Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / 2 сыныпқа арналған "Ақпараттық мәдениет негіздері" факультативі

2 сыныпқа арналған "Ақпараттық мәдениет негіздері" факультативі



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Павлодар білім басқармасының облыстық мұғалімдер біліктілігін

арттыру институты

Екібастұз жалпы орта білім беретін мектебі










Ақпараттық мәдениет негіздері

2-сынып


(таңдаулы курс)



hello_html_733f49db.jpg
























2013 жыл

Құрастырған: Екібастұз жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Убабаева Балнур Толеубаевна



Пікір жазған ПМБАИ «Бастауыш мектепте білім беру» кабинетінің әдіскері Б.С. Барамбаева



Бағдарлама мазмұны оқушыларды информатика пәніне қызығушылықтарын арттырып, ақпараттық сана сезімін дамытуға, жаңа технологиялық білімдерін байытуға және сауаттылықтарын арттыруға бағытталған.























БЕКІТЕМІН: __________ «_____» __________________ 2013 жыл

Мектеп директоры: А.Е. Ошимова





КЕЛІСІЛДІ: директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары: Б.К.Сагамбаева

__________ «_____» ______________________ 2013 жыл



ТАЛДАНДЫ: басатуыш сынып әдістеме жетекшісі: Н.Б.Дюсембаева

__________ «_____» ______________________ 2013 жыл


ПІКІР


«Ақпараттық мәдениет негіздері» таңдаулы курсы информатика пәніне проблеманы шешу құзыреттілігін қалыптастыруға арналаған. Арнайы жинақталған тапсырмалар заман талабына сай, бастауыш сынып оқушылар бойына негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыру мақсатында жасалды. Ақпараттық бiлiм мен тәрбие және оқушылардың кәсіби дайындықтарының арасында сәйкессiздiк бар.

Бiздiң пайымдауымызша, ақпараттық бiлiм беру төмендегiдей бiлiктiлiктерге сүйенедi: ақпараттық ұғымдар мен пайымдауларға сүйене алу; тұжырым жасай алу, дәлелдi пiкiр айта бiлу, мәлiмдей бiлу, ақпараттық категориялар мен көрсеткiштердi пайдалана бiлу; сондай-ақ оқуда және өз қызметтерiне компьютерлiк техниканы еркiн пайдалана бiлуге үйрету; ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн игеру; өзiндiк оқу мен өзiндiк iс-әрекеттiң қалыптасуына әсерiн бағалай бiлу; практикалық iс-әрекеттерге байланысты түрлi мәселелердi шешудiң тиiмдi тәсiлдерiн таба бiлу.

Бағдарлама жүйелілік, нақтылық, тұтастық, үздіксіздік, оқу материалы оқушының жас ерекшеліктеріне сай болуы қағидалары негізінде құрастырылды. Оқушылардың сабақтан алған білімдерін қызықты деңгейлiк тапсырмалармен, сұрақтармен, логикалық есептермен және дамытушылық ойындармен, сергiту сәттерiмен ұйымдастырылады. Яғни оқушылардың білік дағдыларын жан-жақты дамытуға арналған құрал.










Аннотация


Бағдарламаның өзектілігі:

Бүгінгі таңда тұрған негізгі мәселе жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Бастауыш сатыдағы оқу-тәрбие үрдісінде білім мазмұнын жаңарту, ақпараттандыру арқылы, әр оқушының дара ерекшеліктерін нақтылай отырып, шығармашылық мүмкіндігін дамыту .

Оқушының ақпараттық танымын дамыту , білімін кеңейту және тереңдету, оқуға деген қызығушылығын қалыптастырып, ойлау қабілетін дамыту мақсатында 2-4 сыныптарға арналып «Ақпараттық мәдениет негіздері» атты арнайы бағдарлама құрастырылды.























Бағдарламаның мақсаты:


- ақпараттық ортада түрлі ақпараттарды қабылдау, беру, түрлендіру және тарату арқылы оқушылардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.



Бағдарламаның міндеттері:


  • оқушылардың логикалық және алгоритмдiк ойлау қабiлетiн дамыту;

  • оқушылардың компьютерлiк сауаттылығын дамыту;

  • оқушылардың коммуникативтiк (тiлдiк) ойлау қабiлетi, өзіндік танымдық іс-әрекет жасау дағдылары мен шығармашылыққа бейiмдiлiгiн дамыту;

  • оқушылардың жүйелiк-ақпараттық бейнесiн, ақпараттық мәдениетiн және өзiн-өзi дамытуға және қызмет субъектiсi ретiнде қалыптастыру.






















2-сыныпта “Ақпараттық мәдениет негiздерi”

Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат.


Сабақтар нөмiрi

Мазмұны

Сағаттар саны

1

«Ақпараттық мәдениет негiздерi» пәнімен танысу

1

2-3

Қоршаған әлемдегi және табиғаттағы ақпарат. Дыбыстық және көру ақпарат түрлерi.

2

4-5

Қоршаған әлемдегi және табиғаттағы ақпарат. Дәмдiк, иiс сезу және сипап сезу ақпарат түрлерi

2

6-7

Нысан және оның қасиеттерi (атауы, түсi).

2

8

Қайталау

1

9

Компьютермен танысу. Техника қауiпсiздiгi және компьютерлiк сыныпта тәртiптi сақтау ережелерi.

1

10

Пернетақтамен танысу.

1

11

Қарапайым жаттығу.

1

12-13

Нысан және оның қасиеттерi (көлемi, пiшіні).

2

14-15

Нысан және олардың қасиеттерi (құрамы).

2

16

Қайталау

1

17-18

Нысан және оның қасиеттерi (ортақ және қарама-қарсы белгiлерi).

2

19

Ұқсас және әр түрлi нысандар. Нысанмен жұмыс жасау.

1

20

Нысандардың жұмыс жасау әрекеттерi.

1

21

Берiлген қасиеттерi бойынша нысан құрастыру.

1

22

Тiзбектер

1

23

Тiзбектегi әрекеттер реттiлігі.

1

24

Қайталау

1

25

Жиын

1

26

Жиындарды салыстыру

1

27-28

Жиын және оларды топтау

2

29-30

Iшкi жиындар

2

31

Қорытынды сабақ

1

Барлығы

34

















І. ТҮСІНІК ХАТ


«Математика және информатика» білім беру саласына кіретін оқу пәнінің нысаны -информатика. Ұсынылып отырған «Ақпараттық мәдениет негіздері» оқу пәнінің нысандары ақпарат, ақпараттық ресурстар, ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологиялар жатады.

«Ақпараттық мәдениет негіздері» оқу пәні, өзінің мазмұнына ақпарат, түрлі табиғат жүйесіндегі ақпараттық үрдістер, ақпараттандыру құралдары және ақпараттық технологиялар туралы білімдер негізін құрайтын бастауыш мектептің жаңа пәндерінің бірі.

Оқу пәні ретіндегі информатиканың білім мазмұнында басқа да білім салаларына тән мағлұматтардың кездесуі мүмкін болғандықтан, басқа пәндермен пәнаралық байланыс тән.

Осыған орай бастауыш мектепте Ақпараттық мәдениет негіздерін оқытудың мақсаты мен міндеттері айқындалады.

«Ақпараттық мәдениет негіздері» оқу пәнінің жалпы мақсаттары ұсынылған базалық, түйінді және пәндік құзіреттілік түрлерімен бірлікте қарастырылады:

  • бастауыш білім алушыларының назарын және ойлау қабілетін дамыту;

  • информатиканың негізі мен ақпараттық технологияларды оқу іс-әрекетінде қолдану;

  • жалпы оқу біліктері ретінде оқу-компьютерлік біліктің негізін қалыптастыру.

Оқыту пәнінің мақсаттарына сәйкес «Ақпараттық мәдениет негіздері» оқу пәнінің міндеттері төмендегіше анықталады:

  • білім алушыларға ақпараттың негізгі қасиеттерімен таныстыру, оларды ақпаратты ұйымдастыру жолдары мен алдыға қойылған мақсатты шешуде оқу іс-әрекетін жоспарлай білуге үйрету;

  • білім алушыларға компьютер және қазіргі ақпараттық, коммуникациялық технологиялар туралы, қазіргі ақпараттық қоғам туралы, жеке тұлға мен мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігі туралы алғашқы түсінік беру;

  • бастауыш мектептің басқа пәндерін оқытуда қолданатын білім алушыларға компьютерді қолданудың алғашқы білігін қалыптастыру.

Оқу пәні мазмұнын іріктеуді реттейтін дидактикалық негіздер үздіксіз білім берудің дидактикалық, әрекетшілдік негіздегі, пәнаралық интеграция, түсініктілік, сабақтастық, тұлғалық жетістіктерді ескеру, шығармашылық, 2-4 сынып оқушыларының жас мүмкіндіктерімен өзара байланысы ұстанымдарының негізінде жүзеге асады.

«Ақпараттық мәдениет негіздері» пәнінің мазмұнын іріктеу іс-әрекеттік, денсаулық сақтау, жеке тұлғаға бағытталған және құзыреттілікке негізделген. Нәтижеге бағытталған құзыреттілік Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартында көрсетілгендей білім алушыларды құзыреттілікке жетуге бағдарлайды.

Білім мазмұнын іріктеуге Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартыда анықталғандай базалық, пәндік, түйінді құзыреттер негіз болады. «Ақпараттық мәдениет негіздері» оқу пәні білім алушыларға компьютерді қолдану білігін және басқада ақпараттық технологияларды қолдану мен ақпаратты-әлеуметтік білімді береді және осы алған білімдерін әр түрлі пәндерді оқуда қолдана алуға мүмкіндік жасайды.

Пән бойынша оқу жүктемесі ҚР МЖБС (Астана, 2008) базистік оқу жоспарына сәйкес (Қосымша Б, Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін орта білім беру ұйымдарының типтік оқу жоспары. Бастауыш білім беру) сәйкес 2 сыныпта Ақпараттық мәдениет негіздері төмендегідей бөлінген:

2-сыныпта аптасына 1 сағат, жылына оқу аптасы – 34, барлығы ― 34сағат.






ІІ. білім беруден күтілетін нәтижелер

Оқушылардың бiлiмi мен бiлiктiлiгiне қойылатын талаптар

Ненi бiлуi тиiс:

  • компьютердiң негiзгi құрылғыларының қызметiн ;

  • пернетақта мен «тышқан» қол тетiгiнiң атқаратын қызметiн ;

  • нысан ұғымының мағынасын және оның қасиеттерiн;

  • ақпарат және оның түрлерi туралы түсiнiктердi;

  • ақпарат қасиеттерiн;

  • ақпарат көзi мен оны қабылдаушы туралы мағлұматтарды;

  • ақпаратты кодтау туралы мағлұматты;

  • тiзбектiң мағынасы мен мәнiн және онымен жасалатын әрекеттер реттiлiгiн;

  • «жиындар ұғымын» ;

  • «модельдер» ұғымын;

  • графикалық және ақпараттық модельдер түсiнiгiн;

  • мәтіндік және графикалық редактордың мүмкiндiктерiн;

Ненi үйренуi тиiс:

  • компьютердiң негiзгi құрылғыларының қызметiн орынды пайдалана бiлудi;

  • қарапайым мәтiндердi теруде пернетақтаны пайдалана бiлудi;

  • «тышқан» қол тетiгiн пайдалана бiлуді;

  • нысандарға мысалдар келтiре бiлудi;

  • нысандарға мысалдар келтiре бiлудi және олардың қасиеттерiн (түсiн, пiшiнiн, құрамын, ұқсас және қарама-қарсы белгiлерiн) анықтай бiлудi,

  • нысан қасиеттерiн орынды пайдалана бiлудi;

  • ақпарат көзi мен қабылдаушысын ажыратып, мысал келтiрудi;

  • кодтар кестесi көмегiмен ақпараттарды кодтай бiлудi;

  • мәтіндік және графикалық редакторлар құралдарын орынды пайдалана бiлудi.





















«Ақпараттық мәдениет негіздері»

таңдаулы курс бағдарламасының мазмұны


І. Ақпарат

Біздің өміріміздегі ақпарат. Бізді қоршаған ақпарат Ақпарат түрлерінің көпбейнелілігі (суреттер, мәтіндер, дыбыстар) және оларды өңдеу тәсілдері. Ақпарат көздері. Ақпарат және оның қасиеттері: мағынасы, суреттеу, бағалау. Ақпаратты түрлендіруде және жаңа ақпаратты алудағы адамның ролі. Тірі табиғаттағы белгілерді қабылдау және сақтау, түрлендіру. Ақпараттың адам өміріндегі ролі. Ақпаратты тану, сақтау, жеткізу, өңдеу және іздеу.

ІІ. Моделдеу

Нысан үғымы және оның қасиеттерi.

ІІІ. Компьютердің құрылысы

Компьютердің негізгі және қосымша компоненттері және олардың қызметтері (процессор, монитор, пернетақта, тышқан, принтер, сканер, динамикалар).Енгізу құрылғысы. Компьютердің жұмыс істеу қағидасы.

Компьютермен жұмыс істеуде қауіпсіздік техникасының ережесі. Компьютерді қосу. Компьютерде жұмысты аяқтау сеансы. Компьютер мен қолданушының командалық өзара байланысы, графикалық қолданушы интерфейсі (жұмыс үстелі, терезе, жарлық, панелдер, меню).

Пернетақта және тышқан. Алфавиттік пернелер. Цифрлық пернелер. Функциональді және басқарушы пернелер. Тышқан.Тышқанның сол және оң батырмасы. Тренажерлар.

ІҮ.Жиын

Жиын ұғымы және олардың өзара қатынастары (топтау, салыстыру, ішкі жиын).






























Нәтижесі мен қорытындысы:


«Ақпараттық мәдениет негіздері» пәнін оқуда оқушылар информатиканың іргелі ұғымдары аумағы бойынша өз білімдерін тереңдетеді және жүйелейді. Оқушының неғұрлым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған. Бұл бағдарламаны оқу үрдісінде жоғарғы нәтижелер береді:

  • оқушылардың логикалық және алгоритмдiк ойлау қабiлетiн дамыту;

  • оқушылардың компьютерлiк сауаттылығын дамыту;

  • оқушылардың коммуникативтiк (тiлдiк) ойлау қабiлетi, өзіндік танымдық іс-әрекет жасау дағдылары мен шығармашылық бейiмдері артады;

Бағдарламаны меңгеру барысында оқушылар ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін, интерактивтік технологияны, стандартты және офистік программалармен жұмыс жасауды үйренеді және зерттеу, іздену жұмыстарын жүргізеді.


































Пайдаланған әдебиеттер.

1.Қазақстан Республикасындағы Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

2.Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары

3.Информатика ШәріпбаеваА . Астана 2003

4. Е.Ы.Бидайбеков, Ж.К.Нұрбекова, А.Е. Сағымбаева. «Информатикадан оқушылардың білімін бақылау, бағалау» әдістемелік құрал – Алматы 2003ж

5. Челак Е., Конопатова Н. Развивающая информатика, Лаборатория базовых знаний, 2001.

6.Валединский В: Шаг за шагом: информатика, основные понятия, Москва, 1995.

8.Зарецкий Д.В., Зарецкая З.А. Компьютер твой друг, Дрофа, 1997.

9.Айзенк Г.Ю. Проверь свои способности, Санкт-Петербург, 1995.

10.Звонкин А.К., Ландо С.К., Семенов А.Л., Шень А.Х. Алгоритмика, Дрофа, 1998.

11.Копытов Н. Задачи га развитие логики, Москва, АСТ-Пресс, 1998.

12.Волина В. Занимательная азбука для детей, Санкт-Петербург Дидактика, 1994.

13.Хантер Б. Мои ученики работают на компьютере, М.: Просвещение, 1989

14.Колобов С. Правила техники безопасности при работе с ЭВМ , Информатика и образование, 1987, № 6.

15.«Информатика негіздері» ғылыми әдістемелік журнал

















57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 29.09.2015
Раздел Информатика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров977
Номер материала ДВ-017787
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх