Инфоурок Другое КонспектыСабақ жоспары "Психологияның зерттеу әдіс-тәсілдері"

Сабақ жоспары "Психологияның зерттеу әдіс-тәсілдері"

Скачать материал

Тақырып: Психологияның зерттеу әдіс-тәсілдері

Міндеті: Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, психологияның зерттеу әдіс-тәсілдері туралы жаңа мағлұмат беру. Алған білімдерін тиянақтау, қорытындылау. Оқушыларды ұжымшылдыққа, өз ойларын толық практикамен байланыстыра отырып дәлелдей білуге тәрбиелеу.

 

Сабақ барысы.

Ұйымдастрыу кезеңі:

Шаттық шеңбері:

         а. Сурет тарату.

         ә. Келісім шартты оқу.

б. 3 топқа бөліну.

Әр топта:

А. Таймкипер – уақытқа қарап отырады.

Ә.  Маркер – топтағы ойды дәптерге түсіріп отырады.

Б. Презентатор – топ атынан сөйлейді.

В. Жүргізуші – жұмысты бақылайды, бағыт береді.

Г. Бағалаушы – өз тобындағы оқушыларды бағалайды.

Үй тапсырмасын сұрау

1.     Үйге әр қатарға үш түрлі тапсырма берілген болатын, сол тапсырмаларды қорғау.

1.     Психология пәнін жарнамалау

2.     Психологиядан әдістемелік құрал жасау

3.     Психология - болашақта

Топқа бөлу. (Түстер арқылы)

2.     «Дөңгелек стол» стратегиясы.

1-топқа –  психология пәні, мақсаты, міндеті, даму кезеңі

2-топқа –  психологияның даму бағыттары

3-топқа –  психологияның басқа ғылымдармен байланысы

Шарты: Әр топ өздеріне бір түсті қалам таңдап, сұраққа жауап жазады. Белгілі уақыттан соң, жазғандарын келесі топқа береді. Өздеріне айналып келген соң, талдайды. Спикер шығып қорытындылап, талдап береді.

Топқа бөлу. (санау арқылы)

1.     «Кім жылдам?» ойыны.  Психологияның салалары туралы білімдерін интерактивті тақта арқылы тексеру.

2.     Тәлім-тәрбие (педагогикадық) психологиясы – адамды оқыту мен тәрбислеу ісіндегі психологиялық зандылықтарды қарастырады. Ол оқушылардың акыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың тиісті оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз-шәкірт арасындағы өзара қарым-катынастарды зереттеудің түйінді мәселелерін қарастырады.

3.     Жас кезеңдерінің психологнясы – әр қилы психикалық процестердің табиғи негізі мен үнемі дамып отыратын азаматтық қасиеттерін, психологиялық сапаларын зерттейді. Тармақтары: балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жастар психологиясы, ересектер психологиясы, қарт адамдар психологнясы.

4.     Арнаулы психология. Бұл адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуын, ми ауруына ұшырағандардың психикалық күйзелістері мен осы саладаьы ер қилы аурулардың себептерін қарастырады.

Арнаулы психологияның мына тармақтары, атап айтқанда: олигофренопсихология – ми зақымы ауруымен туған адам психологиясының дамуын, сурдопсихология – саңырау не керең болып туған балалар психикасын, тифлопсихология – нашар көретіндер мен сокырлардың психологиялық дамуын зёрттейді. Ал туа пайда болған ауру адамдар психологиясын зерттейтін тармақ патопсихология деп аталады. Бұл сөз грек тілінде “патос” зардап шегу, ауру деген мағынаны білдіреді. Патопснхология медицина ғылымы мен оқу-тәрбие істерін зерттейтін пән-педагогика мен жан дуниесінің сырын қарастыратын психология ғылымының түйіскен торабына жатады.

5.     Еңбек психологиясы – адамның іс-әрекет түрлерінің психологиясын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастыру мәселелерін қарастырады.

6.     Медициналык психология дәріғерлердің қызметі мен аурулардың мінез-құлқын зерттейді.

7.     Әскери психологияның ең басты міндеті – азаматты ел-жұрты мен Отанын қорғайтын қалқан болуға психологиялық тұрғыдан даярлау.

8.     Әлеуметтік-психология адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады.

9.     Спорт психологиясы спортшылардың іс-әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерін қарастырады.

10. Сауда психологиясы - қазіргі заманда кенінсн дамып отырған сала. Бұл сала бойынша әрбір елдің саяси-экономикалық және мәдени-материалдық қажеттіліктерін өтеу мақсаттарына қарай дамыту шаралары белгіленеді,

11. Ғылыми-шығармашылық (творчество) психологиясы - соңғы кездерде зерттеле бастаған сала, Бұл салада шығармашылық адамның жасампаздық қызметі, өзіндік ерекшеліктері, белсенділігі айқын көрініп, ғылыми жаңалықтарды ашудағы интуициясы, сезімдік рөлі т, б. сипаттары зерттеледі.

12. Салыстырмалы психология психиканын филогенетикалық түрлерін карастырады. Мұнда адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейді. Олардың психикасындағы айырмашылықтары мен ерекшеліктері ажыратылады.

13. Заң психологиясы хұқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді.

Жаңа сабақ.

         Бір карағанда біздін әрқайсымызға оңай, тіпті таныс сиякты болып көрі-нетін күнбе-күнгі психикалық өмірімізге мұқият үңіліп қарасақ, өзіне тән заң-дылықтары бар аса күрделі қасиет. Психикалык өмірді де атомның қүрылысы сияқты жай көзбен қарап ажырату қиын. Адамның психологиялық ерекше-ліктерін білу үшін осы ғылымның зерттеу әдістерімен танысуымыз керек. Әр ғылымның өзіндік ерекшелігіне қарай дербес зерттеу әдісі болады, осы әдіс-тер арқылы сол ғылымның сан алуан заңдылықтарын зерттеуге мүмкіндік туады. Егер ғылымда өзіне тән метод, яғни зерттеу әдістері болмаса, ол нағыз ғылым болудан қалады. Басқа да ғылымдар тәрізді психология ғылымының да өзіне тән әдістері бар. Бұл әдістер осы ғылымның көп жылғы даму жолында түрлі тексерулерден өтіп, сұрыпталу арқылы қалыптасқан. Психикалық әрекетті де белгілі мақсатқа байланысты жоспарлап, арнайы белгіленген және мұқият ұйымдастырылған әдістер арқылы зерттейді. Зерттелінетін адамның көп рет қайталанған іс-әрекеттері мен қылықтары, сөз саптауы мен мимика-лары ғана бізге оның шын мағынасындағы ойлауы мен сөйлеуінің, сезімі меи еркінің, темпераменті мен мінезінің ерекшеліктерін білуге жәрдемдеседі.

 

 Бақылау әдісі 

«Авторға сұрақ» сторатегиясы (әр оқушы өз сұрақтарына жауап береді)

 

Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды бақылау әдісі деп атайды. Байқау әдетте, табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай-ақ жүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелінушінің мимикасын (бет құбылысын), сөз реакцияларын, түрлі қозғалыстарын, мінез-құлқын, жалпы әрекетін байқауға болады. Сондай-ақ адамның ерік күші, сезім ерекшеліктері, темпераменті де байқау әдісі арқылы ажыратылады. Мысалы, мектептегі оқушының ойлау жәке сөйлеу ерекшеліктерін зерттеу керек болса, ол үшін зерттеуші оқушының әрбір сабақ үстіндегі жеке сөздерін, сөйлемдерін стенографиялап, күнделікке түсіреді, кейін оны тиянақты түрде талдайды да, тиісті қорытынды шығарады.

Ғылыми зерттеу жұмыстарының түрлі ерекшеліктеріне қарай байқау әдісінде кейде аспаптар да қолданылады. Мәселен, зерттелінетін объектіні суретке түсіру үшін фотоаппараттар, зерттелінуші адамның сөз тіркестерін жазып алып, кейін оны пластинка бойынша қайтадан жаңғырту үшің магнитофон т.б. пайдаланылады.

 

Экраннан көру «Дети и яблоко» 2 мин.  Топта талдау

 

Байқау әдісінің нәтижелі болып шығуы үшін қажетті кейбір шарттар:

1)Байқаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің өзі бірнеше рет қайталанып зерттелінуін қамтамасыз ету;

2) Зерттелетін объектіні айқын белгілеу және байқаудың мақсатын түсіне білу кажет. Мысалы, байқау объектісі ретінде сабаққа нашар оқушыны алатын болсақ, мақсатымыз оның сабақ дайындау кезіндегі ой жұмысының кейбір ерекшеліктерін білу;

3) Байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру; зерттелінушінің сөз реакцияларын стенографиялап отыру, кейін оған мұқият талдау жасау, басты фактілерді іріктеп алу – осы әдіске қойылатын негізгі талаптардың бірі.

Мектеп тәжірибесінде байқау әдісі арқылы оку-тәрбие процесінің әр кезеңдерінде мұғалім оқушылардың сабақ үлгіруі мен тәртібіндегі ерекшеліктерді білуіне, кейін оларды жаксарта түсу жөнінде тиісті шаралар белгілей алуына болады. Бұл әдіс адамдардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеуде ете көп қолданылатын әдістердің бірі.

Байқау әдісінің кейбір кемшіліктері де бар.

Біріншіден, зерттеуші мұнда өзіне керек құбылыстарды тез зерттей алмайды да, көп уақытын жіберіп алады,

екіншіден, байқауды әр уақытта тыңғылықты, ойлағандай ұйымдастыр-уға жағдай болмай да қалады. Бұл әр түрлі кездейсоқ объективтік (байқауға алынған оқушының сабаққа келмей калуы), субъективтік (бақылаудың қиынға соғуы, зерттеушіде бақылағыштық қасиеттің жоқтығы т.б.) себептердің кездесетіндігіне байланысты. Осы айтылғандарға қарай бұл әдістің ғылыми деректері кейде кемірек те болады.

Байкау әдісіне карағанда психикалық қүбылыстарды эксперименттік жолмен зерттеудің біраз артықшылығы бар.

         «Жолаушының қойын дәптері» стратегиясы  Үйге берілген тапсырма бойынша, көшеде еле жатқан кезде өздерінің назарларын аударған іс-әрекетті бақылау.

Эксперимент

«Авторға сұрақ» сторатегиясы  (әр топтан бір автор шығып жауап береді)

 

И.П.Павлов: «Байқау табиғаттың ұсынғанын жинайды, ал тәжірибе табиғаттан өзінің тілегенін алады» -деп тегін айтпаған.

 

Эсперимент жасауда зерттеуші өзіне қажетті психикалық құбылыстар-дың көлденеңнен кез болуын күтіп тұрмай, сол процестің тууына өзі жағдай жасайды. Психологияда эксперимент лабораториялық және табиғи болып екіге бөлінеді.

Тәжірибе. Ғылыми-зерттеу жүргізуде эксперименттік әдістің мәні – сыналу-шыға зерттеуге қажет психикалық процесті әдейі жасатады. Мәселен, мәтінді дүрыс түсініп, игеруде оны оқудың қолайлы шапшаңдығын білу үшін, белгілі бір әңгімені бір топтағы балаларға 3 минутта, сол үзіндіні екінші топтағы балаларға 5 минутта, үшінші топтағыларға 7 минутта оқытылды. Бір қатар тәжірибе жасаудың негізінде оқу материалын жақсы түсініп, есте сақтау үшін оқудың орташа қарқыны дұрыс деген қорытындыға келді.

Арнаулы аспаптар қолданылып жасалған тәжірибе зертханалық тәжірибе деп аталады.

Қазіргі кезде ғарышты игерумен, медицинаның қарқынды дамуымен байла-нысты қасындағы отырған адамның психологиялық күйін, физиологиялық қалпын біліп қана қоймай, арнаулы аспаптар арқылы алыста түрған адамның да ішкі күйін біле аламыз. Соның бірі - радиорефлексометр. Бүл аспап арқылы аспанда үшып жүрген ғарышкерлердің рефлекстерін бақылап отыруға болады. Сонымен бірге психикалық процестердің пайда болу шапшаңдығын өлшеу үшін - хроноскоп, тері түйсігінің сезгіштігін байқау үшін - эстеэиометр, зейіннің көлемін анықтау үшін - тахистоскоп, есітуді өлшеу үшін - аудиометр, денедегі бұлшық еттердің жұмысын тіркеп отыру үшін - эргографты пайдаланады.

 

Экраннан көру «Психологический эксперимент.2»

 

Неміс ғалымы В. Вундт (1832-1920) психологияны эксперименттік жолмен зерттеудің негізін салды, тұңғыш рет лаборатория ашты (1879). Психологтар алғаш рет көру, есту, иіс түйсіктерін зерттеу үшін экспериментті пайдаланды.
        Сексенінші жылдары ес құбылыстарын зерттеу лабораторияда түңғыш жүргізіле бастайды. Арнаулы әдістер қолдану арқылы жаттап алудың тездігі мен дәлдігі, ұмытудың жылдамдығы т.б. өлшенілді. Орыс психологы Н. Ланге (1858-1921) эксперимент әдісімен зейін мен қабылдауға зерттеу жүргізді. Тоқсаныншы жылдарда француз псңхологы А. Бине   (1857-1911)   алғаш рет ойлау процесіне тәжірибе жасады.

         Ғылыми психология психикалық құбылыстардың физиологиялық негіздерін ашуды басты мәселенің бірі деп қарайды. Бұл міндетті академик И. П. Павлов ашқан әйгілі шартты рефлекстер әдісі бойынша шешуге болады.

 

 

Лабораторияда жүргізілетін эксперименттің   нәтижелілігі мына төмендегі жағдайларға байланысты болады:

1.     Байқалатын объекті жөнінде экспериментатордың күн ілгері болжамының (гипотезасының) болуы тиіс;

2.     Тәжірибе түріне лайықты жұмыс жағдайын жасау (жазып отыру, инструкциялар т. б. жазу-сызу құралдарымен қамтамасыз ету);

3.     Тәжірибені күн ілгері белгіленген жоспар бойынша арнаулы методикаға сай жүргізу;

4.     Бір құбылысты бірнеше рет тексеруден өткізіп, оларға сандық және сапалық жағыныан дербес талдау жасау;

5.     Алынған мәліметтерге байланысты негізгі және ішінара қорытындылар шығара отырып, эксперимент жүргізуде ашылған кейбір ғылыми деректерді (егер зерттеу жұмысы мектеп жағдайында жүргізілген болса) оқу-тәрбие процесінің сапасын жаксарту үшін пайдаланса, бұл эксперименттің негізгі мақсатының орындалғаны болып табылады.

Табиғи эксперимент

«Авторға сұрақ» сторатегиясы (жалпы топтан бір автор шығып жауап береді)

 

Психология пәнінде қолданылатын тәжірибе әдісінің тағы бір түрі табиғи тәжірибе деп аталады. Жоғарыда айтылған әдістен мұның айырмашылығы сол табиғи тәжірибе зертханада емес, оқушының күнделікті үйреншікті ортасында өткізіледі. Бұл әдісті өзінің ғылыми тәжірибесінде бірінші қолданған орыстың психологы А.Ф.Лазурский (1874-1917ж.ж.) еді. Оқушылар өзін еркін сезінеді, көбінесе оның психикалық процестері зерттеліп жатқанын, мінез-құлқы, оның жауаптары мұқият жазылып алынып жатқанын білмейді (жабық камера, магнитофон арқылы).

Сурет бойынша әңгіме 

 

1.     – спортшы

2.     – қылмыскер

3.     – ғалым

Әр топ берілген мамандық бойынша мына адамға мінездеме беру

 

Семантикалық картаны толтыру

 

Әңгімелесу әдісі бақыланып отырған адамның зерттеушіге берген жауаптарынан құралады. Қойылатын сұрақтарды алдын ала ойлап алған жөн. Сұрақтар әңгіме етілетін тақырыпты толық қамтуға тиіс, ал қойылған сұрақ балаларға түсінікті болуы керек. Әңгімені бір адаммен емес, бірнешеуімен тіпті тұтастай сыныппен өткізуге болады. Әңгіменің мұндай түрі зерттеліп отырған оңушылардың жауабын бір бірімен салыстырып отыруға мүмкіншілік туғызады.

Анкета Анкетаны қосымша әдістердің бірі ретінде қолдануға болады. Белгілі мақсатпен және формамен қойылған сұрақтарға жауап алу арқылы зерттелуші адамның психикалық әрекеттерін сипаттауда, немесе кейбір психикалық проблемаларды  шешуде жалпы мағлұматтар, кейбір фактілі материалдар жинауға болады. Қолайлы жері – жаппайлығы, яғни бір уақыт ішінде бірнеше адамнан жалпылай мағлұмат алудың мүмкіншілігі болады. Кемшілігі – алынған материалдардың бәріне сене беруге болмайды.  Өйткені анкетадағы жауаптар қате, не болмаса толық болмауы мүмкін.

 

Тест  арқылы балалардың білімі мен икемділігі, бейімділігі, жалпы ақыл-ойының даму дәрежесі, не жекелеген жан қуаттарының дамып, қалыптасуы жөнінен мағлұмат алуға көмекетседі.

Тест ағылшын сөзі «сынақ» деген сөзді білдіреді. Бұл ұғымды өткен ғасырдың аяғында американдық ғалым Дж. Кэттел енгізді.

Тест дегеніміз – күрделі техникалық құралдарды қажет етпейтін стандартты, қысқа сынақ.

Психологияда, сондай-ақ адам қызметінің нәтижесін зерттеу әдісі пайдаланылады. Мәселен, шығармаларын, суреттерін, күнделіктер, хаттарын зерттеу.

«Кластер» стратегиясы

 

Сабақтың рефлексиясы

 

·        Сабақ ұнады ма, неге, бұл  неге байланысты?

·        Осы тақырыпты оқығанда жеке өзіңіз қандай қортындыға келдіңіз?

·        Осы тақырыпты оқығанда өзіңіз неге қол жеткіздіңіз, неге?

·        Бүгінгі сабақтағы сіздің белсенділігің қандай болды, сіздің ойыңыз?

·        Не қолыңыздан келмеді, неге?

·        Сіздің көңіл-күйіңіз сабақтың басынан қарғанда өзгерді ме, қалай?

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары "Психологияның зерттеу әдіс-тәсілдері""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист в области обращения с отходами

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 605 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.11.2016 4284
    • DOCX 95.4 кбайт
    • 16 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сыйырбаева Зейнегул Ахметбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7090
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 499 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 336 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 290 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 852 человека

Мини-курс

Социальная и поведенческая психология

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Развитие физических качеств в художественной гимнастике: теория и практика

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные стратегии текстовых коммуникаций в бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе