Инфоурок Иностранные языки Научные работыШет тілінде оқушылардың диалогтық және монологтық сөйлеу дағдыларын қалыптастырудағы сөйлеу жағдаятының ерекшеліктері

Шет тілінде оқушылардың диалогтық және монологтық сөйлеу дағдыларын қалыптастырудағы сөйлеу жағдаятының ерекшеліктері

Скачать материал

Шет тілінде оқушылардың диалогтық және монологтық сөйлеу   дағдыларын қалыптастырудағы  сөйлеу жағдаятының ерекшеліктері

 

Бүгінгі ғаламдану кезеңінде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігінің даму тенденциясынан ажыратып қарастыру мүмкін емес. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру, даму жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз. Осыған орай, мектепте білім мазмұнын жақсартудың алғы шарттарының бірі – дарынды балаларды тәрбиелеп  жетілдіру, бойындағы ерекше қасиеттерін дамытуға мүмкіндік туғызу. Баланы оқыту мен тәрбиелеуде педагогикалық жағдайды шешу үшін түрлі іздену жұмыстары арқылы дарындылығын анықтап және олардың жетілуіне тиімді жағдай жасау жолға қойылған. Осы бағытта қандай технологияларды басшылыққа аламыз? Әрине, оқушының өздік жұмыстарын, іздену қабілеттерін жетілдіретін, қарым-қатынастық шарттар субьектаралық, ұжымдық-диалогтық, тұлғалық-рефлексиялық негізінде тұлғаның субьектілік қызметтерін кеңейту, орындаушылық рөлін өз әрекетін ұйымдастырушы рөлімен алмастыру, белгілі бір әрекеттерді өз бетімен орындауға жағдай туғызатын  бірден-бір тиімді технологиялар ретінде жобалау, кредиттік оқыту, сын тұрғысынан ойлау, кейс яғни нақты жағдаяттармен оқыту әдісі сияқты оқыту технологияларын ерекше атауға болады .

Тілдің қарым-қатынас қызметі жеке бірліктер түрінде емес, өзара хабар алысатын саналы әрекет түрінде жүзеге асатыны белгілі. Сондықтан тілдің әртүрлі деңгейіндегі тілдік бірліктердің ерекшеліктері, сөйлеудің коммуникативті түрлері, сөйлесімдер мен мәтіндердің коммуникативтілігіне негіз болып отыр. Қоғам талабына сай шетел тілдерін оқытуда берілетін білім мазмұны мен оқыту әдістерін жаңалау қажет ететіндігі айқындалды. Ондағы мақсат оқушыларды қарапайым болса да өз ойларын еркін жеткізіп қана қоймай, өзара тіл табысып, пікір алысуға үйрету, себебі, жалпыға білім беретін орта мектеп білімнің негізгі мақсаты оқушының шетел тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру.

Сөйлеу әрекеті – тілді үйрену жолындағы маңызды баспалдақ, қажетті шарт қана емес, ол адамзаттың қоғамдағы орнын, қызметін көрсететін күрделі әрекет. Өйткені, сөйлеу әрекеті адамдық қасиетті білдіретін басты өлшемдердің бірі. Ауызша сөйлеуге үйрету – тілді жалаң үйрену емес, адамның жалпы ойлау қабілетін кеңейту, жетілдіру деген сөз. Жалпы сөйлеу әрекетін меңгеру үшін мына жағдайларды ескеру қажет: Үйрететін тілде сөйлеуге деген қажеттілік; қоршаған орта, жағдайдың әсері; жеке бастың қабілеті; сөйлеудің негізгі мақсатын айқындау. Адамдар арасындағы тілдік қатынас өмірлік, қоғамдық қажеттілікке сәйкес қолданылу ортасына қарай ерекшеленеді, қалыптасады, өмірдегі әртүрлі тіршілік жағдайына байланысты түрленеді, сараланады. Белгілі бір жағдайлардағы адамдар арасындағы қарым-қатынаста кеңістік пен уақыт кесіндісінде сөйлеу әрекетінің орны ерекше. Сөйлеу әрекеті сөйлеу жағдаятын қалыптастырады .

«Жағдаят» ұғымы лингвистикада зерттелген адамдар әрекетінің сипатын, өту барысын т.с.с. анықтаушы маңызды категория. Әр ғылым саласы бұл ұғымды өз мақсатына қарай, зерттеу бағытына қарай әртүрлі анықтайды. Өйткені «жағдаятқа» анықтама беруде мынадай әртүрлі көрсеткіштер басшылыққа алынады:

айнала қоршаған заттар мен құбылыстардың қатысы арқылы анықталатын жағдай; сөйлеу әрекетін дүниеге келтіретін шарттар;

сөйлеуші мен объективті құбылыстар арасындағы объективті байланыс; шындықтың жиынтығы .

 Сөйлеу жағдаяты сөйлеушінің белгілі білім қоры, тәжірибе түрінде қарым-қатынас жасауға түрткі, уәж болатын шарттары арқылы айқындалады. Сөйлеу жағдаяты белгілі бір уақыт кесіндісіндегі өтпелі, уақытша сипатқа ие болады. Сонымен қатар жалпы қоғамдық өмірмен қалыптасатын тұрақты жағдай да сөйлеу жағдаятын айқындайтын белгінің қатарына жатады.

Жағдаяттылық – сөйлеуге үйретудің маңызды шарты. Жағдаят дегеніміз сөйлеуге стимул. Жағдаят коммуниканттар айналасындағы заттар емес, сөйлесушілердің өзара қарым-қатынас жүйесі, демек әңгімелесу дегеніміз шындық өмірде бір нәрсені сұрау, түсіну, сендіру, таңдану, ренжу. Сөйлеу жағдаяттарының іс-әрекетіне байланысты болуы баяндау, әңгімелеу үшін стимул болып табылады, бұл-әдістемеде меңгеріп жатқан тіл – қатынас құралы екендігін де сезінтетін күшті стимул .

Е.Пассов ұзақ      жылдар бойы жүргізген ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесінде коммуникативтік оқытуда «ситуация» мен «ситуативтілікті» анықтап алу қажет екеніне көз жеткізген. «Ситуация» дегеніміз, қарым-қатынас жасаушылардың, сөйлесушілердің санасында қалыптасқан өзара қарым-қатынасының жүйесі; ал «ситуативтілік - қарым-қатынастармен байланыс» деп қорытынды жасайды. Ол іс-әрекеттерде өзара қарым-қатынастарда мынадай жетекші факторлар болады деп көрсетеді: статустық, рөльдік, іс-әрекеттік  ізгілік .

Қарым-қатынас процесі оқытудың мақсатына, жағдайына, мүмкіндігіне қарай үнемі өзгерісте болады. Оқушыларды қарым-қатынастың әр-түріне дайындау үшін материалдарды да жиі түрлендіріп отыруды қажет етеді. Осы ұстанымға байланысты тілдік дағдылар да өзгертіліп отырылуы керек. Бұл оқушылардың айтқысы келген ойын басқаша жеткізуге, сөйлеу біліктілігін жетілдіруге, тез сөйлеуге көмектеседі. Сонда ғана, оқушылар жаңа материалды іс жүзінде қолдануға тезірек машықтанады. Материал жаңа болуы керек, сонымен бірге қайталау кезінде сол қалпында емес, басқа контекстерде өзгертіліп берілуі керек, сол кезде ғана оқушылардың білік дағдылары бірте-бірте дамиды.

Ауызекі сөйлеуді қалыптастыру үшін оқушы әр сабақта жаңа білім алып қоюмен ғана шектелмей, өз бетінше ізденіп, талдап, пікір таластыру деңгейіне жетіп, даму біліктілігін жетілдіріп отыруы қажет. Сонда ғана, оқушы ауызекі сөйлеу мақсатына жете алады.  Ситуациялық жаттығулар оқушылардың белгілі бір ситуацияны диалог арқылы игеруін қажет етеді және оның автоматты түрде орындауын қамтамасыз етеді .

Сөйлеу жағдаятыбұл қандай бір сөйлеушінің сөйлеу әрекеті актісінің жағдайлары мен шарттарының жиынтығы. Оның бір жағында Сөйлеу әрекетінің міндеттері, екінші жағында сөлеу әрекетінің қажеттіліктері мен мақсаттары тұрады және ол әңгімелесушінің көмегімен міндеттерді шешу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Оқу-сөйлеу ситуациясының пайдасы мен маңызы мынадай:

- жаттығулар шынайы өмірлік ситуацияға сәйкес, яғни табиғи ситуацияға парапар болғанда, негізгі мақсат орындалады. Оқушылардың шынайы коммуникативтік қажеттілігіне сай келіп, белгілі ортада өз ойын жеткізуге көмектеседі. Мазмұнды ақпарат болып табылады.  Құбылыстарды, әрекеттерді, оқиғаларды, фактілерді. тілдік қарым-қатынасты жан-жақты меңгеруге ықпал етеді.

Ситуациялық жаттығулар дайындықсыз ойламаған, аяқ асты түрде де болуы мүмкін. Олардың негізін микромәтін құрайды. Ситуациялық жаттығулар толықтырмалы, проблемалық, қиялдау, рольдік болып бөлінеді. Олар үш негізгі және үш факультативтік компонеттерден тұрады. Негізгі компоненттеріне тапсырма беру, жағдайды суреттеу және сөйлеушінің репликасы жатады. Ал факультативті компоненттеріне тірек сөздер, сұрақ және көрнекі құралдар жатады. Ситуациялық диалогтарды ұйымдастыру оқытушының тікелей басшылығымен жүргізіледі. Оқытушы ситуациялық диалогтарды құру мақсатын және оны ұйымдастыру тәсілдерін анықтайды .

«Сөйлеу жағдаяты» термині тілдің әрекеттік, ықпал етуші қызметін қарастырады. «Сөйлеу жағдаяты» ұғымы, біріншіден, сөйлем мазмұнын бейвербалды түрде толықтырып, жасырын мәнді сөйлесім түрлерін қалыптастыратын экстралингвистикалық факторлардың жиынтығы, екіншіден, нақты сөйлеу жағдаятымен бірге сөйлеу жағдаяттарының қайталамалы, ортақ сипаттарына қарай жинақталған типтік түрлері де болатыны мәлім.                       

Сөйлеу жағдаяты – мәнмәтіннің нақтыланған түрі, тілдік бірліктің жұмсалуы мен жалпы мәнмәтінді байланыстыратын буын болып табылады.

Зерттеушілер мәнмәтінді мынадай үш топқа жіктейді: сөз немесе сөйлеу мәнмәтіні; сөйлеу жағдаяты; мәдени мәнмәтін .

Тілдік мазмұнды қатысым жағдаятымен байланыста қарастыру экстралингвистикалық факторларды реттеп, жүйелеуге әкеледі. Тілдік мазмұнды қалыптастыруға тура және қосымша түрде ықпал ететін жағдайлар бар. Сыртқы жағдаят сөйлем мазмұнында толық көрінуі немесе жетекші факторлар арқылы жанама түрде көрінуі мүмкін. Вербалды түрде жүзеге асатын сөйлеу тілінде сөйлеу жағдаяты қарым-қатынасқа тікелей қатысады.

Сөйлеу әрекетінде нақты сөйлеу жағдаятында бар шынайы дүниенің объектілері сөйлесім мазмұнында қамтылады. Сөйлеу актісінде уақыт, орын, зат, сөйлеу актісіне қатысушылар сияқты бейвербалды факторлармен қатар, сөйлеу актілері түріндегі вербалды бірліктерге қатысты да сілтемелер жасалуы мүмкін. Коммуниканттар арасындағы өзара сөйлеу қарым-қатынасын жүзеге асыратын жағдаяттар жиынтығы сөйлеу жағдаяттары деп қарастырылады. Сөйлеу жағдаяттарының маңызды қызметтері коммуникативтік актінің негізгі классикалық модельдерінде көрінеді. Мұндай модельді Р. Якобсон ұсынған болатын, ол мыналардың функцияларының жиынтығы түрінде көрінеді: әрі хабар жеткізуші, хабарды қабылдаушы, мәнмәтін, хабарлау, байланыс.

Ал сөйлеу жағдаяттарының параметрлері былай көрсетіледі:

- хабар жеткізуші-хабарды қабылдаушы;

- шындықтың обьективті фрагменттері бар жағдаят;

- сөйлеудің ортақтығын қосатын ортақ жағдаят;

- әлеуметтік, саяси, тарихи-мәдени ортада өтуіне сәйкес тыңдаушының қарым - қатынасы.

Комуниканттар арасындағы байланыстың ойдағыдай дамуын қамтамасыз етудің толып жатқан экстралингвистикалық шарттары бар. Мысалы, серіктестің бірі сөйлеуші ретінде, екіншісі тыңдаушы ретінде  немесе алма-кезек өздерінің коммуникативтік рөлдерін дұрыс атқара білуге тиісті дағды, білім, біліктілік, әрекет. Коммуниканттардың сөз саптауы тек жасына ғана емес, жынысына, білім деңгейіне, өскен ортасына, қызметі, кәсібіне де байланысты екені тағы бар. Оқу үдерісінде жағдаяттар екі бөлікте қарастырылады: оқу-сөйлеу жағдаяттары және табиғи жағдаяттар. Оқ -сөйлеу жағдаяты деп тек қана сабақ үстінде, сабақ тақырыбына сай сөйлеуді немесе сөйлесуді туғызатын жасанды жағдаятты айтамыз. Бұл жағдаяттар сөйлеу дағдысын жоспарлы түрде, лексикалық-грамматикалық материалдар негізінде дамытуды қамтамасыз етеді. Алайда мұндай жағдаяттар алдын ала жасалған сабақ жоспарынан, белгілі бір тақырып аясынан, белгілі бір лексикалық-грамматикалық материалдар шеңберінен шыға алмайды, солар арқылы шектеліп отырады. Сондықтан оқушыны сөйлеу дағдысын жан-жақты дамытуды толықтай қамтамасыз ете алмайды. Осы себептен оқушылардың диалогтық сөйлесуін қалыптастыруда табиғи жағдаяттарды да пайдалану қажеттігі туындайды. Мұндай жағдаяттарға кез келген өмірлік мәселелерден туындайтын табиғи жағдаяттар да, көзге елестету арқылы пайда болып, сөйлеу әрекетін туғызатындары да жатады. Осылардың қай-қайсысында да сөйлеу әрекеті табиғи күйінде немесе соған жақын қалып отырады. Сондықтан сабақ үстінде күнделікті өмірде кездесетін табиғи жағдаяттарды оқыту мақсаты үшін арнайы іріктеп, әр тақырыптың мазмұнына орайластырып пайдалану қажеттігі туындайды.

В.Л. Скалкин оқу-сөйлеу жағдаяттары дегенде адамды сөйлесуге ынталандырушы тілдесім аяларына тән болып келетін төмендегі топтарды былай көрсетеді: өзін қызықтыратын адам, нәрсе, оқиға туралы сұрау; біреуді бір нәрсе туралы хабардар ету; біреудің сөзіне, пікіріне, я болмаса қандай да бір оқиғаға, құбылысқа өзінің көзқарасын білдіру; біреу туралы, бірнәрсе туралы алған әсерлерімен, ойына келген пікірлермен алмасу .

Серіктестер тілдік қатынас кезінде жағдаяттың бірнеше түрін пайдаланады. Тіл меңгерту мақсаттары үшін тиімді болып Т.Е. Сахарова көрсеткен төмендегі жағдаят түрлерін атауға болады:

Микро және макрожағдаяттар - бұлар тұрақты және дамушы жағдаяттар деп те аталады. Жағдаяттарды тіл меңгерту мақсаттарына арнап өңдеу ісі осы микро және макро жағдаяттар бойынша жүргізіледі. Микрожағдаят деп орнықты жағдаятты айтады, оған бір немесе екі-үш өзара байланысқан репликадан тұратын жағдаяттар жатады. Мұндай жағдаяттарға «қажеттілік жағдаяттары», «толық емес немесе белгілі емес ақпаратқа құрылған жағдаяттар», «байланыс орнату жағдаяттары» жатады. Макрожағдаяттар көбінесе сыртқы жағдаяттар ретінде көрінеді. Сыртқы жағдаяттар шартына төмендегідей мақсаттар қойылады: мысалы, көшеден өту, туған күн болатын адамның мекенжайын сұрау, өзіне қажетті затты сұрап білу. Макрожағдаятта сөйлеу оқиғасы күрделі мәселеге құрылады. Оқиға біртіндеп өрістеп, дамып отырады. Бұған пікірталастар, келіссөздер жұргізу, ауқымды мәселелер мысал бола алады. Микрожағдаяттар макрожағдаяттың іргетасын қалайды .

Табиғи және қиялдан алынған немесе елестетілген жағдаяттар.

Адамның көңіл-күйіне, сыртқы жағдайларға байланысты пайда болатын жағдаяттар.

Экстралингвистикалық және лингвистикалық жағдаяттар.

Бұған ұқсас Е.И. Пассовтың топтастыруын көрсетуге болады:

- табиғи және жасанды жағдаяттар;

- тілдік және тілдік емес жағдаяттар.

Диалогтық дискурс қарым-қатынастың әртүрлі жағдайына екі жақтың арасындағы қатынастың сипатына ресми, бейресми, екі жақтың әлеуметтік рөліне қарай байланыстың белгілі бір реңде тональдықта ресмилеу-еркіндеу, өтуін реттеп отырады. Коммуниканттар арасындағы байланыстың орнауын, үзіліп қалмауын, сақталуы, нығаюын жағдаяттық байланыс қызметін амандық сұрау, қоштасу, сияқты тақырыптық топқа жататын бірліктер атқарып, қамтамасыз етеді.  Жалпы сабақта қолданылатын жағдаяттар түрлері ұжымдық іс-әрекет жүйесі арқылы жеке тұлға белсенділігін арттыруға негізделген, берліген материалды жылдам әрі сапалы меңгертуге бағытталған, ерекше үлгіде ұйымдастырылған тілдік қатынасты жүзеге асырушы болып табылады. Жағдаят түрлері арқылы тіл меңгеру тіл үйренушілер айналасымен, сонымен бірге тілдік орта, қоршаған оқу ортасымен, өзара әрекет етуде жүзеге асады .

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Шет тілінде оқушылардың диалогтық және монологтық сөйлеу дағдыларын қалыптастырудағы сөйлеу жағдаятының ерекшеліктері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Мастер зеленого хозяйства

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 364 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.05.2017 2382
    • DOCX 23.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Қожахметова Айнұр Талғатқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Қожахметова Айнұр Талғатқызы
    Қожахметова Айнұр Талғатқызы
    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6020
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Немецкий язык: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель немецкого языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Курс профессиональной переподготовки

Английский язык: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель английского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1555 человек из 85 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 480 человек

Курс повышения квалификации

Основные методики обучения немецкому языку

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 83 человека

Мини-курс

Родительство

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Информационные технологии и безопасность

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек

Мини-курс

Управление персоналом и коммуникация в команде

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 10 человек