Инфоурок Физическая культура Конспекты"Шынықсаң шымыр боласын" баяндама

"Шынықсаң шымыр боласын" баяндама

Скачать материал

«Шынықсаң шымыр боласың»
Халықтық педагогика тәрбие құралы.
Жан –жақты тәрбиенің жалпы жүйесінде мектеп жасына дейінгі баланы дене жағынан тәрбиелеу ерекше орын алады. Мықты денсулықтың, дененің дұрыс жетілуінің, жоғары жұмыс қабілетінің негізі нақ осы мектеп жасына дейінгі балалық шақта қаланады: қозғалыс қызметінің қалыптасуы, сондай-ақ дене қасиеттерінің бастапқы тәрбиесі де осы жылдарда өтеді.
Денені жаттықтырудың бір түрі- шынығу. Денені шынықтыру балалардың денсаулығын нығайтады, сонымен қатар балалар денені шынықтыру арқылы шапшаңдылыққа, қимылды ойындар ойнағанда да тез жүгіруге, икемділігін арттыруға, бір қалыпты жүруін және аяқ- қол бұлшық еттерінің жақсы жетіліп өсуіне ықпал етеді. Дене тәрбиесі балалардың ақыл –ойын, адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек шат көңілді және белсенді болуына ықпал етеді. Біздің топта дене тәрбиесі сабағы аптасына екі рет өткізіледі. Сабақ жоспар бойынша жүргізіледі. Апта ішінде өткізілетін тәрбие жұмысында, бір тұтас күн режимінде барлық кезеңінде әуенді қимыл қозғалыс қолданылады. Яғни ертеңгісін балаларды қабылданғаннан кейін, ертеңгілік жаттығулар жасағанда әуеннің ырғағымен жасалынады. Оқу іс-әрекетіде іске асырылатын жаттығулар негізгі қимыл қозғалыстар, жүру, жүгіру, секіру, затты домалату, лақтыра білу, еңбекеу, тепе-теңдікті сақтау.
Қол- аяқ бұлшық еттерін дамытатын жаттығуларды дұрыс орындай білуге, әуенді тыңдап ойын жаттығуларын әуен ырғағымен үлестіре орындау. Дене жаттығуларын әуен ырғағына қосылып, әдемі қозғалыс көріністерін жасауға ынталандыру. Балаларды батыл қимыл жасауға жігерлікке, төзімділікке баулып дене мүшелері (қол, аяқ, т.б) қозғалысын дамыту. Жаттығулар арқылы балалардың денсаулығын нығайту. Дене тәрбиесіне қажетті құралдарды пайдаланамыз (доп, құм салынған қалта, доға, шығыршық, жалаушалар, ленталар, әр түрлі кедергілер). Бұлар балалардың жас шамаларына байланысты пайдаланылады.
Гимнстикалық жаттығулардың жиі пайдаланылатын түрлерінің бірі жүру, жүгіру, сапқа тұру, шеңбермен жүру. Жүгіру кезінде балалардың барлық дене мүшелері бұлшық еттері, буындары – бүкіл ағзасы қозғалыста болады. Жүру көбінесе басқа жаттығуларға кірісер алдында және олардың аралығында аяқталу кезінде пайдалынылатын көмекші жаттығу болып есептеледі. Біздің топта жүре алмайтын бала жоқ, бәрінің де өздерінің жастарына сай жүру қабілеттері дамыған. Серуен кезінде балалар көбіне жүгіріп ойнағанды жақсы көреді. Бірін –бірі қуып көбінесе «Мені қуып жет» ойынын ойнайды. Допты лақтырып «Кім бірінші жетеді?» деп бар күштерін салып жүгіреді.
Жылдың басында дене тәрбиесі оқу іс –әрекетінде балалар залға қалай кіруді, сапқа қалай тұруды, шеңбер жасап жүруді, сонымен қатар олар денені тік ұстауды, басты төмен қаратпауды, жүргенде, жүгіргенде, аяқты жерден дұрыс алып жүруді меңгерген. Жаңадан келген балаларды оқу іс әрекетінен тыс уақытта жеке жұмыс жүргіземін. Әсіресе жаңадын келген Ақтілек деген қыз бала сапқа тұруды, сапта тұрып қалай жүгіруді білмейтін еді. Таң ертеңгілік бой жазуға барғанда сапта жүріп келе жатып тоқтап қалып, біресе саптан шығып кетіп, алдындағы мен артындағы балаларға кедергі жасайтын еді, сондықтан ата- анасымен жұмыс жүргіздім. Мысалы: Дәурен мен Амир жаттығулардың бәрін жақсы жасайды, бірақ өте жай қимылдайды. Оның ата- анасына үйде Дәуреннің ойыншық машинасын тығып қойып, соны өзі іздеп тауып алуын қадағалау. Баланың ойыншығын тауып алып бір жерден екінші жерге тез алып баруын қадағалау.
Денешынықтыру оқу іс әрекетінде жаттығуларды қызықты өту үшін гимнастикалық орындық, шашақтар, доға, жалаушала, кубиктер және көркем сөздер қолданамын.
Оқу іс әрекетінің кіріспе бөлімінде балалардың қолдарына жалаушаны беру арқылы, олардың басты төмен қаратпау, денені тік ұстау үшін, алдыңғы баланың жалаушасына қарауды ескертемін. Жалаушаны екі жағына созып, қолды шынтақтан бүкпей, дұрыс созуға үйренді. Қолдарындағы жалаушаны алдына созып, бір- біріне кедергі жасамай, соқтығыспай жүруге үйренді.
Негізгі қимыл жаттығуды жасағанда баланың дұрыс денеі түзу ұстауының маңызы өте зор. Берілген жаттығуды әр баланың жеке орындауын қадағалаймын. Мысалы:Балалар, біз орманға саяхат жасайық. Алдымызда көпір бар. Көпірдің жан- жағы сулар. Суға құлап кетпеу үшін екі қолды белге қойып, көпірдің үстімен тепе-теңдікті сақтап жүріп өтеміз.-деп гимнастикалық орындықтың үстімен жүріп өтуді үйреттім. Балалардың көбісі гимнастикалық орындықтың үстіне жайлап шығып, аяқтың ұшымен көтеріп жай жүріп өтті. Осы балалармен жеке жұмыс жүргізіп, оларға гимнастикалық орындықтың үстімен тепе- теңдікті сақтанып жүруді үйретемін.
Екінші кедергілер, орманда құлаған ағаштар көп, сол ағаштардың астынан төрт тағамдап еңбектеп өтеміз деп, доғаның астынан еңбектеп өтуді балаларға көрсетіп жеке- жеке қайталаттым. Кейбір балалар қорқа сақтанып өтеді. Сондықтан ата- аналарға тепе теңдікті сақтанып жүруді, төрт тағамдап еңбектеп жүруді тапсырдым. Ата- аналармен үнемі қатынаста болсам дене тәрбиесі оқу іс әрекеті бізде жақсы өтеді.
Балалар сәби кезінен бастап шын көңілімен ұнатып орындайтын қозғалыс әрекеттерінің бірі би қимылдары. Би қимылдарын бала тез үйреніп алады. Ән оқу іс әрекетінде әуенді ойнай бастағаннан балалар әннің ырғағымен қолдарын, бас қимылдарын саз әуенімен үйлестіруге тырысады.
Балалар балабақшаға келген уақыттан бастап әр түрлі ойындар ойнайды. Ойын кезінде бала бірден көңілді болып жақсы демалады. Екіншіден дене қимылдарф, бойлары, милары тынығады.

 

 

 

 

"Спорт денсаулық кепілі" баяндама

Кіріспе
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата - бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады.
Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай - ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Сондай - ақ Президентіміздің қолдауымен 2003 жыл – денсаулық жылы болып жарияланған. Расында да, бүгінгі таңда еліміздің ақсақалдарынан кішкентай баласына дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде.

Осындай игі істер Қылмыстық - атқару жүйесі комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасында да атқарылып келеді. Басқарма бастығы әділет полковнигі Т. Б. Ахметовтің ұйымдастыруымен Басқарма аумағында орналасқан спорттық алаңда Басқарма қызметкерлері арасында «Шынықсаң шымыр боласың», деген қағиданы ұстанып, аптасына екі рет дене шынықтыру сабақтары жүргізіледі. Күнделікті аласапыран жұмыстардан кейінгі бір - екі сағат уақыттың ішінде әріптестерім біраз бой жазып, сергіп қалады. Осы бір тамаша сәттерде балалық шағың да еріксіз еске түсетіндей! Футбол, волейболдан командалар құрылып, қызу ойындар өткізіледі. Сондай - ақ, кермеге тартылу, шахмат, шашка, ұзындыққа секіруден өткізілетін жаттығулар өз алдына бір бөлек.

Ондағы негізгі идея қызметкерлерді салауаттылыққа ынталандыру, дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға үгіттеу. Себебі елді күні ертең ілгері апаратын – сауатты, білімді, дені сау жастар. Біздер осы елдің жас толқындарымыз. Сондықтан біздің мақсатымыз уақытты тиімді пайдаланып, сапалы қызмет етіп, өмірде өз орнымызды адаспай табуға барлық жағынан дайын болуымыз керек.
«Оқу - тәрбие процессінің гигиенасы»-------------
Мектептегі оқу тәрбие жұмыс тарының басты міндеті – жастардың ой өрісін дамыту, сабақ үлгеріміне қажетті жағдай тудыру, денсаулығын сақтап, денесін шынықтыру. Ол үшін мектептегі барлық жұмыстар балалардың жасына лайық, организмдерінің ерекшеліктеріне сай жасалады. Оқу - тәрбие жұмыстарының ұзақтығы, ауырлығы оқушылардың жұмыс қабілетіне, жыл маусымдарының организмге әсеріне байланысты жоспарланады. Сондықтан бастауыш сыныптардағы оқу жылы жоғарғы сыныптарға қарағанда қысқа, жазғы демалыстары ұзақ болады.
Оқу бағдарламасы балалардың жасына қарай жылдан жылға күрделеніп отырады. Оқу жылы ішінде әрбір тоқсан сайын оқушыларға демалыс беріп тынықтырады.
Жазғы демалыстан соң балалар еңбекке біртіндеп үйрене бастайды. Бірінші тоқсанның басында оқушылардың сабаққа зейіні төмен болғандықтан оқу жылының алғашқы апталары өткен тақырыптарды қайталап, бекітуге арналады да, жаңа тақырыптарды өте бастайды. Оқу жылының барысында барлық пәндерден мектеп бағдарламасы біртіндеп қиындап, жыл аяғында балалар шаршаған кезде қайта жеңілденеді.

Оқу жоспары балалардың жыл бойындағы еңбек қабілетін де ескереді. Қыркүйек айында және сәуір мен мамыр айларында еңбек қабілеті төмендейді. Яғни қыркүйек айында өткен оқу жылындағы, сәуір мен мамыр айларында жыл бойында оқыған материалдарды қайталайды. Қазан - наурыз айларының арасында еңбек қабілеті күшті болғандықтан негізгі материалдарды, жаңа тақырыптарды өтеді.
----------- Мектептегі сабақ кестесі. Сабақ кестелеріне қойылатын талаптар оқушылардың апталық, айлық, тоқсандық және оқу жылындағы еңбек қабілетіне сай жасалады. Ол аптаның дүйсенбі - сәрсенбі күндері жоғары болады. Бейсенбі күнінің аяғында шаршау белгілері пайда бола бастайды. Жұма, сенбі күндері апталық шаршау белгілері айқындала түседі, жұмыс қабілеті төмендейді. Осыған байланысты оқушы жексенбі күні жақсы демалу үшін аптаның аяғында қиын тапсырма берілмейді. Демалыстан соң, дүйсенбі күні оқушының сабаққа зейіні төмен болады. Осыны ескеріп мектептегі оқу бөлімінің меңгерушісі бұл күні сабақ кестесінде қиын пәндердің санын азайтып, сейсенбі - бейсенбі күндері оларды көбірек қояды. Жұма - сенбі күндері сабақ санын және қиын пәндердің мөлшерін азайтқан жөн. Бұл күндері жеңіл пәндерді көбірек қояды. Жеңіл пәндерге әдебиет, тарих, ән - күй, дене шынықтыру, сурет - сызу пәндері жатады. Қиын сабақтардың алдында денешынықтыру пәнін қоюға болмайды. Себебі денешынықтыру сабағында балалар спорт ойындарын ойнап, жүйкелері қозады да келесі сабаққа зейіні төмен болады. Мектептегі қиын пәндерге физика, математика, грамматика, химия пәндері жатады. Дене еңбегі пәндеріне денешынықтыру, еңбек сабақтары жатады. Әдебиет, тарих физика, астрономия, биология пәндерін ауызша пәндерге жатқызады. Мұндай бөлу шамамен жасалған.

Әрбір оқу күнінің 2 - 3 - сабақтары балалар үшін нәтижелі келеді, 5 - 6 - сағатта шаршау белгілері үдей түседі. Бастауыш сыныптарда шаршау белгілері 3 - ші сабақтың соңында басталып, 4 - ші сабақта анық білінеді. Жоғарғы сынып оқушыларында шаршау белгілері төртінші сабақтың соңында басталады.
Біркелкі еңбек адамды тез қажытып, жылдам шаршатады, сондықтан оқушылардың еңбегін жеңілдету үшін ауызша пәндер мен жазбаша, қиын пәндер мен жеңілдерді, ой еңбегі сабақтарын дене еңбегімен кезектестіріп отыру керек. Еңбектің түрлері ауысып отырғанда, балалардың шаршауы азаяды. Сабақ кестесін дұрыс ұйымдастыру оқушылардың шаршауын азайтып, қалжыратпай оқыту мүмкіндігін тудырады.

Балалардың шаршауын ескере отырып, 1 - 4 - ші сыныптарда күніне 4 сабақтан, 5 - 7 - ші сыныптарда 5 - 6, жоғарғы сыныптарда 6 сабақтан аспауы тиіс. Бағдарламадан тыс, мамандандыруға байланысты факультативтік сабақтар апталық 36 сағат қалыпқа сыймаса, мектептегі мұғалімдер кеңесінің шешімі бойынша арнайы күндері (аптасына 2 реттен асырмай) ғана жоғарғы сыныптарға 7 сабақ қоюға болады. Бақылау жұмыс тарын соңғы сабаққа қалдырмай, қиын тақырыптарды баланың тың кезінде өтеді, қосарланған сабақты (қатарынан 2 әдебиет немесе математика т. с. с.) күнде қоюға болмайды. Себебі баланың ми қыртыстарының нерв клеткалары біртекті ұзақ жұмыстан соң тез шаршайды. Оқушылардың шаршауын азайту үшін ән - күй, дене шынықтыру пәндерінің маңызы зор. Бұл пәндерден кейін баланың миы тынығады. 1 - ші сынып оқушылары алғаш мектепке келген кезде ұзақ уақыт еңбек ете алмайды. Олардың организмі тез шаршайды. Сондықтан толық сабақ уақытына (45 минөтке) біртіндеп үйрету керек. Алғашқы 1 - 2 - ші аптада сабақ ұзақтығы 20 - 25 минөттен басталып, біраздан соң 30 - 35 минөт, содан кейін 45 минөтке созуға болады.

Оқушылардың күн кестесіне қойылатын гигиеналық талаптар. Балалардың күн кестесіне тазалық сақтау, ас қабылдау, таза ауада дем алып, ауа жұту, дене шынықтыру, ұйықтау, мектепте және үйде сабақ оқу, еңбек ету (үй шаруасына көмектесу, мектеп ауласында, ауыл шаруашылығында еңбек ету), қосымша сабақтар мен үйірмелерге қатысу сияқты оқушының күнделікті өмірі жатады.
Күн кестесінің әрбір бөліктері баланың жасына, еңбек қабілетіне, денсаулығына, мінез ерекшеліктеріне қарай қалыптасқан жағдайда оқушының дұрыс өсіп, дамуына, ер жетуіне, денесінің шынығуына, ой өрісінің дұрыс қалыптасып, дамуына тиімді болады. Оқушының үй кестесі мектептің жұмыс кестесіне бейімделіп жасалады. Үйдегі күн кестесі дұрыс ойластырылған болмаса, ол оқушының мектептегі еңбегіне кері әсер етуі мүмкін. Әрбір ата - ана өз баласының күн кестесін жақсы біліп, оның мезгілімен және дұрыс орындалуына жағдай тудырып және қадағалап отыруы керек. Күн кестесі дұрыс болмаса, баланың шаршауы, қалжырауы үдеп, денсаулығы төмендейді, сабақ үлгерімі нашарлайды.

Үйдегі күн кестесінде баланың тазалық сақтау дағдыларының қалыптасуына көп көңіл бөлу керек. Оқушы ұйқыдан тұрған нан кейін таза жуынып, тісін тазартып, даладан келген сайын, ас ішерде және ас қабылдағаннан соң қолын тазартып жууға, аузын шаюға дағдыландыру керек. Осыған орай күн кестесінде таңертең, ас алдында, мектептен және ойыннан қайтқан соң жуынуға уақыт бөлінеді. Баланың денесі шынығу үшін таңғы гигиеналық гимнастикаға 10 - 15 минөт уақыт бөлінеді. Мектептен қайтқан соң оқушы киім ауыстырып, жуынып, асын ішеді. Содан кейін міндетті түрде таза ауада 1, 5 - 2 сағат дем алады, ал 1 - 2 сынып оқушыларының 1 сағаттай ұйықтап алып, қалған уақытта ауада дем алғаны жөн.
Баланың еңбек қабілеті күніне 2 рет (8 - 12 сағ., 16 - 18 сағ.) жоғары болады. Сондықтан бұл мезгілдерді мектепте сабақ оқуына және үйде үй тапсырмаларын орындауға пайдалану керек. Таңертең оқитын оқушылар 16 - 18 сағат, түстен кейін оқитын оқушылар 8 - 12 сағат аралығында сабаққа дайындалғаны жөн. Гигиеналық талапқа сай үй тапсырмаларының мөлшері барлық пәннен де баланың жасына лайық жоспарланады. Сондықтан 1 - ші сынып оқушылары сабақ дайындауға 1 сағат, ал 8 - 11 сынып оқушылары 3 - 4 сағат уақыт жұмсайды.

Сабақ дайындау барысында бастауыш сынып оқушылары әрбір 25 - 30 минөт сайын, жоғары сыныптағылар 45 минөт сайын үзіліс жасап, демалуы керек. Жоғарғы сынып оқушылары 2 сағаттан кейін 20 минөт белсенді түрде дем алғаны дұрыс болады. Сол кезде баланың таңдауына, отбасының жағдайына сай үй шаруасына араласуына немесе қозғалысы мол ойын ойнауына болады.
Оқушының сабаққа дайындалатын жұмыс орын ы таза, бөлмесінің ауасы желдетілген, отыратын орындығы ыңғайлы, барлық жағынан гигиеналық талапқа сай болу керек. Бөлменің шаң тозаңын су шүберекпен сүртіп, терезенің шынысын мезгіл - мезгіл жуып тазартады. Бөлменің тазартуы жеңіл болу үшін қажетсіз артық заттар, жөнсіз әшекейлер болмауы тиіс. Бөлменің жылылығы 18 - 20 - 22 °С, ылғалдығы 50 - 70 %, жарығы мол болғанда ғана оқушының еңбегі гигиеналық тұрғыдан қарағанда дұрыс ұйымдастырылады. Оның жұмыс орыны (үстелі мен орындығы) жарық мол болу үшін терезеге жақын тұрып, баланың дене көрсеткіштеріне сай болу керек. Үстелдің үстіндегі заттарды белгілі тәртіппен орналастырып, дұрыс пайдалану дағдыларын қалыптастырған жағдайда оқушының еңбегі нәтижелі болады. Сондықтан қағаздар, кітаптар, қалам - қарындаштардың тұрақты орыны белгіленіп, дер кезінде жинап отыруды баланың әдетіне айналдыру керек.
Бала денесінің шынығуы үшін таза ауада көбірек болып, дене қимылдары әртүрлі ойындарды (волейбол, футбол, жасырынбақ, т. б.) ойнау керек. Соған байланысты тұрғын үйдің ауласында балалар алаңын жасайды.

Оқушының күн кестесінде ү й қ ы ғ а бөлінген уақыттың маңызы зор. Шаршаған баланың еңбек қабілетін қалпына келтіру, шаршауын басу, денсаулығын сақтау үшін ұйқының физиологиялық мәні күшті болғандықтан, оны дұрыс ұйымдастыруға көп көңіл бөлу керек. Дені сау баланың ұйқысының ұзақтығы 7 жаста 10, 5 - 11 сағат, 10 жаста 10 - 10, 5 сағат, 11 - 13 жаста 9 - 9, 5 сағат, 14 - 17 жаста 8 - 9 сағаттан кем болмау керек. Бұл уақыттың 1 сағатын күндіз ұйықтаса, баланың организміне өте тиімді болады. Ұйқы кезінде баланың денесі дем алып, миындағы күндіз жиналған мәліметтерді еске сақтау жолдары реттеледі, нерв клеткаларындағы қуат қорлары қалыптасады, шаршаған организмнің еңбек қабілеті қалпына келеді. Оқушы үнемі бір мезгілде жатып, тұруға дағдыланғаны жөн. Сонда ұйқы уақыты нәтижелі пайдаланылады. Бастауыш сынып оқушылары кешкі сағат 9 - да, ортаңғы сынып оқушылары 10 - да, жоғарғы сынып оқушылары 10 - 11 - ден бастап ұйықтағаны жөн.

Оқушының күн кестесінде тамақтану мерзім і н е және тағамның қоректік қасиетіне көңіл аударылады. «Ас — адамның арқауы» демекші, организмге қажетті заттарды, қуат қорын дұрыс мезгілімен тамақтану арқылы қамтамасыз етуге болады. Ас қабылдау ұзақтылығы 15 - 20 минөттен 20 - 30 минөтке дейін созылады.
Жалпы алғанда, оқушының күн кестесін құрғанда күнделікті қайталанатын еңбек түрлеріне арналған уақыттан басқа 1 - 1, 5 сағаттай уақытты бос қалдырған жөн. Бұл уақытты әр бала өз қалауынша пайдаланады (спортпен шұғылдану, көркем әдебиетті оқу, кино - театрға бару, кездейсоқ шаруаға қатысу, т. б.).
--------- Оқушының киіну гигиенасы. Киім денені сыртқы ортаның түрлі механикалық, химиялық жағымсыз әсерлерінен сақтайды. Сондықтан баланың денсаулығын қамтамасыз етіп, оның еңбек өнімін арттыруда киімнің маңызы зор. Гигиеналық тұрғыдан қарағанда киім адамды сыртқы әсерлерден қорғап, денеге қажетті жағымды
жағдайларды қамтамасыз етіп қана қоймай, жеңіл, еңбекте, шаруада, қозғалыста қолайлы болу керек. Сондықтан киімнің физикалық және химиялық қасиеттерін білудің (жылу сақтау, ауа мен ылғалды өткізу, суды сіңіру, т. б.) маңызы ерекше. Киімнің эстетикалық мағынасы да көрнекті орын алады.

Киімнің физикалық және химиялық қасиеттері киім тігілген маталардың қасиеттеріне байланысты және қабаттап киген киімнің санына байланысты. Киім тігілетін маталардың жылу мен ауаны өткізгіш, ылғал сіңіру мен өткізу, серпімділік қасиеттері маңызды.
Матаның жылу өткізгіш қасиеті оның негізі мен түктеріне байланысты болады. Қалың, жұмсақ түкті маталар жылуды жақсы сақтайды, себебі түктердің арасында ауа жиналып, жылуды сыртқа шығармайды. Ауа райы өте салқын болғанда киімді қабаттап киген тиімді болады, себебі киім қабаттарының арасындағы ауа жылуды сыртқа шығармай, оны сақтауға көмектеседі.
Маталардың ауа өткізгіш қасиеті киім ішіндегі қажетті ауа қозғалысы мен ауа алмасуын қамтамасыз етеді, яғни киім ішіндегі денеге жақын орналасқан ауаны желдету үшін қажет. Ауа желдетуі жеткіліксіз болғанда баланың еңбек қабілеті төмендеп, көңіл - күйі нашарлайды. Ауа өткізгіштік қасиет бос тоқылған тақыр маталарда жоғары болады, ал капрон, нейлон, жасанды жібектер ауа өткізбейді не нашар өткізеді. Жауында киюге арналған киімдер тігетін арнайы маталар мүлде ауа өткізбейді, сондықтан ондай киімдерді суық желден, жауын - шашыннан қорғану үшін ғана киюге болады.
Киімнің қажетті мөлшерде ылғал сіңіргіш қасиеті денсаулық сақтауда маңызды орын алады. Ылғал сіңіргіш қасиет деп маталардың ауадағы судың буын немесе денеден шыққан терді сіңіру қабілетін айтады. Бұл қасиет арқылы киім ішіндегі жылу дұрыс алмасады. Жүн, трикотаж (тоқыма), жібектен тоқылған маталардың ылғал сіңіргіш қасиеті жоғары, ал жасанды жібекте өте нашар болады.

Эстетикалық және гигиеналық тұрғыдан қарағанда киімнің серпімділік (қалпын сақтау) қасиетінің де маңызы бар. Бұл қасиет жүн, мақта маталарда талапқа сай, ал жасанды жібектердің кейбіреуінде нашар болады.
Сонымен, киімнің қасиеттері матаның қасиеттеріне байланысты, сондықтан барлық елдерде өндірілетін маталар арнайы санитарлық - гигиеналық сынақтан өтеді. Соның негізінде маталарды пайдалану жолдары мен тәртібі анықталады. Ғылым мен техниканың дамуына байланысты қазір көптеген жасанды жіптерден тоқылатын маталар өндіріледі, себебі олардың өзара құны табиғи жіптен тоқылған маталардан арзан және көптеген түрлі - түрлі әсерлерге төзімділігі жоғары, жеңіл, мықты келеді, әсемдік, жеңілдік, қалпын сақтау қасиеттері жағынан жүннен тоқылған маталардан кем түспейді, бірақ олардың ылғал сіңіру қасиеті төмен болады. Капрон, нейлон, т. б. жасанды жіптерден тоқылған маталар күннің ультра күлгін сәулелерін жақсы өткізетін, өте мықты, әсем болғанымен, мүлде тер сіңірмейді, сондықтан денедегі тер, май бездерінің қызметін нашарлатып түрлі тері ауруларын тудырады. Соған байланысты Мұндай маталардан іш киім, денеге тиетін үстіңгі жеңіл киімді тігуге болмайды.

Киімге деген гигиеналық талаптар оның түрін, пайдалану жағдайларын, ауа райын, қызмет бабын ескереді. Жалпы алғанда, барлық киімнің түрлерін 4 топқа бөледі: сыртқы ауыр киім және жылы бас киім, сыртқы жеңіл киім, іш киім, аяқ киім.
Оқушылардың сыртқы ауыр жылы киімі (пальто, тон, жылы курткалар, малақай, т. б.) жеңіл, жылы, баланың денесіне сай болу керек. Шектен тыс жылы киіну баланы ыстықтатып, терлеуіне, көңіл - күйінің, еңбегінің нашарлауына себеп болады. Тым жылы киінген балалардың суық тиіп, қабыну ауруларына ұшырауы жиі кездеседі, оларда тез «тер қатады
Сыртқы жеңіл киім (костюм, көйлек, т. б.) баланың денесіне ықшам, қозғалысына қолайлы, жеңіл, мықты, әсем және таза болуы тиіс. Оның түрлі физикалық және химиялық қасиеттері гигиеналық талапқа сай, тігістері, түймелері, белбеулері денеге батпайтын, қан тамырлары мен көкірек қуысындағы мүшелердің қызметіне кедергі жасамайтын, ыңғайлы болғаны жөн. Жазғы ыстықта ауа райына сай өте жеңіл, күн сәулесін жақсы шашырататын, ауаны жақсы өткізетін киім киеді. 
Ондай киімдер мақта жіптен, табиғи жібек жіптерінен тоқылған маталардан тігіледі.
Iш киім табиғи жіптен тоқылған маталардан тігіледі. Ол әрі тер сіңіргіш, әрі жылу өткізгіш маталардан тігіледі. Іш киімнің тазалығы организм үшін өте маңызды, сондықтан оны мезгілімен жуып, тазартып отырған дұрыс. Жазда іш киімді жұмасына 2 - 3 рет, ал қыста 1 - 2 рет ауыстырып таза киіну керек.

Аяқ киім табанды тоңазудан, судан, түрлі механикалық жағымсыз әсерден, кірден сақтайды. Оның пішіні, мөлшері аяқтың табанына сәйкес болғаны жөн. Тар аяқ киім табанның қан тамырларының қызметін нашарлатып қана қоймай, онда көптеген анатомиялық кемшіліктерді тудырады. Мысалы, саусақтардың қисық өсіп, жалпақ табанның пайда болуы, терінің жарақаттануы т. с. с. Тар аяқ киімнің қан тамырларының қызметін нашарлатуына байланысты аяқтың тершең болуы, тез тоңазуы іспетті функциялық өзгерістер де пайда болады. Гигиеналық тұрғыдан қарағанда аяқ киім жеңіл, ықшам болып, ауаны жақсы өткізіп, аяқты дұрыс желдетуге және қажетті жылулықты сақтауына қолайлы, қозғалысқа кедергі жасамайтындай болуы тиіс. Аяқ киімнің, әсіресе жылуды сақтау және су өткізбеу қасиеттері ауа райына сай болғаны жөн. Ондай аяқ киім жақсы өңделген елтіріден тігіледі. Күн салқын кезде аяқ киімнің ішінен жылуды жақсы сақтайтын, айталық киізден ұлтарақ салып, жүннен тоқылған жылы шұлық киеді. Мұндай өте жылы аяқкиімді үйде киюге болмайды. Қысқы аяқ киімнің мөлшері 1 - 1, 5 размер үлкен болып, ал жазғы аяқ киім жеңіл, аяққа сай болу керек.

«Салауатты өмір сүру дегеніміз – тазалық сақтап, дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану.»
Бала тәрбиесіне қазақ халқы ерте кезден көңіл бөліп, баланың ақыл - ойының, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына ерекше көңіл бөліп отырған. Бұған дәлел қазақтың спорттық ойындары. Жас кезінен бастап балаларға дұрыс тәрбие беріп, асық атып, атқа мініп, теңге іліп, бәйгеге шауып, күреске түсіп өскен жастар шымыр да шыныққан, епті де икемді болғанын білеміз.
Қазіргі уақытты өткен кезеңмен салыстыра алмайсың. Себебі уақыт өте көптеген өзгерістер өмірге енді. Тіпті бала тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қараймыз. Қазіргі таңдағы қоғамдағы жат қылықтар жастарға кері әсерін тигізуде. Жастар арасындағы темекі, ішімдікке еліктеушілік, тіпті нашақұмарлық та дендеп бара жатқандай. Қазіргі ғаламдық жаңару кезінде компьютерге тәуелділік мәселесі де қосылып отыр. Қызығушылықпен істеген істің арты немен тынарын да түсінбей істеп опық жеуі мүмкін.

Қазақ халқы « тәрбие басы - тал бесік» деп бекер айтпаса керек. Жат әрекеттерге қарсы тәрбиені отбасы ошақ қасынан бастаған жөн. Ал одан кейінгі балабақша, мектепте, арнаулы оқу орнында, жоғарғы оқу орнында дұрыс тәрбие бере отырып өмірге бейімдеп қалыптастыруымыз қажет. Қазіргі таңдағы мемлекетіміздің негізгі мақсаты қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Салауатты өмір салты дегеніміз - адамның тұрмыстағы күнделікті қалыптасқан дағдысы мен әдеті бойынша еңбек ету, бос уақытын дұрыс пайдалана білу, өзінің рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандырып, саяси және қоғамдық өмірге белсене қатысуы. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы зор. Оның маңызды міндеттерінің бірі оқушылардың салауатты өмірге деген ықылас жігерін қалыптастыру болып табылады. Оның маңыздылығы жыл сайын артып келеді. Жастарды болашақтың тірегі болатын, денсаулығы мықты азамат ретінде қалыптастыру керек.

Елбасы казіргі жастардың болашағына зор сеніммен қарап үміт артады. Яғни, дені - сау, білімді, білікті, жан - жақты қалыптасқан болашақ жастарды елестетеді.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына орай Президентіміздің «Еліміздің болашақта гүлденуі бүгіннен басталады» атты жолдауындағы 4 - ші бөлімі азаматтарымыздың салауатты өмір сүруіне арналғаны белгілі.
Бұны Елбасы жолдауындағы «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т. с. с. бағытталған» деген жолдарынан байқауымызға болады.
Сондай - ақ Президентіміздің қолдауымен 2003 жыл – денсаулық жылы болып жарияланған. Расында да, бүгінгі таңда еліміздің ақсақалдарынан кішкентай баласына дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде.
Дене тәрбиесі – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан – жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз. Бір сөзбен айтқанда, дене тәрбиесі - барлық тәрбие атаулының бір саласы. Оның түп қазығы - қозғалыс, қозғалыссыз тіршілік болмақ емес. Дене тәрбиесі жаттығуларын жүйеге түсіріп белгілі бір мақсатқа бағыттаса, оның берері көп. Атам қазақ бірінші байлық - денсаулық деген, ал сол денсаулықтың кепілі – спорт. Спорт сөзінің мағынасы кең. Дене тәрбиесі соның құрамдас бөлігі, дәлірек айтқанда бастапқы баспалдағы. Онымен тұрақты шұғылданған адамның денсаулығы мықты болмақ. Бұл сөз кезегінде жақсы оқуға жемісті еңбек етуге деген ынта - жігерді арттырады. 

Ал жасампаз еңбек елдің табысын еселейді. Отанның данқын асқақтатады. Денсаулығы күшті, бойында қуат күші мол шымыр - шыныққан, жан - жақты дамыған адам Отаншыл келеді, Ата - баба аманаттан қалдырған байтақ жерді қорғауға қабілетті келеді.
Біздің лицейімізде де Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру тәрбие тұжырымдамасы аясындағы «Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру» бағыты бойынша оқушылардың бойында салауаттылықты қалыптастыру мақсатында түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылуда.
Атап айтар болсақ,
Таңертеңгілік дене жаттығуларын орындау;
Түрлі спорт секцияларын ұйымдастыру ( баскетбол, волейбол, футбол т. б)
Қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау (аударыспақ, тоғызқұмалақ, батпан көтеру)
Мекемелер арасында жолдастық кездесулер өткізу;
Қалалық спорт мектебімен байланыс орнату.
Бүгінгі таңда оқу жүйесіне президенттік тесттің бағдарламасы да кіріп отыр. Әрине, президенттік тесттің нормативтер көрсеткіштерінен сынама тапсыру әркімнің міндеті болып табылады.

Әр топтың спорт секторлары дене тәрбиесі пәнінің оқытушыларымен тығыз байланыс жасап отырады. Лицей табалдырығын аттаған І курс оқушылары үшін дәстүрлі кіші футболдан жарыс жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Барлық топ оқушыларымен бірге топтың жетекшілері мен шеберлерін қосып эстафеталық жарысты өткізу де дәстүрге айналған. Лицей қызметкері Егізбай Дүзбайды еске алуға арналған турнир де қала көлемінде жыл сайын ұйымдастырылып келеді.
Лицей оқушылары мен оқытушылары арасында спорттық ойындардың ішінде қозғалмалы ойындарға қызығушылық өте басым. Қозғалмалы ойындарға баскетбол, волейбол, футболды жатқызуға болады. Бұл жаттығулардың пайдасына тоқтала кетейік.
Спорттық ойындардың бір түрі – баскетбол. Бүкіл әлемге тараған ойындардың бірі
Баскетбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан тұрады – жүгіру, жүру, секіру және лақтыру. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болсын, бәрі ойнай береді. Сондықтан да баскетбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді және ағзаға пайдалы болып табылады. Баскетбол ойыны адамның көңілін шаттандырып, іскерлігін арттырады. Бүгінгі баскетбол ойынының даму деңгейі өзінің ең жоғарғы нүктесіне жетті деуге болады, себебі ойынның бүгінгідей жылдамдығы бұрын - соңды болып көрген жоқ. Ойыншының қозғалысы, жүгіру жылдамдығы секіру және лақтыру, кілт тоқтауы. Міне, мұның барлығы жалпы дамыту жылдамдығын, ойыншылардың дайындық деңгейін көрсетеді.

Баскетбол, спорт ойындарының бір түрі ретінде барлық оқу орындарының бағдарламасына кіреді. Арнаулы оқу орындарының студенттері бұл кезеңде баскетбол ойынын ойнап, белгілі деңгейде дайындықпен келді деп есептеледі. Сондықтан бұл оқушылар оқу процесінде ойынның негізгі айла - тәсілдері, тыныс алу және ойын жүйесін біледі, жарысқа да қатыса алады.
Волейбол – спорттың кең тараған ойындардың бір түрі. Тіпті, су бойында жағажайда да жарыстар өткізіледі.
Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру, т. б. жаттығулардан тұрады. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болмасын, бәрі ойнай береді. Сондықтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып табылады. Волейбол ойыны адамның көңілін шаттандырып, іскерлікті арттырады.
Лицей оқушылары жыл бойына төмендегідей жетістіктерге жетіп жүргені пән оқытушыларының тынымсыз еңбегі деп білемін.
«Қозғалмалы ойындардың жетістіктері»

Қорыта айтқанда, өмір өлшемі — салауаттық, салауаттық - өмір заңы. Салауатты өмір сүрмей тұрып, өміріңе қажетті нәрсені ала алмайсың. Адам баласының жарасымды тұрмыс құрып, үйлесімді дамуы үшін біздің елде барлық жағдай жасалған. Өнердің, спорттың сан - салалы түрімен айналысуға болады ғой. Олардың қайсысынан болса да жан дүниең ләззат тауып, сезіміңе әдемі түйсік алады емессің бе Одан өмірің мәнді, мазмұнды бола түседі емес пе? Олай болса, арақсыз, есірткісіз, темекісіз әрі мазмұнды, әрі сәнді өмір сүруге болады. Алдамшы құмарлықтан бас тартып, өзін - өзі билей білу — адам бойындағы ізгі қасиет, үлкен парасаттылық.
Біздің Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев салауатты өмір сүрудің арқасында жас жігітше таудың шыңына шығып, шаңғы теуіп, теннис ойнап, суға шомылып, атпен серуендеп, ауырмай өмір сүрудің үлгісін көрсетуде. Ендеше, Абай атамыз айтпақшы, «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын» дегендей, еңбексіз, белсенді дене қозғалысынсыз мықты денсаулық, бақытты өмір жоқ

Денсаулық – басты байлық өмірдегі,
Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.
Салауатты өмір салтын насихаттап,
Атанайық жақсы азамат өңірдегі.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұзақ үрдіс, бірақ бұл нағыз денсаулықты сақтайтын және нығайтатын жолдардың бірі. Ол оқушылардың өз денсаулығын сақтауға жауапкершілігін едәуір дәрежеде арттырады. Академик н. М. Амосов айтқандай: Денсаулығың мықты болуы үшін өзіңнің күшің болуы қажет, оны ешнәрсемен ауыстыруға болмайды
«Дене шынықтыру сабағындағы ұлттық ойындардың орны.»

Әр халықтың өз ұрпағын өмірге әзірлеуде, баулып тәрбиелеуде өзіне ғана тән ерекшеліктері болады. Ол ерекшеліктері ең алдымен сол халықтың әдет - ғұрпын, салт - санасы тұрмысы мен дәстүрлеріне байланысты қалыптасады. Сондықтан осы ұғымды өз бойына жинаған барлық тәрбие құралдарын біз бүгінде халық педагогикасы деп атаймыз. Халық педагогикасының бір саласы - ұлт ойындары. Қазақ халқының ұлт ойындарының өзіне тән бір ерекшелігі сол ол тек көңіл аулап, қызық қуып, уақыт өткізу үшін емес, белгілі бір білімділік тәрбиелік мақсат көздейтінінде. Қазақ халқының ұлт ойындары негізінен үш саладан тұрады. 1) Ойын - сауық ойындары. 2) Оймен келетін ойындар. 3) Дене шынықтыру спорт ойындары. Сондай - ақ халық ойындары оқушылардың денелерін шыңдап оларды икемділікке, төзімділік пен шапшаңдыққа, тапқырлық пен алғырлыққа, дәлдік пен ептілікке баулитынын айтады. Дене шынықтыру сабағы жоғары адамгершілік рухта тәрбиелеудің белсенді құралы ретінде мектепте берілетін барлық білім негіздерімен астасып, жалпыға бірдей орта білім беру идеяларын іске асырып соның нәтижесінде қоғамдық пайдалы еңбекке араласуы мен отан қорғау ісіндегі жүйелі тәрбиенің негізін құрайды.

Дене шынықтыру сабағында ұлттық ойындарын пайдалануда мен күнбе - күнгі сабаққа әзірлену кезінде белгілеп, сабақ жоспарында көрсетемін. Ойындарды негізінен сабақтың басында да, ортасында да, соңында да пайдалануға болады. Осыған орай оқушылардың дене шынықтыруымен ынта жігерлерін арттырудың тамаша құралдарының бірі өз ұғымдарына түсінікті қимыл ойындары болып келеді. Алғашқы бірнеше сабақ бойы ойыннан негізгі материалға, одан қайта ойынға, одан қайта негізгі материалға өтемін. сабақтың аяғын ойынмен аяқтаймын. Мысалы:(қолдың, аяқтың, дененің негізгі қалыптары мен қозғалыстар) тақырыбына байланысты жаттығулар өткен кезде «Мысық пен тышқан» ойынын пайдалануға болады.
«Ауырып ем ізденгенше,
Ауырмаудың жолын ізде»---------------
Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз. Сонсоң өзіміз ауа жайылып жүре береміз. Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас дертке шалдығып санымызды соғамыз. “Жалған – ай!” деп көкірегіміз қарс айырылып, өмірден түңіле бастаймыз.

“Тәннен жан артық еді, - дейді Абай атамыз - тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ біз олай қылмады, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүрген еді. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік, жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілмен қарамадық, көңіл айтып тұрса сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргеннен - ақ тойдық…”

Тәннен жан артық… Билік жанда ғой. Бірақ ғұмырымыз аз ба, көп пе… кеше, бүгін, шамасы ертең де билік жанда емес тәнде Пендешіліктен тәнді тоғайтып, сөйтіп аурулар қатарын молайтып жүрген жай бар. Тым болмаса, жан мен тән бірлігін, ара қатынасындағы бірлікті неге сақтамасқа? Біреу үшін емес, өзің үшін, отбасың, өзіңсіз толайым болмайтын көкірегің үшін.
Денсаулық - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау - бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз.
Қазіргі уақыттағы әлеуметтік - экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде.

Ел Президентінің “Қазақстан - 2030” жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – “Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мән әл ауқаты” тармағында,“…азамат - тарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін” азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан - жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.
Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру туралы елбасының жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе болады.

“Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі” деп тегін айтылмаған.
Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық және өлім – жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығы қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі құмарлық және улы заттарға әуестік, адамгершілікке жат мінез - құлық, ерте жыныстық қатынас кеңінен етек алуда.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының дерегі бойынша халық денсаулығының 49 - 50 % өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17 - 20 % қоршаған орта ерекшеліктеріне байланысты. Сонымен қатар денсаулық қатерінің негізгі факторларына мыналар да енеді: қозғалыс күшінің кему салдарынан қимылдың кемуі (гиподинамия) дене массасының артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының барлығының көптеген уытты заттармен ластануы, өндірісте және тұрмыста күйзеліс туғызатын жағдайлар, зиянды әдеттердің – шылым шегу, алкоголь пайдалану, нашақорлық көп таралуы.

Қорыта келгенде, академик Н. М. Амосов айтқандай: “Денсаулығың мықты болуы үшін мәнді өз күшің болу қажет, оны еш нәрсемен ауыстыруға болмайды.”
Құрбы - құрдастар, егемен еліміздің болашағы біздер. Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі - адамдардың өзі. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, СПИД, ішімдік, темекіден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын насихаттайық.
«Қортынды»
Ей замандас, алдыменен досыңды ұқ.
Досың спорт, таза ауа, өсімдік.
Ала жүріп, осылардың сыйлығын –
Жаңа ғасырға біз берейік көріктік.

Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі.
Атамыз қазақтың «Бірінші байлық - денсаулық», яки болмаса «Денсаулық – терең байлық» деген даналық мәтелдері тіршіліктің нағыз өзегінен алынған емес пе? Денсаулықтың қадірін, маңызын айрықша ұғынып барлық игіліктен жоғары санаған. Тағы да «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп жан мен тән саулығын қоршаған орта аясында дұрыс сақтап және нығайтуға түрлі пайдалы әрекеттер жасап отырған.
Жасырары жоқ, күні бүгінге дейін небір ғұлама ғалымдар, біліктілігі күшті дәрігерлер де «Денсаулық деген не?» деген сұраққа әлі толымды, тұшымды, дәл анықтама бере алмай келеді. Қолымызда тек ВОЗ (дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) қалыптастырған анықтама бар. Бұл бойынша Денсаулық – жан, тән және адамның әлеуметтік жағдайының қоңдылығы. Байқап отырсаңыз жан иесінің жалғыз анатомиялық дұрыс қалпына ғана емес, оның әлеуметтік жағдай - тұрпатына да ерекше мән берілген.

Жуырда ғана өткен дәрігерлер мен провизорлардың съезінде сөйлеген сөзінде еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаев: «Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі» деп тағы да айрықша айқындап атап өтті. Сонымен қатар келешек атқарылатын істердің басты стратегиялық бағыттарын да көрсетті.
Бірінші: балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына айрықша көңіл бөлу.
Екінші: халықты қол жетерлік және саналы медициналық көмекпен қамтамасыз ету.
Үшінші: отандық медицина ғылымын дамыту.
Осы бағыттама аясында ел басқарған ағалармен біріге отырып, түрлі індеттердің алдын алу керек. Салауатты өмір салтын ұсынбаған мемлекеттің экономикасы құлдырайтыны сөзсіз. Ауру адам қандай іс бітірмек!

Жастар – болашағымыздың алтын тірегі. Жастар арасындағы нашақорлық пен маскүнемдіктің алдын алу үшін мен мынадай деректер мен цифрларды ұсынғым келіп тұр.
Жасыратыны жоқ бүгіндері елімізде осынау қауіпті нашақорлықпен айналысатындар саны өсіп барады. Есірткінің медициналық - әлеуметтік проблемалары республика орталығының мәліметіне қарағанда, бұл кеселге тәуелді болғандардың саны 250 мыңнан асады екен. Ал 1, 5 млн - дай адам нашақорлыққа бейімділік сәтінде отпен ойнағандай әрі - сәрі күй кешуде. Әсіресе кәмелетке толмағандардың әлгіндей қатерлі дертке әуестене түсуі қатты ойландыруы тиіс. Міне, сондықтан да қоғамымызда ертеңгі болашағы үшін мұндай тағылымды шаралардың өткізіліп тұруы ғанибетті іс болмақ. 

Жылына БҰҰ - ның сараптауы бойынша есірткінің негізгі массасы 65% Орта Азия арқылы өтеді, ал Қазақстан арқылы жылына 150 тонна өтеді. Қазақстан Республикасы бойынша 47 мың адам есірткіні қолданатындар тізімінде. Қазақстан жерінде жеңіл есірткіден гөрі өте улы түріне көбірек сұраныс болып жатыр. Республикадағы есірткіні көп пайдаланатын нашақорлар саны қарқынды өсіп келе жатқан қара дақтар. Мысалы: Теміртау қаласында 9 ай ішінде 633 нашақор бар екені анықталып, 111 заңды бұзғандықтан істері сотта қаралған. Өз облысымызда 20 мың 732 нашақор, 637 СПИД ауруына шалдыққандар тіркелген. Осылардың 48%- ы қылмыскерлер.
Тағы да айтарым, өкінішке орай көптеген азаматтарымыз өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға жауапты емес, немқұрайды қарайды. Тіпті денсаулығы өзіне емес, тек дәрігерлерге қажет сияқты медицинаға тұтынушылық немесе масылдық пиғылы бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЕНГІЗУДІҢ ТИІМДІ ЖАҚТАРЫ

Елбасы Н.Ә. Назарбаев әрбір жылғы халқына арнаған жолдауында: «жедел дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті; ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық мәдениетті бойында қалыптастырған; шығармашылығы дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру» деп атап өткен болатын.
Бүгінде білім - қоғамның әлеуметтік-экономикалық, интеллектуалдық және рухани дамуының стратегиялық бағдары ғана емес, сонымен қатар біздің қоғамымыздың қауіпсіздігінің кепілі.
Оқытудағы жаңа технология аса қажетті педагогикалық мәселелердің шешімдерін табуға, ой еңбегін арттыруға, оқу процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді. Жаңа технологияларды оқыту үрдісінде қолданудың негізгі ерекшелігі ол оқытушылар мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасауға көп мүмкіндік береді және оны педагогикалық мақсатта пайдалану оқушылардың зердесіне, сезіміне, көзқарасына әсер ете отырып оның интеллектуалдық мүмкіншіліктерін арттыруға көмектеседі.
Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек. Дене тәрбиесі тек мектептегі дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс, мектептен де тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді. Мұндай маңызды әдістеме ғылыми және оқу пәні ретінде жетекші рөл атқаратын, дене тәрбиесі
саласындағы кәсіптік бағытта болашақ мұғалімдерді дайындауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарындағы оқыту жүйесіне тікелей байланысты. Қазіргі кезеңде жалпы орта мектептердегі оқу бағдарламаларын құрастыру бағыт-бағдары өзгерді. Алайда, бұлардың бәрінде мектеп оқушыларын қайда оқитындығы ескерілмейді, олардың меңгеруі тиіс негізгі дағдылар мен қабілеттер, оқу нормасын тапсыруға арналған шарттар көрсетілген. Денені шынықтыру жаттығуларының орындалуы қозғалыс дайындығының деңгейі туралы мәлімет береді. Дегенмен, бұл бағдарламалар базалық, үлгілік сипатқа ие, сондықтан оларды әрбір педагог жергілікті жағдай мен салт-дәстүрлерге орай өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, өзгерте алады. Дене тәрбиесі мәселелерін шығармашылық тұрғыда шешуге, өзгермелі өмір жағдайында инновациялық процестер мен жаңашыл бағыттарды дер кезінде меңгере отырып, тәжірибеге сын көзбен қарап, дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға белсенді, салауаттылық пен дене мәдениетін меңгерген маман даярлаудың маңыздылығы артуда.
Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, оқушылардың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі біздің тақырыбымыздың өзектілігін айқындай түседі.
Елімізде бәсекеге қабілетті білім – білім беру саласының ең басты міндеті болып отыр. Дамудың алдыңғы қатарындағы елдердің білім дәрежесімен теңесу – еліміздің біліми саясатының негізгі көздегені. Дамыған елу елдің қатарына енудің алғышарттарының бірі де осы сапалы да бәсекеге қабілетті білім. Сондықтан да еліміздегі мектептердегі білім берудің басты ұстанымдары мен міндеттері, әрекеттері, жолдары осы мақсатқа орай ұйымдастырылады.
Мақсатқа жетудің түрлі жолдары бар. Солардың бірі де бірегейі оқытудың жаңа технологияларын пайдалану. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының (Астана, 2000 жыл) 18-бабының 8-тармағында: «Оқытудың жаңа технологияларын сынақтан өткізу, білім берудің жаңа мазмұнын енгізу үшін білім беру ұйымдарында эксперимент тәртібімен іске асырылатын білім беру бағдарламалары әзірлену мүмкіндігі», - атап көрсетілген [1]. Осыған орай қазір еліміздегі көптеген мектептерде білім берудің жаңа жүйесі енгізіліп, әлемдік білім беру кеңістігіне бет алуда. Білімі мен ғылымы өз дәрежесінде дамыған елдер көш бастап, қашан да елдік дамудың кез келген саласында озық тұрары сөзсіз. Бізде осы көштен қалмаудың қамын жасап бағудамыз.
Жалпы орта мектептердегі «Дене тәрбиесі» пәнінің мақсаты әлі күнге дейін толықтыруды қажет етеді, осыған орай оның ғылыми негізделген бағыт-бағдарын жасау қажеттілігі туындайды. Осы бағыттағы ізденістердің тиімдісі дене тәрбиесі сабағында дәстүрлі емес оқыту құралдарын қолдануды зерттеу болып табылады.
Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді.
Республикамыздағы білім беру саласында және әртүрлі қолдану салаларына байланысты жаңа бағыттағы спорт, дене тәрбиесі жүйесі бойынша мамандарға деген сұраныстардың артуы, оларды дайындаудағы білімділігі мен қабілеттілігі, біліктіліктің қазіргі талаптарға сай болуы өте үлкен маңызды жұмыстарды атқаруды талап етеді және болашақ педагогтардың кәсіби даярлығын, білім стандартына, мазмұнына сай жетілдіру мәселелері көкейкесті мәселе болып отыр. Көрсетілген міндеттерді толық жүзеге асыру дене тәрбиесі жүйесіне тікелей байланысты. Дене тәрбиесін жүзеге асыру – денсаулықты нығайту, білім беру, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған педагогикалық жұмыстардың бірі бола отырып, жеке тұлғаның денсаулық деңгейін арттыру, табиғи күш-қуатын нығайту, дене мүшелерін гигиеналық негіздері мен дене- қозғалыс қабілеті мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, өзін- өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды. Болашақ ұрпағымыздың денсаулығының мықтылығы, салауатты өмір сүруі мектеп мұғалімінің жеке басымен оның жоғары оқу орнындағы теориялық жеке тәжірибелік дайындығының дәрежесіне тікелей байланысты. Осыған орай оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыруға болашақ мұғалімдерді даярлау ісін кәсіби дайындықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек. Дене тәрбиесі және спорт мамандары күрделі әлеуметтік міндеттерді шешуге араласумен бірге оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне сай, оқу-тәрбие міндеттерін шешуде олардың рухани жетекшісі де болуы тиіс.
Оқушыларға дене шынықтыру сабақтарында жаңа технологияны пайдалану оқыту мен тәрбиелеудің жалпы заңдылықтарына бағынған. Сондықтан оны іске асыру барысында дене тәрбиесінің жас және жыныстық ерекшеліктерін ескере отырып, осы заңдылықтарды көрсететін жалпы педагогикалық ұстанымдарды басшылыққа алу қажет. Ол ұстанымдарға жататындар: жан- жақтылық, саналылық пен белсенділік, бірте-бірте жасалатын әрекет, қайталамалық, көрнекілік, жеке даралық.
Оқу үдерісінің үздіксіздігі негізгі үш қағидаларда көрініс тапқан:
а) оқу-тәрбие үдерісі көп жылғы және жыл бойындағы сипатқа ие болуы тиіс;
ә) сабақ барысында әрбір келесі сабақтың әсері алдыңғы сабақтың ізінше қатпарлы әсер қалдыруы тиіс, себебі жас оқушының ағзасында алдыңғы сабақтардың әсерінен пайда болған жағымды өзгерістер беки түсуі және жетіле түсуі қажет;
б) демалыс жұмыс қабілетін қалпына келтірудің арта түсуі үшін жеткілікті болуы тиіс.
Дене жүктемелерін бірте-бірте және жоғары деңгейге арттыру ұстанымы олардың көлемі мен қарқындылығының, оқушыны дайындауға қойылатын талаптардың бірте-бірте күрделенуінің үздіксіз арта түсуімен байланысты болып келеді. 
Сабақтарды бір-бірте күрделендіру оқушыны дайындаудың мүмкіндіктері мен деңгейлеріне сәйкес келіп, олардың спорттық жетістіктерінің үздіксіз арта түсуін қамтамасыз етуі тиіс. Дене жүктемелерінің толқынды түрде өзгеру ұстанымы олардың динамикасының толқынды сипатын көрсетеді, себебі ол салыстырмалы алғанда оқу – тәрбие үдерісінің кіші-гірім үзіндісіне, немесе сабақтардың кезеңдері мен тұтас бір дәуіріне де тән болуы мүмкін.
Спорттық техника мен оны жаңа тұрғыда жетілдіруге үйрету әдістерінің кез-келген түрінің жағымды жақтары бар, бірақ ол жеке қалпында шапшаң әрі тиімді үйретуді толық қамтамасыз ете алмайды, сондықтан спорттық техниканы меңгеру барысында барлық әдістер бірін-бірі толықтыратын түрде қолданылады. Олар жиірек бір уақытта пайдаланылады.
Қимыл-қозғалыстарды белгілі реттілікте игеру. Атап айтқанда: дайындалып жүрген оқушылардың оқуға деген жағымды ынтасын қалыптастыру; қозғалыс қимылының мәні туралы білімді қалыптастыру; әрбір спорт түрлері бойынша үйренетін қозғалыстар туралы толық түсінікті қалыптастыру; үйренетін қозғалыс қимылын тұтастай игеру. Сөйтіп, қимылға үйрету дегеніміз - бұл білім алу, қозғалыс икемділігін қалыптастыру және тиісті дене жағынан қалыптасудың қасиеттерін тәрбиелеу.
Талдау, жалпы білім беру мектептерінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру мен басқаруға білім беру мен спорттық мекемелерге тән құрылымдар - мақсат, жалпы және арнайы (арнайылық) міндеттер, әдістер мен қағидалар, оқу кеңістігінде жүзеге асатын, нақты бағыттылығы бар, оқу материалының теориялық және тәжірибелік мазмұны кіретінін көрсетті. Оқушы-спортшының осы білім беру кеңістігіндегі таңдаған жолының басы, мектептегі оқу мерзіміндегі бастапқы кезеңнің де нақты құрылымы немесе мазмұны болады.
Дене тәрбиесі сабағында оқытудың дәстүрлі емес құралдарын қолдану барсында оқушылардың дене тәрбиесін дамыту технологияларын жетілдіруге; дене тәрбиесі сабақтарында оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге, дене тәрбиесі арқылы жеке тұлғаның психофизиологиясын өзгеруге: өзін-өзі реттеуін қалыптастыру; дене тәрбиесі сабақтарын пәнаралық байланыс арқылы жетілдіру; дене қабілетін рухани құндылықтар арқылы дамыту; релаксация арқылы жеке тұлғаның психофизиологиялық қабілеттерін дамыту; психикалық қуат мүмкіндіктері мен дене тәрбиесін сабақтастырып дамытуға т.б. қол жеткізуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Спорт және дене тәрбиесі

Қазақ халқының дене тәрбиесіне, оны шынықтыруға, ептілікке, денсаулықты, көңіл-күйді көтеруге арналған осы кездегі дене тәрбиесі мен спорт нышаны ерте заманда-ақ халық кәдесіне жарағандығын кейбір археологиялық деректер дәлелдейді. 1970 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында б.з.б. 4 – 3 ғасырларда тоғызқұмалақ тастары табылды. Сол жылы Тараз қаласынан 30 км жерде археологтар тоғызқұмалақ тақтасының тасқа қашап салынған суретін кездестірді. Түрік қағандығыдәуірінде Қазақстан жерінде көптеген қалалар салынып, мәдени орталықтар бой көтерді. Көне Таразда әнші-күйшілер, шабандоздар, садақ тартушылар, балуандар, басқа да күш өнерін көрсетушілер бас қосып отырған. 7 ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан жерін жаулап алған Араб халифаты ислам дінін уағыздаумен қатар, шахмат (шатрандж) ойынының таралуына, оның дамуына айтарлықтай ықпал етті. Сөйтіп, көшпенді деп аталып келген қазақ халқы дене тәрбиесін, оның ішіндеспортты дамытуға көңіл бөлгені байқалады.

A.

"Бәйге жарысы"

Ежелден садақ тартубәйгесайыскүресаударыспақ сияқты спорт түрлерімен айналысқан қазақ халқы басқа да спорт түрлерімен айналысу арқылы өздерінің рухани байлықтарын жетілдіріп, толықтырып отырған. Халық өзіне лайықты деп санаған ұлттық спорт түрлерін, әр түрлі дене жаттығуларын үнемі жетілдіріп келген. Әр рудың, әр жүздің, әрбір хан мен бай-манаптың, болыс-бектің өз балуаны, өз мергені, өз сәйгүлігі болған. Олар бәйге-жарыстарда ірі рулардың намысын қорғаған

"Күрес"

Қазақ халқы арасында спорттың дамуына әр ұлт өкілдерімен арадағы қарым-қатынастың нығаюы көп әсер етті. Мұндай жағдай, әсіресе, Қазан төңкерісіненкейін берік қалыптасты. Алғашқы кезеңде спорт пен дене тәрбиесі еңбекшілердің денсаулығын нығайту, жалпы гигиеналық мәселелер, әскери шынықтыру даярлығын жақсарту мақсатында жүргізілді. 1918 жылдың 1-жартысында жұмысшылар клубтарында гимнастикамен айналысатын үйірмелер ұйымдастырыла бастады. Халық ағарту органдары мен комсомол ұйымдары қыруар жұмыстар атқарып, жастар күшімен спорт алаңдарын, әскери даярлық ісіне жаттығу өткізетін орындар жасады. 1920 жылы 1 қазанда Қазақстанның сол кездегі астанасы Орынбор қаласында дене тәрбиесі нұсқаушылары және ұйымдастырушыларымен әскерге баратын жастарды спортқа баулуға арналған курстар ұйымдастырылды. Оған жүзден астам кісі қатысты. Оның тең жартысынан көбі қазақ жастары болатын. Мұнан соң Ақтөбе, Гурьев (қазіргі Атырау), Орал, Верный (қазіргі Алматы), ОрынборПетропавл,ҚызылордаСемей қалаларында ірі спорттық орталықтар құрылды. Сол жылдары Семей, Қостанай, Жетісу губернияларында спартакиадалар өте бастады. Әйелдер арасында дене тәрбиесін дамыту мақсатында 1925 жылы Семей қаласында арнаулы спартакиада өтті. Дәл осындай әйелдер арасында спартакиадалар ОралПетропавлАлматы қалаларында да ұйымдастырылды. 1928 жылы Петропавл қаласыннда Бүкілқазақстандық 1-спартакиада өз жалауын көтерді. Оған қатысушылар футбол, жеңіл атлетика, қалашық (городки), қазақша күрес, баскетбол және нысана көздеуден сынға түсті. Қазақстанда дене тәрбиесі мен спортты дамытуда 1931 жылы енгізілген “КСРО-ны қорғауға, еңбек етуге дайын бол” (ГТО) деп аталған бәсекелердің маңызы зор болды. Бұл жастардың спортқа тұрақты түрде қатысуына мүмкіндік берді. Дене тәрбиесінен ұлттық кадрлар даярлауға көңіл бөліне бастады. 1932 жылы Алматыда дене тәрбиесі техникумы ашылды. 1934 жылы республикалық ведомствоаралық 1-спартакиада, Орта Азия мен Қазақстан спортшылары арасындағы 1-спартакиада және мектеп оқушылары арасында бүкілқазақстандық 1-спартакиада өтті. Қазақстан К(б)П-нің 1937 жылы өткен 1 съезі дене тәрбиесі мен спорт және бұқаралық қорғаныс жұмыстарын кеңейте түсуді атап көрсетті. 2-дүниежүзүлік соғыс қарсаңында Қазақстан спортшыларының саны 150 мыңға жетті, оның ішінде 30 мыңнан астамы қазақ жастары болатын. Соғыс жылдарында әскери-спорт кадрларын даярлауда көп жұмыс атқарылып, елімізде 1,5 миллионға жуық әскери-спорт мамандары тәрбиеленді.

A.

"Шаңғы спорты"

·         1945 – 56 жылдары Қазақстанда дене тәрбиесі ұйымдары нығайып, спорт кадрлары өсіп шықты.

·         1945 жылы Алматыда дене тәрбиесі институты (Қазақ физкультура институты) ашылды.

·         1946 жылы Шоқыр Бөлтекұлы “Спартак” қоғамы бойынша бокстан КСРО чемпионы атанып, қазақ жастары арасында бірінші болып спорт шебері деген дәрежеге жетті.

·         1950 жылы Қазақстан спорт ұйымдары құрылды. 1959 жылы бұл ұйымдар спорт федерациясы болып өзгертілді.

·         1951 жылы “Колхозшы” спорт қоғамы құрылды. 1956 жылдан бастап “Қайрат” деп аталды.

·         1956 жылы Мәскеуде КСРО халықтарының 1-спартакиадасы өтті.

·         Қазақстан спортшылары 1956 жылдан олимпиялық ойындарға да қатыса бастады. Тау шаңғышысы А.Артеменко 1956 жылы Италияның Кортина Д’Ампеццо қ-нда өткен 7-қысқы олимпия ойындарында, ал Е.Кадяйкин Мельбурнда (Австралия) өткен жазғы 16-олимпиялық ойындарда 3000 м-ге тосқауылдар арқылы жүгіруден сынға түсті. Қазақ жастары арасынан шыққан жеңіл атлет Ғ.Қосанов 1960 жылы Римде өткен 17-олимпиялық ойындарда 4-10 м-лік эстафеташылар жарысында күміс жүлдені иемденді.

·         Елімізде қысқы спорттың дамуына 1951 жылы ашылған әйгілі Медеу мұз айдыны (қ. Медеу спорт кешені) үлкен ықпал етті. Мұнда көптеген дүниежүз. және құрлықтық рекордтар жаңарды. 1960 жылдардың басында Қазақстанда спорт клубтары (АДК “Шахтер”, “Болат”, “Динамо”, т.б.) құрыла бастады.

A.

"Хоккей"


Қазақстан спортшылары Кеңес Одағы тұсында айтарлықтай спорттық дәрежеге қол жеткізді. Көгалдағы хоккейшілер, допты хоккейшілер, “Буревестник”, АДК волейболшылары, “Динамо” су добы командасы КСРО, Еуропа және дүние жүзі чемпиондары атанды. Аталмыш командалар құрамында М.ЖексенбековС.ШаймерденовС.ҚалымбаевЕ.Құмарғалиев,С.СексенбаевЮ.Варзин, В.Бочков, В.Агуреев, О.Жарылғапов, М.Мәденов, З.Жәркешов, Ж.Сауранбаев, В.Кравченко, Е.Чебукина, О.Кривошеева, Н.Меңдіғалиев, Е.Аяпбергенов, А.Оразалинов, С.Котенко сынды спортшылар өнер көрсетті.

·         1976 жылы 21-Олимпиялық ойындарда (Монреаль, Канада) КСРО құрама командасына 14 қазақстандық спортшы 11 спорт түрінен қатысты. Бұл олимпия ойынында жерлестеріміз 8 алтын және 2 күміс медальға ие болды. Ал осы жылы өткен Қысқы олимпия ойындарында шаңғы жарысынан 2 қола медальді иемденді. Мәскеуде өткен 22-олимпия ойындарында (1980) 20 қазақстандық спортшы 6 алтын, 2 күміс және 7 қола медальді алды. Осы олимпияда ойындарында Ж.Үшкемпіров, Ш.Серіков, т.б. олимпия чемпиондары атанды. 1988 жылы Сеулде (Корея Республикасы) өткен 24-олимпия ойындарында КСРО құрама командасында 30 қазақстандық спортшы қатысты. Олар әр түрлі дәрежедегі 18 медальді иеленді. Барселонада (Испания) өткен 25-олимпия ойындарында (1992) Қазақстан Республикасы ТМД құрама командасында болды. Мұнда 11 спорт түрінен 23 спортшы қатысып, 5 медаль (Е.ЧебукинаИ.Герлиц,Д.ТұрлыхановТ.Меньшова, В.Вохмянин) алды. Қазақстандықтар 1994 ж. бастап Азия ойындарына қатысып келеді. Хиросима (Жапония) қаласында өткен 12 ойындарында қазақстандықтар жалпыкомандалық төртінші орынды иеленді. Олар 77 медальға (оның 25-і алтын) ие болды. Атап айтқанда Қ.Шағатаев, Н.Сманов (бокс), М.Мамыров (еркін күрес), Ю.Мельниченко, Д.Тұрлыханов (грек-рим күресі), О.Шишигина (жеңіл атлетика) сынды спортшылар алтын медаль иегерлері атанды. 1998 жылы Таиландта (Бангкок қ.) өткен 13-Азия ойындарында қазақстандықтар бесінші орын алды. Олардың үлесінде барлығы 78 медаль (оның 24-і алтын) болды. Чемпион атанғандардың ішінде В.ГущаД.Аспандиярова (нысана көздеу), Д.ТопоровҚ.Нұрмағамбетов (ескек), Б.БайсейітовС.Матвиенко (грек-рим күресі), Н.ТоршинаО.ШишигинаИ.ПотаповичС.Арзамасов (жеңіл атлетика), В.Бурба, Е.Ибрайымов, М.Ділдәбеков (бокс) сынды спортшылар бар.

·         2002 жылы Корея Республикасының Пусан қаласында өткен 14-Азия ойындарында жерлестеріміз 76 медаль алды. Командалық есепте бесінші орында болды. 20 спортшы алтыннан алқа тақты. Олардың арасында А.Тетерюк (велоспорт), Ә.Иманбаев, Г.Цурцумия (грек-рим күресі), Б.Ахметов, С.Филимонов (ауыр атлетика), Н.Торшина, Г.Егоров, В.Борисов (жеңіл атлетика), Н.Кәрімжанов, Г.Головкин (бокс), О.Довгун, С.Беляев (нысана көздеу), т.б. спортшылар бар. 1994 ж. Лиллехаммерде (Норвегия) өткен Қысқы олимпия ойындарында көкшетаулық В.Смирнов олимпия чемпионы атанды. Атланта (АҚШ) қаласында өткен 26-олимпия ойындарында Қазақстан тұңғыш рет жеке команда болып шықты. Қазақстандық спортшылар 3 алтын, 4 күміс және 4 қола медальға ие болды. Олимпияға қатысқан 197 елдің ішінде Қазақстан 24-орынды иемденді. Ю.Мельниченко (грек-рим күресі), А.Парыгин (бессайыс), В.Жиров (бокс) тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш чемпиондары болды. Сиднейде (Австралия) өткен 27-олимпия ойындарында (2000) қазақстандықтар 3 алтын, 4 күміс медальді иемденді. Олимпияға қатысқан 199 елдің ішінде Қазақстан спортшылары 22-орында тұрақтады. Бұл олимпия ойындарында Е.Ибрайымов, Б.Саттарханов, О.Шишигина чемпион атанды. 2001 ж. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған 1-жазғы спартакиада өтті. Бұл бәсекеге еліміздің миллионнан аса тұрғыны қатысты. Бәсеке қорытындысында Оңтүстік Қазақстан облысының өкілдері (4430 ұпай) бас жүлдені еншіледі. Алматы қаласының спортшылары екінші (4272 ұпай), қарағандылықтар үшінші (3658, 33 ұпай) орынға шықты.


Ұлттық спорт түрлері де жақсы жолға қойылған. Атап айтқанда Қазақ күресітоғызқұмалақсайыс, аударыспақ, бәйгекөкпарқыз қуужорға жарысатан жарысасық атубестас сияқты спорт түрінен арнайы федерациялар құрылған. Ресми жарыстар өтіп тұрады. Тоғызқұмалақ ойыны Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қостанай облыстарында кейбір мектептерде пән ретінде оқытылады.

Спорт базалары. 2001 жылдың қаңтар айындағы дерек бойынша Қазақстанда 291 балалар және жасөспірімдер спорт мектебі болды. Оның ішінде олимпиялық резервті дайындайтын 55 арнайы мектептерде 142 мың жас спортшыларды 4420 бапкер жаттықтырады. Бұлардан басқа дарынды спортшыларды дайындайтын 9 мектеп-интернат (2340 жас спортшыларды 210 бапкер жаттықтырады), ірі халықар. жарыстарда жоғары жетістіктерге жеткізу мақсатында құрылған спорттық элита 6 мектебі (құрамында 1128 спортшы, 210 бапкер бар) жұмыс істейді.

Қазақстан кәсіпорындары мен мекемелерінде 11,3 мың дене шынықтыру ұжымдары бар (2001). Онда 1,4 млн-ға жуық адамдар әр түрлі секцияларда дене шынықтыру және спорттың әр түрлі салаларымен айналысады. Жылдан жылға спорт базалары көбейіп келеді. 2002 жылғы мәлімет бойынша республикада 26019 спорт құрылыстары тіркелген. Оның ішінде 242 стадион, 20 спорт сарайы, 124 спорт кешені, 13 оқу-жаттығу орт., 150 бассейн, 6123 спорт залы, 34 спорт манежі, 143 шаңғы базасы, 8 ескекшілер жүзетін каналы, 1448 тир, 3 велотрек, 9 эллинг, 3 желкен клубы, 2 шаңғымен секіретін тұғыр, 13 спорттық мұз айдыны және 142 теннис корты бар.[1]

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Шынықсаң шымыр боласын" баяндама"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Карьерный консультант

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 016 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.12.2015 19301
    • DOCX 116.7 кбайт
    • 27 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Касайнова Шамшия Абаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Касайнова Шамшия Абаевна
    Касайнова Шамшия Абаевна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 179267
    • Всего материалов: 47

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Здоровьесберегающие технологии в деятельности учителя физической культуры в условиях реализации ФГОС

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 114 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 419 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания гимнастики в образовательных организациях

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 93 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности педагога дополнительного образования в области физической культуры и спорта

Педагог дополнительного образования

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 167 человек из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 695 человек

Мини-курс

Социальная и поведенческая психология

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 17 регионов

Мини-курс

Общая химия

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 13 регионов

Мини-курс

Проведение и применение трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 107 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 56 человек