Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Сценарий театральной постановки на тему М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» атты жыры желісімен жасалған мектептің жоғарғы сынып оқушыларына арналған сахналық қойылым.(10-11 класс)

Сценарий театральной постановки на тему М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» атты жыры желісімен жасалған мектептің жоғарғы сынып оқушыларына арналған сахналық қойылым.(10-11 класс)


Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 184 курса профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов



















Астана қаласы №25 орта мектебінің ән-күй және музыка пәні мұғалімі Исмаганбетова Молдир Изатуллаевна.

М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» атты жыры желісімен жасалған мектептің жоғарғы сынып оқушыларына арналған сахналық қойылым.

































1-КӨРІНІС.

Сахна.Музыка ойналады.Сахнаға автор шығады.

Қадалған көз таларлық.

Жігер отын жанар ғып.

Эверестке шыққандардың тізімі,

Саусақпенен санарлық.

Махабатта шың сияқты,

Күн жақындап қасына,

Бұлт қонатын басына

Қыран тектес жандар ғана,

Шыға алатын басына.

Бірде Е.Евтушенканың үйінде шет елдік достарыммен болған бас қосуда мен осы оқиғаны әңгімеледім. Кенет итальян мүсіншісі орнынан атып тұрды да:»Мұнда сүйгеніне қосыла алмаған Естай ақынның сағынышы мен зары ғана емес,бүкіл бір ұлттың махабатқа деген мінез і мен ерлігі жатыр екен. Осы Естай мен Қорланды туған халықтың денсаулығы үшін тост көтеруді ұсынамын»,-деді .Сол сәтте төбем көкке екі-ақ елі жетпей тұрды.

2-көрініс

Осы кезде есіктен Ана кіреді.

Автор: Кіріңіз,кіріңіз!Апа,төрлетіңіз.

-Амансың ба,балам!Мен саған бір жұмыспен келіп отырмын.

-Келген шаруаңызды айта отырыңыз,апа.

Ана: Жалғыз қызым бар еді,Айнам,тірлігімнің шынары.

Еркелеттім, өмірімді желкен еттім жолына.

Тек сол гүлдеп толыссын деп,тек сол кисін,сол ішсін деп.

Ештеңені аяғам жоқ,бәрін бердім,қолына.

Қызым сұлу бой түзеді,ой түзеді жайдары.

Ой түзеді,көз жауын ап қызғалдақтай майдағы,

-Алды болды,құрбысының бірге өскен,үмітіме бақ пен қайғы қалай қатар мінгескен.

Бекер,бекер жіберіппін еркіне,ерте түсіп қалды-ау сірә,албырт сезім өртіне.

Бақытты едім,бақытты едім мен қандай,қашан қызым жолыққанша,ғашықтықтың дертіне.

Күзетшімін бұл күн есік торыған,туар айым тумай қалды оңынан.

3 жыл болды,бұйрабас бір әртістің,сорлы қызым,жүгіріп жүр соңынан.

Ал ол иттің (бұл қорлыққа қарашы).

Бар әйелі баласы.Үйленуге қайдан келсін шамасы.

Автор:

Апатай-ау,

Онда неге итереміз ғашықтарды қақпанға?

Көңіліңнің,күні жоқтардан,табанының бүрі жоқтардан

Жұрт онсызда зардап шегіп жатқанда.

Ана:

Қызым соны білмейдіме,біледі?

Біле тұра селт етпейді жүрегі.Небір жайсаң жігіттерді төрндей,мазаұ етіп кетпеді ме елемей.

Бұл не деген,көлден табар бақытты,шөлден іздеп,жаңылысқан шөрегей.

Деп сенсем де,бақыт алда,жол алда,адасқандай кейіптемін боранда.

Ана:

Ал ол үшін бұйрабас сол әртістен,артық жан жоқ ғаламда,тек соны ойлап беріледі арманға.

Тек соны ойлап жылайды үйде қалғанда,сосын қайта жымияды,менен асқан бақытты адам жоқ деп жалғанда.

Дауа барма,дауа барма,талғамға.

Автор:

Апатай-ау!

Қызым батты күнәға,деп қамығып жылама.

Жанарыңды қасіретке бұлама

Мүмкін жолы,сәтсіз шығар,бірақ сүю бақыты.

Кез келнеге тартылмайтын сыбаға.

Апатай-ау,сеніміңді жасытпа,ғашықтықты жеңе білу мықтылық.

Нағыз бақыт,-жақында емес,қашықта







Ана:

Жақын тартып сырласымдай бұрынғы,кешір қалқам,саған айттым сырымды.

Сен ерекше силы жансың қызыма,сыйлайтыны жатқа оқиды,жырыңды.

Өзіңе аян,қыз көңілі гүл нәзік,жеңе алмаспыз,өр мінезбен ұрда жық.

Өтінемін сол бақытсыз сорлыға,қол ұшын бер,ой саларлық ,жыр жазып.

Ана шығып кетеді.

Автор:

Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды,жазады.

Адам азса ғашықтықтың жоқтығынан азады.

Ғашық жыры-тіршіліктің көкейкесті өлеңі.

Ешбір геометриямен өлшенбейтін көлемі,

Бұл сезімнің ұшан-теңіз,адамзатқа берері.

Ғашық болу келсе кімнің қолынан,әлем соған сенеді.

Құлай сүю,ерлікпен тең себебі!

Сөзін жалғастырады,(музыка ақырын ойналады)

Сахнада жарық сөнеді.Жарық тек авторға түседі,осы кезде декарация қойылады.

Автор:

Өлке даңқын,артқанымен арқаға,

Әлі күнге түспей келген картаға.

Қыран ғана қалықтайтын, көгінде.

Бұлттан биік заңғар азба,сұрақ қойған таңдар аз ба,өмірде.

Күдіс пейіл кедергіден қайтқанымен меселі.

Ғашық жүрек өз тағдырын өзі ғана шешеді.

Жыға алмайды,оны жұрттың өсегі.

Бұған дәлел,Қорлан әні кешегі.

3-көрініс.

.Музыка ойналады.

Сахнада Естай мен Қорланның жас кезі:

Естай:

-Қорлан қайда екен,а?

Алыстан дауыс шығады:

-Естай!Естай!

Естай:

-Қорлан,сенбісің?Сағындым ғой сені ,Қорлан!

Қорлан:

-Менің саған айтар сөзім бар,Естай.

-Ол не сөз,Қорлан!

-Біз бірге бола алмаймыз ,Естай.

-Не айтып тұрсың,Қорлан.Біз бірге боламыз деп уәде етпеп пе едік .

-Мені әкем, бір байдың Мұхамеджан деген баласына бергелі жатыр.

-Қорлан мен сенің жолыңда құрбан болуға дайынмын.

-Мына жүзікті менің көзімдей көр.(жүзікті беріп,жүгіріп,шығып кетеді)

жарық сөнеді, тек авторға ғана түседі.

Тағдырыңды қатыгезде сараң да.

(Автордан кейін жарық сөнеді,ол шығып кетеді)

.Осы кезде сахнада естайдың кәрі кезі.

Сахнада Естайдың үйі.

Естай: Жан жолдасы,досы,Нұрлыбекті шақыртады.

Үй йесі: Нұрлыбекті аттан құлап аяғын сындырып алды деп естігенмін,неде болса кісі жіберейін.

Нұрлыбек: Ассалаумағалейкум,Естай,бауырым,аманбысың?

-Хал болса мынау,өзің қалайсың?

-Өзің көргендей, қалым осы.

-Ей,Нұрлыбек өренім,

Жетпіс екі жасымда,

Тұзағына іліндірді мені өлім.

Тулағанмен амал нешік көнемін,

Тіршілікте аз созбап ең қол ұшын.

Өлген соңда қажет боп тұр көмегің.

Нұрлыбек : О,не көмек,Естай?

Дәл өзіңдей қайдан ұқсын қайғымды ел.

Ғашық көңіл –мәңгі жасыл айдын көл.

Ғашықтықпен өткен күндер ғана өмір.

Ал қалғаны жай күндер.

Көлмен көлдей,таумен тастай теңдесе.

Белдесуге талап қылдым мен неше.

51 жыл ғашық болдым Қорланға.

51 жыл өмір сүрдім ендеше.

Қорланды ойлап қиял қостым таңдарға,

Қорланды ойлап шықтым қанша заңғарға.

Сірә, мендей ғашықтықтан бақ тауып,

Сірә, мендей мұңға батқан жан барма?

Дүниенің өзге бақыт шаттығын,

Менсінбеген менің мұңым,тәтті мұң.

Тәтті емей не?

Он сегізге ой салып,жиырма бесті таңдандырса қарттығым.

Әттең тағдыр қоса алмадым.

Сорым ба?

Заман-жылан.

Жатып алды-ау, жолымда.

Бірақ менің бақытым да барымда.

Қорлан берген алтын жүзік жарқырып

51 жыл сәуле шашты қолымда.

Өр толқынға қарсы жүрген өр кеме.

Мен болыппын.

Охо,қандай мәртебе!

Бұл жүзікке 51 жыл әйелім.

Қызғанышпен қарап келді өртене.

Нұрлыбек: Қызғанбаған да қайтсін, сен бұл жүзіктің ешқашан қолыңнан шешкен емессің,бұған мына мен куә.

Естай:

Десе дағы ел дәстүрі елге сын.

Қарттарға ескерт, қарсыласа көрмесін.

Қорланымның көзі болған жүзікті.

Өтінемін,

Өзіммен бірге жерлесін.

Нұрлыбек:

Аманатқа қиянат жасалмайды,берген сертімді орындаймын,Естай!

Сертпен сөзге ұмытшақтау өлкеге.

Ғашық болып өлу- қандай мәртебе.

Тірлігіме шабыт берген бұл жүзік.

Жарық беріп жатсын маған көрде де.

Шаршатпаған арман шіркін арман ба?

(Естай көз жұмады.)

Нұрлыбек: бауырым,бауырым.....(.Жарық сөнеді.)

Автор шығады: жарық тек авторға түседі.(лампа)

Әне солай қайсар ақын көз жұмды.

Бұл туралы айтқан кезде Қорланға:

«Егер олай етпесе,Естай Естай болама?!

Естай Естай болама?

Онсыздағы жаны сұлу балаңа

Сұлу өлім сыйлапсың-ау ,Жер-ана!»-

Деп жылапты кемпір байғұс еңкілдеп,

Ақ жаулығы ай нұрымен желкілдеп.

Нағыз ғашық қарттығына көнерме?

Қорлан өзі қылтамақтан өлерде,

Әжімді жүзі қуарып,түнеріп.

Күйеуін сыртқа шығарып жіберіп,

Ақпалап,қозып,делебесі де.

Бойжетіп қалған немересіне,

Естайдың әнін салдырып.

4-көрініс.

Жарық сөніп автор шығады, сахнада кәрі Қорлан күйеуі Мұхамеджанмен бірге.

Қорлан:

-Мұхамеджан,ренжімесең шыға тұрасың ба?

Мұх:

-Неге ренжиін,шыға тұрайын.

Қорлан:

-Мұхамеджан,немеремді шақырып жіберші.

-Сахнаға немересі шығады:

-Әже, шақырдыңыз ба?

-Маған Естайдың әнін соңғы рет орындап берші.

-Орындап берейін.

Ән орындалады.

Соңы: (Автор)

Тағдырыңды қатыгез де,сараң де.

Сен сүйгенмен,ол сүймесе-шараң не.

Махаббат ол сүймесе-қос жүректің әні ғой!

Өзіне сай дауыс керек әр әнге.

Сүйіктім-ау,

Сәнсіз, өмір мәнді ме?

Мәнсіз адам шырқай алмас әнді де.

Бәсендетпе,

Қарлықтырма даусыңды,

Бақытсыз боп калмау үшін мәңгіге!

Общая информация

Номер материала: ДВ-394323


Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG

Похожие материалы

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Вам будут интересны эти курсы:

Курс «Логистика»
Курс «Правовое обеспечение деятельности коммерческой организации и индивидуальных предпринимателей»
Курс повышения квалификации «Экономика предприятия: оценка эффективности деятельности»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания конституционного права с учетом реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Основы менеджмента в туризме»
Курс повышения квалификации «Использование активных методов обучения в ВУЗе в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Психодинамический подход в консультировании»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности помощника-референта руководителя со знанием иностранных языков»
Курс профессиональной переподготовки «Разработка эффективной стратегии развития современного вуза»
Курс повышения квалификации «Мировая экономика и международные экономические отношения»
Курс профессиональной переподготовки «Уголовно-правовые дисциплины: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика музейного дела и Охраны исторических памятников»
Курс профессиональной переподготовки «Организация и управление службой рекламы и PR»
Курс профессиональной переподготовки «Осуществление и координация продаж»
Курс профессиональной переподготовки «Управление корпоративной информационной безопасностью: Администрирование и эксплуатация аппаратно-программных средств защиты информации в компьютерных системах»