Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / Сабақ жоспары"Аппараттық құрылғы, құрылғының мәні. Тышқан құрылғысы" (5 сынып)

Сабақ жоспары"Аппараттық құрылғы, құрылғының мәні. Тышқан құрылғысы" (5 сынып)


  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақ тақырыбы: Аппараттық құрылғы, құрылғының мәні. Тышқан құрылғысы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: ДК құрылғыларымен таныу. Компьютердің ішкі құрылғылары.

Дамытушылық: логикалық ойлауды дамыту.

Тәрбиешілік: информатика пәніне қызығушылықты ояту.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып.

Сабақ өткізу әдісі: корсете түсіндіру

Көрнекілік: компьютердің құрылғылары.


І. Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар, сендер компьютер ақпараттты сақтау, түрлендіру, беру үшін арнайы есептеуіш машина екендігін білесіңдер. Ал компьютер қалай жұмыс істейді, ол қандай бөліктерден тұратындығын бүгінгі сабақта өтеміз.

ІІ. Жаңа тақырып.

Компьютер сөзі есептеуіш дегенді білдіреді. Яғни есептеуге арналған құрылғы. Компьютер деректерді бағдарламалап өңдеуге арналған электрондық құрылғы. Компьютерлер тек қана есептей қоймай, сонымен қатар мәтінмен, гарфикамен, дыбыспен ж.т.б. жұмыс істей аламыз.

Дүние жүзінде компьютер шығаратын компаниялар көп, бірақ ДК-лердің адаммен қарым-қатынас жасау принципі бәрінде де бірдей. Кез келген компьютер жұмыс істеу үшін негізгі үш блок қажет: жүйелік блок, монитор, пернетақта.

Жүйелік блок – компьютердің негізгі элементі. Онсыз ешбір компьютер жұмыс істемейді. Онда микропроцессор, жедел жады, аналық тақта, адаптерлер ж.т.б. орналасқан.

Монитор –мәтіндік және графикалық ақпараттарды экранға шығаруға арналған. Ол теледидарға ұқсас құрылғы.

Пернетақта – ақпараттар мне ДК-ні басқару командаларын енгізу қызметін атқарады. Бұлардан басқа компьютеде тағы көптеген құрылғылар бар. Оларды енгізу-шығару құрылғылары деп атайды. Состав PC

Енгізу құрылғыларына пернетақта, сканер, микрофон, модем жатады. Олар арқылы компьютерге кез келген графикалық, мәтіндік, дыбыстық ақпарат енгізіледі.

Шығару құрылғыларына монитор, принтер, құлақалқа, микрофон жатады.

Ал, компьютер құрылғыларымен қысқаша таныстық. Енді жүйелік блокпен тереңірек танысайық.

Жүйелік блок. Жүйелік блок ішінде ең маңызды құрауыштар орналасқан негізгі торап болып табылады. Жүйелік блоктың ішінде орналасқан құрылғыларды ішкі құрылғылар деп аталады. Компьютердің ішкі құрылғылары:

  • аналық тақта

оған мыналар енгізілген:

  • Жедел жад – компьютер қосылған кезде деректерді уақытша сақтауға арналған микросхемалар жиыны.

  • Процессор – көптеген математикалық және логиклық операцияларды орындайтын негізгі микросхема.

  • Микропроцессорлық комплект(чипсет)- компьютедің ішкі құрылғылардың жұмысын басқаратын микросхемалар жиыны.

  • Шиналар – олар арқылы компьютердің ішкі құрылғыларың арасында сигнал алмасу жүргізілетін өткізгіштер жиыны. (компьтер жүйелік блогын ашып, аналық тақшаны, жадыны, микропрцессорды көрсету, компьютердің негізгі құрылғыларының схемасы).

  • Қатты диск ж.т.б.

Жүйелік блоктың артқы тақтасында енетін желілерді және порттарды (монитор порты, маус, пернетақта), қосымша құрылғыларды(принтер порты, модем, сканер, микрофон)қосатынқосқыштар орналасқан.

hello_html_48dbf82b.gifПроцессор – компьютердің басты бөлігі.

Процессор – компьютердің миы. Ол компьютерді басқарады және прогаммадағы барлық командалырды орындайды. Компьютердің кез келген жұмысы процессордың қатынасынсыз орындалмайды.

Компьютердің атқарасын жұмысының бәрін , шын мағынасында, оның бас микросхемасы – микропроцессор атқарады. Қазіргі кезде ең көп тараған PENTIUM фирмасының процессорлары. Компьютердің негізгі мінездемелерінің бірі – оның амал орындау жылдамдығы, ал жылдамдық жиілікпен өлшенеді. Жиілік қанша жоғары болса, компьютер соншама жақсы болады. Процессор жадпен бірігіп жұмыс атқарады.

Компьютердің екі ішкі жад болады: тұрақты есте сақтау және жедел есте сақтау.

Жедел жад. Жедел жад бұл деректерді сақтауға қабілетті кристалды ұяшық сілем. Жадтың әрбір ұяшығының өзінің адресі болады. Бір адрестелетін ұяшықтың 8 екілік ұяшығы бар, онда 8 бит деректер сақтауға болады.

hello_html_6b7b6745.gifЖедел жадтың негізгі мінездемесі – оның сыйымдылығы және жылдамдығы. Процессор мен ЖЕС ЭЕМ-нің негізгі құрылғысы болып табылады. Жедел жад компьютерде модульдер деп аталатын стандартты тақталарда орналасады. Жедел жадтың модульдерін аналық тақтадағы сәйкес ажыратпаларға қондырады. Жедел жадың негізгі сипаттамалары жад көлемі (4,8,16,32Мбайт) және қатынау уақыты.

Компьютерді қосқан кезеңде оның жедел жадында ештеңе – деректер де , бағдарламалар да болмайды, бірақ процессорге әуелі алғашқы қосу кезеңнен кейін командалар керек.

Тұрақты есте сақтау- ол компьютер құрастырушы фирма қондырған схема түрінде жасалған жад. Компьютерді алғаш рет қосқанда ақпарат ТЕС-дан алынады да, содан соң компьютерге орналастырылған операциондық жүйе іске қосылады. Компьютерді сөндіргенде тұрақты есте сақтауда сақталынған ақпарат өшірілмейді.

Жаңа сабақ Ақпарат енгізу манипуляторы. Басу құрылғысы.

Маус – манипулятор типті басқару құрылғысын Маусты кілемшенің бетінде жылжыту маус нұсқағышының экран бетінде жылжуымен үйлестірілген.

Оның пернетақтадан айырмашылығы, ол стандартты басқару құралы емес. Ол арнайы жүйелік бағдарлама – маус драйверінің қолдауын қажет етеді.

Маустың батырмаларының санына қарай екі батырмалы және үш батырмалы болып бөлінеді. Маустың көп қолданылатын батырмасы сол жақ батырмасы.

Маустың оң және сол жақ батырмаларын тез басуды шерту деп атайды.

Маус құрылысына қарай үш түрлі болады.

Оптикалы-механикалық маустың ішінде резинамен қапталған, темір шаригі болады. Ол маустың дөңгелеуі керек. Кейбір беттерде ол дөңгелемей сырғанап кететін болғандықтан, мұндай маустардың арнайы кілемшесі болады. Кілемше беті тұтқыр болып келеді де, шариктің сырғанап кетуіне жағдай туғызбайды.

Ал, оптикалық маустарда мұндай қозғалыс бөлігі жоқ. Бұл маустар айнадан өзге беттерде жұмыс жасай береді. Мұндай маус үшін кілемшенің қажеті жоқ. Ол механикалық маусқа қарағанда қымбаттау, бірақ қазіргі уақытта көп қолданушылар осы маусты қолданады.

Ал жұмыс жасауға провод кесел келтірсе, онда инфрақызыл маустарды қолдануға болады. Тек олардың батареясын ауыстырып отыру керек.


ТЕС: информацияларды тұрақты есте сақтау жады. Компьютерді өшіргенде ТЕС-дағы информация бұзылмайды. Бұнда жазылған командаларды оқуға болады.

ЖЕС: информацияны уақытша сақтау жады. Компьютерді өшіргенде информация өшеді.


ІІІ. Қорытынды.

Сонымен, бүгінгі біз сабақта компьютер құрылымын өттік.

Пысықтау сұрақтары:

  1. Компьютердің ең негізгі құрылымдары?

  2. Компьютедің қосалқы құрылымдары?

  3. Жүйелік блок құрылғылары

  4. Жады түрлері.



Автор
Дата добавления 26.02.2016
Раздел Информатика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров130
Номер материала ДВ-485706
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх