Инфоурок Физика Рабочие программы8-сыныпта физиканы тереңдетіп оқыту

8-сыныпта физиканы тереңдетіп оқыту

Скачать материал

«Шарбақты ауданының Абай Құнанбаев атындағы орта жалпы білім беру мектебі»ММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Физика пәнінен

8-сыныпқа арналған тереңдетілген

оқу бағдарламасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрастырған: Айгумусовав Асемгуль Бейсенбаевна

Физика және математика мұғалімі

Тел 87474641599

Эл. Почта asemgul.b.a@mail.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Түсінік хат

 

Физика – оқушыға білім беретін және өзіндік тәрбиелік ықпалы бар, оның ақыл - ойын және логикалық ойлау қабілетін дамытатын, ерік-жігерін тәрбиелейтін өзіндік мазмұны және зерттеудің ғылыми әдістері бар жетекші ғылымдардың бірі болып табылады.

Бүгін мектептегі «Физика» оқу пәнінің курсы ғылыми түрде ойлауды қалыптастыруға бағытталған, оқушының шығармашылық, коммуникативтік қабiлетін, абстрактiлi-теориялық және практикалық ойлауын, сыни ойлау және талдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

«Физика» курсын 8 сыныпта оқытудың мақсаты – оқушылардың ғылыми дүниетанымының негіздерін, танымдық қызығушылығын, сын тұрғысынан ойлауын, зияткерлік және шығармашылық қабілетін қалыптастыру, физиканың негiзгi заңдарымен танысудан, табиғаттың құбылысын зерттеуден меңгерген білімі және білігін техникада және күнделiктi өмiрде пайдалана білу.

Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді шешу қамтамасыз етедi:

1)                қазіргі заманғы әлемнің физикалық бейнесінің негізін беретін жылулық, электр, магнит және жарық  құбылыстар, ұғымдар, заңдылықтар және теориялық қорытынды туралы білімдерді, табиғаттың ғылыми таным әдістері туралы білімдерді, құбылыстарды бақылау, эксперименттік тапсырмаларды орындау, болжау және жобалауды жүзеге асыру біліктілігін меңгерту;

2)                 физикалық экспериментті орындау дағдысын, зерттеушілік  қабiлетін, өмірлік, тәжірибеде мәні бар есептерді шешу үшін игерген білім және білігін қолдану үдерісінде танымдық қызығушылығын, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

3)                оқу және зерттеу жұмысына жауапкершілікпен қарау, қоршаған ортаны қорғау және табиғат құндылықтарын тиімді пайдалану, қоғам және адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, базалық білім негізінде экономикалық және саяси, әлеуметтік, мәдени қызметтерге ат салысу дағдысына тәрбиелеу.

Бағдарлама оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жасалынған, олардың жаңа контексте игерген білімдерін қолдануға және даму үдерісінің жаһандануы, табиғаттың физикалық заңдылықтарының мәнiн аша отырып практикалық жұмыстарды орындауына кеңінен мүмкiндiк туғызады, білім мазмұны іргелілік, жүйелілік, біртұтастық, мәдени үйлесімділік, түсініктілік, сабақтастық сияқты принциптер негізінде құрастырылған.

Пәнаралық байланыс  қазақ тілі пәнімен:

тіл лексикасы;

ауызша және жазбаша коммуникация (әңгіме, эссе, шығарма, реферат, шығармашылық жоба);

коммуникативті мәдениет;

физиканың негізгі терминологиясын білу білімі, физикалық  терминдерді қолдану арқылы оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыс алгебра пәнімен:

рационал сандармен  есептер  шығару;

формулалар арқылы есептеу, пропорцияны шешу;

тікбұрышты  координат жүйесінде сызбалар  салу;

  y= kx  және, у= 1/х функция түрлері және оның графиктері;

квадраттық теңдеулер  және  теңсіздіктер;

негізгі тригонометриялық формулалар;

сызықтық теңдеулер жүйесі және оларды шешу.

Пәнаралық байланыс  геометрия пәнімен:

векторлар  және амалдар қолдану;

геометриялық  фигуралардың  ауданы;

бұрыштар  туралы  мәлімет (градустық өлшеу) бұрыштарды  өлшеу  және салу;

центрлік және іштей  сызылған  бұрыш;

үшбұрыштардың  теңдігі  және  ұқсастығы;

косинус, синус, Пифагор  теоремасы.

Пәнаралық байланыс химия пәнімен:

заттардың молекулалық  құрылысы;

жану;

энергияның  сақталу  және айналу  заңдары;

кристалл торлардың құрылысы;

Менделеев элементтерінің  периодтық  жүйесі;

изотоптар және атом  ядросының  құрылысы;

массаның  сақталу  заңы;

спектралдық анализ;

химиялық  элементтердің  радиоактивтi изотоптарын  алу.

Пәнаралық байланыс биология пәнімен:

биосферадағы  энергияның айналуы және заттардың айналымы ;

ультракүлгін  және  инфрақызыл, рентген сәулелерінің өсімдік және тірі оргнизмдерге  әсері.

Пәнаралық байланыс география пәнімен:

жауын-шашын, ауа, су буы туралы, заттардың меншікті жылу сыйымдылығын қолдана білуі;

механикалық  энергия туралы білімі (өзен  және  жел энергиялары);

компас көмегімен бағытты айыра білу біліктілігі;

гидроэнергетикалық ресурстар қоры және оларды еліміздің барлық  өңірінде  пайдалану туралы мәлiметтер; 

жергілікті  және  ауқымды экологиялық  мәселелер;

Жер ғаламшары, Жердің магнит өрісі  туралы  мәлімет, магнит  өрісіндегі  зарядталған бөлшектердің  қозғалысы, Күн  жүйесіндегі денелердің  физикалық  табиғаты;

электрэнергияны пайдалана білу білімі.

8 сыныпта «Физика» пәнінен оқу жүктемесі– аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты құрайды (тереңдету есебінен 1 сағат қосылды).

 

 

 

«Физика» пәнінің 8 –сыныптағы базалық білім мазмұны

 

 « Жылу құбылыстары» (36 сағат):

1)           температура, оны өлшеу тәсілдері;

термометрлердiң түрлерi;

температураның шкаласы;

жылулық қозғалыс;

броундық қозғалыс;

диффузия;

ішкi энергия.;

ішкi энергияны өзгерту тәсiлдерi;

жылу құбылысының тірі организмдегі ролі;

суық кездегі адам;

жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару;

табиғаттағы және техникадағы жылу берілу;

жылу берудегі конвекцияның орны;

жылу мөлшері;

заттың меншікті жылу сыйымдылығы;

отынның меншікті жану жылуы;

отынның энергиясы;

механикалық және жылу процестеріндегi энергияның сақталу және айналу заңы;

заттың агрегаттық күйлері;

қатты денелердiң балқуы және қатаюы;

балқу температурасы;

меншiктi балқу жылуы;

будың пайда болуы;

булану және конденсация;

қаныққан және қанықпаған булар;

ауаның ылғалдылығы;

ылғалдылықты өлшеуге арналған құралдар;

қайнау;

меншiктi булану жылуы;

қайнау температурасының атмосфералық қысымға байланыстылығын анықтау;
         т
ермодинамика негiздерi;

термодинамиканың бiрiншi заңы;

газдың және будың жұмысы;

жылу процестерiнiң қайтымсыздығы;

термодинамиканың екінші заңы;

қазiргi физикадағы термодинамиканың рөлi;

жылу қозғалтқыштары;

жылу қозғалтқыштарының п.ә.к.-ті;

жылу қозғалтқыштарын жетілдіру жолдары;

жылу қозғалтқыштарының энергетиканың дамуындағы рөлi;

тоңазытқыш;

жылу қозғалтқыштары және оның адам өміріндегі маңызы;

жылу машиналары және табиғатты қорғау;

жылу машиналарын пайдаланудағы экологиялық мәселелер;

айдағы, Марстағы, Шолпандағы термодинамикалық жағдайлар;

молекулалық-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары;

молекулалардың массасын, жылдамдығын анықтау;

бірлік көлемдегі молекулалар санын анықтау;

капиллярлық құбылыстар;

қатты мен сұйық заттардың жылулық ұлғаюы және оның техникадағы қолдануы;

судың жылулық ұлғаюының ерекшеліктері, оның табиғаттағы маңызы;

техникадағы жылу берілу және жылуды оқшаулау;

атмосфераның құрамы;

ауаның ылғалдылығы;

бұлт пен тұманның пайда болуы;

жауын, қардың пайда болуы;

желдің пайда болуы;

метеорологиялық бақылаулар

2) көрсетілімдер:

түрлі денелердің жылу өткізгіштігі;

металдардың жылу өткізгіштігіндегі айырмашылықтар;

сұйықтар мен газдардағы конвекция;

әртүрлі сұйықтардың булануы;

будың конденсациясы кезіндегі энергияның бөлінуі;

қаныққан булардың қасиеттері;

судың қайнауы;

судың төменгі қысымда қайнауы;

жұмыс атқарғанда және жылу берілу кезінде дененің ішкі энергиясының түрленуі;

әртүрлі металдардың жылу сыйымдылықтарын салыстыру.

колориметр және онымен жұмыс істеу;

термостың құрылысы;

будың жұмысы;

бу турбинасының құрылысы (моделі);

төрт тактілі іштен жану қозғалтқышының құрылысы мен жұмысы (моделі);

молекулярлық кристалдардың фотографиялары;

қатынас ыдыстағы сұйықтардың диффузиясы;

су бетінде май тамшысының жайылуы;

кесте бойынша молекулалардың массасы мен өлшемдерін анықтау;

молекулалардың жылдамдығын анықтайтын Штерн тәжірибесінің моделі;

ылғалдану және капиллярлық құбылыс;

қыздыру кезіндегі дененің ұлғаюы;

қыздыру кезіндегі биметалды пластинаның майысуы;

қарапайым терморегулятор;

түрлі термометрлер;

әр түрлі денелердің жылуөткізгіштігі;

атмосфераның құрылысы;

ылғал ауаны салқындау кезінде тұманның пайда болуы;

салқындау кезінде су буының конденсациясы;

шықтың түсуі.

2) лабораториялық жұмыс;

2-1) № 1 лабораториялық жұмыс:

температуралары әртүрлi суды араластырып жылу мөлшерін салыстыру;

2-2) № 2 лабораториялық жұмыс:

мұздың меншiктi балқу жылуын анықтау.;

2-3) № 3 лабораториялық жұмыс:

ауаның ылғалдылығын анықтау;

3) Практикалық жұмыстар:

денені қыздыру үшін қажетті немесе оны суытқанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеу;

заттың меншікті жылу сыйымдылығын анықтау;

заттың агрегаттық күйлері өзгерген кездегі жылу мөлшерін есептеу.

« Электр құбылыстары» (32 сағат):

1)                    денелердің электрленуі;

электр зарядының сақталу заңы;

электроскоп;

өткізгіштер мен диэлектриктер;

қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесуi;

Кулон заңы;

элементар электр заряды;

электр өрiсi;

электр өрісінің кернеулігі;

потенциал және потенциалдар айырымы;

конденсаторлар;

табиғаттағы электр құбылысы;

өндірісте және тұрмыста электрлендіруді есепке алу және қолдану; 

электр тогы,

электр тогы көздері;

электр тізбегі және оның құрамды бөлігі;

ток күшi;

Амперметр.;

кернеу;

Вольтметр;

тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңы;

өткiзгiштiң электр кедергiсi;

өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi;

электр кедергісінің температураға тәуелділігі;

асқын өткізгіштік, резистор және реостат;

өткiзгiштердi тiзбектей және параллель қосу;

электр тогының жұмысы мен қуаты;

электр тогының жылулық әсері;

Джоуль-Ленц заңы;

кыздыру шамдары;

электрқыздырғыш құралдар;

қысқа тұйықталу;

балқымалы сақтандырғыштар;

электр тогының химиялық әсерi, (Фарадейдiң заңы);

шала өткізгіштерді техникада қолдану;

электролит ерітіндісіндегі электр тогы;

электролиз, оның техникадағы қолдануы;

атмосферадағы электр құбылыстары;

2) көрсетілімдер:

әртүрлі денелердің электрленуі, электрленген денелердің өзара әрекеттесуі;

электрометрдің құрылысы мен жұмыс істеуі;

электр зарядының бөлінгіштігі;

кулон заңының дұрыстығын суреттеу;

ток көздері;

амперметрдің жұмыс істеу принципі;

ток күшін амперметрмен өлшеу;

вольтметрдің жұмыс істеу принципі;

кернеуді вольтметрмен өлшеу;

электр тізбегін құрастыру;

мыс купоросы немесе қышқылданған су ертінділерінің электролизі;

тізбектегі токты автоматты ажыратып қосу үшін биметалды пластинаны қолдану;

ұшқын разряд;

найзағайдан қорғану құрылғының моделі;

шалаөткізгіштердің кедергісінің қыздыру мен жарықтандырудан тәуелділігі;

3) лабораториялық жұмыс

3-1)  № 4 лабораториялық жұмыс:

электр тiзбегiн құрастыру және оның әртүрлi бөлiктерiндегi ток күшiн өлшеу;

3-2)           № 5 лабораториялық жұмыс:

тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңын тексеру;

3-3)            № 6 лабораториялық жұмыс:

өткiзгiштердi тiзбектей және параллель қосуды зерделеу;

3-4)            № 7 лабораториялық жұмыс:

электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау;

                  3-5)  №8 лабораториялық жұмыс:

Электролиттік жалатуды орындау.

4) практикалық жұмыстар:

ток күші мен кернеуді есептеу;

Электр тізбегін есептеу;

Кулон заңына есептер шығару;

Өткізгіштердің тізбектей және параллель жалғауын есептеу;

Өткізгіштердің жұмысы мен қуатын есептеу;

Гальваникалық элементті жинау, оның жұмысын бақылау.

 

«Электромагниттік құбылыстар» (12 сағат):

1)                    тұрақты магнит;

магнит өрiсi;

тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрiсi;

тогы бар шарғының магнит өрiсi;

электромагниттер және оларды қолдану;

магнит өрiсiнiң тогы бар өткiзгiшке әрекеті;

электроқозғалтқыш;

электр өлшеуіш құралдар;

электромагниттiк индукция;

генераторлар;

электрөлшегіш аспаптардың құрылысы;

электромагниттік реленің қолданысы;

электромагниттік құбылыстарды зерттеу тарихы;

арақашықтыққа электр тогын тасымалдау;

 

2) көрсетілімдер:

тогы бар өткізгіштің магнит өрісін бақылау;

тогы бар түзу өткізгіш пен раманың магнит өрісіндегі қозғалысы;

тұрақты ток электр қозғалтқышының құрылысы мен жұмысы;

магнитэлектрлік және электромагниттік жүйе бойынша жұмыс жасайтын амперметр мен вольтметр;

электромагниттік реленің әсері;

айнымалы ток генераторы;

электрэнергияны арақашықтыққа тасымалдау моделі.

 

3) лабораториялық жұмыс:

3-1) № 9 лабораториялық жұмыс:

тұрақты магниттiң қасиеттерiн оқып-үйрену және магнит өрiсiнiң бейнесiн алу;

3-2) № 10 лабораториялық жұмыс:

электрмагниттi құрастыру және оның әсерiн сынау.

4) практикалық жұмыстар:

магниттердің өзара әрекеттесуі;

тұтынушының қуаты және есептегіш бойынша шығындалған электроэнергияның құнын есептеу.

«Жарық құбылыстары» (15 сағат):

1)           жарық;

жарық көздері;

күн – жұлдыз;

жарықтың түзу сызықты таралу заңы;

көлеңке және жартылай көлеңке;

күннің және Айдың тұтылуы;

жарықтың шағылуы;

шағылу заңдары;

толық шағылу;

жазық және сфералық айналар;

сфералық айна көмегімен кескін алу;

жарықтың сынуы;

жарықтың сыну заңы;

линзалар;

линзаның оптикалық күшi;

жұқа линзаның формуласы;

линзаның көмегімен кескiн алу;

көз - оптикалық жүйе;

көздiң көру кемістігі және олардың түзету әдiстері;

оптикалық аспаптар;

жарықтың дисперсиясы;

түс және жарық;

жарық жылдамдығы;

фотометрияның элементтері;

сфералық айналар;

жарықтың сыну заңдары;

жарық сәулелерінің үш бұрышты призмадан өтуі;

көз көргіштіктің инерциясы, оның стробоскоп пен кинода қолдануы;

ақ жарықтың спектрге жіктелуі;

кемпірқосақ;

спектрдің көрінбейтін бөліктері.

2) көрсетілімдер:

жарықтың шағылу заңы;

жазық айнадағы кескін;

жарықтың сыну заңы;

линзаның көмегімен кескін алу;

3) лабораториялық жұмыс:

3-1) № 11 лабораториялық жұмыс:

шынының сыну көрсеткiшiн анықтау;

3-2) № 12 лабораториялық жұмыс:

линзаның көмегiмен кескiн алу;

4) практикалық жұмыстар:

жарық құбылыстары.

Уақыт қоры (7 сағат)

.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

 

8-сынып оқушылары білуі тиіс:

1)         ғылыми білім санаты (фактілер мен құбылыстар, ұғымдар, заңдар, теориялық қорытындылар);

2)         ғылыми таным әдістері (бақылау, эксперимент, модельдер және  болжамдарды  құру, зерттеулердің  қорытындысы және оларды тексеру);

3)         ұғымдар(заттың дискреттік құрылысы; жылулық қозғалыс; молекулалар қозғалысының жылдамдығы; температура; ішкі энергия; жұмыс ішкі энергияны өзгертудің тәсілі ретінде; жылу өткізгіштік; конвекция; сәуле шығару; жылу мөлшері, заттың меншікті жылу сыйымдылығы; калориметр; отынның меншікті жану жылуы; заттың агрегаттық күйлері; қатты денелер; кристалл және аморф денелер; деформация; жылулық ұлғаю; балқу және қатаю; меншікті балқу жылуы; сұйық; булану; конденсация; қайнау; қайнау температурасы; меншікті булану жылуы және конденсацияның меншікті жылуы; газ; газдың көлемі және қысымы; газ және бу ұлғайғандағы жасалынатын жұмыс; іштен жану двигателі; жылу двигателінің пайдалы әсер коэффициенті; денелердің электрленуі, электр заряды, электр зарядтарының екі тегі, электр өрісі, электр өрісінің күш сызықтары, кернеулік, потенциал, электр өрісінің жұмысы, электроскоп, конденсатор, электрсыйымдылығы; электр тоғы: тоқтың бағыты, тоқ күші, электр тізбегі, электр кернеуі, электр кедергісі, меншікті кедергі, өткізгіш, диэлектрик, жартылай өткізгіш, тұрақты ток, амперметр, вольтметр, омметр, реостат, тоқ көздері, тоқтың жұмысы мен қуаты; газ разряды, электролиз, плазма, анод, катод);

4)         шамалар (ішкі энергия, температура, жылу  мөлшері, отынның меншiктi жану жылуы, меншікті жылу сыйымдылық, меншікті балқу жылуы,  меншікті булану жылуы, ауаның ылғалдылығы, электр заряды, электр тогының күші, электр кернеуі, электр кедергісі, электр тогының жұмысы  және қуаты,  линзаның фокустық  арақашықтығы).

5)         заңдар (молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары, жылулық және механикалық процестердегі энергияның сақталу және айналу,  Кулон, Ом, Джоуль-Ленц, электролиз).

8-сынып оқушылар меңгеруі тиіс:

1) пайдалана алуы: табиғат құбылыстарын ғылыми зерттеу әдістері, бақылау жүргізу, эксперименттерді жоспарлап және орындау, өлшеу  нәтижелерді өңдеу, формулалар, кестелер, графиктер арқылы ұсыну, физикалық шамалар арасында тәуелдiлiк орнату, алған нәтижені түсіндіру, қорытынды жасау, өлшеу нәтижесіндегі қателіктерді бағалау;

2) қолданыстарын білуі: жылу өткізгіштік және жылу сыйымдылығы, электр құбылысы бойынша теориялық білімдерін әр түрлi жұмыс салаларында өмірлік тәжірибеде шешу үшін;

3) физикалық құбылыстарды сипаттау және түсіндіреу:физикалық құбылыс, диффузия, заттың агрегаттық күйлері, жылу берілудiң түрлерi, жылуөткізгіштік, конвекция, сәулелену, булану, конденсациялану, қайнау, балқу, кристалдану, денелердің электрленуі, электр зарядының әрекеттесуі,  магниттердің әсерлесуі, тогы бар  өткізгішке  магнит өрісінің  әсері, токтың жылулық  әсері, электромагниттік индукция, шағылу,  жарықтың сынуы және  шағылуы, дисперсиясы.

4) физикалық шамаларды  өлшеу  үшін  физикалық құралдар  мен өлшеу аспаптарын қолдану: қысым, температура, ауаның ылғалдылығы, ток күші, кернеу, электр кедіргісі, электр тогының жұмысы мен қуаты, электр тоғы;

5) өлшеу нәтижелерін кесте, сызба, графиктер көмегімен және эмпирикалық тәуелділіктер негізінде көрсету: суыған дененің температурасының уақытқа тәуелділігі, заттың агрегаттық күйi өзгерiсіндегі заттың температурасының уақытқа тәуелдігі, тізбектегі ток күшінің кернеуге тәуелділігі, түсу бұрышының шағылу  бұрышына , шағылу бұрышының  түсу бұрышына тәуелділігі;

6) келтіре білуі: физикалық шамалардың өлшем бірліктерін және өлшеу нәтижелерін ХБ жүйесіне.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Қолданылған ресурстар:

1.     Физика: Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған оқу бағдарламасы. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2013.

2.     «Физика және астрономия» 8-сынып оқулығы.-Алматы, «Мектеп»-2016. Б.М.Дүйсенбаев, Г.З.Байжасарова, А.А.Медетбекова.

3.     «Физика в школе»: Библиотека учителя физики. Сборник норм. документов/Сост. Н.А.Ермолаева, В.А.Орлов.-Москва:Просвещение, 1987.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "8-сыныпта физиканы тереңдетіп оқыту"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель организации

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 498 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.04.2017 2181
    • DOCX 47.5 кбайт
    • 21 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айгумусова Асемгуль Б. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Айгумусова Асемгуль Б
    Айгумусова Асемгуль Б
    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 21973
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по физике в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 458 человек

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов физики в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 93 человека из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 664 человека

Курс повышения квалификации

Теоретическая механика: векторная графика

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Эффективные практики по работе с тревожностью

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 112 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 57 человек

Мини-курс

Интегративные технологии в коррекции учебно-поведенческих нарушений

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы финансового рынка

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе