Инфоурок Другое Другие методич. материалыСтатья "Проблема арқылы тақырыпты түсіндіру жолынан оқушылардың тіл құзыреттілігін дамыту."

Статья "Проблема арқылы тақырыпты түсіндіру жолынан оқушылардың тіл құзыреттілігін дамыту."

Скачать материал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Проблема арқылы тақырыпты түсіндіру жолынан

оқушылардың тіл құзыреттілігін дамыту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Проблемалық оқыту :
- оқытудың әдіс - тәсілдерін қолдана отырып, білімді шығармашылық тұрғыдан меңгеруге негізделген дидактикалық жүйе.
Проблемалық оқытудың ерекшелігі
- мұнда мұғалім білімді дайын түрде баяндап бермейді, оқушылардың алдына проблемалық міндет қояды. Шешімді және шешу құралдарын оқушы өзі іздестіруі тиіс.

Проблемалық оқытудың негізгі психологиялық және педагогикалық мақсаттары:
- оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамыту.
- оқушылардың белсенді ізденіс нәтижесінде игерген білімдері мен дағдылары дәстүрлі оқыту әдістеріне қарағанда есте тез және берік сақталады.
- түрлі проблемаларды көріп, қойып, шеше білетін белсенді оқушы тұлғасын 
қалыптастыру
- кез-келген нақты қызмет саласында өз ерекшелігі болатын кәсіби проблемалық ойлау
жүйесін қалыптастыру және дамыту.

Проблемалық жағдайларға қойылатын негізгі талаптарға мыналар жатады:

-Оқу ақпаратының сәйкестілігі
-Проблеманың курделі болуы
-Оқушылардың танымдық әрекетімен дербестікті дамытуға бағытталуы
-Жаңа жағдайда талдауда қайшылықтардың кездесуі

Проблемалық оқыту технологиясы оқушының шығармашылық іс-әрекеті негізінде білімді өз бетімен меңгеру мүмкіндіктерін, соның нәтижесінде оқу еңбегіне деген жоғары қызығушылығын, жемісті ойлау қабілеттерін дамытады.
Шығармашылық ізденіске жетелейтін бір жол - проблемалық оқыту технологиясы.

Проблемалық оқыту технологиясы
Проблемалық оқыту технологиясының мақсаттары:
1. Оқу материалдарында баланы қызықтыратындай мәселе туғызу.
2. Білімге қасиеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгеру.
3. Оқудың бала өміріндегі еңбегімен байланыстылығы.
4. Оқушылардың белсенділігін арттыру.
5. Оқушының өз бетімен ізденуге үйрету олардың танымдық және шығармашылық 
икемдіктерін дамыту.
Проблемалық оқыту технологиясының негізін салушылар мен зерттеушілер
Махмутов Мирза Исмаилович
Проблемалық оқыту технологиясының негізін салушылар мен зерттеушілер:
Джон Дьюи.
Американың ірі ғалымы Джон Дьюи (1859-1952) оқушылардың практикалық іс-әрекеті кезіндегі  интеллектуалдық мүмкіндіктерін дамыту идеясын алдыға тартты.
Өз зерттеулерінде оқушылардың  белсенділігі дамуына басты назар аударды
Педагог, Педагогика ғылымының докторы, Профессор.

 

 

 

Проблемалық оқытудың 4 түрін көрсеткен:
- баяндама
- эвристикалық(пікір алысу)
-жеке ізденіс
-зерттеу әдістері(жартылай)
Лернер Исаак Яковлевич
Проблемалық жағдаят
- субъектінің белсенділігіне негіз болып, ынталандыратын сыртқы жағдайлар жүйесі.
Проблемалық жағдаяттарды құрастыру әдістері:
- өмірлік жағдайларды пайдалану
- құбылыстарды түсіндіру
- пәнаралық байланыстарды түсіндіру
- міндеттерді (тапсырмаларды) ауыстырып отыру, сұрақтарды  өзгертіп отыру
- фактілерді, әрекеттерді салыстыру  және қарсы қойып салыстыру  арқылы оқушыларды талпындыру,  осының нәтижесінде проблемалық  жағдаятты туғызу.

Проблемалық оқыту технологиясы – бұл дамыта оқыту технологиясы. Оның қызметі – белсенді таным әрекетін ынталандыру, ойлаудың зерттеушілік стилін қалыптастыру. 
           Оқыту теориясы мен тәжірибесі дамуының жалпы заңдылықтарының бірі-дидактикалық жүйелердің бірізділігі, сабақтастығы. Әрбір жаңа жүйе дәстүрлі жүйелердің күшті қасиеттерін, идеяларын, тәжірибесін өзіне сіңіріп алады.

Дидактика тарихында оқытудың үш түрі қалыптасқан: түсіндірмелі-иллюстрациялы (дәстүрлі), проблемалы, бағдарламалы (компьютерлік).

Осылардың ішінде, оқушылардың таным белсенділігін, ойлау қызметін дамытуда, жетілдіруде, оларға өз бетінше қорытынды, тұжырым жасата білуде проблемалық оқытудың маңызы ерекше.

Заманауи білімдендірудің мақсаты мамандарды шығармашылыққа дайындау екені даусыз. Шығармашылық дегеніміз жаңалықты (жаңа нысана, жаңа білім, жаңа проблема, жаңа әдіс) ашу. Осыған орай, проблемалық оқытудың өзі де шығармашыл процесс: бейқалыпты ғылыми-оқу мәселені бейқалыпты әдістермен шешу. Соңғы кезде кең тараған оқу түрінің мәні: мұғалім жаңа білімді дайын түрде баяндамай, оқушылардың алдына проблемалық сұрақтарды қойып, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді.

Аталмыш оқыту жаңадан ғана пайда болған жоқ. Кезінде бұған өз үлесін қосқан педагог-ғалымдар: Сократ, Руссо, Дистервег, Ушинский. Мысалы, Дистервегтің дәлелдеуінше, "жаман ұстаз ақиқатты айта салады, жақсы ұстаз оны іздеп табуды үйретеді”.

Проблемалық оқытуды ойдағыдай іске асыру үшін шәкірттерге ұсынатын проблемалық сұрақтар жүйесін жасап шығу қажет. Ескеретін жайт: кез келген сұрақ проблемалы бола бермейді. Проблемалы сұрақтың жауабы дайын болмайды, оны оқушы міндетті түрде өзі іздеуі шарт. Ол сұрақ баланың сана-сезімінде қиындық туғызуы қажет. Оқушы іштей түйсінген ойлау қиыншылығы проблемалық жағдаят деп аталады. Проблемалық сұрақ, бір жағынан, қиын болуы, екінші жағынан, оқушының шамасына лайық болуы керек. Осындай проблемалық жағдаят туғызу, проблемалық сұрақ қою – проблемалық оқытудың алғашқы кезеңі.

Келесі кезеңінде бала іштей өз білімін талдап, таңдап, олардың жауап алуға жеткіліксіз екенін анықтайды да ізденіс жолына белсенділікпен түседі. Үшінші кезеңде ол сұрақтың жауабын дұрыс шеше білу амалдарын, жаңа білімді меңгереді. "Мен білдім!” деген қуанышты жағдайға жетеді. Кейінгі кезеңдерде дұрыс жауапты тексереді, алғашқы гипотезамен салыстырады, алынған білім мен білікті қорытындылайды, жинақтайды.

Мұғалім проблемалы оқытудың барысында оқушы ойына, пікір қайшылқтарына дұрыс бағдар жасай отыра, жауап табу әдістерін үйретеді. Әдетте, оқытудың бұл түрі жаңа оқу материалын түсіндіру кезеңінде қолданылады. Сонымен, проблемалы оқытудың ерекшелігі: оқушыға дайын білім берілмей, одан проблемаларды ізденіс арқылы шешу талап етіледі.

Проблемалық оқытудың күшті жақтары:

· Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады;

· Оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;

· Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді;

· Берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді:

Проблемалық оқытудың кемшіліктері

· Оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету;

· Мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау:

· Қазіргі мектептерде түсіндірмелі және проблемалық оқыту түрлері бірге қатар қолданылады.

Проблемалық оқытудың мақсаты - ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзін де, процессінде меңгеру, оқушының таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту. Проблемалық оқыту-ойлау операциялары логикасы (талдау, қорытындылау және тағы басқа) мен оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын (проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және тағы басқа) ескере отырып жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Сондықтан да көбінесе мектеп оқушыларының ойлау кабілеттерін дамытады және сенімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

http://konspekta.net/studopediainfo/baza2/1547083127994.files/image002.jpgПроблемалық оқытудың негізі ерекшелігі  оқушының білетіні мен білмейтінінің арасында қайшылықтар пайда болады және проблемалары міндетті шешуге дайын тәсіл болмағандықтан, проблемалық ситуация пайда болады, осыған орай оқушының ізденушілік әрекетімен ынтасы күшейе түседі.

 

Бұл тәсілді соңғы жылдары көптеген методистер сөз етуде. Проблемалық оқытудың теоретиктері Липецк озаттарындай мәселені мазмұн жағынан емес, көбіне форма жағынан бастайтын сияқты. Сұрақтарды: проблемалық сұрақ, міндет деп екіге бөледі.

Проблемалық сұрақ- міндеттердің мақсаты оқушының өзіндік ойын, тәжірибесін дамыту. Мәні қиын деген сұрақты оқушы барлық жерде өзі тауып, өзі шеше алар ма екен? Асылы проблемалық оқу дегеннің өзі мұғалімнің басшылығынсыз іске аспаса керек. Сұрақ қою дегеннің өзі соны аңғартады. Егер бұл тәсіл оқушыларды сабаққа белсенді қатыстыру мақсатын көздейтін болса, оны мазмұндық оқу, талдап оқу, жинақтап оқу деген үш сатыға бөлу керек. Проблема қойып, оны шеше білу тек сол үш сатыға қойылса ғана жемісті болады.

Оғамның қазіргі әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысынан қарағанда, болашақ маманға қойылатын талаптар білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарында белгіленген. Оқыту үдерісінде жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамыта отырып білім беруге елеулі маңыз беріледі.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статья "Проблема арқылы тақырыпты түсіндіру жолынан оқушылардың тіл құзыреттілігін дамыту.""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Бизнер-тренер

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 943 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.11.2015 7336
    • DOCX 57.2 кбайт
    • 16 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абаева Айгуль Маликовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абаева Айгуль Маликовна
    Абаева Айгуль Маликовна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 33719
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Фитнес: особенности построения смешанных групповых тренировок

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Мини-курс

Детские и взрослые эмоции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы нарративного подхода: теория и методы

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе