Лингвистикалық
және компьютерлік технология
мектеп –
гимназиясының қазақ тілі пәнінен
4 – сыныпқа
арналған мектепішілік олимпиада сұрақтары
Аты – жөні ______________________________________________________________
Ұпай саны:_______________________________________________________________
1.Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тілі?
А)орыс
В)қазақ С)неміс
2.Қазақстан
Республикасының рәміздерін ата?
А)жалау,
елтаңба, әнұран В)герб, гимн, сурет
С)ту, кітап, карта
3.Ұлттық
тағамдар тізбегін көрсет?
А)айран,ірімшік,
бауырсақ В)нан,тұз,шырын С)сүт, қант,
шәй,
4. Қазақстанның
астанасы қай қала?
А)Алматы
В)Қызылорда С)Астана
5.Мамандыққа
жатпайтын сөзді көрсет.
А)Құрлысшы
В)Шаштараз С) әпке
6.Жіңішке
буынды сөзді тап.
А)Қағаздар
В)Сурет С)Маман
6.Қазақ
тілінде неше дауысты дыбыс әріп бар?
А)5
В)6 С)9
7.
«Жүгірдім» сөзінің түбірін тап
А)жүгір
В)жүгірді С)жүк
8.Қазақ
тіліне ғана тән дыбыстар қатарын көрсет.
А)а,
ө,қ,ш, В)ә,ө,қ,һ, С)ә,ө,о,и
9.Қатаң
дауыссыз дыбыстарды тап.
А)з,к,л,м,н
В)а,о,ы,і,э С)п,ф,к,т,с
10.Сөйлемді
толықтыр. Кітап үстелдің ......... жатыр.
А)үстінде
В)ішінде С)сыртында
11.Тәуелсіздік
күні қай айда атап өтіледі?
А)қаңтар
В)ақпан С)желтоқсан
12.Көп
нүктенің орнына жалғаулықтарды дұрыс қой: Нұрлан ....... Асхат мектептен қайтты.
А)бен
В)мен С)пен
13.Лепті
сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
А)үтір
В)нүкте С)леп
белгісі
14.Қарамен
берілген сөздің аудармасын тап: «Менің әжем пенсионер»
А)ертегі
В)жас емес С)зейнеткер
15. Қазақстан
Республикасының жалауының авторы кім?
А)Шәке
Ниязбеков В)Шәмші Қалдаяқов С)Нұрсұлтан
Назарбаев
16.Сөзде
неше буын бар? Гүрілдейді
А)4
В)6 С)3
17.Сөйлемнің
дұрыс аудармасын көрсет. Бөлмеде інім отыр.
А)В
комнате сидит мой старший брат. В)В комнате сидит мой
дедушка
С)В комнате сидит младший брат
18.Нүктенің
орнына қойылатын дауыссыз дыбысты көрсет. Ш...жық
А)а
В)ү С)ұ
19.Бітеу
буынды сөзді тап
А)дәмді
В)палау С)тұз
20.Ашық
буынды сөзді көрсет.
А)ел
В)мектеп С) әже
1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ойын сабақ.
Сабақтың мақсаты: 1. Модуль бойынша өткен сөздерді бекіту ;
2. оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын
арттыру, тілін, ойлау қабілетін дамыту, жазбаша
сауаттылығын қалыптастыру ;
3. қазақ еліне, мемлекеттік тілге деген құрмет
сезімін тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ойын сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, сөзжұмбақ, мақал,
жұмбақ, қималар.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, ойын тапсырмаларын орындату,
«Мектеп» мәтінін әңгімелету, сабақты
қорытындылау.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі;
Амандасу, оқушыларды түгендеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақты
қайталау;
Сөзжұмбақты шеш:
1. ручка
2. окно
3. дверь
4. доска
5. тетрадь
6. класс
ІІІ. Ойын сабақ
«Мектеп» мәтінін
әңгімеле.
«Артық сөзді тап»
ойыны.
«Адасқан әріптер »
ойыны. Дыбыстарды тіркестіріп сөз жасаңдар.
1.
Р, О, Б (бор)
2.
П, А, Т, І, К (кітап)
3.
М, А, Л, А, Қ (қалам)
4. Р,
Е, Т, П, Ә, Д (дәптер)
5.
Ш, Ы, Ғ, З, Ы, С (сызғыш)
6.
Ш, І, Г, Р, І, Ш, Ө (өшіргіш)
Жұмбақты шеш.
Үндемес серік,
Ақылы берік. (кітап)
Ауызы біреу, тілі екеу, жаны жоқ,
Сөйлейтұғын сөздерінің саны жоқ. (қалам)
Мақалды оқы.
Оқу- білім бұлағы,
Білім- өмір шырағы.
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
«Түсіп қалған
әріпті тап» ойыны.
О..ушы, д..птер, та..та, сыз..ыш, сын..п, қал..м, к..тап, өшірг..ш.
Серігіту сәті.
Қолды белге қояйық,
Басты оңға бұрайық.
Басты солға бұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып қалайық.
Сабақты
қорытындылау.
1. Сабақта
қандай өткен сөздерді қайталадық?
2. Қандай
оқу құралдарын білесіңдер?
Ү/т Оқу, білім туралы мақал жаттау.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.