Сабақ: №21
Сабақтың
тақырыбы: Тікбұрышты изометрия. Жаттығу. Қайталау.
Сабақтың
мақсаты:
а)
Білімділік: Детальдың күрделілігіне қарай сызбаларын
сызу,
қажетті өлшемдерін түсіруге үйрету.
ә)
Дамытушылық: Өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру,
ой
қорытып, нақты шешім жасауға үйрету.
б)
Тәрбиелілік: Сызбаларды салауатты сызып, топпен жұмыс жасап
бір-бірін тыңдай білуге үйрету.
Құрал-жабдықтар,
көрнекті құралдар: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар,
сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және тағы басқа.
Сабақтың
өту барысы:
1. Ұйымдастыру
кезеңі.
2. Үйге
берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа
тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды
орындау.
5. Сабақты
бекіту.
6. Үйге
тапсырма.
Сабақтың
барысы:
3-мысал. Центрі
А(3; 1,5; 4) нүктесінде жататын радиусы 3-ке тең горизонталь жазықтықта
орналасқан шеңбердің тікбұрышты изометриясын салу керек. Аксонометриялық
осьтерді жүргізіп, А нүктесінің тікбұрышты изометриясын координаталары бойынша
тұрғызамыз. Тұрғызылған А' нүктесі
арқылы х' және у' түзулеріне параллель түзулер жүргіземіз.
Жүргізілген түзулерге А' нүктесінен бастап шеңбердің радиусына, яғни 3-ке тең
кесінділер салып ромб тұрғызамыз (51-сурет). Ромбыға іштей сопақша саламыз.
Салынған сопақша берілген шеңбердің изометриядағы кескінін береді.
4 - м
ы с а л . Алдымызда диаметрі 4-ке тең, ұзындығы 6-ға тең жұмыр ағаш көлденең
жатыр дейік. Ағаштың тікбұрышты изометриясын салу керек болсын. Осы жұмыр ағаштың
геометриялық пішінін цилиндр деп атайды. Цилиндр осі қарастырылып отырған
мысалда абсциссалар
осімен бағыттас. Цилиндрдің табандары —диаметрлері 4-ке тең дөңгелектер —
уОz жазықтығына
параллель болады. Цилиндр осін х осі ретінде қабылдайық, ал оның оң жақ
табаны yOz жазықтығында жатсын. Аксонометриялық осьтерді
жүргізіп, арақашықтықтары 6-ға тең екі сопақша салайық (52-сурет). Қабырғалары
4-ке тең екі ромбыға іштей екі сопақша сызылған.
Үйге тапсырма
беру:
Қырының ұзындығы 5-ке тең текшенің тікбұрышты изометриясын сал.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.