Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Сабақтың тақырыбы: "Оқуға құштарлық "
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Сабақтың тақырыбы: "Оқуға құштарлық "

библиотека
материалов

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мерзiмі: 03.09.2016

Тақырып: Оқуға құштарлық

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: табандылық, еңбекқорлық, қанағатшылдық

Сынып: 2 а

Оқушылар саны: 20

Сабақ мақсаты:

Оқушыларға білім алудың маңыздылығын түсіндіру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

Оқушыларға оқу-білімнің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіре отырып, еңбекқорлық қасиеті туралы түсінік беру

Оқушыларды оқуға, білім алуға дағдыландыра отырып, табандылық қасиетіне баулу

Оқушыларды табандылыққа, еңбекқорлыққа, қанағатшылдыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

оқулық,дәптер, А3 қағаз,әріптер,түрлі-түсті маркер,стикер,

смайликтер,әуен,слайд, проектор.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. 5 «Т» ережесін ұстанамыз

Тәртіп

Талап

Тыныштық

Тазалық

Татулық

  1. Тыныштық сәтi.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.

Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, балаларыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз…

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқулықтағы 5 сабақ. 20 бетттегі

«Табанды бала» аңыз әңгімесін оқып, талдау келу

1.Әлім өз мақсатына қалай жетті?

2.Әлімнің ғалым болуына қандай қасиеттері көмектесті ?

3.Қазақ халхының қандай ғұлама ғалымдарын білесіңдер?

Сабақ барысын талдау:

Әуен жіберіліп тыныштық сәті өткізіледі.Оқушыларды сабырлы, жағымды күйге түсіру,зейінін сабаққа аудару.


















































Сұрақтар бойынша оқушылардың жауаптары тыңдалады.

  1. Дәйексөз

«Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ»

Халық мақалы

1.Хормен оқыту

2.Қыздарға бөлек, ұлдарға бөлек оқыту

3.Оқушыларға дәптерге жазғызу

4.Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Балалардың жауаптары негізінде дәйексөзді қорытындылау






Оқушылар дәйексөздің мағынасы бойынша өз пайымдауларын жасап, көзқарастарын білдіреді.

5.Әңгімелеу (Мұғалім сыйы) бейне баян10 мин қысқартылған

Алты жасар Алпамыс мектепке келді

1.Бұл бейне баян не туралы?

2.Алпамыс қандай бала?

3. Алпамыстың білім алуға деген құштарлығын қандай қасиеттерінен көруге болады?

4. Сендер Алпамыстың бойындағы қандай қасиеттерді өздеріңе алар едіңдер?




Оқушылар бейне баянның мазмұнын айтады, сұрақтар

ға жауап береді.

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Баяу музыка қойылады. Оқушыларды 4 топқа бөлемін. Топқа ат беріледі. Әр топқа тапсырмалар беріледі

1.Білім сөзін топтастыру

2.Білім синкуэйн

3.Білім бізге не үшін керек?(өз ойларын жазу)

4. «Жақсы оқу-менің міндетім» ой толғау

Оқушылар берілген тақырып бойынша А3қағаз,түрлі-түсті маркер,стикер, смайликтерді қолдана отырып постер дайындайды және топқа жария етіп қорғайды.

  1. Топпен ән айту.

Аяулы әнім - мектебім

Сөзі Ә. Аймақтыкі
Әні С. Сапарәлиевтыкі

Мейірімді шапағатын тербеткен,
Арманға асқар құлашымды серметкен.
Мен бақытты балдырғаның саяңда,
Біліміңнің бал-бұлағы шөлдеткен.

Қайырмасы:

Аяулы әнім – мектебім,
Шуағыңда көктедім.
Жүрсемдағы қай жерде
Қиялымнан кетпедің.

Сағыныштың сезімдерін шайқап ән,
Ораламыз жылда өзіңе қайтадан.
Әліппені жаттатқызған, ұстазым,
Сенің ізгі көңіліңнен жай табам.

Қайырмасы:

Тіршіліктің дүрсілдетіп жүрегін,
Мен өзіңнен қанаттанар түлегің.
Саған деген махаббатым – әнімді
Асқақтата шырқай салып жүремін.

Қайырмасы: 










Әннің әуені жіберіледі және проектор арқылы әннің сөзі тақтада көрсетіледі.Оқушылар хормен ән айтады.

  1. Үй тапсырмасы.

6 сабақ 23 беттегі «Кітаптың жыры» өлеңін оқып, талдап келу

Үйге берілген тапсырманы оқушылар күнделіктеріне жазып алады.

8. Соңғы тыныштық сәтi.

Жай музыка қойылады.

Құрметті оқушылар жайланып отырып, көздеріңізді жұмып, бүгінгі сабақтан алған жақсы әсерлеріңді жүректеріңе орналастырыңдар, осындай жақсы көңіл күйде отыра тұрыңдар. Енді көздеріңізді ашуға болады. Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқандарың үшін көп рахмет .Сау болыңдар

Оқушылар жаңа сабақ бойынша түсінбеген мәселесі болса сұрақтарын қояды.
















































Мерзiмі: 10.09.2016

Тақырып: Оқуға құштарлық

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: табандылық, еңбекқорлық, қанағатшылдық

Сынып: 2 а

Оқушылар саны: 20

Сабақ мақсаты:

Оқушыларға білім алудың маңыздылығын түсіндіру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

Оқушыларға оқу-білімнің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіре отырып, еңбекқорлық қасиеті туралы түсінік беру

Оқушыларды оқуға, білім алуға дағдыландыра отырып, табандылық қасиетіне баулу

Оқушыларды табандылыққа, еңбекқорлыққа, қанағатшылдыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

оқулық,дәптер, А3 қағаз,әріптер,түрлі-түсті маркер,стикер,

смайликтер,әуен,слайд, проектор.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. 5 «Т» ережесін ұстанамыз

Тәртіп

Талап

Тыныштық

Тазалық

Татулық

  1. Тыныштық сәтi.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.

Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, балаларыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз…

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

6 сабақ 23 беттегі «Кітаптың жыры» өлеңін оқып, талдап келу

1.Неліктеп кітапты «ұстаз» деп атаймыз?

2. Білімді болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет?

3. Кітаппен қалай дос болуға болады?

Сабақ барысын талдау:

Әуен жіберіліп тыныштық сәті өткізіледі.Оқушыларды сабырлы, жағымды күйге түсіру,зейінін сабаққа аудару.


















































Сұрақтар бойынша оқушылардың жауаптары тыңдалады.

  1. Дәйексөз

«Оқу – инемен құдық қазғандай »

Халық мақалы

1.Хормен оқыту

2.Қыздарға бөлек, ұлдарға бөлек оқыту

3.Оқушыларға дәптерге жазғызу

4.Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Балалардың жауаптары негізінде дәйексөзді қорытындылау






Оқушылар дәйексөздің мағынасы бойынша өз пайымдауларын жасап, көзқарастарын білдіреді.

  1. Әңгімелеу (Мұғалім сыйы)

Білімге құштарлық деген осы болар...

Бұл балаларды құлағынан сүйреп мектепке алып барудың еш қажеті жоқ. Олар ешбір сабақты қалт жібермейді. Олар үй тапсырмасына салғырт қарап, бір-бірінен көшірмейді. Олардың білім нәрімен сусындағылары келеді. Және олар сол ниеттерінің жетегіне ілесіп, күн сайын таңертең Үндістан астанасы Делидегі көпірдің астына жиналады. Мұнда Раджеш Кумар Шарма өз еркімен шалғай аймақтарда тұратын балалар үшін тегін мектеп ашқан. Өйткені, білімге шын ынталы оқушылардың ата-аналары ақшалары жоқ болғандықтан оларды толыққанды мектепке бере алмай отыр.Сондықтан, Раджеш Кумар Шарма ұстаздың мектебі - әзірге білім алып, сауаттанудың жалғыз жолы болып тұр. Оқушылар көпір астындағы мектептің кедейліктен құтқарып, армандарының орындалуына жол ашатындығына шын сенеді. Досының бастамасына Лакшми Чандра есімді азамат қолдау білдіріп, кедей отбасынан шыққан 30 балаға сабақ беруде.«Мектепте»екі тақта мен екі орындықтан басқа ештеңе жоқ. Парта да, мектеп ғимараты да! Шалғай жерлерден жиналған оқушылар төселген алашалардың үстіне отырып оқуды, жазуды, есептеуді үйреніп жүр. Раджеш Кумар Шарманың айтуынша, балалар үш жылдан бері тегін біліп алып жатыр екен. Олардың ынталары мен қабілеттері өте жоғары көрінеді. Үндістан жеріндегі мына қарадомалақ балалардың әрекеті - күн сайын сабақтан қашып кетуге әдеттенген, компьютермен, интерактивті тақталармен, жаңа үлгідегі парталармен жабдықталған тегін мектептерде білім алудан бас тартып, еркелікке бой алдырып жүрген миллиондаған оқушыларға үлгі бола алады деген үміттеміз.

1.Оқушылар бұл әңгімеден нені ұқтық?

2.Бұл балалардың бойында білім алуға деген қандай қасиеттерін көріп отырмыз?

3.Өдерің осы балалардың орнында болсаңдар қалай болар еді?



Оқушылар мәтін және суреттер бойынша мазмұнын айтады, сұрақтарға жауап береді.

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Баяу музыка қойылады. Оқушыларды 6 топқа бөлемін. 6 қалпақ әдісімен қорытындылау

1.Ақ қалпақ – мәліметтерді айту

2.Қызыл қалпақ – эмоциялар, сезу, сезімдер

3.Сары қалпақ – ұнамды жақтары

4.Қара қалпақ – ұнамсыз жақтары

5.Жасыл қалпақ – жаңа идеялар, шығармашылық

6.Көк қалпақ – қорытынды


Оқушылар берілген тақырып бойынша А3қағаз,түрлі-түсті маркер,стикер, смайликтерді қолдана отырып постер дайындайды және топқа жария етіп қорғайды.

  1. Топпен ән айту.

Алтын ұям – мектебім

Әнін жазған: Айжігіт Асанов
Сөзін жазған: Бақытжан Ауданбай

Көп баланы тербеткен
Алып бесік тәрізді,
Алтын ұям мектептен
Дәріс алам маңызды.
Бұл мектептен нәр алған
Қанат қаққан қырандар,
Бұл мектептен таралған
Елін сүйген ұландар.

Қайырмасы:
Алтын ұям мектебім
Ыстықсың сен көзіме.
Балалық шақ көктемім,
Өтіп жатыр өзіңде.
Армандарым көп менің,
Пайда әкелер еліме.
Жетелей бер, мектебім
Сол армандар төріне.


Кеудемде тұр, сеземін,
Игі істерім тізілген.
Нық басып мен келемін,
Үлкендердің ізімен.
Ашық болсын аспаның,
Жарқырасын көкте күн,
Жаса мәңгі асқарлы
Алтын ұям – мектебім.

Қайырмасы:

Әннің әуені жіберіледі және проектор арқылы әннің сөзі тақтада көрсетіледі.Оқушылар хормен ән айтады.

  1. Үй тапсырмасы.

7 сабақ 28 беттегі «Өнерлі жігіт» аңыз әңгімені оқып, талдап келу


Үйге берілген тапсырманы оқушылар күнделіктеріне жазып алады.

8. Соңғы тыныштық сәтi.

Жай музыка қойылады.

Құрметті оқушылар жайланып отырып, көздеріңізді жұмып, бүгінгі сабақтан алған жақсы әсерлеріңді жүректеріңе орналастырыңдар, осындай жақсы көңіл күйде отыра тұрыңдар. Енді көздеріңізді ашуға болады. Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқандарың үшін көп рахмет .Сау болыңдар

Оқушылар жаңа сабақ бойынша түсінбеген мәселесі болса сұрақтарын қояды.







Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 11.11.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров79
Номер материала ДБ-340956
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх