Инфоурок Физика Другие методич. материалы8 сынып Денелердің электрленуі тақырыбына қысқа мерзімді сабақ жоспары

8 сынып Денелердің электрленуі тақырыбына қысқа мерзімді сабақ жоспары

Скачать материал

Қысқа мерзімді жоспарлау

Т.А.Ә. және жұмыс орыны

Сәтбаев қаласының №1 мектеп-гимназиясы» КММ

Физика пәнінің мұғалімі Ержан Гүлмира Әбдіханқызы

Пән: Физика

Сынып: 8

Сабақтың тақырыбы:

Денелердің электрленуі. Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп. Өткізгіштер мен диэлектриктер.

 

Мақсаты:

(SMART, орта мерзімді жоспардан алынады)

Денелердің электрленуі, электр заряды, электроскоп ұғымдарымен таныса отырып, атом құрамы қандай зарядталған бөлшектерден тұратынын үйрену.

Күтілетін нәтижелер:

(орта мерзімді жоспардан алынады)

Барлығы: Электр зарядын бір денеден екінші денеге қалай берілетіндігін сипаттайды.

Көпшілігі: Электроскоп ұғымымен таныса отырып, жұмыс істеу процесін тұжырымдайды.

Кейбіреулері: Атом құрамы қандай бөлшектерден тұратындығын тұжырымдай отырып, зарядтарды жоғалтуы және қосылуы туралы білімдерін қолданып қорытындылайды.

 

Жетістік критерийлері:

 Сабақта оқушылардың қойылған мақсаттарға қол жеткізуі кезінде  Блум таксономиясы бойынша,  АКТ және білімді бағалаудың тиімді жұмыс формаларын пайдалану

Түйінді идеялар/бөліктері (подход):

Оқушылардың Блум таксономиясы, АКТ,  диалог арқылы сабақ тақырыбын, проблемалық мәселені сыни ойлай отырып тұжырымдамалық түсіну және шешу.

Оқулық:

(ҚР ББҒМ ұсынған)

Физика және астрономия, Б.М. Дүйсембаев., Г.З. Байжасарова., А.А. Медетбекова-Алматы, Мектеп-2012 ж; Дидактикалық материалдар, Физика және астрономия, 8 сынып Б.М. Дүйсембаев., Г.З. Байжасарова., А.А. Медетбекова-Алматы, Мектеп-2012 ж,  

 

Сабақ барысы/мұғалімнің ескертпелері:

 

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеттері

Бағалау

 

Ресурстар

Формативті

Суммативті

I.Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық қарым-қатынас

5мин

Амандасу.

Оқушыларды түгелдеу

Бүгінгі сабаққа деген көңіл күйлерін сұрау

Сабаққа дайындығын сұрау

Психологиялық тренинг. (Менің атым Аяжан, мен өзімді жақсы көрем себебі мен ақылдымын)

Топқа бөлу

Атом

Заряд

Электрон

Нейтрон

Протон

Сөздерін кезекпен айту арқылы сынып оқушыларын бес топқа бөлу

 

Сабақ басында бүгінгі сабағымыздың бағалау критерилерін түсіндіру, топтық жұмыс ережелерін бекіту

Тренинг арқылы оқушылар өз бойындағы жақсы қасиеттерін айқындайды, сол арқылы арқылы сабаққа кіріседі.

 

Сынып оқушылары бес топқа бөлінеді топ мүшелері өз қызметтерін бөліп алады.

1 топ Атом

2 топ  Заряд

3 топ Электрон

4 топ  Нейтрон

5 топ Протон

 

 

Мадақтау

-

Оқулық, Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, Ерігіштік кестесі, плакат, маркер, презентациялар, стикерлер, сызбалар, маршруттық карта

Үй тапсырмасын пысықтау

«Серпілген сауал» арқылы   өткен тарауды  қорытындылау

 

Жабық сұрақтар қояды.

1.Термодинамиканың 1-ші заңы?

2.Егер жылу мөлшері 0-ге тең болса термодинамиканың 1-ші  заңы қандай болады?

3.Егер А=0 болса Т.1-ші з. ?

4.Изобаралық процесс?

5.Изтермиялық процесс?

6.Изохоралық процесс?

7.Іштен жанатын қозғалтқыш деп қандай қозғалтқышты айтады?

8. Іштен жану қозғалтқышы  қайда қолданылады?

9. Іштен жанатын қозғалтқыштың 1 жұмыстық циклінде қанща жүріс немесе такті болады?  

10.Қозғалтқыштағы 4 тактінің әр – қайсысында қандай процесстер жүреді? Бұл тактілер қалай аталады?

11. Іштен жанатын қозғалтқышта маховик қандай қызмет атқарады?

12. Автөкөліктерде көбіне қандай іштен жанатын қозғалтқыштар пайдаланылады?

13. Бу турбинасының құрылымы, оның пайдалану мақсаты?

14. Жылу машиналарын қолдану қоршаған ортаға қандай кері нәтижелерге алып келеді?

15.Жылу қозғалтқыштардың пайдасы және  зияны.

 

Оқушылар шеңбер жасап, допты кезекпе -  кезек лақтырып бір-біріне сұрақ қояды.

 

Топ басшысы бағалау парағына белгілеп отырады

 

Доп, бағалау парақшалары, презентация

ІІ. Ой шақыру

Қызығушылықты ояту сәті 5 мин

 

 

Тақырыпқа байланысты бейне материал көрсету. Сол бейне материал бойынша бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтау.

Тәжірибе көрсету:

1)       Пластмасса сызғышты қағазға үйкелеп, газетке жақындату.

2)       Екі кішкене үрілген резинка шарларды бір – біріне жақын, бірақ өзара жанаспайтындай етіп іліп, екі шарды былғарымен немесе ұлпа  мен үйкелеп, тәжірибеге түсінік беру.

Ендеше бігінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты қандай деп ойлайсындар?

Жарайсыздар!

 

Оқушылар әр қайсысы өз түсінгендері бойынша ортаға ойларын салу арқылы бүгінгі сабақ тақырыбын анықтайды.

Эксперимент барысы туралы сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпқа: Денелердің электрленуі, электр зарядтары, заряд өлшегіш құралдар туралы болатыны туралы ойларын ортаға салады.

 

Әр топтан топтың көшбасшысы сабақ мақсатын айтады.

Жарайсың!

Дұрыс

Келісемін

-

Шар, сызғыш, газет, эбонит таяқша, жібек мата, электрофор машинасы, электрлік сұлтаншалар, электроскоп, презентация

Жаңа тақырып аты.

Түсіну

Жаңа тақырыпты меңгеру

10 минут

Әр топ өз іштерінде топ мүшелеріне:

-          «Физикалық ұғым»,

-          «Физикалық құбылыс»

-          «Физикалық шама» аттарын береді.

Осы атауларға сәйкес оқушылар топта тақырыпты бөліп алып оқиды сосын бір –біріне түсіндіреді.

  1. «Электр» сөзінің шығу тарихы.  (сызбамен түсіндіру)
  2. «Электрлену» құбылысының мәнін ашу. (тәжірибемен түсіндіру)
  3. «Электр заряды» туралы айту. (формуламен түсіндіру)

Әр оқушы осы берілген тақырыптарды оқиды.

Әр топ мүшелері өз тобына келіп, оқыған материалдарын  постерге түсіреді, басқа топқа таныстырады

      Осы заманда “электр” және “электр тогы” сөздерi әрбiр адамға таныс. Электр тогы транспортта, тұрмыста, зауыт, фабрикаларда, ауыл шаруашылығында және т.б. қолданылады. Бiрақ оның табиғатын түсiну үшiн көптеген электрлiк құбылыстармен танысу керек.

       Егер  пластмасса тарақты немесе қылқаламды киімге үйкесеңдер оның қағаз қиындысын  тартатынын  көруге болады     

Құрғақ  шүберекпен сүртілген айна, шыны мен пластинка тозаңы және басқа ұсақ бөлшектерді өзіне тартады. 

         Синтетикалық  киімді шешкенде, шытырлаған дыбыс естиліп ,ал қараңғы  бөлмеде тіпті жарқылды да байқайсындар. Міне бұл құбылыстар өте ертеден белгілі болған.

 Электр зарядының  өзара әрекеттесу сипатын анықтайық. 

    Заряталған шыны және эбонит таяқшалары әр түрлі материалдан жасалғандықтан, олар түрліше электрленеді. Олардан  әр   аттас электр зарядтар пайда болады. Сонымен  аттас заряталған денелер бір-бірінен тебіледі де, әр аттас заряталғандар тартылады.  Денелердің электрленуі мен зарядтардың екі тегі болады.

      Тұйықталған жүйедегі денелердің электрленуінің барлық қүбылыстарында электр зарядтарының қосындысы сақталады.

          

q=q1+q2+…+qп=const

 

. Салмақты,ұзындықты,жылуды өлшейтін құралдар сияқты электр зарядын да өлшейтін құралдар бар.

Денелердің электрленуі мен зарядтардың екі тегі болады.

Топтағы бағалаушы бағалау парағына топты бағалайды.

Оқушылар өзін-өзі, жұпты, топты бағалайды

Екі жұлдыз, бір тілек

 

Маркер, плакат, схемалар, форулалар, стикерлер

Қолдану

Есептер шығару

10 минут

Суретті есептер шығару

Физика сұрақтары мен есептер жинағы 7 - 8 кл. Лукашик.
№937. Жіңішке жібек жіпке бірдей екі шар ілінген. Бұл шарлардың бірі зарядталған, ал екінші зарядталмаған. Шарлардың қайсысы зарядталғанын анықтау үшін қыз бала саусағын әуелі бір шарға, содан кейін екіншінісіне тигізеді. Ол осы тәсілмен шарлардың қайсысы зарядталғанын анықтай ала ма? ( Жауабы: Иә. Зарядталған кішкене шар саусаққа тартылады)
№944.
Жіпке ілінген кішкене тозағаш шарлары зарядталған. Шар таңбалары қандай?

№945.
Металл шар зарядталған. Жібек жіпке ілінген массалары бірдей шарлар зарядтарының таңбалары қандай?

№947.
Жіпке ілінген кішкентай шарлардың зарядтарын анықтаңдар.

№959.
Төмендегі материалдардың қайсысы өткізгіштерге, қайсысы диэлектриктерге жатады: Күміс, қола, мыс корпусы, тұздың судағы ерітіндісі, көмір, шыны, болат, графит, пластмасс, құм, бетон, балауыз, алюминий, мыс, бензин, жібек, қант ерітіндісі, ауа, су.

Есептерді шығарып , шығарылу жолын түсіндіреді.

Топ бағалаушылары бағалау парағына топтағы оқушылардың есеп шығарудағы белсенділіктері мен  іс-әрекеттерін бағалайды

Әрбір есеп дұрыс-1 балл

 

Барлығы -5 балл

Есептер жинағы

Кестелер, формулалар

Талдау Тақырыптық тест

7 минут

Тақырыптық тест Activote тестілеу құрылғысы арқылы оқушылардан тест алынады
1. Үйкелген дененің басқа денені тарту құбылысы алғаш қай жерде белгілі болды?
А. Англия
В. Греция
С. Ресей
2. Янтарь грек тілінен аударғанда қандай мағана білдіреді?
А. Элементар
В. Электрон
С. Эбонит
3. Бір-бірімен жанасқанда денелердің өзара әсерлесу құбылысы не деп атайды?
А. Денелердің электрленуі
В. Денелердің әсерлесуі
С. Денелердің беттесуі
4. Аттас зарядтар бірін-бірі
А. Тартады
В. Тебеді
С. Еш әрекет болмайды
5. Электр зарядының неше тегі бар?
А. Екі. Оң заряд
В. Бір. Теріс
С. Екі. Оң және теріс
6. Денелердің электрленгендігін білуге арналған прибор
А. Динамометр
В. Калориметр
С. Электроскоп

7. Электр заряды еркін қозғала алатын заттар не деп аталады?
А. Өткізгіштер
В. Жартылай өткізгіштер
С. Диэлектриктер

9. Электр заряды еркін қозғала алмайтын заттар не деп аталады?
А. Өткізгіштер
В. Жартылай өткізгіштер
С. Диэлектриктер
10 Жүнге үйкелген янтарьда болатын заряд.
А. Оң заряд
В. Теріс
С. Оң және теріс

Оқушылар тестілеу құрылғысы арқылы тест белгілейді, соңында автоматты түрде жауабын алады

 

Activote тестілеу құрылғысы берген жауабын бағалау парақшасына түсіреді

Әрбір дұрыс жауап 1 балл.

Топ бағалаушылары бағалайды

 

Жалпы 10 балл

Activote тестілеу құрылғысы, интерактивті тақта, плифчарт, жауаптар кестесі

Жинақтау 5 минут

Білімдерін жинақтау

Тақырып бойынша топтағы барлық оқушы тақырыптан 16 кілттік сөз табу қажет

1Янтарь,

2электрон,

3электр,

4дененің электрленуі,

5электр күштері,

6электрлену,

7электр заряды,

8аттас заряд,

9зарядтардың сақталу заңы

10оқшауланған

11электроскоп

12 электрометр

13 өткізгіштер

14 өткізбейтіндер

15 диэлектриктер

16 изолятор

Оқушылар тақырыпты меңгерудегі алған білімдерін жинақтап кілттік сөздер арқылы бекітеді.

Өздеріндегі тапқан кілттік сөздерінің мұғалімдегі кіліттік сөздермен сәйкестігін бір-бірінің дәптерлерін ауыстыру арқылы тексереді, + таңбасын қойып  ұпайларын белгілейді. Сәйкестікті анықтайды.

Кілттік сөздермен сәйкестігі бойынша бал алады. Әрбір кілттік сөз 1балл

Жалпы 16 балл

Презентация,

Үй тапсырмасы

Осы тақырып бойынша кілттік сөздерге анықтама жазу және жаттығу есептерін шығару

Берілген тапсырмаларды күнделіктеріне жазып алады

 

 

Презентация,

Бағалау  5 минут

Оқушылар өздерін өздерін бағалауы бойынша жиынтық  бағалау.

 

Рефлексия

АКТ, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Сабақты қорытындылау. Сөйлемді жалғастырыңдар:

-бүгінгі сабақта үйренгенім...

-бүгінгі сабақта ұнағаны...

-бүгінгі сабақта қайталадық...

-бүгінгі сабақта өзіме қойған бағам...

-бүгінгі сабақ ............ өтті.

 

Оқушылар өзін-өзі, жұпты, топты бағалайды

 

Сабақтың барлық кезеңдері бойынша алған бағаларын жинақтап қорытындылайды.

Кері байланыс парақшасы, қара жәшік,

 

Мұғалім ескертулері/ Рефлексия:

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мұғалім:

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "8 сынып Денелердің электрленуі тақырыбына қысқа мерзімді сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по выставочной деятельности

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 839 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.03.2017 1884
    • DOCX 121.2 кбайт
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ержан Гүлмира Әбдіханқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ержан Гүлмира Әбдіханқызы
    Ержан Гүлмира Әбдіханқызы
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 59289
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 539 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 134 человека

Курс повышения квалификации

Теоретическая механика: векторная графика

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по физике в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 457 человек

Мини-курс

Практические аспекты работы логопеда: методы и приемы в логоритмике

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Эмоциональная сфера детей: диагностика, особенности и регуляция

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Искусство понимания: техники успешной жизни, отношений и бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе