Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Конспекты / "Сандық ақпаратты өңдеу. Калькулятор"

"Сандық ақпаратты өңдеу. Калькулятор"


  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Пәні: Информатика

Күні:

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Сандық ақпаратты өңдеу. Калькулятор

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар білуі тиіс: калькулятор бағдарламасының қызметі мен мүмкіндігін, оны іске қосуды, арифметикалық амалдарды қолданып есептер шығаруды;

Оқушылар үйренуі тиіс: калькуляторда қарапайым есептеулерді шығаруды, онымен жұмыс жасауды және сандық ақпараттарды өңдеуді үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: презентация, калькулятор түрлері, интерактивті тақта, оқулық.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Компьютердің негізгі құрылғыларын ата

  2. Стандартты графикалық редактор қалай аталады?

  3. Paint редакторының мүмкіндіктері қандай

  4. Ақпараттың өлшем бірліктерін ата

  5. Стандартты мәтіндік редактор қалай аталады?

ІІІ Білімді өзектендіру:

Сұрақтар:

  1. Стандартты программа құрамына қандай программа кіреді?

  2. Қосымша сандық пернетақтаны қалай қосады?

IV Жаңа сабақ (Слайд арқылы)

Тарихи деректерден...

Ең ерте заманғы және бәрімізге белгілі есептеу құралы есепшот болып табылады. Деректерге қарағанда, есепшоттың жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері ертедегі Қытай немесе Египет, тіпті ежелгі Грекия болуы да мүмкін. Бұл санау құралын гректер мен батысеуропалықтар «абак», қытайлықтар «суан-пан», жапондықтар «серобян» деп атаған.

Адамзат ерте замандардан бері есептеулер жұргізетін жұмыстарды жеңілдетуге талпынған. Бүгінгі күні сендер «калькулятор» сөзінің бірнеше мәнін атап, сандық ақпаратты өңдеуге арналған программалардың да мысалын көптеп келтіре аласыңдар.

Осындай программалардың бірімен бұрыннан таныссыңдар – ол Калькулятор Стандарттық программасы. Осы программаның кейбір мүмкіндіктері мен оны қолдану тәсілдерін қарастырайық.

Сендер сандар мен арифметикалық амалдардың таңбаларын тышқанның көмегімен программаның терезесіндегі батырмаларды шерту арқылы немесе пернетақтадан енгізе аласыңдар.

Калькулятор қолданбасы компьютердің сандық ақпаратпен жұмысын: бір жүйеден екінші жүйеге сандарды аударуды, логикалық арифметика принциптерін, есептеу дәлдігін және т.б. тереңірек игеруге мүмкіндік береді.

Жүйеде калькулятордың екі түрі бар: қарапайым және инженерлік.

Калькуляторды іске қосу үшін, мынадай тізбекті орындаймыз:

Іске қосу – Программалар – Стандартты – Калькулятор.

(Пуск – Все программы – Стандартные – Калькулятор)

Калькулятордың қызметтік функционалдық батырмалары:

 - соңғы енгізілген цифрды өшіреді

 - индикация өрісінде жарықтанған санды өшіреді

 - барлық енгізілген ақпаратты өшіреді

 - енгізілген мәндерді бөледі

 - енгізілген мәндерді көбейту

 - енгізілген мәндерді азайтады

 - енгізілген мәндерді қосады

 - орындалған амалдардың нәтижесін шығарады

 - квадрат түбірді есептейді

 - санның процентін табады

 - экрандағы санның кері мәнін есептейді (2*1/х=1/2)

Қызықты ақпарат

Калькулятор (лат.calculator – «санағыш»):

  1. Сандармен немесе алгебралық формулалармен амал орындау үшін қажетті электрондық есептеуіш құрылғы;

  2. Калькулятордың функциялардың жүзеге асыратын компьютерлік программа;

  3. Түрлі есептеулерді автоматты түрде жүргізетін арнаулы программа (салымдар калькуляторы, байланыс алаңдарының калькуляторы және т.с.с.).

  4. Кәсіп (калькуляция жасайтын, яғни өндірістегі шығындарды есептейтін адам).

КСРО-да алғаш 1973 жылы «Электроника Б3-04» микрокалькуляторы ұшін қолданыла бастаған «микрокалькулятор» термині пайдаланылды. «Калькулятор» деп мөлшері үлкен, үстелдің үстіне қойылатын есептеу құрылғыларын атайтын. Үстел үсті калькуляторы мен микрокалькуляторлар ресми түрде «ЭПЕМ – электрондық пернелік есептеу машиналары» деп аталатын.

Дербес компьютерлердің пернетақтасына, қол сағаттарға орнатылған калькуляторлар да бар. Қазір калькулятор кез келген ұялы телефонда да кездеседі.

Калькуляторлар тарихынан

1963 жыл: Англияда бірінші жалпы қолданыстағы ANITA MK VIII калькуляторы шығарыла бастады. Ол газоразрядты шамдарда жұмыс істейтін.

1974 жыл: Кеңестер одағында бірінші қалтаға салып жүретін Электроника Б3-04 калькуляторы шығарыла бастады. Онымен қарапайым нақты сандарға қолданылатын арифметикалық амалдар мен тұрақтыларды пайдаланып есептеулер орындауға болатын. оны жасаумен 27 адамнан тұратын топ айналысып, 9 ай мерзім жұмсалған еді. Калькулятордың негізгі ерекшелігі – сұйықкристалды индикатор мен мамандандырылған жоғары дәрежелі, шоғырланған микросызбалар қолданылды.

V Тақырыпты бекіту: Компьютердегі тәжірибелік жұмысты орындау (слайд)

А деңгейі

Калькулятордың көмегімен келесі жазбалардағы амалдарды орындаймыз да, оларды WordPad мәтіндік редакторына жазамыз.

В деңгейі

Математикалық есептер

VI Қорытындылау

Тәжірибелік жұмысты тексеріп, сұрақтарды талқылап, бағалау.

VII Үй тапсырмасы:

§28 «Калькулятордың жады» тақырыбын оқып, бақылау сұрақтарына жауап беру.







Автор
Дата добавления 12.04.2016
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров135
Номер материала ДБ-024532
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх