Инфоурок Другое Другие методич. материалыСценарий радиопередачи "Наурыз Көктем"

Сценарий радиопередачи "Наурыз Көктем"

Скачать материал

 

1.  Қайырлы күн халайық! Өнер сүйген!

     Тыңдармаңдар көңілге, көп ой түйген,

     Құттықтаймыз арулар,аналарды,

     Сый тартайық әсем ән, тәтті күймен!

2.  Жыр арнайық оларға жігері ассын,

     Гүл арнайық көңілі шалқып тассын,

     Сыр арнайық жүректі жарып шыққан,

     Нұр арнайық қуатын беріп жастың!

1. Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз  Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті.

2. Бүгінгі айтылатын ақ тілек, жылы сөз, күмбірлеген күй, шырқалатын ән сіздерге арналмақ. Көктем мерекесі, 8 - наурыз мерекелеріңіз құтты болсын!          

 

Ән жіберіледі

1.Сіздермен бірге Павлодар облыстық радиосында ҒМ 100 де 5 толқынында «Жас тілші» хабары.

2. Және оның жүргізушілері: Катаев атындағы Оқушылар сарайы «Қаламгер» үйірмесінің жас тілшілері

1.  Еркебұлан  Өсербай

2. және Теміртас Айзар

1. Біздің хабарымыз аяулы аналар мен ардақты әжелерге, сүйкімді де сүйікті әйелдер қауымына арналмақ.

2. Хабарымызды Оқушылар сарайының  жаңалықтарынан бастаймыз.

Жуырда Сарайымызда «Жаңа жұлдыз - 2015»  облыстық вокал шеберлігінің бірінші іріктеу туры өтті. Бұл сайыста Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары  және Ақтоғай, Баянауыл, Қашыр, Ертіс және Май аудандарынан 37 оқушылар қатысты. Жас әншілердің әрқайсысы әділ-қазылар алқасына  екі композициядан орындады.

1. 30 наурыз күні өтетін сайыстың финалына тыңдалымның қортындысы бойынша 26 сайыскер өтті.

2. Сонымен қатар  «Әлеуметтену мен шығармашылықтан – өмірлік және  кәсіби жолды анықтауға бетбұрыс» тақырыбы бойынша техникалық бағыттағы қосымша білім беру педагогтеріне және технология пәнінің мұғалімдеріне  арналған  облыстық семинар өтті. 

 

1. Тағы да бір жаңалық Ұлы Отан соғысының 70-жылдығына арналып оқушылар арасында 14-ші облыстық қысқы спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтті.  Ол, спорттың сегіз түрі бойынша өткен болатын.  Олар: президенттік көпсайыс, шаңғы жарысы, шайбамен хоккей, қысқы спорттық бағдар, оқпен ату, үстел теннисі, дойбы,шахмат. 

2. Оқушылар сарайында  «Жас Ұлан»  біріңғай  балалар - жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігімен  және «Нұр Отан» Павлодар облыстық филиалының «Жас Отан» жастар қанатының Ұлы Отан Соғысының 70-жылдығына  арналған  «Болашақ бүгіннен басталады - Будущее начинается сегодня!», атты облыстық форумы өткізілді. 

1. Сонымен қатар Сарайымызда  жетістіктеріміз де жеңістеріміз өте көп.

2. Жуырда «Дебют» автор студиясының тәрбиеленушілері Санкт-Петербург қаласына ән-күй конкурсына барып келіп, 2-ші, 3-ші орындарға ие болды. 

1. Сонымен қатар, жуырда 8 наурыз мерекесі қарсаңында қалалық мәдениет сарайында өткен бізідің «Қаламгердің» оқушысы Шакенова Айжан «Бұрымды шаш» байқауына қатысып,жүлделі орынға ие болды. Біз Айжанды  құттықтаймыз!

 

Мерекелік  бағдарлама жалғасады

  1. Бүгінгі жаңалығымыз осындай, енді аналарға, әпкелерге, қыз-келіншектерге  арнап  сыр шертеміз.

1.  Елбасымыз  Нұрсұлтан Назарбаев былай деген екен: «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қадірлейтін халықтың бірі де, бірегейі де біздің қазақ».
2. Иә, Еркебұлан,
Нұрағамыз айтпақшы біз әрқашан анамызды, әпке, қарындастарымызды,жалпы әйел затын қадірлеп,қастерлеуіміз  керек емес пе?

1. Иә,солай! «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар.

2. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес.

                                                    Ән орындалады

1.Сіздер ҒМ 100 де 5 толқынынан «Жас тілші» хабарын тыңдап отырсыздар.

2. Оның бүгінгі жүргізушілері

1.  Еркебұлан  Өсербай

2. және Теміртас Айзар

1. Айзар, анаға арналған жыр көп қой, ендігі сөз кезегін біздің  редакциямыздың хат-қоржынынан түскен,  оқушылардың  аналарға  арнап жазылған хаттарын оқып берсек.  

2. Оқысақ оқиық, міне бір хат. Павлодар қаласы №22 мектептің «Арай» баспасөз орталығынан  Тутенов Мадияр былай депті:    

          Жан  анам

Мейірімге  толы  жанарың,

Аппақ  сенің  ажарың.

Ризамын  мен  саған,

Анашым  менің  жан  анам.

 

1.  Анашым

Анам менің,ақ анам,

Балашым деп мақтаған

Анам барда әрдайым,

Қуанамын,шаттанам – бұл өлең жолдарын  Ертіс ауданы, Северный орта мектебі, 1-сынып оқушысы, Аубакиров Исмағзам жіберіпті, қандай керемет.

2. Ал,№35 мектептің 1 сынып оқушысы  Айтмұхан Серіжан өзінің сүйікті апасы туралы былай депті: Менің Рымкеш атты апам бар. Апамның ыстық құшағы, елжіреп,  жарық жұлдызым  деп айтқан сөздері, аналық махаббаты мен үшін үлкен бақыт. Мен апамды қатты жақсы көремін. Мерекесімен құттықтаймын!  

 

2.  Анашыма

Мен тым жақсы көрем анашымды.

Аналар әлдилейді Алашымды.

Кішкентайдан-ақ  сүт беріп өсірген,

Қадірлеймін анашым-жанашырды.

 

Анашым – жүрегімнің дүрсіліндей,

Сол дүрсіл найзағайдың гүрсіліндей,

Ақ жаулықты анам менің шуақ шашшы,

Жарқырашы әрқашанда күн-түн демей.

 

Анашым әсем болып жүре берші,

Миуалы ағаштың бүршігіндей – депті Павлодар қаласы,№ 3 гимназия-интернатының оқушысы Жанбау Марғұлан.

 

1. Ал, келесі сөз кезегін біздің жас тілшіміз  №24 мектептің 4 сынып оқушысы                               Дианаға береміз. Диана ана туралы шығармасын оқып береді.

 

                                                 Ән орындалады             

 

1. Айзар сен біздің қазақ қыздарымыз туралы ырымдар мен тыйымдарды білесің бе?

2.  Қазақ халқы қыз бала тәрбиесіне  қатты көңіл бөлген. Қыздарға баласына қатысты тыйымдар мен ырымдар өте көп. Кейбір ырымдарды казір бізге «Қаламгер» тілшісі Ернар Балтабай айтып береді.

2. Ернар сөз кезегі өзінде.

 

 ЕРНАР   
* Қыздар мен әйелдер үлкен адамдардың жолын, алдын кесіп өтсе бақытсыз жағдайға ұшырайды. 

* Қыз балаға аяғын созып, көселіп отыруға болмайды. 

* Қыз балаға ер адамның жүзіне тіке қарауға болмайды. 
   Көз қиығымен қарау дұрыс болады. 

* Қыз балаға қатты дауыстап сөйлеуге, күлуге болмайды. 

* Төркініне келген қыз төрде отырса төркіні байиды. 

                                                                                        

 

1. Қыздарымызға арналған ырымдарына рахмет,Ернар!

2. Құрметті тыңдарман, бүгін біздің мерекелік хабарымызға Павлодар қаласы  

М.Әуезов атындағы № 42 мектебінің «Балдаурен» шағын орталығының кішкентай бүлдіршіндері аналарына арнап құттықтаулар дайындапты.

1. Ақ анашым, аппағым
Өзің жайлы тақпағым
Арналады сіздерге
Балалардың тақпағы – дегендей балдай тәтті балапандарға сөз кезегін береміз.

 

№42 мектеп мини центр балалар өлеңдері

1. Осындай көтеріңкі-көңіл күймен, балдай тәтті балдырғандардың өлең шумақтарымен  бүгінгі бағдарламамызды аяқтаймыз.

2. Көктемгі гүлдей жарқырап, гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын! 

1. Сіздерге тек қана дүниенің жақсылығын, атқан таңның арайын, күн сәулесінің шапағын тілейміз. 

          2. «Жас тілші» хабарының бүгінгі санын дайындап, жүргізген «Қаламгер» үйірмесінің шәкірттері

Еркебұлан Өсербай, Теміртас Айзар, Ернар Балтабай,                           Диана.

1.Сценнарий авторы: Асем Аипова

2.Дыбыс режиссері: Алия Нұрмағамбетова

1.Келесі кездескенше күн жақсы!

2.Қош сау болыңыздар!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сценарий радиопередачи "Наурыз Көктем""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Землеустроитель

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 334 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.10.2016 1065
    • DOCX 22.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аипова Асем Сериковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Аипова Асем Сериковна
    Аипова Асем Сериковна
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13306
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой