Инфоурок Другое Другие методич. материалыСайыс "Ата анам ізетім"

Сайыс "Ата анам ізетім"

Скачать материал

Тақырыбы: Ата-анам – ізетім, бала-шағам – сенімім.

Мақсаты: Ата-ана мен бала үшін басты құндылық – отбасы екенін насихаттап, айналасындағыларға сыйластықпен қарау қасиеттерін жетілдіру, заман талабына сай отансүйгіш азамат тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар, ұлағатты сөздер, DVD, шарлар, гүлдер.

Әдісі: Пікірталас, ата-аналаро сайысы.

 

Барысы:

 

Ұйымдастырушы мұғалім:

«Ана сая болар бағың болса, әке – асқар тауың» дейді қазақта.

«Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз,

Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» дейді дана халқымыз,

Бүгінгі ата-аналар сарасындағы сайыс сабағымызда осы ата-ана мен баланың қарым-қатынасы, балалар қаншалықты дұрыс тәрбие алып жатқандығынан хабардар боламыз.

Жүргізуші: Қай ата-ана болмасын, баласына тек жақсыны біліп өсуге тәрбиелейді. Сол сияқты, міне, бүгінгі, сайысымызда сүйікті ұл, сүйкімді қыз тәрбиелеп отырған ата-аналарымыз қаншалықты балаларына үлгі көрсете алатындығын білетін боламыз. Бүгінгі сайысымыздың тақырыбы: Ата-анам ізетім, бала-шағам – сенімім. Сайысқа 6 сынып ата-аналарынан құрылған «Зерде» және «Алғыр» атты екі команда қатысады. Сайыс шарттары төмендегідей:

 

 

1.     Ситуациялық сұрақтар – командаларға қарапайым логикалық сұрақтар жасырылады. Әр дұрыс жауап бағаланып отыравды.

2.     Екінші бөлім «Ән әуенін табыңыз» деп аталады. Белгілі бір музыка жасырылады сіздерге. Сол музыканың қандай ән екенін тауып, бір шумағын айтып берулеріңіз керек.

3.     Шығармашылық жұмыс. «Ғажайып жетілік» деп аталады.

4.     «Суреттиерді аяқтайық». Бұл турда плакатта салынған белгілі бір аяқталмаған суреттерді көзіңіз байлаулы күйде аяқтауыңыз керек.

5.     Сайысымыздың бесінші бөлімінде ата-аналар «Ең қымбат қазынам» тақырыбында шағын эссе жазатын болады.

Әр тур бойынша қадағалап отыратын қазылар алқасы өз бағаларын беріп отырады. Қорытынды, әділ шешімді қазылар алқасынан күтеміз. Ендеше, осы қара қылды қақ жарған қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1.Педагог-ұйымдастырушы: Беделбекова Қпарлығаш

2.Бастауыш сынып мұғалімі: Құмарбекова Эльмира

3.Ата-ана: Нұрила апай

Олай болса, сайысымызды бастайық әзілге құрылған ситуациялық-логикалық сұрақтарымызға жауап беруге дайын болсаңыздар, алғашқы сұрақтарымыз __________________ командасына. Егер бұл команда қойылған сұраққа жауап бере алмаса қарсылас команданың жауап беруге мүмкіндігі бар.

Дайынсыздар ма?

Ендеше алғашқы сұрақ:

1)    Қарғыстың ең жаманы не? (жымсыма қарғыс)

2)    Қорқақ неден қорқады?(қорқақ көлеңкесінен қорқады)

3)    Қандай балалар бір-бірімен ойнамайды? (Аш бала тоқ баламен ойнамайды)

4)    Экспорт деген не? (Шетке шығару)

5)    Қар жана ма? (қалауын тапса қар жанар)

6)    Екінші командаға:

 

 

1)    Тастың жеңілі бола ма? (керек тастың ауырлығы жоқ)

2)    Түкірікпен көп болама? (көп түкірсе көл болар)

3)    Қандай кілт аспанда болады? (кісідегінің кілті)

4)    Оппозиция деген не? (Қарсы әрекет)

5)    Неменеге өкпелеп жүргенде не шықты? (Мұртқа өкпелеп жүргенде сақал шықты)

6)     

Ал, құрметті, қазылар, командалардың білімділік пен тапқырлықтарына бағаларыңызды берсеңіздер.

 

ІІ сайысымыз «Ән әуенін тап» деп аталады.

 

Музыкалық аппараттан сіздерге белгілі бір әуендер  ойнатылады. Ал сіздер соның қандай ән екенін тауып, бір шумағын айтып берулеріңіз керек.

 

Құрметті, қазылар алқасы, «Ән әуенін табу» кезеңі бойынша командаларға лайық баллдық жүйені белгілесеңіздер.

 

 

 

Келесі «Ғажайып жетілік» депаталатын кезеңімізде беріәлген жетілікті жалғастыруларыңыз керек. Мәселен, «Жеті ата, жеті жұт, жеті жұп» деген секілді. Дайынсыздар ма?

Ендеше бастаймыз.

1.     Жеті ұлттық ойын (асық, тоғыз құмалақ, алтыбақан, аударыспақ, көкпар, бәйге, қыз қуу)

2.     Жеті ата (әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жүрежат)

3.     Жеті қазына (жүйрік ат, қыран бүркіт, құмайтазы, берен мылтық, қанды ауыз қақпан, майланыш кір кездік)

Ержігіттің жүйрік аты -  қанаты. Қыран бүркіт – қуаты. Құмай тазы – абыройын асырар сенімді серігі. Мылтығы – қақарлы оты. Қанаты – серті, әдіс-айласы, кездігі – сұсы. Халық жеті қазынаны өмір қажетіне негіз етіп таратқан. Қазақ халқының Жеті қазынаны – жеті ырыс деп атауының мәні осында.

4.Жеті сүт тағамы (айран, қатық, құрт, ірімшік, қаймақ, кілегей, май)

5.Наурыз көжеге қосылатын жеті тағам (су, тұз, тары, бидай, ет, қатық, сүт, қамыр)

6.Жеті жоқ (жерде өлшеу жоқ, аспанда тіреу жоқ, таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ, Аллада бауыр жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жөқ)

Бағалау.

 

 

 

ІV. «Суреттерді аяқтайық» кезеңінде  сіздерге берілген аяқталмаған суреттерді көздеріңіз жұмулы күйінде аяқтауға тиіссіздер. Дайын болсаңыздар бастайық.

 

Бағалау.

 

V. Сайысымыздың ақырғы кезеңіне жеттік. Ең қымбат қазынам тақырыбына эссе жазамыз. Қазылар алқасы, жазылған шығармаларыңыздың мән-мағынасының жүйелілігіне сауаттылығына бас назар аулдаратын болады. Ендеше намысты қолдан бермеуге тырысыңыздар.

 

Бағалау.

 

І  орын: _________________________________________

ІІ орын: _________________________________________

 

Ал енді қорытынды баға мен жеңімпаздарды анықтап жариялау үшін сөз кезегін қазылар алқасына берейік,

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сайыс "Ата анам ізетім""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор риск-менеджмента

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 000 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.02.2017 621
    • DOCX 569.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кибраева Жанна Жумановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кибраева Жанна Жумановна
    Кибраева Жанна Жумановна
    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4696
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой