Инфоурок Другое Другие методич. материалыСабақтың тақырыбы «Ғажайып пішіндер»

Сабақтың тақырыбы «Ғажайып пішіндер»

Скачать материал

 

Білім беру саласы: Таным,Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі:Математика.

Тақырыбы: «Ғажайып пішіндер»

Мақсаты: Балалардың танымдық қабілетін дамыту,сөздік қорларын байыту.Геометриялық пішіндерді бір-бірінен ажыратып атай білуге үйрету.Қиял болжамдарын дамытып,қабілеттерін шыңдау.Пішіндердің ұқсастығын салыстыра отырып ажырату. Көрнекіліктер: Пішіндер,слайд тақта,ғажайып сәт.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивацитялық қозғаушы
Жылулық шеңбері
-Кане, балалар орнымыздан тұрып,жылулық шеңберін құрайық! Оң қолдарымызды жүрегіміздің тұсына қояйық. Жүрегіміз қандай,ол қалай соғып тұр.


–Олай болса,жылы,жұмсақ жүрегіміздің жылуын келген қонақтармен бөлісейікші! Жарайсыңдар,балалар! Орындарыңа отыра қойыңдар.
Балалар шеңберге тұрып,жүрек тұсын ұстайды.

Жүрегіміз жылы,жұмсақ,ол «тук-тук» деп соғады.

«У-у-ф»-деп қонақтарға қарай үрлейді.
Іздену,ұйымдастыру-шы -Балалар,жыл мезгілдерін есімізге түсіріп,қайталап өтейік. –Бір жылда неше мезгіл бар?
-Қалай аталады?
-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінде неше ай бар?
-Кане,үш айды кім айтады?
-Жарайсың,тамаша.
–Ал,бір аптада неше күн бар?
-Біз балабақшаға неше күн келеміз? -Ал,неше күн дем аламыз?

Өте тамаша,дұрыс айтасың.Балалар бүгін біз қызықты математикадан «Ғажайып пішіндермен» танысамыз.
–Кане балалар саяхатқа барғыларың келе ме?
Ендеше көздерімізді жұмып 1-5-ке дейін санап саяхат жасайық.Көз алдымызға ұшып бара жатқанымызды елестетейік.
Енді көзімізді жайлап ашайық.Балалар біз қайда келдік? Дұрыс айтасыңдар.Ғарышта нелер бар екен?
Балалар,мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр,мұқият тыңдаңдар. Допқа өзі ұқсайтын,
Ерекше бір пішін бар.
Атын оның атаңдар,
Қай пішін екенін табыңдар?
Дұрыс таптыңдар,өте тамаша. Мына планеталардың пішіні қандай екен? Яғни біздер дөңгелектер әлеміне келдік. –Дөңгелектің бұрыштары,қабырғалары бола ма? Мына дөңгелектердің түстері қандай? Балалар планетамыз қараңғы сияқты,жарық қылу үшін не жетіспейді? Ендеше осы күнімізді құрайық. Мінеки балалар сендердің арқаларыңда әлеміміз жарық болды. Күнің түсі,пішіні қандай?
Осы дөңгелек пішін туралы кім айтады?

-Жарайсың,өте жақсы.Балалар енді ғарыштан,балабақшамызға оралайық.Көзімізді жұмып 5-1-ге дейін кері санайық.Көздерімізді ашайық,балабақшамызға келдік. Балалар біздер саяхатқа қайда бардық?
Ғарышта қандай пішінмен таныстық?
Осы тобымыздың ішінде дөңгелекке ұқсас нелер бар? Дұрыс айтасыңдар,өте тамаша!
-Дөңгелек тағы басқа неге ұқсайды?
Осы кезде ішке қуыршақ кіреді.Қолында шар және бос жіп бар. –Сәлеметсің бе,Қуыршақ! -Есімің кім болады? -Сәлеметсіңдер ме,балалар! Мен-қуыршақ Әсеммін!Мен сендерге өзімнің достарымды ерте келдім.Сендер оларды тани мекенсіңдер?Сендерге жұмбақ қою арқылы сынап көрейін. Тәрбиеші: -Ендеше балалар Әсем қуыршақтың жұмбағын тыңдайық.
Қуыршақ:
Атына сай балалар,
Үш бұрышы,үш қыры бар.
Ол пішінді кім табар,
Қасымда сол пішін бар.
–Балалар,Әсем қуыршақ қандай пішін туралы жасырды? Осы кезде ішке Үш бұрыш кіреді. Мінеки бұл-үш бұрыш.Неге үш бұрыш деп атаймыз,оның қасиеті неде?

-Үш бұрыштың түсі қандай?
-Көлемдері қандай?
Алдарыңдағы пішіндердің ішінен үш бұрышты көрсетіңдерші. Үш бұрыш неге ұқсайды?

-Ендеше осы үш бұрыштардан шырша құрастырайық. Жарайсыңдар.Ал,осы үш бұрыш туралы кім айтып береді?





Қуыршақ: Қандай тамаша,керемет.Енді келесі жұмбағымды жасырайын.
Төрт бұрышы бар,
Төрт қабырғасы бар,
Бұл қай пішін?
-Қандай білгіш балаларсыңдар! Ішке төрт бұрыш кіреді. Тәрбиеші: Балалар бұл қандай пішін екен?
-Төрт бұрыштың неше бұрышы,неше қабырғасы бар? Төрт бұрышты көрсетіңдерші.Осы топтың ішінде төрт бұрышқа ұқсас нелер бар? Менің қолымдағы төрт бұрыштың пішіндері қандай.тістері ше? Осы пішіндерді пайдаланып көрпеше жасайық.
–Төрт бұрыш туралы кім айтады?

-Жарайсың,өте тамаша. Балалар мен сендерге өлең оқып берейін және пішіндерден зат құрастырам
Қызыл,сары,жасыл,көк
Алуан-алуан пішіндер.
Төрт бұрышы денесі,
Үш бұрышы төбесі
Мынау міне есігі
Құстар келіп қонады.
–балалар мен не құрастырдым?

Жарайсыңдар.Балалар,орнымыздан тұрып бойымызды бір сергітіп алайықшы.
Сергіту сәті.
Төрт бұрышты қолданып,
Дөңгелекті қолданып,
Көрпешені жасаймыз.
Әдемісін ішінен,
Досымызға сыйлаймыз.

–Осы кезде Әсем қуыршақ мұңайып қалады.
Тәр-і:Әсем қуыршақ неге мұңайып қалдың,балалардың сергітуі ұнамай қалды ма? Әсем қ-қ: Жо-жоқ,ұнады.Бағана осы жерге келе жатқанда мысығым қашып кетіп таппай қалдым және де қолымдағы батпырауығымды ұшырып алдым. Тәр-і: Сен мұңайма,біздің балалар саған көмектеседі.
Балдалар көмектесеміз бе?
Ендеше шығармашылық жұмысымызға кезек берейік
Шығармашылық жұмыс.
Оң жақ қатарда отырғандар мысықтың бейнесін жасаймыз,ал сол жақ қатарда отырғандар батпырауықты жапсырамыз

Тәр-і: Мінеки қуыршақ біздің балалар сенің мысығыңмен,батпырауығыңды тапты,ризасың ба?
Әсем қ-қ:Иә,сендерге көп рахмет.Батпырауығымды ұшырымын,ал мысығымды жандандыру үшін бәріміз мысыққа өлең айтайық.

Әсем қ-қ:Балалар мен енді кетейін,сендер ақылды,тапқыр балалар екенсіңдер.Сау болыңдар.
Тәр-і:Өте тамаша,орындарыңа жайғаса қойыңдар.Балалар біз үш бұрыш,төрт бұрыш,дөңгелек туралы айттық,бірақ осы пішіндердің ішінде бір пішін жоқ сияқты.Сендерге жұмбақ жасырайын,жауабын тауып көріңдер.
Пішіндердің ішінде,
Ерекше бір пішін бар. Ұқсатамын мен оны,
Жұмыртқа мен қауынға
Аытыңдаршы бұл қай пішін?
Дұрыс айтасыңдар,сопақша екен.Сопақша неге ұқсайды?
Сопақша туралы кім айтып береді?

Д.о. «Жоқ пішінді табу.»

Бір жылда төрт мезгіл бар.
Қыс,Көктем,Жаз,Күз
Күз мезгілі.
Үш ай бар
Қыркүйек,Қазан,Қараша

Жеті күн бар

Бес күн келеміз

Екі күн демаламыз

Иә,келеді

Көздерін жұмып,1-5-ке дейін санайды.

Елестетеді.
Ғарышқа
Планеталар

Дөңгелек


Дөңгелек

Жоқ,болмайды

Көк,қоңыр



Күн жетіспейді
Күнді құрастырады
Дөңгелек,сары

Расул:
Мен әдемі дөңгелек,
Кедір-бұдыр қыры жоқ.
Шұғылалы күнің де,
Ойнайтұғын добың да
Дөңгелектен құралған.


Балалар кері санайды.

Ғарышқа бардық.

Дөңгелекпен.

Сағат,күн.

Машинаның аяғына.

Сәлеметсіз бе!


Үш бұрыш.

Үш бұрышы және үш қабырғасы бар.

Жасыл.

Үлкен,кішші.

Үш бұрышты көрсетеді.

Үйдің шатырына,шыршаға.

Шыршаны құрастырады.

Ақторғын:
Танымасаң біліп қой,
Пішіндердің ішінде
Үш бұрышы мен болам.
Жабылар үйдің төбесі,
Үш бұрышпен әдемі.





Төрт бұрыш.

Төрт бұрыш
Төрт қабырғасы,төрт бұрышы бар.

Көрсетеді.
Терезеге,тақтаға,есікке
Әртүрлі,төрт бұрышты


Көрпеше жасайды


Жастілек:
Пішіндердің ішінде,
Төрт бұрышы мен болам Қабырға мен терезе,
Төрт бұрыштан құралған


Құстың ұясы.

Сергіту сәтін орындайды

Иә,көмектесеміз.
Мысық пен батпырлауық жасайды



Тікірейіп құлағы,
Елден бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті-қолын жуады.

Сау болыңыз!

Сопақша
Әлішер:
Сопақ бұрышы жоқ пішінмін,
Ін болған тышқандар үшін.
Жұмыртқа мен қауын да
Тұрған өзі сопақша.

Рефлексті коррекциялаушы
Балалар біз саяхатқа қайда бардық?
Ғаламшардан қандай пішінмен таныстық?
Дөңгелектен не жасадық?
Басқа қандай пішіндермен таныстыңдар?
Келген қонақтармен қоштасайық.
Ғарышқа бардық.

Дөңгелекпен.

Күн жасадық.
Үш бұрыш,төрт бұрыш,сопақша

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.

Күтілетін нәтиеже:
Білуі керек: Пішіндер туралы білу,оларды бір-бірінен ажырату.
Болуы керек: Пішіндер туралы түсініктерінің болуы.
Баланың қолынан келуі: Пішіндерден әр түр

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақтың тақырыбы «Ғажайып пішіндер»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель образовательной организации

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 638 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.06.2016 628
    • DOCX 17.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Анисова Айгерим Рыскелдиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Анисова Айгерим Рыскелдиевна
    Анисова Айгерим Рыскелдиевна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3691
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой