым

2022 жылы 1 қыркүйекте әліппе кітабын ұстаған бүлдіршіндер мектеп табалдырығын аттады.

2 – жүргізуші: Раяна

Армысыздар құрметті қонақтар! Бүгін біздің қуанышымызда шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан әліппені бітіріп отырмыз.

Ендеше кешіміздің жүргізушілерімен таныс болыңыздар. Тәңірберген Қасым

1 – жүргізуші: Қасым

Және Калжанова Раяна

Иә, Раяна . Біз енді кез келген сөздерді, сөйлемдерді, тіпті қысқа мәтіндерді де оқи аламыз.

 

2 – жүргізуші: Раяна

-         Рас айтасың! Осы біздің апайымыз бен оқушылар қайда кеткен?

1 – жүргізуші: Қасым

Шынымен де көрінбейді ғой. Менде бір сиқырлы дүрбі бар. Кел көрейік!

2 – жүргізуші: Раяна

(дүрбімен)

Ой біздің апай әліппе тойы қалай өтеді екен деп уайымдап тұр.

1 – жүргізуші: Қасым

Ал оқушылар ше?

 2 – жүргізуші: Раяна

Олар қызу дайындықта.

1 – жүргізуші: Қасым

Берші, менде көрейін. О,о,о олар пойызға отырып алыпты. Әне олар. Қане қарсы алайық!

2 – жүргізуші: Раяна

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға,

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Бүлдіршіндерді шақырайық ортаға.

(Пойыз дауысы үнтаспадан қойылады. Пойыз сыныпқа кіреді.)

Мұғалім:

    Құрметті ата – аналар, ұстаздар! Шәкірттерімнің алғаш қолдарына алған оқулығы әліппемен қоштасар сәт те келді. Әліппені алыс сапарға шығарып салу үшін біз пойызбен келіп отырмыз.

    Өмірде барлық нәрсе кішкентайдан басталады. Дәннен нан, сәуледен күн, кірпіштен үй, ал білім әліппеден басталады. Біздің мереке ешқашан қайталанбайтын ерекше мереке. Біз оқу мен жазу білігін меңгергеніміз үшін әліппеге ризамыз.

-         Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын:

Іші толы әріпке,

Білімдегі жарық не?

Хормен:

Болашаққа жол ашар

Ол сүйікті Әліппе!

Ол сүйікті Әліппе!

Мұғалім:

Олай болса бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық!

Хормен:

Әліппе! Әліппе! Әліппе!

Әліппе: Чингизұлы Алдияр

Армысыздар, жас достар!

Армысыздар, ата – ана!

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға.

 

Білім деген ғаламның

Әліппесін меңгерген.

Келешегі қазақтың,

Басталады сендерден!

 

Жақсы білім көрімдік,

Болсын бізге халайық.

Не үйрендік, не білдік?

Қане ортаға салайық!

1 – оқушы: Аружан

Әліппем менің Әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

2 – оқушы: Гүлмерей

Алфавитті жаттадық.

Онда жүйе, қалып бар,

Біздің қазақ тілінде

42 әріп бар.

3 – оқушы: Ерасыл

Әліппе  деген алтын жол,

Апарып сені алысқа.

Жеңіл емес, ауыр жол

Тырмысып бақ намысқа.

4 – оқушы: Альтаир

Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріпте,

Оқимыз қазір ертекте,

Үйреткен оны Әліппе!

5 – оқушы: Асан

Әліппе – білім анасы,

Әліппе – кітап данасы.

Әліппе бетін ашпаған,

Адамның бар ма баласы.

Жәнібек: 

Рахмет саған, Әліппе!
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің

 

Айя:

 Бар кітапқа бас болған
Әліппе - ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.


Раян: 

Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте,
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны Әліппе!

Әділет:

Алфавитті үйрендік,
Онда жүйе, қалып бар.
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар                                                           

 

Назарәлі

  «Әліппе»даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет ұстаз алғашқы.

Хор «Мектеп» (Оқушылар сахнадан шығып кетеді)

КҮЙ – Исабай  Бекасыл

«Әліппе»  биі – қыздар тобы

ӘН – «Рақмет саған Әліппе» - Бағдатқызы Айсұлу мен  Калжанова Раяна

1 – жүргізуші: Қасым

 Қане, бері қарайық

Зейін қойып тыңдайық

Әріптермен танысу

Тақпақтарын бастайық.

 

(О,Т,А,Н әріптерін таққан оқушылар ортаға шығады)

6 – оқушы:  Айсұлу

Отан дейміз от жаққан жерімізді

Отан дейміз өсірген елімізді

Отан дейміз туған жер,  атамекен.            

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді

7 – оқушы: Б.Раяна

Тәуелсіздік рухы күшті ғажап күн

Артта қалды бодан болған азап күн.

Елім, жерім, қазағым деп тебіренем

Өйткені мен тәуелсізбін азатпын.

8- оқушы: Дияр

Астана - Астанам,

Астана - бас қалам.

Ардақтап атыңды,

Аузымнан тастаман.

9-оқушы – Аль Арназ

 

Мұғалім:

-         Рақмет балалар! Білмесбек болмай, Білгішбек болыңдар! (сахнаға кір қожалақ Білмесбек шығады)

Білмесбек: Айдын

-Мыналар не жиналған әй? Менің атымды атаған қайсың?

Мұғалім:

-Сәлеметсің бе Білмесбек! Сені атаған менмін. Бүгін бізде «Әліппемен қоштасу» мерекесі.

Білмесбек: Айдын

-Әліппемен қош – та – су. Қоштасыңдар, қоштасыңдар! Қой мен кетейін. Чао! (кетіп бара жатып, бір баланың коронасына ұмтылады)

Бала: Айсұлу

-Тиіспе, менің коронама. Мұнда әріптер жазылған.

Білмесбек: Айдын

-Әріп дейді. Қайдағы әріп, мынау доңғалақтың суреті, ал мынау есіктің суретін салып қойыпты – ей. Бұлардың бәрін мен Әліппені оқымай – ақ білемін.

Мұғалім:

            Ол не дегенің Білмесбек? Бұлар О, П әріптері. Дегенмен балалар Білмесбектің сөзінің жаны бар. Әрбір әріп бір нәрсеге ұқсас келеді. Ал, Білмесбек мына жердегі мақалдарды оқып көрші. Олай болса балалар Білмесбекке оқып көмектесейікші. Кәне, балалар мақалдар оқып, осы мақалдардың мағынасын ашайық. ( Білмесбек бірнеше рет ұмтылып, мақалды оқи алмай желкесін қасиды)

Міне, Білмесбек көрдің бе? Балалар әріптерді қалай жақсы оқыды, мақалдардың мағынасын аша білді.

Білмесбек: Айдын

Онда мен де кітап оқығым келеді.

Мұғалім:

Бұның дұрыс болды. Тек алдымен үсті – басыңды тазалап кел. Әліппені таза, ұқыпты балалар ғана ұстайды.

 «Ұлдар биі»

2 – жүргізуші: Раяна

Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,

Төгілген күн нұрының шапағаты,

Ата – аналар қаттырақ қол соғыныңыздар,

Бишілердің билері қандай жақсы.

Қуанышбай  Әділ  мен Талғат Ибраһимнің  орындауында  «Лезгинка» биі

Мұғалім:

-Балалар, енді Әліппемен қоштасар сәт те келді. Әліппені алыс сапарға шығарып салып, ана тілін күтіп алу үшін пойызға мінген едік. Қане, балалар әліппемен қоштасайық.

Хормен:

Қош, қош, Әліппем!

Әліппе: Алдияр

Балалар сендер мені жақсы игеріпсіңдер. Мен сендерге ризамын. Сау болыңдар.

 

1 – жүргізуші:  Қасым

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға ана тілін аламыз.

Ата – ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне, балаңыз.

 2 – жүргізуші: Раяна

-Балалар ана тілі де келіп қалған екен. Қане қошеметтеп қарсы алайық.

Ана тілі: Әуелхан Қадыр

Туған елдің тілімін,

Ақылы мен танымын.

Түсіндірер бәріне

Ана тілі пәнімін.

Ана тілім – ұраным,

Ана тілім – құралым,

Ана тілім болмаса

Мықты болмас тұрағым.

-Сәлеметсіңдер ме балалар! Сендер бүгін әліппемен қоштасып, менімен достасып жатырсыңдар.

Ендеше менің сұрақтарыма жауап беріңдерші:

*    Таулары бар ең биік

Даласы бар жер ұйық

Бұл қай ел?

Хормен: Қазақстан

*    Осы уақытқа дейін нені үйрендіңдер?

1.     Оқуды

2.     Жазуды

3.     Есеп шығаруды

4.     Ән айтуды

5.     Үлкенді сыйлауды

6.     Кішіге қамқор болуды

7.     Елімізге жақсылық жасауды.

*    Біз нені ажырата білеміз?

1.     Жақсы мен жаманды

2.     Арамдық пен адалдықты

*    Біз кім боламыз?

1.     Адал азамат

2.     Ақылды ару

3.      Тәуелсіздіктің туын биік  ұстайтын

Хормен: елін сүйген ер боламыз.

Би : Шахизада Амина

Ән : «Ұстазым» (Есжан Алуа  Ерұлан)

(сахнаға оқушылар шығады)

Ана тілі:

Жарайсыңдар!

1 – жүргізуші: Қасым

Қымбатты оқушылар мектептегі алғашқы жеткен жетістіктеріңмен құттықтаймын. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын.

2 – жүргізуші: Раяна

Ендеше, алғашқы құттықтау сөз кезегін мектебіміздің директоры: Канапьянова Асемгуль Слямбекқызына  береміз.

Осымен әліппемен қоштауға арналған мерекелік іс – шарамыз аяқталды. Амандықта жүздескенше!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Рақмет, саған Әліппе!" қоштасу ертеңгілігі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по переработке нефти и газа

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 187 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.05.2023 98
    • DOCX 29.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Джексенбаева Гульнар Есымовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Джексенбаева Гульнар Есымовна
    Джексенбаева Гульнар Есымовна
    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 65879
    • Всего материалов: 22

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 450 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания в начальных классах компенсирующего и коррекционно-развивающего вида

Учитель начальных классов компенсирующего и коррекционно-развивающего образования

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 890 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы теории и методики преподавания в начальной школе в соответствии с ФГОС НОО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 389 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 222 человека

Мини-курс

Организация и контроль занятий со студентами специальных медицинских групп

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Оптимизация бизнес-процессов: от логистики до управления персоналом

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Оказание первой помощи

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 677 человек из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 404 человека