Инфоурок Школьному психологу Другие методич. материалы8-11сынып оқушылар аралығында "Діни адасушылықты болдырмау ортақ борышымыз" тақырыбында әңгіме қозғау

8-11сынып оқушылар аралығында "Діни адасушылықты болдырмау ортақ борышымыз" тақырыбында әңгіме қозғау

Скачать материал

Діни адасушылықты болдырмау ортақ борышымыз

Оқушылардың бойында этностық және діни толеранттылықты тәрбиелеу,экстремизм мен радикализмге қарсы әрекет ету дағдыларын қалыптастыру

Қазіргі таңда қоғамның тұрмыс-салты мен дүниетанымының жүйесі ретіндегі діннің рөлі айтарлықтай өсті. Діннің қоғамдық қатынастарға,қоғам санасының діни компонентін қалыптастыруға ықпал ету спектрі күшейіп, кеңейе түсуде. Халықтың әртүрлі топтар өкілдерінің рухани, соның ішінде діни өмір салтына деген қызығушылығы артуда. Еліміздегі діни ахуал туралы сөз қозғаған кезде, жастар туралы айтпай өту мүмкін емес. Себебі ел жастарының дінге деген қызығышылығы жыл сайын артып отыр. Дін-адамды имандылыққа тәрбиелейді. Онсыз қоғам, ел, тарих болмаған.Білім де, рухани тәрбие де осында.Яғни, ол ғылымның қайнар көзі. Сондықтан екеуін бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Соңғы жылдары Қазақстанға келетін миссионерлер мен тіркеуге алынған дәстүрлі емес ұйымдар мен секталар саны арта түскені белгілі, олардан келетін қауіп зор. Ал қазіргі таңда сол басқа діни секталардың шылауына арбалған жастар көп. Мұны жастардың діни сауатының төмендігі, фундаментальді білімнің жоқтығынан, ой-өрісінің тарлығынан деуге болады. Балалар мен жастардың бойында Қазақстанға сырттан енуші этнодіни эктремизм мен түрлі радикалды ағымдарға қарсы әрекет ете алатын дағдыларды қалыптастыру тәрбиенің міндеттері болып табылады. Діни экстремизм-осы заманға тән әлеуметтік қатерге айналды. Осыған байланысты өскелең ұрпақты қоғамда белең алған қауіп-қатерлерден құлағдар етіп отыру маңызды. Мектепте терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және діни теріс ағымдардың таралуын болдырмау бағытында бірлескен жұмыстар жасалуда. Мақсатымыз жат діннің жетегінде кетпесін деген бағытта жастардың, әсіресе мектептегі оқушылардың санасын қалыптастыру, дәстүрлі дінді түсіндіру, олардың экстремизм мен терроризмге, жат ағымдарға қарсы ішкі иммунитетін қалыптастыру. Дәстүрлі емес діни бірлестіктерден келетін қауіп-қатерден оқушыларды сақтандыру мақсатында 2012-2013 оқу жылынд «Діни экстремизм және терроризм» бағыты бойынша жоспар жасалынды. Экстремизм және терроризмдік қылмыстарды алдын алу мақсатында мектепшілік түсінік жұмыстар жүргізіліп, дәрістер оқылып, оқушылар арасында құқықтық, тәрбиелік-идеологиялық түсіндіру шаралары жүргізілді. Біздің басты мақсатымыз –барлық мүделі орындар,ата-аналар,мектеп ұжымы болып, бірлескен іс-қимылымызбен жастарды еліміздегі дін бостандығын орнымен қолдануға,халқымыздың сан ғасырлар бойы ұстанған қалыпты діни сенім мен нанымына селкеу түсірмеуге, жастардың діни мұқтаждық, қажеттіліктерінің орнын толтыруда оларды дәстүрлі Ханафи мәзһабының артықшылықтарын терең түсінуге, мәдениетке, достыққа, бірлікке патриотизмге шақыру. Оқушылар «Дінтану негіздері» арқылы жаңа діни қозғалыстардың негізгі белгілері мен ерекшеліктерін,Қазақстандағы дін туралы заңнаманы оқып-үйреніп жатыр. 1-11 сыныптар арасында имандылық апталығы өткізіліп,оқушыларға бейнефильм көрсетілді. Жас ұрпаққа діндер тарихы мен оның құндылықтары, рухани астары туралы мәліметтер берілді. «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізіліп, ата-аналарға кеңестер берілді.Сонымен қатар ата-аналар дәстүрлі емес діни ұйымдардан өз балаларының аулақ ұстау барысында олармен әңгімелер жүргізіліп отыратыны және үнемі балаларын бақылауда ұстайтыны,олардың дос-жолдастарының да мұндай жолдан сақ болуына көңіл бөліп отыратыны анықталды. «Өз балаңызды қалай қорғауға болады» жаднамасы, бала құқығын қорғау жөнінде сенім телефондары таратылып берілді. Әр сыныпта имандылық сағаттары өз уақтылы өтіп отырады.Оқушылардың жан-жақты, қасиетті дінімізді,қастерлі салт-дәстүрімізді танып білетін, тілін танитын,саналарын оятар мақсатпен «Қыз қылығымен»тақырыбында қыз балаларға арналған қыздар жиналысы, «Жігітке жеті өнер де аз» тақырыбында ер баллар жиналысы болды. Мектебімізде «ЖасҰлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы оқушыларды әдептілікке,инабаттылыққа, жалпы адамгершілік қасиеттерге баулитын іс-шаралар ұйымдастырылуда. Мектеп бала тәрбиесіне қатысты мекемелермен бірлесе отырып «Жасөспірім», «Балалар түнгі ауылда» секілді жедел – профилактикалық шаралары жүйелі түрде жүргізілді. Нәтижесі жаман емес, жыл басынан бері «Отбасы және мектеп» , «Мектептегі құқықтық тәртіп» атты жедел-профилактикалық іс-шаралары бірнеше рет өткізілді.Бақылауды қажет ететін оқушылардың ата-аналарымен, өздерімен жеке сөйлесіліп үнемі бақылауда ұстап, қадағалап отырылды. Оқушыларды радикалды діни ағымдар идеяларының кері ықпалынан сақтандырудың басты жолы-олардың бос уақытын тиімді пайдалану. Жастардың түрлі қылмыстық элементтерге бой алдырмауына, бос уақыттарын тиімді пайдалану, олардың арасында патриоттық сезімдерін ояту мақсатында түрлі спорттық – мәдени шаралар,лекциялар,қызықты ойындар ұйымдастырылды. Құқықтық білімін анықтау мақсатында оқушылар арасында сауалнамалар жүргізіліп отырды. Мектеп әкімшілігі және сынып жетекшілер мен ата-аналардан құрылған топтардың рейдке шығу кестесін кұрып, мешітке баратын балаларға қадағалау жасап, ай сайын есептері алынды. Мектеп оқушылары арасында діни ахауалды үнемі бақылауда ұстау бақытында дәстүрлі ислам жолындағы мұсылмандардың киім үлгісін, қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын насихаттау, зайырлы қоғамның және дәстүрлі дін өкілдерінің «ниқаб» және «бурқа» киім кию үлгілеріне қарсы екендіктері жөнінде игілікті іс атқарылды. Қазіргі таңда, ислам жолындағы жастардың жат киім киіп, тұмшалануының артуына байланысты мектепте 9-11 сынып қыз балаларының арасында «Әйелдің әсемдігі – Әлемнің әдемілігі» тақырыбында және «Мектеп пен отбасы бірлігі-болашақ ұрпақ тірлігі»атты ата-аналар конференциясында жастар арасында діни ахуалды үнемі бақылауда ұстауды және дін жолындағы әйел адамдардың ниқаб,бурқа киім кию үлгілері мәселелерін реттеу бағытында түсінік жұмысы жүргізілді. Бұл бағытта дәстүрлі ислам жолындағы мұсылмандардың киім үлгісін, қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын насихаттау, зайырлы қоғамның және дәстүрлі дін өкілдерінің «ниқаб»және «бурқа» киім кию үлгілеріне қарсы екендіктерін, біздің қоғам бұны қабылдамайтынын атап, аудандық білім бөлімінен келген слайдты көрсету арқылы түсіндірілді. Бұл мәселерді шешу мақсатында мектептің оқушыға сай келетін киім үлгісінен мектеп кіреберісіне тақта ілінді. Білім күнінен бастап оқушылардың бірыңғай үлгідегі мектеп формасын киюі ұдайы бақыланып отырады. Мектепте діни ағымдардың өскелең ұрпаққа кері әсері туралы ақпарат беріп, одан аулақ болудың жолдарын түсіндіру мақсатында ауыл мешітінің имамы Хайрулин Қайрат Сайфоллаұлы мен Қамысқала селолық округ әкімі Бекболат Мусин және ауыл инспекторы, полиция лейтенаты Болат Қалбановтың қатысуымен 9-11 сыныптар арасында кездесу кештері уақтылы өткізіліп отырылды. Оқушыларға ислам, діни экстремизм, лаңкестік ұйымдардан сақтану, ата-ананы құрметтеу, ұстаздар мен оқушылардың өзара сыйластық қарым-қатынасы туралы сөз қозғалып жан-жақты түсіндірді Сонымен өткізілген шаралардың ең тиімдісі-оқушылармен тікелей кездесіп, түсіндіру жұмысын жүргізу.

Оқушыларды радикалды діни ағымдар идеяларының кері ықпалынан сақтандырудың басты жолы-олардың бос уақытын тиімді пайдалану мен өзекті әлеуметтік мәселерінің уақтылы шешілуі. Десекете, дін атын жамылған экстремистік және террористік идеологиялардың таралу үрдісі соңғы кездерді бүкіл әлемде кең көлемді сипат алуда, бұл адамзат қоғамның тұрақтылығына төнген айқын қауіп болып отыр. Міне, сондықтан да Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында радикализм, экстремизм және терроризмнің барлық түрлері мен көріністеріне қарсы күрес жүргізуді мемлекет пен оның институттарының маңызды қызмет бағыты ретінде белгіледі. Сондай-ақ Елбасымыздың Жолдау¬ында қоғам ішінде, әсіресе, жастар арасында діни экстремизмнің алдын-алуды күшейту қажеттілігіне, сонымен қатар, халқымыздың зайырлы мем¬лекет – Қазақстан Республикасының салт-дәстүрлері мен мәдени құндылықтарына сәйкес келетін діни санасын қалыптастыруға айрықша көңіл бөлінді. Қазіргі таңда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен бес жылға жоспарланған Қазақстан Республикасындағы діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жөніндегі Мемлекеттік бағдарлама жасалды. Бұл бағдарламаның мақсаты – діни экстре¬мизм көріністерінің алдын-алу және терроризм қаупін болдырмау арқылы адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 2017 жылға қарай Қазақстан халқы, соның ішінде жастар, әсіресе, діни негізде¬гі радикалды идеология ықпалына бейім немесе соған ұшырағандар - экстремизм мен терроризм идеяла¬рына қарсы сананы қалыптастыруға бағытталған кешенді алдын алу жұмыстарымен қамтылаған болатын. Қоғамда келісім мен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін нығайту-қай кезде де аса маңызды міндеттердің бірі. Оны жүзеге асыру діни конфессияаралық қарым-қатынастарды қамтамасыз ету,елімізде кейбір радикалды діни пайда болуына орай бірлескен іс-қимыл жасаумен тығыз байланысты. Биылғы жылы Дін істері департаментімен бірлескен, жастар көшбасшыларына, басқа да белсенді жастарға арнайы семинарларды, оқу сабақтарын ұйымдастырып,жастардың қоғамдық ұйымын құру жоспарланып және қоғамдық негізде жұмыс жасайтын ақсақалдар кеңестері құрылып жатқаны белгілі. Мешіттерді аузынан уызы кетпеген жастарға емес, көпті көрген ақсақалдарға билетуі мешіттегі жастар әртүрлі жалған уағызшыларға емес, көреген ақсақалдарымызға қарап бой түзетері сөзсіз. Экстремизм қатерлі ісік дерті іспеттес. Егер уақтылы алдын алу жұмыстары жүргізілмесе, уақыт өте келе тамырын тереңге жіберуі мүмкін. Сондықтан қарапайым халықтың діни сауатты болуы өте маңызды әрі қажетті болып табылады. Ал діни сауаттылық – бұл оқыту, ағарту және әдебиеттер арқылы алынатын білім. Белгілі философ Херберт Спенсер(1820-1903) «Тәлім-тәрбие,білім алу адамды этика мен рационалдық тұрғыдан байытады, оны жаман дағдылар, озбырлықтан құтқарады» деген. Жастарымызды қоғамға зиянды топтардың шырмауынан құтқару үшін, біліммен қоса ұлттық патриотизм,рухани құндылықтарға ие болу тұрғысынан тәрбие беруіміз қажет. Өз халқының мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайытын нағыз мәдениетті азамат қалыптасады. 

Мектепте діни ахуалды ары қарай жүйелі жұмыстарды жүргізуді жандандыру мақсатында төмендегіше ұсынысымды білдіремін: - Қала, аудан және ауыл әкімдері жанындағы ақсақалдар кеңесімен бірлесіп жұмыс жүргізу; -Діни сауаттылықты арттырып, түсінік жұмысын уақтылы жүргізіу, бұл жерде әрине күнделікті ақпарат құралдарының рөлі өте жоғары.Тоқсан сайын семинар-кеңестер ұйымдастыру;

- Оқушылар арасында діни экстремизм идеяларының таралуының алдын алу, толеранттылықты,конфессияаралық келсім мен қазақстандық патриотизмді насихаттау мақсатында оқушыларды теолог- мамандарды қатыстыра отырып, жүйелі түрде жұмыстар жүргізу. Қорыта келе, әрбір азамат қоғам тыныштығы үшін діни экстремизмге табанды түрде қарсы тұруы тиіс. Қазақ халқы ертеден - ақ бірліктің, ынтымақтың маңызын жете түсінген. Бабаларымыздан өсиет болып бізге жеткен «Бақ қайда барасың ынтымағы мен бірлігі жарасқан елге барамын деген қанатты сөз бүгінгі күн ішінде өз көкейкестілігін жойған жоқ. Кемеңгер бабаларымыз «алтау ала болса ауыздағы кетер, төртеу түгел болса төбедегі келер»деп елді бірлікке шақырып отырған. Біздің басты міндетіміз –барлық мүделі орындар,ата-аналар,мектеп ұжымы болып, бірлескен іс-қимылымызбен жастарды еліміздегі дін бостандығын орнымен қолдануға,халқымыздың сан ғасырлар бойы ұстанған қалыпты діни сенім мен нанымына селкеу түсірмеуге, жастардың діни мұқтаждық, қажеттіліктерінің орнын толтыруда оларды дәстүрлі Ханафи мәзһабының артықшылықтарын терең түсінуге, мәдениетке, достыққа, бірлікке патриотизмге шақыру. Біздің қазақтың ұл-қыздары теріс ағымға қарсы тұра алады деп сенеміз. Кері ағымға біздің жастарымыздың арасында жол жоқ. Қазақтың ұлы ойшылы Абайдың кемелдену дәуірін тұтас эпопеяға айналдырған сөз зергері Мұхтар Әуезов «Ел болам десең бесігіңді түзе»деп бекер айтпаған. Жастарымыз тура жолды таңдауда жаңылыспау үшін ұлттық тәрбиені біліммен ұштастыра отырып, баршамыз жұмылып экстремизмнің тамырына балта шабайық. Оқушылардың бойында этностық және діни толеранттылықты тәрбиелеу,экстремизм мен радикализмге қарсы әрекет ету дағдыларын қалыптастыру, қазіргі таңда қоғамның тұрмыс-салты мен дүниетанымының жүйесі ретіндегі діннің рөлі айтарлықтай өсті. Діннің қоғамдық қатынастарға,қоғам санасының діни компонентін қалыптастыруға ықпал ету спектрі күшейіп, кеңейе түсуде. Халықтың әртүрлі топтар өкілдерінің рухани, соның ішінде діни өмір салтына деген қызығушылығы артуда. Еліміздегі діни ахуал туралы сөз қозғаған кезде, жастар туралы айтпай өту мүмкін емес. Себебі ел жастарының дінге деген қызығышылығы жыл сайын артып отыр. Дін-адамды имандылыққа тәрбиелейді. Онсыз қоғам, ел, тарих болмаған. Білім де, рухани тәрбие де осында. Яғни, ол ғылымның қайнар көзі. Сондықтан екеуін бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Соңғы жылдары Қазақстанға келетін миссионерлер мен тіркеуге алынған дәстүрлі емес ұйымдар мен секталар саны арта түскені белгілі, олардан келетін қауіп зор. Ал қазіргі таңда сол басқа діни секталардың шылауына арбалған жастар көп. Мұны жастардың діни сауатының төмендігі, фундаментальді білімнің жоқтығынан, ой-өрісінің тарлығынан деуге болады. Балалар мен жастардың бойында Қазақстанға сырттан енуші этнодіни эктремизм мен түрлі радикалды ағымдарға қарсы әрекет ете алатын дағдыларды қалыптастыру тәрбиенің міндеттері болып табылады. Діни экстремизм-осы заманға тән әлеуметтік қатерге айналды. Осыған байланысты өскелең ұрпақты қоғамда белең алған қауіп-қатерлерден құлағдар етіп отыру маңызды. Мектепте терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және діни теріс ағымдардың таралуын болдырмау бағытында бірлескен жұмыстар жасалуда. Мақсатымыз жат діннің жетегінде кетпесін деген бағытта жастардың, әсіресе мектептегі оқушылардың санасын қалыптастыру, дәстүрлі дінді түсіндіру, олардың экстремизм мен терроризмге, жат ағымдарға қарсы ішкі иммунитетін қалыптастыру. Дәстүрлі емес діни бірлестіктерден келетін қауіп-қатерден оқушыларды сақтандыру мақсатында 2012-2013 оқу жылынд «Діни экстремизм және терроризм» бағыты бойынша жоспар жасалынды. Экстремизм және терроризмдік қылмыстарды алдын алу мақсатында мектепшілік түсінік жұмыстар жүргізіліп, дәрістер оқылып, оқушылар арасында құқықтық, тәрбиелік-идеологиялық түсіндіру шаралары жүргізілді. Біздің басты мақсатымыз –барлық мүделі орындар,ата-аналар,мектеп ұжымы болып, бірлескен іс-қимылымызбен жастарды еліміздегі дін бостандығын орнымен қолдануға,халқымыздың сан ғасырлар бойы ұстанған қалыпты діни сенім мен нанымына селкеу түсірмеуге, жастардың діни мұқтаждық, қажеттіліктерінің орнын толтыруда оларды дәстүрлі Ханафи мәзһабының артықшылықтарын терең түсінуге, мәдениетке, достыққа, бірлікке патриотизмге шақыру. Оқушылар «Дінтану негіздері» арқылы жаңа діни қозғалыстардың негізгі белгілері мен ерекшеліктерін,Қазақстандағы дін туралы заңнаманы оқып-үйреніп жатыр. 1-11 сыныптар арасында имандылық апталығы өткізіліп,оқушыларға бейнефильм көрсетілді. Жас ұрпаққа діндер тарихы мен оның құндылықтары, рухани астары туралы мәліметтер берілді.«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ »тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізіліп, ата-аналарға кеңестер берілді.Сонымен қатар ата-аналар дәстүрлі емес діни ұйымдардан өз балаларының аулақ ұстау барысында олармен әңгімелер жүргізіліп отыратыны және үнемі балаларын бақылауда ұстайтыны,олардың дос-жолдастарының да мұндай жолдан сақ болуына көңіл бөліп отыратыны анықталды. «Өз балаңызды қалай қорғауға болады» жаднамасы, бала құқығын қорғау жөнінде сенім телефондары таратылып берілді. Әр сыныпта имандылық сағаттары өз уақтылы өтіп отырады. Оқушылардың жан-жақты, қасиетті дінімізді,қастерлі салт-дәстүрімізді танып білетін, тілін танитын,саналарын оятар мақсатпен «Қыз қылығымен»тақырыбында қыз балаларға арналған қыздар жиналысы, «Жігітке жеті өнер де аз»тақырыбында ер баллар жиналысы болды. Мектебімізде «ЖасҰлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы оқушыларды әдептілікке,инабаттылыққа, жалпы адамгершілік қасиеттерге баулитын іс-шаралар ұйымдастырылуда. Мектеп бала тәрбиесіне қатысты мекемелермен бірлесе отырып «Жасөспірім», «Балалар түнгі ауылда» секілді жедел – профилактикалық шаралары жүйелі түрде жүргізілді. Нәтижесі жаман емес, жыл басынан бері «Отбасы және мектеп» , «Мектептегі құқықтық тәртіп» атты жедел-профилактикалық іс-шаралары бірнеше рет өткізілді.Бақылауды қажет ететін оқушылардың ата-аналарымен, өздерімен жеке сөйлесіліп үнемі бақылауда ұстап, қадағалап отырылды. Оқушыларды радикалды діни ағымдар идеяларының кері ықпалынан сақтандырудың басты жолы-олардың бос уақытын тиімді пайдалану. Жастардың түрлі қылмыстық элементтерге бой алдырмауына, бос уақыттарын тиімді пайдалану, олардың арасында патриоттық сезімдерін ояту мақсатында түрлі спорттық – мәдени шаралар, лекциялар,қызықты ойындар ұйымдастырылды. Құқықтық білімін анықтау мақсатында оқушылар арасында сауалнамалар жүргізіліп отырды. Мектеп әкімшілігі және сынып жетекшілер мен ата-аналардан құрылған топтардың рейдке шығу кестесін кұрып, мешітке баратын балаларға қадағалау жасап,ай сайын есептері алынды. Мектеп оқушылары арасында діни ахауалды үнемі бақылауда ұстау бақытында дәстүрлі ислам жолындағы мұсылмандардың киім үлгісін, қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын насихаттау, зайырлы қоғамның және дәстүрлі дін өкілдерінің «ниқаб» және «бурқа» киім кию үлгілеріне қарсы екендіктері жөнінде игілікті іс атқарылды. Қазіргі таңда, ислам жолындағы жастардың жат киім киіп, тұмшалануының артуына байланысты мектепте 9-11 сынып қыз балаларының арасында «Әйелдің әсемдігі – Әлемнің әдемілігі» тақырыбында және «Мектеп пен отбасы бірлігі-болашақ ұрпақ тірлігі»атты ата-аналар конференциясында жастар арасында діни ахуалды үнемі бақылауда ұстауды және дін жолындағы әйел адамдардың ниқаб,бурқа киім кию үлгілері мәселелерін реттеу бағытында түсінік жұмысы жүргізілді. Бұл бағытта дәстүрлі ислам жолындағы мұсылмандардың киім үлгісін, қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын насихаттау, зайырлы қоғамның және дәстүрлі дін өкілдерінің «ниқаб»және «бурқа» киім кию үлгілеріне қарсы екендіктерін, біздің қоғам бұны қабылдамайтынын атап, аудандық білім бөлімінен келген слайдты көрсету арқылы түсіндірілді.Бұл мәселерді шешу мақсатында мектептің оқушыға сай келетін киім үлгісінен мектеп кіреберісіне тақта ілінді. Білім күнінен бастап оқушылардың бірыңғай үлгідегі мектеп формасын киюі ұдайы бақыланып отырады. Мектепте діни ағымдардың өскелең ұрпаққа кері әсері туралы ақпарат беріп, одан аулақ болудың жолдарын түсіндіру мақсатында ауыл мешітінің имамы Хайрулин Қайрат Сайфоллаұлы мен Қамысқала селолық округ әкімі Бекболат Мусин және ауыл инспекторы , полиция лейтенаты Болат Қалбановтың қатысуымен 9-11 сыныптар арасында кездесу кештері уақтылы өткізіліп отырылды. Оқушыларға ислам, діни экстремизм, лаңкестік ұйымдардан сақтану,ата-ананы құрметтеу, ұстаздар мен оқушылардың өзара сыйластық қарым-қатынасы туралы сөз қозғалып жан-жақты түсіндірді Сонымен өткізілген шаралардың ең тиімдісі-оқушылармен тікелей кездесіп,түсіндіру жұмысын жүргізу. Оқушыларды радикалды діни ағымдар идеяларының кері ықпалынан сақтандырудың басты жолы олардың бос уақытын тиімді пайдалану мен өзекті әлеуметтік мәселерінің уақтылы шешілуі. Десекете,дін атын жамылған экстремистік және террористік идеологиялардың таралу үрдісі соңғы кездерді бүкіл әлемде кең көлемді сипат алуда, бұл адамзат қоғамның тұрақтылығына төнген айқын қауіп болып отыр. Міне, сондықтан да Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында радикализм, экстремизм және терроризмнің барлық түрлері мен көріністеріне қарсы күрес жүргізуді мемлекет пен оның институттарының маңызды қызмет бағыты ретінде белгіледі. Сондай-ақ Елбасымыздың Жолдауында қоғам ішінде, әсіресе, жастар арасында діни экстремизмнің алдын-алуды күшейту қажеттілігіне, сонымен қатар, халқымыздың зайырлы мемлекет – Қазақстан Республикасының салт-дәстүрлері мен мәдени құндылықтарына сәйкес келетін діни санасын қалыптастыруға айрықша көңіл бөлінді.

Қазіргі таңда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен бес жылға жоспарланған Қазақстан Республикасындағы діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жөніндегі Мемлекеттік бағдарлама жасалды. Бұл бағдарламаның мақсаты – діни экстремизм көріністерінің алдын-алу және терроризм қаупін болдырмау арқылы адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 2017 жылға қарай Қазақстан халқы, соның ішінде жастар, әсіресе, діни негіздегі радикалды идеология ықпалына бейім немесе соған ұшырағандар - экстремизм мен терроризм идеяларына қарсы сананы қалыптастыруға бағытталған кешенді алдын алу жұмыстарымен қамтылаған болатын. Қоғамда келісім мен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін нығайту-қай кезде де аса маңызды міндеттердің бірі. Оны жүзеге асыру діни конфессияаралық қарым-қатынастарды қамтамасыз ету,елімізде кейбір радикалды діни пайда болуына орай бірлескен іс-қимыл жасаумен тығыз байланысты. Биылғы жылы Дін істері департаментімен бірлескен, жастар көшбасшыларына, басқа да белсенді жастарға арнайы семинарларды, оқу сабақтарын ұйымдастырып,жастардың қоғамдық ұйымын құру жоспарланып және қоғамдық негізде жұмыс жасайтын ақсақалдар кеңестері құрылып жатқаны белгілі. Мешіттерді аузынан уызы кетпеген жастарға емес, көпті көрген ақсақалдарға билетуі мешіттегі жастар әртүрлі жалған уағызшыларға емес, көреген ақсақалдарымызға қарап бой түзетері сөзсіз. Экстремизм қатерлі ісік дерті іспеттес. Егер уақтылы алдын алу жұмыстары жүргізілмесе, уақыт өте келе тамырын тереңге жіберуі мүмкін.

Сондықтан қарапайым халықтың діни сауатты болуы өте маңызды әрі қажетті болып табылады. Ал діни сауаттылық – бұл оқыту, ағарту және әдебиеттер арқылы алынатын білім. Белгілі философ Херберт Спенсер(1820-1903) «Тәлім-тәрбие,білім алу адамды этика мен рационалдық тұрғыдан байытады, оны жаман дағдылар, озбырлықтан құтқарады» деген. Жастарымызды қоғамға зиянды топтардың шырмауынан құтқару үшін, біліммен қоса ұлттық патриотизм,рухани құндылықтарға ие болу тұрғысынан тәрбие беруіміз қажет. Өз халқының мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайытын нағыз мәдениетті азамат қалыптасады.  Мектепте діни ахуалды ары қарай жүйелі жұмыстарды жүргізуді жандандыру мақсатында төмендегіше ұсынысымды білдіремін: - Қала, аудан және ауыл әкімдері жанындағы ақсақалдар кеңесімен бірлесіп жұмыс жүргізу; -Діни сауаттылықты арттырып, түсінік жұмысын уақтылы жүргізіу, бұл жерде әрине күнделікті ақпарат құралдарының рөлі өте жоғары.Тоқсан сайын семинар-кеңестер ұйымдастыру; - Оқушылар арасында діни экстремизм идеяларының таралуының алдын алу, толеранттылықты,конфессияаралық келсім мен қазақстандық патриотизмді насихаттау мақсатында оқушыларды теолог- мамандарды қатыстыра отырып, жүйелі түрде жұмыстар жүргізу. Қорыта келе, әрбір азамат қоғам тыныштығы үшін діни экстремизмге табанды түрде қарсы тұруы тиіс. Қазақ халқы ертеден - ақ бірліктің, ынтымақтың маңызын жете түсінген. Бабаларымыздан өсиет болып бізге жеткен «Бақ қайда барасың ынтымағы мен бірлігі жарасқан елге барамын деген қанатты сөз бүгінгі күн ішінде өз көкейкестілігін жойған жоқ. Кемеңгер бабаларымыз «алтау ала болса ауыздағы кетер, төртеу түгел болса төбедегі келер»деп елді бірлікке шақырып отырған. Біздің басты міндетіміз –барлық мүделі орындар,ата-аналар,мектеп ұжымы болып, бірлескен іс-қимылымызбен жастарды еліміздегі дін бостандығын орнымен қолдануға,халқымыздың сан ғасырлар бойы ұстанған қалыпты діни сенім мен нанымына селкеу түсірмеуге, жастардың діни мұқтаждық, қажеттіліктерінің орнын толтыруда оларды дәстүрлі Ханафи мәзһабының артықшылықтарын терең түсінуге, мәдениетке, достыққа, бірлікке патриотизмге шақыру. Біздің қазақтың ұл-қыздары теріс ағымға қарсы тұра алады деп сенеміз. Кері ағымға біздің жастарымыздың арасында жол жоқ. Қазақтың ұлы ойшылы Абайдың кемелдену дәуірін тұтас эпопеяға айналдырған сөз зергері Мұхтар Әуезов «Ел болам десең бесігіңді түзе»деп бекер айтпаған. Жастарымыз тура жолды таңдауда жаңылыспау үшін ұлттық тәрбиені біліммен ұштастыра отырып, баршамыз жұмылып экстремизмнің тамырына балта шабайық.

 

 

 

Теректібұлақ орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Діни адасушылықты болдырмау ортақ борышымыз 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Психолог: М.Қамалбекова

 

 

 

 

 

 

2016-2017оқу жылдары

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "8-11сынып оқушылар аралығында "Діни адасушылықты болдырмау ортақ борышымыз" тақырыбында әңгіме қозғау"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель клубного филиала

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 405 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.01.2018 2891
    • DOCX 38.2 кбайт
    • 57 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Серікова Мәдина Қанатқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Серікова Мәдина Қанатқызы
    Серікова Мәдина Қанатқызы
    • На сайте: 6 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7800
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности психологического консультирования при нарушениях пищевого поведения

36/72/108 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 90 человек из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 116 человек

Курс повышения квалификации

Дислексия, дисграфия, дискалькулия у младших школьников: нейропсихологическая диагностика и коррекция

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1203 человека из 82 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 601 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО ОВЗ для детей с умственной отсталостью (интеллектуальными нарушениями)

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 94 человека из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 831 человек

Мини-курс

Тревожные расстройства: диагностика и причины

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Теория и практика инвестиций в контексте устойчивого развития

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусственный интеллект как помощник в поиске работы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе