Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Разработка инновационных проектов на тему"Оқушылардың мүмкіндіктерін СМАРТ оқыту арқылы тәрбиелеу"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Разработка инновационных проектов на тему"Оқушылардың мүмкіндіктерін СМАРТ оқыту арқылы тәрбиелеу"

библиотека
материалов

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы

«Тайынша аудандық білім бөлімі» ММ






ЖОБА


ТАҚЫРЫБЫ: Оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін SMART оқыту арқылы дамыту







Орындаған: Шауенова Алтын Балгановна КММ «№2 Чкалов ОМ»

Козбагарова Лиза Ешназаровна КММ «Петровская ОМ»



Тайынша 2015



Пәні: Қазақ тілі мен әдебиет


Өзектілігі: Бұл үрдісте бірлескен әрекет арқылы әріптестердің біліктілігі артады және оқушының өз болжамдарына жан-жақты сын тұрғысынан қарай отырып, сол арқылы әлем,тіршілік,жаратылыс туралы өзінің білім деңгейін тереңдетіп,кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігі туады,шығармашылық қабілеттері артады.


Нысаны: Жалпы орта білім беретін мектептің оқу-тәрбие үрдісі.


Мақсаты: Инновациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың қазақ тілі мен әдебиет пәніне танымдық қызығушылығын қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеп, оқу үрдісінің тиімділігін арттыру жолдарын көрсету.


Зерттеу міндеттері:

-Әр педагогикалық технологияның тиімді жақтарын бөліп алу, қолдана оқыту арқылы пәнге қызығушылығын арттыру жолдарын анықтау;

-Инновациялық тәсілдер «SMART», «ТРИЗ» технологияларын қолдану оқушының шығармашылық қабілетін дамытуын анықтау;

-Оқушының тақырыпты өз бетінше меңгеруі,түсіну,бағалай алуы;

-Әрбір оқушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру;

- Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру.


Зерттеу әдістері: бақылау әдісі, салыстыру әдісі, сауалнама жүргізу, сұхбаттасу. 


Жаңашылдығы– жаңа әдістерді қолдана отырып жас жеткіншектердің интеллектілік, шығармашылық ойлауын дамыту, қазіргі заман талабына сай экономикалық көзқарастары мен белсенділігін қалыптастыра отырып, кәсіпкерлікке баулу, өзбетінше білім алу және еңбек ету дағдыларына негіз салу болып табылады.


Гипотеза:Инновациялық үрдіс қоғамымыздың мүддесіне, қажеттілігіне, қамқорлығына айналады. Өйткені бұл инновациялық үрдіс арқылы жаңалықтарды іздеу,өңдеу,енгізу механизмдері ойластырылған, жолға қойылған.


Тәжірибелік маңыздылығы: Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруді мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.


Зерттеу болжамы: білім беру бір жағы оқу құралына келіп тіреледі, сондықтан жаңа дидактикалық материалдар жасалса (оқытушы арқылы), оқытушы инновациялық технологияны тиімді қолданса, оқу материалдарының арасындағы логикалық байланыстар ашылып көрсетілсе, онда оқушылардың пәнге қызығушылығы артады, материалдарды нәтижелі әрі тиімді меңгереді, логикалық ойлау қабілеті артады, білім сапасының деңгейі артады.






Кіріспе

Әлемдегі жаһандану үрдісі еліміздегі күллі салаларға айтарлықтай әсер етуде. Оның ықпалы, әсіресе, білім беру саласында ерекше байқалады. Оны Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жолдаудағы мына сөздерінен де аңғаруға болады:

«Қазақстан-2030» Қазақстан халқына арналған жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады. Олар балаларының экономика жағдайында жұмыс істеуге, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеруге, бейбіт, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» - деп көрсетілгендей-ақ, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш пен білімге тән.

Жас мемлекетіміздің болашағы- бүгінгі мектеп оқушылары. Бәріне бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап оқыту бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойып отырған басты міндеттемелердің бірі- оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіру.

Еліміздегі тәуелсіздіктің әсері қоғам дамуының барлық салаларын қамтып, әлемдегі жаңа мазмұнды озық тәжірибелерге негізделген оқу-тәрбие үрдісінің қалыптасуына ықпал етті.

Әрбір өсіп келе жатқан ұрпаққа тәлім-тәрбие беру, олардың рухани жаңарып жандануына тірек те, тетік те болатын мектеп екендігі бәрімізге белгілі.

Сондықтан да оқушылардың ой-өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен сана-сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыруда тәрбие жүйесіндегі инновациялық іс-әрекеттердің ендірілуі үлкен жетістіктерге жетелеуде.

Бүгінгі ғылыми-техникалық прогрестің қарқындап дамуы кезінде өндірісті автоматтандыру, компьютерлендіру мәселесімен тығыз байланысты өркендетіп отырған өтпелі кезеңде мектеп оқушыларына ғылым негіздерін меңгеруде білімді әлемдік стандартқа жақындату, оқытудың мазмұны мен әдістерін жаңарту арқылы білім сапасын көтеру мемлекеттік мәселе болып отыр.























Негізгі бөлімі

  1. Теориялық бөлімі

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көрсететін әдіс-тәсілдері, түрлері көбінде жаңашыл, инновациялық деп атайды.

«Инновация» ұғымы педагогиканың сөздік қорына ежелден енген. Ол кейбір ғалымдардың еңбектеріне «жаңа» «жаңалық енгізу» деп көрсетіледі. Кей ғалымдар оны «өзгеріс» деген терминмен анықтайды. Біздің ойымызша, бұл түсініктер кең мағынадағы терминдермен білім беру жүйесіндегі кез-келген өзгерісті сипаттайды.

Инновация жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді екен. (С.И.Ожегов сөздігі) ғалымдардың айтуы бойынша, инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық.

Яғни инновациялық үрдіс дегеніміз - жаңалықтарды күн талабына сай жасау, оны педагогтардың оқыту мен тәрбие беру тәжірибесінде қолдануы деп түсіндіреді.

Оны мына төмендегі сызба бойынша көрсете аламыз.


Осы айналымның жүзеге асыуын біз бүгін сіздердің алдарыңызда инновациялық топ болып ұсынбақпыз.

Біздің бірлескен іс-әрекетіміз топ мүшелерінің алдына мақсат қойылуына,өз мүмкіндіктерін ашуына ықпал етеді.

D:\User\Desktop\100MEDIA\IMAG0640_BURST001.jpghello_html_m64a1493a.jpg

Желілік қауымдастық,бірлескен әрекет.

2 Чкалов ОМ және Петровка ОМ, №1 Чкалов ОМ.


Ф.Энгельс «Нақты анықталған мақсат- бұл сезіне білген қажеттілік, ал қажеттілік ғылымды алға жетелеуші қозғаушы күш» деп есептеген.

Мақсатты нақтылау барысында Блум «Мақсаттың белгілі бір заңдылықпен орналасуы» дейді.Инновациялық оқытуда да осы заңдылықты ескереміз.

Инновациялық әдіс–тәсілдерді оқу процесіне енгізу барысы бірнеше процесс кезеңдерінен өтеді десек қателеспейміз.

Бірінші кезеңде мұғалім жаңалықтың қажеттілігін дәлелдеу арқылы жаңалық туралы ақпарат жинайды, одан кейін әртүрлі жаңалықтың ішінен қажетті жаңалықты таңдап алып, оны қолдану туралы шешім қабылдайды.

Содан кейін, іске асыру кезеңдерін зерттеп, енгізу жоспарын құрып, жаңалықты қолданады. Бұл кезеңде мұғалім оқу–тәрбие процесіне, жаңалықты енгізуіне кедергі жасап отырған факторларды ескере отырып, өзгерістер енгізеді, жаңалықты уақыты мерзіміне байланысты жұмыстарды өткізеді.

Жаңалықты енгізу уақыты аяқталғаннан кейін инновациялық іс-әрекет үшінші кезеңіне өтеді. Бұл кезеңде мұғалім жаңашыл тұрғыда ұйымдастырылған оқу–тәрбие жұмысының нәтижесін көтеруге жасаған ықпалын анықтайды, жаңалықтың оқу – тәрбие жұмысына нәтижелі енгізу шарттарын белгілеп, оны таратуға ұсынады.

Оқу-тәрбие процесінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық шарттары:



Сонымен оқытудың инновациялық жүйесі білім, оқыту процесінде жаңа технологияларды пайдалана білу іскерлігі қалыптасу керек.Осы мақсатта оқу үдерісінде инновациялық үрдістің бірі «SMART» жүйесінің қолдану тиімділігін бөліскім келеді.

«SMART» жүйесі педегогтар қызметінде ең тиімдісі. Себебі бүгінгі жаһандану заманында күнділікті келіп жатқан ақпараттар легі ішінен ең қажеттісін сұрыптай алуға,өзіне қолдануға,нақты орындалатын, шынайысын таңдайды.

SMART мақсаттары да осыны көздейді және оқыту негізінде мұғалімнің кәсіби шеберлігі артады.

S –specific (нақты)

M-measurable (өлшемді)

A-аchievable (орындалатын)

R-realistic (шынайы)

T-time scaled (уақыты белгіленген)


SMART оытудың негізгі сипаты:

Оқытудың жаңа түрі;

Әлеуметтік желілер арқылы білім алмасу;

Жеке тұлғаның ерекшеліктеріне бейімделген оқыту;

SMART құрылғыларды пайдаланып оқуыту.



SMART оытудың құралдары:

Сандық оқыту құралдары;

Ақпарттық оқыту құралдары;

Технологиялық оқыту құралдары.


SMART оытудың бағыттары:

Сандық басты реурстарды арттыру;

Онлайн сабақтардың белсенділігін арттыру;

SMART контенттерін пайдалану жүйесін құру;


Контент ( мазмұн,тауар) -ақпараттық реурстарды, кез-келген веб-сайтты маңызды ақпаратпен не мазмұнмен толықтыру.

Оқу контенттері көптеген қаражатты қажет етеді. Осы жерде Ахмет Байтұрсынұлының «Оқытудың үш жағы бар, үшеуі үш нәрсеге тіреледі: біреуі оқу құралдарына, екіншісі ақша – қаражатқа, үшіншісі жақсы мұғалімге» деген сөзін қолданғым келеді. Неге десеңіз жақсы мұғалім қолындағы бар оқу құралдарын пайдаланып шеберлік танытады.


SMART оқытудың өзі : Кез-келген жерде,кез-келген ортада оқыту;

Өзіндік оқу;

мобильді оқыту;

электронды оқыту.


Әріптестеріммен жүргізген сауалнаманың нәтижесі.






Осы сұрақ бойынша оқушылардан да 8-11 сынып оқушыларынан да сауалнама алынды.



II Тәжірибе бөлімі

SMART оқыту дегеніміз не?



SMART оқыту- АКТ көмегімен уақытқа,кеңістікке шектелмей, ыңғайлы білім алу мүміндігі. Және мұғалім кәсіби дамиды және инновациялық әдіс-тәсілдерді оқыту үрдісінде орынды қолданады.mқолданамұғамұғалім art оқыту


Тәжірибе барысында мысалы:

1. Абай 10-сынып. Өмірі, қара сөздері.

2.Сабақты түрлендіру жолдары: 7-модуль+ SMART

3.ТРИЗ+ SMART=оқушынының шығармашылық мүмкіндіктерін дамытудың кең ауқымы.

ТРИЗ (теория решение изобретательских задач) технологиясы,

ӨТШТ (өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы )


Оқу үдерісінде инновациялық технологияларды енгізудің негізгі өзекті мәселесі – жаңа әдістерді қолдана отырып жас жеткіншектердің интеллектілік, шығармашылық ойлауын дамыту, қазіргі заман талабына сай экономикалық көзқарастары мен белсенділігін қалыптастыру. Оларды кәсіпкерлікке баулу, өзбетінше білім алу және еңбек ету дағдыларына негіз салу болып табылады.

Шығармашылық тапсырмаларды орындау теориясы адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамытудың жаңа әдістемесі үшін негіз болып табылады. Шығармашылық мүмкіндіктердің көріне бастауының себебі-балалық кездегі елестету деңгейінің жоғарлығымен, балалардың ойлауын танымдық бағытының дамуымен түсіндіріледі.

Жаңа дәуірдің жан-жақты дамыған адамын тәрбиелеу оңай емес, ол үшін мұғалімге үлкен ізденудің, оқытуды ізгілендіру аспектілерін пайдаланып жүзеге асырудың мәні зор.

Осыған орай сіздер сабақтарыңызда пайдаланып жүрген түрлі жаңа педагогикалық технологияларды төменде көрсетілген тірек сызба бойынша жүзеге асыру жеке тұлғаны дамытары сөзсіз.

ТРИЗ технологиясының әдістеріне тоқталатын болсақ:

1- әдіс.

Бақылау сұрақтары арқылы шығармашылыққа үйрету әдісі.

Бұл әдіс жазба жұмыстар жазуға үйретуде таптырмайтын құрал. Сұрақтар арқылы жазушы (оқушы) монолог ретінде жауаптар жазады. Берілетін тапсырмаға қарай сұрақтар да ауысып отырып, олар болашақ әңгіменің, шығарманың желісін түзеді. Кез келген тақырыпқа әңгіме, ертегі, шығарма жазуға үйретуге болады. Ертегілер құрастыру оқушылардың қиялын дамытады. Бастауыш сынып оқушыларын ертегі жазуға баулу үшін «Жалғастыр» ойынын ойнатуға да болады. Бір оқушы ертегіні бастайды, қалғандары кезектесе отырып өз ойлары бойынша жалғастырып кете береді. Ең соңында барлығы айтқан ойларын жинақтап ертегі желісін рет- ретімен айтып шығады.


2- әдіс.

Қарама-қайшылықтарды шешу әдісі.

Біздің өміріміз қарама-қайшылықтардан тұрады. Өмірде «жақсы» деп қабылдаған заттың, құбылыстың екінші «жаман», «жағымсыз», «тиімсіз» жақтары да болатындығын біз тек оны зерттегенде ғана аңғарамыз. Мысалы: теледидар көрудің пайдалы әрі зиянды жақтары бар екенін бала біле бермейді.

Бұл тізімді ана тілі сабақтары мазмұнындағы кейіпкерлердің бойындағы қарама-қайшылықтарды байқау арқылы жалғастыруға болады. Мысалы: «Бауырсақ» ертегісіндегі бауырсақтың жақсы-жаман қырларын ашу түріндегі тапсырмалар. Мұндай тапсырмаларды басқа да пәндер мазмұнынан табу қиын емес. Тек сабаққа дайындық кезінде мұғалім осындай мүмкіндіктерді аңғарып, ұтымды пайдалана алғаны жөн. Ең бастысы мұғалімнің шығармашылық сергектіктігі, сабақты қызықты етіп өтуге деген қажеттілігінің болуында.

3 -әдіс.

Сиқырлы объектілер әдісі (екі объектіні біріктіру).

Оқушыларды образды сөйлетуге машықтандыру, тілін байыту, сөздік қорларын молайту сияқты педагогикалық мәселелерді шешуде бұл әдістің алар орны ерекше. Объектіге кенеттен ассоцациялар түзу арқылы оған жаңа көзбен қарау зияткерлікті, қиялшылдықты талап етеді. Бір қарағанда өмірде бола бермейтін, орын алмайтын заттар мен құбылыстардың қиял арқылы қисынын келтіру балалардың сүйікті ісіне айналуы сөзсіз. Оқушының эрудициясын, ой еркіндігін дамытары сөзсіз.

4 -әдіс. Салыстыру әдісі.

Мектеп оқушыларының шығармашылығын дамытуда салыстыру әдісінің маңызы зор. Ойлау операциясының бірі болып табылатын бұл әдіс заттар мен объектілердің ұқсастығын, ерекшеліктерін анықтайды. Ортақ белгісін тапқызу да ойлауды талап етеді. Белгілеріне қарап заттарды топтастыру алдыңғыға қарағанда күрделірек тапсырма.

D:\фотолар\апталык окушылар фото\106_FUJI\DSCF6243.JPGD:\фотолар\апталык окушылар фото\ашык саб\DSCF6436.JPG

D:\фотолар\апталык окушылар фото\ашык саб\DSCF6378.JPGD:\фотолар\апталык окушылар фото\ашык саб\DSCF6466.JPG

Триз әдістерін қолдану сәтінен


Салыстырылуға берілетін тапсырмаларды барлық сабақтарда қолдану бағдарлама бойынша талап етіледі. Орайын тауып ойландыру үшін таптырмайтын амал.

ТРИЗ – ді жас ерекшелгігіне сай, әсіресе, 5-6 сыныптарда халық ауыз әдебиеті, яғни ертегі, мақал-мәтелдер, бата, шешендік сөздер т.б.

Осы смарт жүйесін қолдану сабақтарынан кейін, оқушылардан сауалнама алынды.

Бұл сауалнама нәтижесінде оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамуға әсер ететінін және олардың пәнге деген қызығушылығы артатынын да байқадық.


Сабақ соңынан кейін оқушылардан алынған сауалнама нәтижесі.







Инновациялық әдіс-тәсілдердерді оқу мен оқыту үрдісінде қолдану оқушы мен әріптестерімізге ғана емес, ата-анаға да жағымды психологиялық ахуал тудырды.Оны ата-аналардан

үнемі алып отырған сауалнама мен сұхбат барысында байқадық.

Бастапқыда сұхбаттасқандағы пікірімен қазіргі ойының арасында қаншалықты өзгеріс бар? соны білу мақсатымен бақылау жүргізген сыныптың ата- аналарымен де әңгімелестік. Ата- ана; Х.Р. «Менің қызым өте тұйық, сыныптастарымен көп қарым- қатынасқа түсе бермейтін. Үйге келгенде сыныптастары жайлы жақ ашпайтын. Отбасымен де өте шүйіркелескенді ұната бермейтін. Қазір мен қуаныштымын.Қызым кереметтей ашылып кетті демеймін, сонда да болса бойында өзгерістер байқалды. Өзіндік дәлелдерін,ойын айтып отырады.Кітапханада, ғаламтор желісінде сабаққа қажет мәліметтер іздеп, оны телефон арқылы сыныптастарымен бөліседі. Бұл мектепте берілген білім нәтижелерінің оң әсері деп ойлаймын. Мектепті бітіргенде "аңғал сары  ауыз балапан емес, өмірдің сынына, күресіне дайын азамат болып шығатыныма күмәнім жоқ "».

Отбасы – тәрбиенің бастамасы. Ал оның жалғасы мектеп болып табылатыны анық. Дүбірлі дода секілді тез өзгермелі дүниеде өмір ырғағынан қалып қоймау мақсаты бірінші кезекте. Жан-жақты дамыған өз ісінің жетік маманын тәрбиелеп шығу аға ұрпақтың асқақ парызы. Алайда нарық заманынан қалмау мақсатындағы тірліктің нәтижесінде ата-аналар өз балаларының сабақ үлгерімін қадағалау әрдайым қолжетімді бола бермейді. Бүгінгі таңда бұл мүмкін болмақ! Мәселен, білім беру нарығында біраз жылдар еңбек жасап келе жатқан «Перспектива» оқу орталығы электронды журнал жүйесін енгізу мүмкіндігін айтып отыр. Бұл – оқушының мектептегі өмірін ата-аналар толық қадағалау мүмкіндгі, мектептегі пән мұғалімінің оқушыға жеке және жалпы үй тапсырмасын беру мүмкіндігі, бұл жұмыс жүйелігін және объектвтілігін орнатуға мүмкіндік береді. Жаңа технологиялар арқылы ата-аналар мен мұғалімдер бірлесе жұмыс істеу арқылы жан-жақты білімдар тұлғаны тәрбиелеп шығу мүмкіндігі арта түспек. Бұған қуанбастан артық ештеңе қалған жоқ.

E-LEARNING және SMART-LEARNING

үрдістерін оқытуға енгізу

Біздің еліміз әлем бойынша ең жаңа деген оқу формаларын зерттеп, білім саласында үнемі жаңарту жасап келеді. Егер мұны мойындамай, кімде-кім қазіргі Қазақстандағы білім саласындағы кемшіліктерді санамалап, түгендер болса, дәл сондай кемшіліктер әлемдегі озық деген елдерде де молынан табылады.«E-learning – интернет пен мультимедиа көмегімен оқу» деген сөз. Ағылшын тілінен аудармасы «электронды оқыту». Электронды оқытудың түпкі нәтижесі – «ақпараттық қоғамды» қалыптастыру. Кез-келген қажетті білімді қоғамның кез-келген мүшесіне әлемнің кез-келген нүктесінде, кез-келген уақытта алуына мүмкіндік жасалған болса, ондай қоғамды «ақпараттық қоғам» деп атауға болады.Біздің елімізде ақпараттық қоғам толық қалыптасқан жоқ. Бірақ технология даму үстінде. SMART технологиясы ұғымы соңғы жылдары пайда болды. Сәйкесінше, E-learning орнына SMART-learning келуі, ақпараттық қоғам орнына «smart қоғам» қалыптасуы біздің елімізде де күтілуде. Қазіргі күнде Smart технологиясын өндірушілер – АҚШ, Канада, Оңтүстік Корея елдері.E-learning және SMART-learning үдерістерін еліміздің мектептеріне енгізу жолдарында мынадай мәселелерді қарастыруды ұсынамыз.

Смартфонға арналған мектеп оқулықтарын жазу

Оқулық жазу үдерісін мынадай 3 кезеңге бөліп қарастыруымыз қажет:

1. Қазіргі қолданыстағы оқулықтарды түгелімен смартфондар үшін қолданбаға айналдыру. Мысалы, Абайдың «Қара сөздері» тәрізді, тек, масштабтау мүмкіндігі қарастырылса. Осы арқылы барша білім саласы қызметкерлері, ата-аналар смартфондағы оқулықтың қандай дүние екенін танып білуі қажет. (олардың таңғалатыны, қолдайтыны күмәнсіз деп санаймын). Сонымен қатар, болашақта білім беру жүйеміз түбегейлі өзгеріске ұшырайтыны анық болғандықтан, бүгінге дейінгі мол тәжірибені, білім мөлшерін, оқулық үлгілерін жаңа форматта да сақтап, болашаққа жеткізіп кету шарт.

2.Қазіргі бағдарламалар бойынша барлық сыныптардағы барлық сабақтың бейнедәрісі (видеолекция) жасалуы керек. Бейнедәрісте тапсырманы қамту маңызды емес, себебі, оқулықта тапсырма бар. 45 минуттық сабақтан 15 минуттық видеодәріс түсірілуі қажет, мұнда мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіруі, мысалдарды шығарып көрсетуі, тапсырманы оқулықтан атап айтуы қамтылғаны жөн.

Қорыта айтқанда, бұрынғы білім мөлшерін қысқарту қажет.

3. Оқулықтардың ана тілімізде, яғни қазақ тілінде даярлануына басымдық беру. АКТ, Смарт технология арқылы оқуымыз көп жеңілдейтіні анық. Смарт оқытуға арналған мүлде жаңа форматтағы оқулықтарды, дәлірек атасақ, текст, сурет, видео, анимация, т.б. қазіргі күнде біз білмейтін мүмкіндіктерді қамтитын смарт техникаларға сүйенетін кітаптарды жасайтын педагогтардың «жедел тобы» қызметін жандандыру қажет. Бұл жұмысты жоғарыдағы 3 кезең мәселелері шешімін тауып, қоғамда қолдауын алған мезеттен бастауға немесе қазірден де параллель бастауға болатын болар. Мектепке оқушылар салмағы ауыр сөмкелер тасып жүруге мәжбүр. Қазіргі технологияның қарыштап дамыған күнінде бұл мәселенің шешілетін орны бар. Оқулықтар кітап күйінен жай ғана электронды формаға емес, смартфондағы қолданба (приложения) формасына көшуі керек. Мысалы, Samsung GalaxY S смартфонына Play market қызметі арқылы «Абайдың қара сөздері» қолданбасын орнатып, оқып көрген кісі, смартфондағы оқулықтың артықшылықтарын тез байқайды.

Біздің елімізде қандай өзгерісті те енгізсе, алдымен бала бақшадан бастау керек деген ұстанымға басымдық береді. Сөйтіп ол өзгерісіміз нақты өмірде нәтижесін бергенінше едәуір уақыт өтіп, негізгі игілік қайдан бастау алғанын қоғам ұмытып та үлгереді. E-learning-ке қатысты алғанда, оны енгізу барысында білім саласы ұйымдары жақсы еңбектенуде. Ақпаратты жинау, ата-анаға, сабақ кестесіне, баланың мектептегі өткізетін уақытын қадағалау, мұғалімнің жүктемесін есептеу жағдайлары сайт жасаушылар тарапынан шешілуде. Біздің қазіргі электронды оқытуда қолға алған шараларымыздың басым бөлігі ақпаратты жинау, түгендеуге арналған.

Білімді көтеруге арналған механизм – бейнедәріс, жаңа форматтағы оқулық, сарапталған тест тапсырмалары, контент жұмысы жандануына педагог мамандардың белсенді болуын талап етеді,сонда ғана ісіміз оңға басады деуімізге болады. Және де бұл бағыттағы жұмыстарды төменгі сыныптарға емес, жоғарғы сыныптардан бастасақ, екі мәселеден ұтамыз: 1) физиологиялық жағынан ересек балалар АКТ құралдарымен, интернетпен, компьютермен жұмыстануға бейім, денсаулығына да нұқсан келтірмеуіне мүмкіндігі мол; 2) білім сапасына жаңа жобаның нақты көмегі қысқа мерзімде көріне алады. (оқуға түсуі, олимпиада, конкурстарда орын алуы)


























Қорытынды

Сонымен инновациялық іс-әрекеттің – қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай мектеп жұмысын дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер әкелетін және оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін дамытатын іс-әрекет екеніне көз жеткіздік.

Әрбір мұғалім өзінің оқу-жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс әрекетін саналы түрде өзгертуін бірнеше кезеңдерге бөлсе, нәтижелі болмақ.

Мысалы: Жоғарыдағыдай жүйені жобалау, жаңалықты сұрыптау, оны іске асыру. Және инновациялық үрдіс жеке дара әрекет етпейді, бірлескен әрекет.

Тағы бір тиімділігі педагогикалық үрдісті шынайы жағдайға, өмірге жақындатуға және өз оқушыларының ішкі жан-дүниесін аша алатындай орта туғызуға бағытталады.

Инновациялық іс-әрекетке орта да әсер етеді. Мұғалім жаңалықтың себебін, жобасының дұрыстығын дәлелдеп, жаңалыққа әріптестерін, оқушыларды, ата-аналарды қызықтыра алады.

Инновациялық үрдіс арқылы оқушының дамуына әсер ететін бес фактор:
•    мектеп ішінде, желілік қауымдастық шығармашылығының, оқытудың жаңа технологияларын жасауға қабілеттілік, педагогикалық процеске қатысушылардың бір-бірімен өзара әрекеті және қарым қатынасы;
•    инновациялық процестің жоспары, бағдарламасы;
•    бағдарлама, жоспар бойынша мектептердің бірлескен әрекеті, бір- бірінен кеңес алуы, керек жағдайда инновациялық процеске түзетулер енгізуі

•    Жергілікті әлеуметтік-экономикалық жағдай;
•    Инновациялық үдеріске қатысушылар:
бастама көтерушілер, көмектесушілер, қарсы тұрушылар бар екені белгілі болды. Бастама көтерушілер- мұғалімдер; көмектесушілер- ата-ана, әріптес, оқушы; қарсы тұрушылар- әріптестер.

Инновациялық әдістің табысты бір қыры, ол- Ынтымақтастық орта құру, бірігіп мақсатқа жету.Ең бастысы оқушының білімін, шығармашылығын арттыру. Яғни инновациялық үрдісті жүйелі қолданған кезде оқушының бойында мына төмендегідей қасиеттері арта түседі.

  • Оқушы тапсырманы орындау қабілетіне қарай бағаланады;

  • Мұғалім жеке оқушыға көмектесуге мүмкіндік алады;

  • Оқушы өзін-өзі тексеруге дағдыланады;

  • Оқушы өздігінен жұмыс істеуге мүмкіндік алады, соған дағдыланады;

  • Оқушының жеке қабілеті анықталады;

  • Іштей бір-бірімен қалмауға тырысып, талпынады;

  • Тапсырмалық күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау, орындау қабілеті артады.

Ендеше инновация- жаңалыққа бет бұрудың кілті.

Оқу мақсатында негізгі категорияларын пайдалана отырып,педагог өз еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға және көрсетуге мүмкіндік алады.

Оқушылардың шығармашылық көрсеткіштері:

  1. 2013ж. «Тіл –мемлекет символы» республикалық олимпиадасы 2,3 орын жүлдегерлері: Валяева Людмила, Янкевич Наталья.

  2. 2013ж. КИО республикалық олимпиадасы 2,3 орын иегерлері: Валяева Людмила, Янкевич Наталья.

  3. 2013 ж. республикалық теле-шоу «XXI ғасыр көшбасшысының» қатысушылары: Карнаухова Божена, Янкевич Наталья.

  4. 2013ж.«Жарқын болашақ» олимпиадасының облыстық кезеңінің қатысушылары: Ильясов Дамир, Валяева Людмила.

  5. 2012ж. «Абай оқулары» облыстық сайыстың 3 орын жүлдегері:Зуева Валентина.

  6. 2015ж. «Табысты адамның тарихы» облыстық сайыстың 3орын жүлдегері: Валяева Людмила

7.2015ж. Облыстық ғылыми жобалар сайысының сертификат иегері:Маьтченя Анастасия.

8.2015ж. Аудандық «Абай оқулары сайысының» 3 орын иегері Нұрғасым Әліби.т.б.


  1. 013ж. КИО республикалық олимпиадасы «ең үздік нәтиже»

Капен Жанель, Нұғыманов Медеу. 2012-2013ж.

2.«Жарқын болашақ» олимпиадасының облыстық кезеңінің

қатысушылары Кабдолла Аружан 2 -орын, Нұғыманов Нұрбол

сертификат.

3 . «ПРОШКОЛУ» Білім бұлағы. Мақал сайысы. 4-орын.т.б.


Қорыта келгенде, өз мамандығын сүйетін, соған қызығатын өз ісінің шебері, шәкіртінің қадірменді ұстазы боламын десе, еңбек етуден ешқашан ерінбей, үнемі ізденіс үстінде жүріп, тәжірбиесін өмір талабына сай толықтыра отырып, білім мен біліктілікті ұштастыра отырып еңбек етуі қажет деп түсінеміз.

Сонда ғана еңбегіміз жемісті болып, алға қойған мақсатымыз: шәкірттерге сапалы білім, саналы тәрбие беріп, оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін толық аша аламыз.

Тоқсан ауыз сөздің- тобықтай түйіні «Білім – қойма,

инновация – оның кілті»




















ӘДЕБИЕТТЕР

1. Нағымжанова Қ.М. Бастауыш сынып мұғалімнің оқу процесіндегі инновациялық іс-әрекеті. - Өскемен: Медиа–Альянс, 2004.

2. Бейсенбаева А.А. Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру (оқу құралы). - Алматы, РБК, 1995.

3. Информатизация системы образования. - Астана, 2001, 22 – 23 тамыз.

4. Непрерывное образование: состояние, проблемы и перспективы. - Алматы, РБК им. Алтынсарина, 2000.

5.Б.А.Тұрғынбаева Ұстаздық шығармашылық.-Алматы 2007ж.

6.Леспаева С. Шығармашылық қабілетті дамыту – мұғалім

міндеті ІІ Қазақстан мектебі 2008 жыл №8 20-б.

7.Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Астана, 2004 жыл.

8.Байтұрсынов А, «Тіл тағылымы», 1990 жыл.

9. ҚұдайбергеноваК.С.Құзырлылық табиғаты- тұлғаның өздік дамуында. Алматы 2006.

10.МАН.1-2-3- деңгей.


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-395754

Похожие материалы