Инфоурок Другое Другие методич. материалыСын есімнен өткенді қайталау (6-сынып)

Сын есімнен өткенді қайталау (6-сынып)

Скачать материал

 

Павлодар қаласы №35 ЖОББМ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мундуинова Асем Ерболатовна

 

Қазақ тілі

6-сынып

 

Сабақтың тақырыбы: Сын есімнен өткенді қайталау

 

Мақсаты: сын есім тақырыбын қаншалықты меңгергенін тәжірибе барысында тексеру арқылы оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру, шапшаңдық, тиянақтылық қасиеттерін дамыту

 

Әдіс-тәсілдер: Проект технологиясы, мәтінмен жұмыс, анализ, синтез

 

Ұйымдастыру формасы: дербес, жұппен, топпен оқыту

 

Сабақтың жабдықтары: магнитофон, кесте, модель

 

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, әдебиет, музыка

 

Мотивация: 1) мұғалім алдын ала үйге суретті жақсы салатын оқушыға табиғаттың суретін салып келу тапсырмасын береді; 2) келесі оқушы өзіне ұнаған сыныптасының портретін салады; 3) мұғалім бір оқушыны алдын ала түрлі түсті киім кигізіп, бет-аузын бояйды. Киіндіріп қойған оқушының портретіне, табиғат көрінісіне, салып келген портретке отырған оқушылар ауызша сипаттама береді. Оқушы өзінің салған суретінен ләззат алатындай, құлшына жұмыс істеуге кіріседі.

 

Өзектендіру: «Ең шебер суретші, ең әдемі оқушы кім?» деп бір оқушыны тақтаға шығарамыз да, суретшіге жазбаша сипаттама береді, ал қалған оқушылар орындарында отырып жұмыс істейді.

         Осыдан оқушының сауаттылығын, сөз саптау шеберлігі мен  синонимдер қатарын қаншалықты дәрежеде қолдана алатындығын тексеруге болады (жазбаша орындайды).

   

Сабақтың барысы:

         І. Ұйымдастыру кезеңі

         Шығармашылық қабілеті бар оқушыға мұғалім журналист болатындығын ескертеді (жоғарыда қатысып отырған оқушылардан басқа оқушы). Диктор (немесе журналист) оқушы болып жатқан мән-жайды баяндап, бүгін өтетін тақырыптың қайталауға арналғанын хабарлайды. Қалған оқушылар көрермен ретінде отырады. Сонда журналист көрермендерге сабақтың мақсатын, ол мақсатқа жетудің жолдарын сұрақ қою арқылы анықтайды.

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Мұғалім үй жұмысы дәптерін жинап алады. 

 

ІІІ. Сын есімді қайталауға байланысты тапсырмалар орындау.

 

         Мәтінмен жұмыс (дербес оқыту)

         1-тапсырма: Мәтіннен сын есімдерді ажыратып, сызбаға түсір.

 

         Бораш бір ақ құба ғана, қағілез, қыз мінезді бала екен. Көздері де жаңа туған бұзаудың көзіндей. Мөлдір қара көзінен көңілінің түбі көрініп тұрғандай. Шеген сұлу, сұңғақ денелі, бұлшық еттері болаттай иірілген, күнге күйген тобылғы торы екен. Қақпақ жауырынды, қыздай қыпша бел, кеудесі жалпақ біткен, бәйге атындай жарау, өте оңтайлы бала екен. Келте мұрын, аузы үлкенірек, қоңыр көздеу болғанымен, маған ол өте сымбатты көрінді. Табаны жалпақ та, тайпақ та емес, аяғының үсті биік, бар денесі шақпақтай.

         Мысалы:

 

                                               сұңғақ денелі      сұлу

                    тобылғы торы                                           қыздай қыпша бел

 

     қақпақ жауырынды                     Шеген                    жалпақ кеуделі

              табаны жалпақ                                             келте мұрын

         бұлшық еттері болаттай                                

                                         сымбатты      аузы үлкенірек   т.б.

 

2-тапсырма: Сызбаға түскен сын есімдерді құрамына қарай талда.

 

Дара сын есім

      

                                                 негізгі                  туынды

Күрделі сын есім

...                              ...

 

 

 

...

 

3-тапсырма: Мұғалім Қобыланды батырға ауызша мінездеме бергізеді. Оқушылар Қобыланды батырдың намысшыл, батыр, ержүрек, жаужүрек, қамқоршы т.б. екендігін айтады. 

 

         Мұғалім:

- Айтқандарыңа сүйене отырып, Қобыланды батырдың қасиеттерін модельге, жобаға айналдырыңдар.

Әр оқушы жеке-жеке жұмыс жасайды.

 

                                                 Көмек-нұсқау

         Қобыландыны күннің көзіне ұқсатуға, ал жан-жағындағы шашып тұрған нұры анасы, қарындасы мен достары деп алуға болады (жұптасып жұмыс жасайды).

         Осы жұмыстан соң «батыр» деген атауды қалай түсінесің, соны модельдеңдер деген 4-тапсырма беріледі. (Мұнда оқушылар 2 топқа бөлініп, топпен жұмыс жасайды).

         Модельдеріңді ортаға салып, бір қорытындыға келіңдер. (Оқушылар орындаған жұмыстарына ауызша талдау жасайды. Толықтыруды қажет етсе, толықтырады, өз пікір-пайымдарын ортаға салады). Оқушылар жасаған модельдерін қорғап шығулары қажет.

 

         Сергіту сәті

         Ж.Ысқақованың орындауындағы «Сыр сұлуы» әні (әнін жазған Ш.Қалдаяқов, сөзін жазған З.Шүкіров) тыңдалады. Осымен қоса әннің мәтінін де әр партаға таратып беруге болады.

 

         5-тапсырма: Мәтіннен сын есімнің мағыналық түрлерін теріп жаз.

Мысал сөз

Сапалық сын есім

Қатыстық сын есім

 

 

 

 

 

 

  

         6-тапсырма: Кестені толтыр

Сын есімнің анықтамасы

Негізгі сын есім

Туынды сын есім

Күрделі сын есім

Сапалық сын есім

Қатыстық сын есім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         ІҮ. Қорытындылау

         -    Тақырыпты қайталауда қандай жұмыстар атқардық?

-         Қай топ, қай оқушы ерекше көзге түсті?

-         Несімен саған оның жауабы ұнады? Дәлелде

-         Бүгінгі сабақтан не алдыңдар?

-         Жіберген кемшіліктерің мен жетістіктеріңе жеке тоқталыңдар.

 

         Ү.Үйге тапсырма: 1) Құрамында сын есім кездесетіндей 5-6 мақал-мәтел жазып, құрамы мен тұлғасына, мағыналық түріне қарай талда;  2) Кез келген сын есімге дыбыстық талдау жаса; 3) Сын есімді модельге түсір; 4) Сын есім туралы ертегі құрастыр (шығармашылық қабілеті бар оқушы үшін). 

 

         ҮІ. Бағалау

Оқушылардың бір-бірлерін бағалағанын ескеріп, өзім қорытынды баға шығарамын.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сын есімнен өткенді қайталау (6-сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Агроном

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 273 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.01.2017 934
    • DOCX 17.6 кбайт
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мундуинова Асем Ерболатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мундуинова Асем Ерболатовна
    Мундуинова Асем Ерболатовна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 28557
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Мини-курс

Техническое обслуживание и диагностика сельскохозяйственной техники

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Общественные движения и организации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическая работа с эмоциональными и поведенческими проблемами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 226 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 54 человека