Инфоурок Школьному психологу Другие методич. материалыРеферат Тақырыбы:Сыр түйіні ақиқат

Реферат Тақырыбы:Сыр түйіні ақиқат

Скачать материал

 

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалы «Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Реферат

 

Тақырыбы:Сыр түйіні ақиқат

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                      Орындаған: Баильдинова Д.С.

                                                                  Тексерген: Несипбаева А.Ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Павлодар, 2016 жыл

 

Кіріспе

 

Қоғамның осындай қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімі жобасының авторы, еліміздің Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы тұңғыш рет мемлекеттік деңгейдегі өскелең ұрпақты жалпыадамзаттық құндылықтарға үйрету мәселесін көтерді. Жоба авторы «Өзін-өзі тану» білім бағдарламасының мәнін ешкімге еліктемей, өзіндік тұлғасын сақтап қалу; өз мүмкіндіктерін, дарынын дамыта білу; міндетті түрде «жақсы» мен «жаманды» ажырата білу; өзінің ниетіне, сөзіне және іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау; өзімен және қоршаған ортамен жарасымды өмір сүру; адамдарға әрқашан қолынан келгенше көмектесу; өзінің ішкі «Менін» жоғалтпай, ар-ұжданымен өмір сүру; қоғамның игілігі үшін еңбек ету, үнемі кемелденіп отыру деп түсінеді. Мұның барлығы – үйлесімді дамыған адамның негізгі өмірлік ұстанымдары, яғни «Өзін-өзі тану» білім бағдарламасы болып табылады.

Рухани- адамгершілік білімнің негізі болып табылатын «Өзін- өзі тану»  жобасының  авторы С. А. Назарбаева «Өмір әдебі» деген кітабында: «Рухани кәусар бұлаққа барар жол іздеу әр адамның міндеттерінің міндеті екендігіне сенімдімін» дей келе, оған тек  жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту арқылы ғана жетуге болатынын атап көрсетті.

Жас ұрпақ отбасында, ұжымда, қоғамда бірлесе өмір сүру жайында үлкендер әлемінен лайықты өнеге алады. Мұндай өнегеге нелер жатады? Ең алдымен, адамның өз-өзімен және қоршаған ортамен, атап айтсақ, Әлеммен, өзге тіршілік иелерімен, өз пейілдерімен, сезімдерімен және іс-әрекеттерімен жарастықта өмір сүруі, өзінің өмірдегі орнын таба білуі болып табылады.

«Өзін өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының тарихи негіздеріне көз жүгіртіп, қарайтын болсақ, әлемдік рухани тұлғалардың философиялық ойларынан, яғни, Сократтың заманынан бастау алатынын көруге болады.

«Құндылық» термині болмыстың белгілі құбылыстарының адами, әлеуметтік және мәдени мән-мағынасын білдіру үшін қолданылады. Адам өмірінің өзегі-құндылықтар, ал басқа мақсаттар оған жеткізетін баспалдақтар ғана. Осы қағидаға сүйенсек, қоғамның жаңару кезіндегі жаңаша көзқарастардың бірі - құндылық бағдар.

Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау -бұл мәңгілік бес құндылық  адамның ұлтына, нәсіліне, ортасына, дініне қарамайтын, уақытпен өзгермейтін құбылыс.  Бүгінгі таңда рухани білім әлемге ауадай қажет болып тұр. Сондықтан әр адамның ақыл ойын жаңғыртып, санасын өзгерту керек, сонда әлем де жаңарып, өзгереді.

«Өзін өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының тарихи негіздеріне көз жүгіртіп, қарайтын болсақ, әлемдік рухани тұлғалардың философиялық ойларынан, яғни, Сократтың заманынан бастау алатынын көруге болады. Сократ философиясының басты обьектісі - адам, осы тұрғыдан алғанда, оны адам туралы қазіргі заманғы ғылым, философиялық антропологияның негізін қалаушы деуге болады. Сократ философиясының мақсаты адамды ізгілікке тәрбиелеу деп түсінді және адам оған өзін тану және өзін сынау арқылы жете алады деп сенді. Оның әйгілі «Менің білетінім – мен ештеңе білмеймін, басқалар оны да білмейді», «Өзіңді-өзің танып-біл!»,  «Әр адамның бойында күн бар, нұр бар, тек оның нұрлануына мүмкіндік беріңдер» деген  қағидаларының негізгі мазмұны да осы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

 

Жалпыадамзаттық құндылық – Ақиқат

 

      Тұлға мәдениетінің негізі оның жалпыадамзаттық құндылықтарының негізінде көрінеді.

      Құндылық - объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-социологиялық ұғым. Жалпы адамзаттық құндылықтар жеке тұлғаның бойында өмірге келген сәтінен бастап, бірге дамиды, жасы ұлғайған сайын қоршаған ортасына сәйкес бірге қалыптастады. Философия тарихында құндылық көрінісінің заңдылықтары туралы жалпы түсінік 19 ғасырдың ортасында пайда болды.

     Қазіргі заманда ғылым мен білім, ақпараттық технология, техника қаншалықты қарыштап дамыған сайын, адамның бойындағы рухани-адамгершілік қасиеттерінің соншалықты төмендеп бара жатқанын күнделікті өмірде көріп отырмыз. Атап айтар болсақ: тастанды бала, қарттар үйі, қатыгездік, табиғатты ластау, ағашты кесу, алдап соғу, жемқорлық, өлтіріп кету, өз- өзіне қол салу, т. б. толып жатыр.

Адамзаттың ең асылы –«адам» деп қарайтын болсақ, онда адамның азғындауына не себеп? Әлде заман кінәлі ме?-деген сұрақтар туындайды. Көпшілігі «заманына қарай адамы» деген принциппен өмір сүруде. Ал, заманды құрайтын адам емес пе? Міне, сонда барлығы қайтадан адамға келіп тіреледі. Сондықтан күллі әлемді сақтап қалатын бірден- бір жол  рухани адамгершілік білім екені даусыз. Ал, адамның жүрегіне нұр құятын, риясыз сүйіспеншілікпен рухани бастауға жетелейтін, ол – ұстаз.       

Ақиқат– шындықтың негізі. Бұл өзгермейтін, өмірдің негізгі қағидасы:  барлық жаратылыстан өтетін рухани бастау, барлық жаратылысқа тән, бірыңғай мән. Ол уақытқа: өткенге, бүгінге және болашаққа тәуелді емес.

Ақиқат– таным теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір шындығымен сәйкестілігі. Ақиқат — танушы кісінің объектіні дұрыс, дәл бейнелеуі, адам санасынан тыс және тәуелсіз күйінде, өмір сүрген қалпында көрсетуі. Ақиқат категориясы білімнің затқа сәйкес келуін ғана емес, танымдық қызмет тәсілін де сипаттайды.

Тұлға өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің талқылауына тәуелді болмауға, өзін-өзі жетілдіруге, рухани өмірде және өмірдің алуан түрлі жағдайларында өзінің бағыт-бағдарын жасауына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді.

Абсолютті ақиқат деп езінің мазмүны бойынша бейнеленіп отырған объектісіне абсолютті сәйкес келетін бішмді айтамыз. Мүндайда білімның деңгейі абсолютті, демек, толық, дәл, ақырына дейін. Абсолютті ақикат деп ешқашан күмән келтіруге болмайтын айғақты акикатты айтуға болады.

"Мәңгілік" ақиқатқа болашақта ешқашан теріске шығарылмайтын ақикаттар жатады. 

Салыстырмалы ақиқат деп өзінің барлык объективті мазмұнымен аякталмағандығы, толык емес екендігі көрінетін, ертелікеш бұдан өрі дәлдеуді кажет ететін білімдерді айтамыз. 

Менің ойымша адамның қоршаған ортаны біліп, өзінің ішкі жан-дүниесіне үңіліп, өзін-өзі басқару негізінде рухани-адамгершілік әлеуметті көтеру болып табылады. «Өзін-өзі тану» пәні арқылы жан-жақты дамыған, рухани-адамгершілігі мол, бір-біріне сүйіспеншілікпен, құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлға тәрбиелей аламыз.

Адамның өзін-өзі тануына, өзінің ең жақсы қасиеттерін анықтауға, өз ар ұжданын сақтап, әрқашанда адам деген атқа лайық болуына ықпал жасау керекпіз. Бүгінгі таңда жас ұрпақты рухани адамгершілік білімнің нәрімен сусындатып, әр баланың, әр адамның жүрегіне ізгілік нұрын құйып, тәрбие саласында қызмет етіп жүргеніме өзімді бақытты сезінемін.

Тұлғаның үйлесімді дамуының нәтижесінде бүгінгі күнді ғана емес, болашағын сәулелі күйде елестетіп, алға ұмтылатын, арманшыл, қиялы асқақ, рухы биік азамат тәрбиелеуге болады. «Өзін- өзі тану әлемінде» әр баланы керемет рухани күш иесі деп қарап, демеу жасасақ, қуаттандырсақ, жүрегі нұрға толы, жан -жағына шуағын шашып тұрған мейірімді, адамгершілігі мол, үнемі талпынып тұратын, өз елін, өз жерін, өз  тілін, өз  отбасын сүйетін, еңбекқор, адал адам тәрбиелейтініміз сөзсіз.

Адам да қиындыққа тап болған кезде ғана ойланады, қиналады. Қиналғанкездеоныңжанытазарады.  Адам баласыақыл мен жүрекқосылғанда  ғанаэмоцияғаберілмей, өзсезімінбағындыраалады. Сөйтіпсаналытүрдежақсы мен жамандыажыратаалатындеңгейгежетеді. Сосын ар- ұжданынасүйеніп, шабытпен, интуиция арқылыеңжоғарғы, руханидеңгейге жете алады.

Мен ойлаймын жас ұрпақ тәрбиесі үшін, жалпыадамзат үшін  «Өзін –өзі тану» пәнінің алатын орны ерекше. Сондықтан қазіргі заман талабы да осы «Өзін- өзі тану» пәніне аса назар аударып, тәрбиелі, адамгершілігі мол, бойына бар құндылықты сіңірген жас ұрпақты тәрбиелеу осы мұғалімдердерге жүктеліп отыр. Мен тәжірибе барысында ата – аналарға жалпыадамзаттық құндылықтар жайлы айтқан кезде олар зейінмен тыңдады, себебі осындай акпарат баска пәндерде немесе баска жерлерде берілмейді. Отбасыдағы ананың рөлі, әкенің рөлі, бабалрмен қарым – қатынас жайлы кажетті мәліметтер алды деп ойлаймын. Ал әріптестерім тыныштық сәтке риза болды, сонымен катар педагогтің рөлі, ережелері жайлы жаңа акпарат білді. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады.

 Рухани құндылықтар қоғам талабына сай өзгерістерге ұшырап  жаңа нарықтық қоғам салты пайда болды. Бұл жағдайлар адамдардың арасында ізгілік, әділдік, өзара көмек, төзімділік сияқты қарым-қатынастар орнатуына ықпал ететін құндылықтар мен әр жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуы мен оларды жүзеге асыруға түрткі болатын құндылықтарды зерттеу қажеттіліктерін туғызды. Осындай жағдайларда қоғамдық мұраттар мен адамдардың тәлімдік үдерістері өзгерді, сондықтан да білім мазмұнын түбегейлі жаңғырту, әдістерді жаңарту және жастарды оқыту мен тәрбие беру технологияларын жетілдіру қажеттілігі туындайды. Менің оқушылармен жүргізген сабақтан соң оқушылардың барлығында емес, бірак олардың айткан ойлары, сөздері арқылы жаксы касиеттерді, бес кұндылықтын біреуін болсын көрдум. Себебі өткізілген сабақтың бірінде құндылық дұрыс – іс – әрекет болды, сонда окушылар өздерінің жасаған жаксы істерін айтты, ал сегізінші сынып окушылары мұғалім өлең айтайыкшы деп күтіп жүреді. Демек өзін – өзі тану, оның әдіс – тәсілдері тиімді.

Ар-ұждан дауысы

 

Ар-ұждан — моральдық сана-сезім ұғымы әрі этика категориясы: жеке адамның өзінің қоғамдағы маңызын сезінуін және қоғамның осы маңыздылықты тану сәттерін қамтиды. Өзінің мазмұны және өзіңде көрініс табатын моральдық көзқарастың табиғаты жөнінен Ар-ұждан ұғымы "намыс" ұғымымен теңдес.

Мен өзін – өзі тану пәнін жүргізгеніме екі жыл болды. Сол мерзімде маған деңгейлік курска баруға екі рет ұсыныс болды, бірақ сол екі рет бас тартым. Бірақ биыл үшінші рет келіскен болатынмын. Шыны осыған дейін екі жұмалык курстарда болдым. Осы жолы да солай болады деп ойлағам, бірак бірінші күнен соң біраз қиын болатынын түсіндім. Сол кезде курста қалай оқимын ?білген тәжірибемді калай бөлісемін  деген қорқыныш болды.

Егер ақыл мен жүрек қосылғанда  ғана эмоцияға берілмей бұл менің мінезім туралы айтылған. Мен эмоцияға ерік беретін касиетім бар, сондықтан мен өзіме жақын адамдарды жиі ренжітіп аламын. Өзім психологпін өзімнім мінезімдегі кемшіліктерімді білемін, бірак оны өзгертуге тырыскан емеспін. Мүмкін оған байланысты ешкандай мәселелер немесе өмірлік жағдай болмаған шығар. Осы курска келмесем өз мінезімді өзгерту туралы ой келуі бір талай. Осы курска келіп жалпыадамзаттық құндылықтарды тани білдім.

Алғаш рет мұғалім құндылықтарды бөлгенде маған акикат түсті. Өмірде ештене кездейсоқ болмайды, егер өмірімде кандайда бір жағдай болса, кандайда адамдар кездессе солай болу керек. Өзіне жакын адамдарды ренжіту оңай, себебі білесін олар сені кешіреді. Бірак айтылған сөздер жүректе орын калдырады. Адамдарды ренжітіп алған кездерде, өзімді істей сынаймаймын, өкініш сезімі болады. Адам бір рет өмір сүреді, сондықтан менің өмірімдегі әр сәтім куанышты өтіп,  өкінішке орын  болмауы  керек.

Курста көптеген қызықты ақпаратты білдім. Тәжірибеде сабақта колдандым, осы кезде өз өмірімде, іс – әрекетімді,мінезімде бірдене өзгерту керек деген ой туындады. Бұл жай кездейсок емес шығар.Соңғы күндері өзімді біраз өмірдің мәні неде? өмірімді өзгерту үшін кандай әрекеттер жасауым керек деген сұратарда бойынша ойланатын болдым. Сол кездерде жаным жан таппайды, не істерімді білмеймін. Бұл сезімдер менде курстан кейін пайда болды деп есептеймін. Себебі оған дейін өмірдің осындай жағдайларына мән бермейтінмін. Курстын бірінші кезенінен соң мектепке кайта оралдым, бірінші күні келгенде мектептін файесінде барлық мұғалімдермен оқушыларды күтіп тұрдым. Сол кезде мектепке кірген өз сыныбымның оқушылары барлығы маған жакындап құшақтап мені сағынып қалғандарын сезу кандай керемет сезімде екенің түсіндім. Сонда бір екі күнен соң жана келген мұғалім Меруерт Сабитовна былай деген «Сені алғаш рет көргенде барлық мұғалімдермен, оқушылармен сәлемдескенде кандай жарқын жүзгі кыз екен» деп ойладым деп айткан. Әрине бұл сөздер мен үшін өте жағымды болды.

Осыған 4 жыл бұрын ойлағанымды бетке айтып тастаймын, казір ондай емеспін, өзімен біраз жұмыстеп кішкене ғана өзгердім. Білмеймін бұл жақсы ма? Бір жағынан басынып калған сияқтымын. Мінезімді өзгертіуде мүлдеп шатасып кетім.

Мен айтпаймын осы уақытта мүлдеп өзгердім деп, бірақ сыныптағы оқушыларым  сіз біраз баска болып калған сияқтысыз деп айтады. Осы жолыда курска кайтып келгенде әріптестерім сен біраз өзгердің деп айтты.

Мен кейбір жағдайда шыдамдылықты таныта бастадым. Өзімнің эмоция, сөздерімді қадағалай бастаған сияқтымын.. Бірақ осыған карамастан, өз мінезімді өзгерту туралы шешім кабылдадым, бұл менін алғашкы кадамым деп есептеймін."Бәрі өткінші, бұл да өтеді. Маған көптеген адамдар біраз күлімдеп жүрші деп айтады. Сыртан карағанда мен өзімшіл болып көрінемін, себебі сирек күлімдеймін. Шынында айтатын болсам, мен Ш.Аманошвилидің  «Улыбка моя,где ты?» атты  еңбегін оқыған жоқпын. Сол енбекті окып шықан соң,

күлімдеудің маңыздылығын түсіндім. Так ғана туыстарына, оқушыларыма ғана емес, баска адамдарға күлімдеп карасан,  адам өзін де жылы сезімде болады екен. Жок мен айтпаймын мүлдем күлңмдемеймін деп,бірак бөтен адамдарға күлімдеп карауым сирек. Күлiмдеу бұл aйнa сияқты егер басқа aдaмдaрғa күлiмдесен олaрдa сaғaн солaй жaуaп бередi. Рас тәжірибе ретінде колданып жатырмын, өте тиімді екен. Адамдар саған жакын болады, танысуға, сөйлесуге тартылады. Әрине мен бірден бір сәтте өзгере келмеймін, бірак уакыт келе болады. Осымен тоқталма, тәжірибеде жалғастырып әрі карай дамимын. Күлімдеуді мына тәжірибенің екінші бөлімінде бастадым. Рас адамдардың қарым – қатынасы да өзгереді, көңіл – күйіміз де әр қашан жақсы болып жүремін.

Мен өзім психологпін сондықтан өзімнің мінезімнің жағымды және жағымсыз жақтарын білемін. Өзімнің қателіктерімді түсінемін, сынауға адекватты қараймын. Негізінен бәрі адамның өзіне байланысты, сондықтан мінезімді өзгертуге аса қиын болмайды деп ойлаймын.

Туыстарыма, достарыма, оқушыларыма деген қарым – қатынасымды  өзгертемін. Тек кана акикат емес сонымен катар жан тыныштығымды табуға тырысамын.

 


 

Корытынды.

Жас ұрпақты өкінбейтіндей етіп, қателіксіз, уайым-қайғысыз, зорлық-зомбылықсыз өмір сүруге, өмірлері қуаныш пен шаттыққа толы болуға үйрету – біздің қасиетті пары­зымыз. Нағыз ұстаз бейнесін Әбу Насыр Әл-Фараби сөзімен түйіндесем: «Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру ұстаздық қадірін кетіреді, оның берген сабағы мен оның ғылымына, шәкірті селқос қарайтын болады. Ұстаз тарапынан барынша ынталылық пен табандылық қажет. Өйткені бұлар, жұрт айтқандай, тамшысымен тас тесетін бейне бір су тәрізді».

Осындай ұстазға тән мінез-құлық ізгілікпен ұштасып, бала жүрегінің төрінен орын алған жағдайда жас ұрпақтың рухани бай, адамгершілігі мол, жан-жақты үйлесімді дамыған, елін сүйер абзал азамат болары сөзсіз.

Ақиқатка жету әр адамның өз қолында, осы өмірде қол жетпейтін асулар жоқ. Егер адам шын ниетпен ақиқатқа жетем десе, соған орай іс – әрекеттер жасайды. Әрине казіргі кезде рухани дамыған адамдар көп болса, онда қоршаған орта да өзгереді. Сонда рухани жоғары балаларды тәрбиелеуге болады. Ақиқаттың мәні – іс жүзінде болған нәрсені немесе ойды шынайы жеткізу. Ақиқатқа жүгіну айтқан - істеген, көрген немесе естіген нәрсені дәл жеткізу болып табылады. Сондықтан өзімнің білгенімді, оқығанымды оқушыларыма, әріптестерімен жеткізуім керек. Бұл да ақиқатка жетудің бастауы болсын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.     Мен – Адаммын , жеке тұлғаның рухани- адамгершілігін дамыту сабақтарын ұйымдастыруға арналған әдістемелік құрал, Игенбаева. Б. Қ. Алматы – 2000

2.     Инструктивты - әдістемелік нұсқау хат «2016 – 2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылыми негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы», Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, Астана, 2016ж.

3.     «Самопознание. кz» журналының жинағы, 2013 – 2014 жж.

4.     Ізгілік педагогикасы туралы ойлар, Амонашвили Ш. А. ,Москва - 1996

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Реферат Тақырыбы:Сыр түйіні ақиқат"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Животновод

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 942 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.09.2017 1240
    • DOCX 33.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Баильдинова Динара Сарсенбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 115005
    • Всего материалов: 34

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности реализации адаптированной основной общеобразовательной программы обучающихся с РАС

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 822 человека

Курс повышения квалификации

Инструктор по трудовой терапии для детей с девиантным поведением

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 72 человека

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС для обучающихся с умственной отсталостью (интеллектуальными нарушениями) в общеобразовательных организациях

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 175 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 696 человек

Мини-курс

Управление рисками и финансовое моделирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Принципы эффективного использования аграрных ландшафтов

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективная работа с Wildberries: от создания личного кабинета до выбора продукта

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 19 регионов