Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Физика / Другие методич. материалы / Сыныптан тыс іс-шара "Физика және экология"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Физика

Сыныптан тыс іс-шара "Физика және экология"

библиотека
материалов

Бекітемін: ----------------------- Келісілді: ---------------------

«Қостанай қаласы әкімдігінің Директордың ОТЖ

білім бөлімінің орынбасары

15 орта мектебі» ММ

директоры Сапанова Д.С. Бекбулатова А.Б. « -----» ------------------------2015ж « -----» ------------------------2015ж













Сыныптан тыс іс-шара:

«Физика және экология»










Мұғалімі: Кожагалиева Б.З.













2015-2016 оқу жылы

Күні: 04 .12.15

Өтетін орны: акт залы

Қатысатын оқушылар: Сыныбы: 7 «А,Ә»

Тақырыбы: Физика және экология

Мақсаты:

1.Оқушының ғылыми- экономикалық дүние танымы мен этика, эстетикалық мәдениетін, адамгершілік ізгілігі мен жауапкершілігін, қоршаған ортаға деген парасатты, мәдени жауапкершілігін арттыру.

2.Оқушының ой-өрісін дамыта отырып, білім-білік дағдыларын қалыптастыруға, табиғатты күтуге, аялауға үйрету.

3.Халықтық салт-дәстүрге негізделген экологиялық тәрбие беру.

Іс-шараның нәтижесі: табиғатты күтуге, аялауға үйрету ,мектеп тазалығын сақтау дағдысын қалыптастыру.

Көрнекілігі: суреттер, слайд,видеолар.

1-жүргізуші: Армысыздар, физиканы сүюші қауым!

2-жүргізуші: Қош келдіңіздер!

1-жүргізуші: Физика – осы сөзде қанша мағына жатыр десеңізші?Бұл ежелден келе жатқан ғылым саласы. Физика- табиғат деген мағынаны білдіреді.Ал табиғаттың қыры мен сыры таусылмайтын, жұмбағы мен жаңалығы сарқылмайтын шексіз ұғым.

2-жүргізуші: Бізді қоршаған тал, өзен,жел,от,тірі жәндіктер, жан- жануарлар, жансыз заттар, осылардың ішіндегі ерекше жаратылыс иесі «Адам» өмір сүреді.

1-жүргізуші: Қадірлі достар, өздеріңіз сезіп, түсініп отырсыздар,табиғат туралы шексіз сөйлеуге болады.

2-жүргізуші:


Ал мен мына сөздермен тоқталғым келеді.

Таудан сұрақ сұрар едім

Қашан пайда болдың сен деп?

Суға да сауал қояр едім,

Тіл,аузың сенің неге жоқ деп?

Желді де ұстап көрер едім,

мүмкін болса егер олай,

Бірақ оның мүсіні жоқ.

Оттан жылу алады адам

Әттең ол мылқау ұғары жоқ.

Көңіл аудар ей адамзат,

Бас игізген бұл табиғат


1-Оқушы: ( Дана)

Ей, Адамдар,

Күн мен гүлден жаралған

Тіршілік иесі- Жер Анаға қараңдар!

Зор қайғыдан күрсінгенде «Аһ» ұрады дүние.

Жаратылыс заңдылығы бұзылса,

Сонда болар кім ие?

1-жүргізуші: Ортаға экологТынымбай Дана Азаматқызын шақырайық.

Эколог: Баршамызға белгілі ғаламшарымыздың экологиялық жағдайы күннен күнге нашарлап барады.Дүние жүзін алып қарайтын болсақ, жыл сайын әлемдік мұхитта 10 млн тоннаға дейін мұнай ағызылады және 500млн тонна минералды тыңайтқыштар жерге себіледі. Мотор майы ретінде және электр энергиясын алу үшін 3 млрд тоннадай мұнай өнімдері жағылады. Дүние жүзіндегі барлық энергетикалық қондырғылар атмосфераға жыл сайын 250 млн тонна күл және 60 млн тоннаға жуық күкіртті ангидрид шығарады.

2-жүргізуші:Атмосферадағы ауаны ластаушылардың бірі- автокөлік. Олар ауаға адам өміріне зиянды қорғасын және басқа да ауыр металл қалдықтарын шығарады.

1-жүргізуші: Қазір біздің республикамыз атмосфераның ластануы бойынша дүниежүзі бойынша алдыңғы орынға шығып отыр, сол жөнінде сөз кезегі келесі экологымыз Далабай Бекзат Берікұлына беріледі.

2-оқушы: ( Ермек)

Павлодар, Ақмола- ірі индустриялық қалалар.Мұнда мұнай өңдеу зауыты, химия, трактор жасау зауыттары бар. Машина түтіні, зауыт, фабрикалардың түтіні ауа, су, топырақты ластайды.

2-жүргізуші: «Таза ауа тіршілік кепілі», сол жөнінде сөз кезегі келесі экологымыз Фазылханова Жасмин Қорғанбекқызына беріледі.(сөйледі)

1-жүргізуші: Келесі сөз кезегін Каспий өңірінің экологы Нуртаева Алтынай Нұрланқызына берейік.

Алтынай :Каспийдіңде экологиясы қазір қауіпті аймақтың бірі. Газ бен мұнай өндірудің әсерінен Каспий теңізі ластануда.Каспий теңізі көтеріліп, айналасындағы тұрғын үйлер мен газ-мұнай кен орындарын су басып, үлкен зиян келтіруде.Мұнай-газ конденсаты суды ластап, су жануарларына әсер етуде.Экологиялық жағдайдың нашарлауынан адамдардың тері, тыныс жолдары аурулары, ісік аурулары көбеюде. (Экраннан Каспий теңізі көрсетіледі)

  1. жүргізуші: Ал, біз балалар осы көмір өндірудің нәтижесінде шахталардың іші улы суға толып, шахта маңында өсіп тұрған өсімдіктердің бәрі қурап, солып қалғанын білемізбе? Адамдардың өкпе, ісік аурулары көбеюде.

3-оқушы: (Заңғар)

Армысың, аты әйгілі Қарағандым!

Жылуым, қара алтыным, қара наным.

Өзгенің пальмасынан артық маған

Бозарған көде, жусан, қарағаның.

  1. жүргізуші: Келесі сөз кезегін Семей өңірінің экологына Таспаева Айнұр Мұхитқызына беріледі.(слайд)

4-оқушы: (Гүлнар)

Аз ба мынау жер бетінің жарасы,

Семей менен Сарыөзекке қарашы.

Мұңын шағып, шерлі үнменен уілдеп,

Ыңырсиды қазағымның даласы.

Радиоктивтік ластану қаупі біздің ғасырымыздың 40 – жылдары уранның ыдырау реакциясы ашылғаннан бастап пайда болды. Семейдің экологиялық жағдайын білмейтін адам жоқ шығар. (Экраннан полигон жарылысын көрсету,видео)

5-оқушы: (Заңғар)

Аралым, жан Аралым,

Көрмесем де өзіңді

Елестетем жүзіңді.

Елестетем халықты

Жағаңды сенің бойлаған,

Тағдырыңды ойлаған.

2-жүргізуші:Келесі сөз кезегін Арал өңірінің экологы Уақпаева Жанель Талғатқызына беріледі.(сөйледі)

Негізгі себебі Арал теңізіне кұятын екі өзен бар Амудария мен Сырдария , осы жерлегі Амударияның жеткілікті дәрежеде , тіпті мүлде келмеуінің кесірінен. Өзбек халқы Амудария суын күріш дақындарына және хлопок өсіруге есепсіз пайдаланады , ал бұл жердегі Сырдария өзі үлкен теңізді толтырай алмайды. Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себебі – антропогендік фактолар. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химикалық припораттар қолддануы 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өнірін экологиялық апатқа ұшыратты Құрғап қалған теңіз түбінде жыл сайын айналаға зияндылығы 2млн тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулына экологиялық дағдырысқа әкелді. Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нашы-ны жыл өткен сайын теңіз суын тартылуда. Оның флора мен фауынасы жойылып жойфлфп бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүрді. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқтап , соңғы 1-2 жылда қайта оралды. Тұрғындардың әлуметтік жағдайы төмендеп кетті. Қазіргі Арал өңірінде адамның денсаулығы төмендеді.

6-оқушы: (Гаухар)

Қаламаймын бұл келбетін Аралдың,

Қаламаймын жоқ болғанын маралдың,

Қаламаймын шағаланың безгенін,

Қаламаймын Аралымның өлгенін.

(Экраннан Арал теңізін көрсету)

1- жүргізуші: «Аңшы мен бала» көрінісін тамашалайық.

- Құс аулауға шығамысың?

-Шығамын.

-Атқаныңды жығамысың?

-Жығамын.

-Міне мылтық, атамысың?

-Атамын.

-Сен атып қайт, мен демалып жатамын..

-Құсың қайда, қарағым-ау?

-Атпадым.

-Таппадың ба тоғайдан құс?

-Таппадым

- Көп еді ғой көлде құс?!

- Көп екен.

- Е, неге атпадың?

-Қимадым. Туған жердің құстарын да сыйладым.

2-жүргізуші: Ән «Туған Жер»

1-жүргізуші: Құрметті оқушылар! Адам табиғатпен үйлесімді болып табиғатқа құрметпен қарау үшін өзінде қандай қасиет болу керек деп ойлайсыздар? (Мейірімділік! Жомарт жүрек! Жылылық!)

2-жүргізуші:

О, мектебім,

оқушыға бесік болған мекенім,

Құшағынан нәр алып, мұратыма жетемін.

Алақанмен аялаймын, мектеп, әрбір затыңды,

Азаматтық борышым – қорғаушың боп өтемін,

- дей келе мектеп мүлкін сақтауға, оның тазалығына атсалысайық!


  1. жүргізуші: Пікірлеріңізді ортаға салып отырсаңыздар.

1. Сіз мектеп тазалығына қалай қарайсыз?

2жүргізуші: 2. Сіздің өз үлесіңіз қандай?

1-жүргізуші: 3. Мектепте қағаз қиқымдарын, сағыз қалдықтарын тастай салатын оқушыларды көрсеңіз не істейсіз?

  1. жүргізуші: 4. Мектепті көгалдандыру, мектеп ауласын тазалауға көмек бересіздер ме?

1-жүргізуші: Ән « Мектебім»

2-жүргізуші: Жұмбақ шешу

1.Бар-жоғын білмейсің,

Онсыз өмір сүрмейсің. (ауа)

1-жүргізуші:

2.Түнеріп келіп,

Бұлт егіп кетеді. (жаңбыр)

2-жүргізуші:

3.Үстінде орманы, суы бар,

Сені де,мені де,

Көтерген алыпты тауып ал. (Жер)

1-жүргізуші:

4.Аспандағы алып доп

Жарқырайды жарық боп. (Күн)

2-жүргізуші:

5.Сұлудың сұлуы,

Бойында жылуы жоқ. (ай)

1-жүргізуші:

6.Щаңға толы тамағы

Қоқыр-соқыр тамағы. (шаңсорғыш)

2- жүргізуші:

Сезеді бұны тек оқушылар,

Білім нәрін санасына тоқушылар,

Қайыспас қабырғасы басқа жанның,

Құлпырып көркейте бер мектебімді,

Қорғаушысы тек сендер, оқушылар!

Ендеше, барлық оқушылар атынан

1-жүргізуші:

Табиғатты қорғауға,

Өсімдікті жұлмауға

2-жүргізуші:

Құстарды да атпауға,

Балапанын сақтауға

1-жүргізуші:

Білім ордасын аялап,

Мектеп мүлкін қорғауға,

Тазалықты сүюге,

Санамызға түюге

1-2- жүргізуші бірге:

Ант етеміз!

2- жүргізуші: Иә, еліміздің экологиялық жағдайы нашар екен деп туған мекенді тастап, кейбір ұлт өкілдері тәрізді басқа жаққа көшіп кететіндей біздің екінші отанымыз жоқ. Не көрсек те өз жерімізде көреміз. Ендеше ауыр экологиялық апатқа қарсы күресу - әрқайсымыздың азаматтық борышымыз! 1- жүргізуші: Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!










Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 14.12.2015
Раздел Физика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров199
Номер материала ДВ-257893
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх