Инфоурок Геометрия Конспекты"Стереометрияның негізгі ұғымдары" тақырыбындағы сабақ жоспары

"Стереометрияның негізгі ұғымдары" тақырыбындағы сабақ жоспары

Скачать материал

 

Мерзімі: 18.09.2018

Сынып: 10 «Б»

Пән: геометрия

 

Сабақтың тақырыбы: Стереометрияның негізгі ұғымдары

Мақсаты: Оқушыларды стереометрия аксиомаларымен таныстыру; аксиома, кеңістік  ұғымдарын

дамыту; сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгеруіндегі

логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзыреттілілгін

дамыту. Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту

және ынталандыру.

Міндеті: технологиялық картаның регламентін орындау.

Жоспарланған нәтиже: қойылған мақсатқа жету

Өткізу түрі: «Ауызша сабақ 1» картасы, БжС технологиясы.

     Жаңа материалды оқып және оны бекіту бойынша сабақ келесі қисынмен жүзеге асады: мотивация > оқушының субъективтік тәжірибесін өзектендіру > қабылдауды ұйымдастыру > ұғынуды ұйымдастыру > түсінуді біріншілік тексеру > біріншілік бекітуді ұйымдастыру > талдау > рефлексия.

1

Ұйымдастыру кезеңі мотивация

Оқушылардың мотивациясы сынып бір топ ретінде болады және мектептен кейін өмірде де табысты болуы. Картамен жұмыс тәртібі түсіндіріледі. Сыныпты белсендіру үшін сөз көшбасшыға беріледі.

Бүгінгі сабақта 7 оқушы «5» алуы керек.

2

Оқушылардың субъектілік тәжірибесін өзектендіру

Өткен сабақ тақырыбы бойынша қарама-қарсы сұрақ қою.

Қарама-қарсы сұрақ 8-9 сынып геометрия курсынан қойылады.

1.Вектор дегеніміз не?

2. Нольдік вектор дегеніміз не?

3.Жазықтықтағы түрлендірулер

4. Көпбұрыштың түрлері

5.Дұрыс үшбұрыш

6.Дұрыс үшбұрыштың ауданын есептеу формуласы

7.Дұрыс үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің радиусын есептеу формуласы

8. Дұрыс үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің радиусын есептеу формуласы

9.Төртбұрыштың түрлері

10.Векторларды қосу ережелері

11.Коллинеар векторлар

12.Тең векторлар

Бірінші баға. Нәтиже бойынша барлық оқушыларға плюс немесе минус қойылады. Картамен жұмыс тәртібі түсіндіріледі. Алдымен сұрақ қоямыз, одан кейін ООМ орнын көрсетеміз Тақтаға нітижені жазамыз:

1 кезең ≤ немесе ≥ нормалар

3

Қабылдауды ұйымдастыру.

Бірінші сыни нұкте. Жаңа тақырып бойынша мұғалім қысқаша кіріспе жасайды, оқушылардың назарын осы тақырыпта өтілетін білім көлеміне аудару. Сабақтың алдында мұғалім тақтаға тақырып бойынша тірек сөздерді кіргізеді

Стереометрия – кеңістіктегі фигуралардың қасиеттерін зерттейтін геометрияның бөлімі. Стереометрияда архитекторлар, конструкторлар, құрылыс-шылар және т.б. мамандық иелерінің күнделікті тәжірибелерінде жиі кездесетін объектілердің математикалық модельдері қарастырылып, зерттеледі. Сондай—ақ кез келген техникалық оқу орнының негізгі пәндері болып саналатын сызу мен сызба геометриясының негізі де мектептің стереометрия курсынана басталады. Сондықтан геометрияның бұл бөлімі бәрімізге қажет ілім.
     Кеңістікте нүкте, түзу, жазықтық негізгі фигуралар болып саналады.
    Стереометрияда жазықтықтар саны көп. Олардың әрқайсысында планиметрия курсында оқылған фигуралардың барлық қасиеттері орындалады деп есептейміз. 
Жазықтықты параллелограмм түрінде немесе кез келген облыс түрінде бейнелейді. Оларды көбінесе грек алфавитінің әріптерімен:
α, β, γ, δ, т.с.с. белгілейміз. 

Екінші белгі. Есте сақтауға берілген уақыт нормативі.

7 сөз – 30сек.

СТЕРЕОМЕТРИЯ

КЕҢІСТІК

ЖАЫҚТЫҚ

НЕГІЗГІ ФИГУРАЛАР

ПАРАЛЛЕЛОГРАММ

АКСИОМА

Тақтаға нәтижені жазу:

2 кезең ≤ немесе ≥ нормалар

4

Ұғынуды ұйымдастыру

Берілген уақытта оқушылар оқулықтағы мәтінді оқып бітіру керек. Мұғалім оқыған материал бойынша білімді тексеру мақсатында оқушылардан сұралатынын ескереді.

 10 сыныптар: 4 минут мәтіннің бір парағына

5

Түсінудің бірінші тексерілуі

Қарама қарсы сұрау.

- Егер бір оқушы жауап бермесе, мұғалім сұрағын қайталайды және минус тұрған кез келген оқушылардан сұрайды.

- Егер жауап алмаса, мұғалім сыныптан сұрайды, жауап берілмесе өзі жауап береді. Кезең аяқталғаннан соң екі минусы бар оқушыларға «Құтқару шеңбері» тасталады. Сол оқушыларға 3 сұрақ қойылады, олардың әр қайсысы қолын көтеріп, минусын жоя алады.

1.Стереометрия сөзінің маынасы қандай?

2.Стереометрия нені зерттейді?

3.Стереометрияның негізгі фигуралары

4.Жазықтық қандай түрде бейнеленеді?

5.Жазықтықты қалай белгілейміз?

6.С1

7.С2

8.С3

9.Кеңістікте жазықтықтың саны нешеу?

10.Жазықтықтың қарапайым моделі

11.Стереометрия ғылымның қандай саласында кездеседі?

Үшінші белгі нәтиже бойынша барлық оқушыларға плюс немесе минус.

Тақтаға нәтижені жазу:

3 кезең ≤ немесе ≥ нормалар

6

Бастапқы пысықтауды ұйымдастыру

Сыни сұрау. Сыни сұрау 5 дұрыс 10 қате құрылған сұрақтардан тұрады.

1.Нүкте мен түзу ұғымдары тек планиметрияда қолданылады

(жоқ, сонымен қатар стереометрияда да)

2. Кеңістіктегі фигуралардың қасиеттерін білу іс-тәжірибелік мақсаттар үшін қажет

(ия, үй салу,машина жасау, ұшақ пен ғарыш кемелерін дұрыс ұшырып қондыру үшін)

3.Кеңістік денелерін  оқып үйрететін геометрияның бөлімі топология деп аталады (жоқ, стереометрия)

4. Грек тілінен аударғанда «стереометрия» сөзі кеңістік мағынасын береді. (жоқ, кеңістікті өлшеймін)

5.Аксиомалар жүйесінде анықтамасыз қабылданатын ұғымдар негізгі ұғымдар деп аталады ( ия)

6. Стереометрияның негізгі ұғымдары-нүкте, түзу, жазықтық (ия)

7.Нүктелер гректің кіші әріптерімен белгіленеді (жоқ, латынның бас әріптерімен)

8.Сызбаларда жазықтықты параллелограмм түрінде немесе оның шектелген бөлігі түрінде  көрсетеді (ия)

9.Егер түзудің әрбір нүктесі жазықтықта жататын болса,онда түзу жазықтықтан тәуелді болады. (жоқ, түзу жазықтықта жатады)

10. Стереометрияда жазықтықты латынның кіші әріптері арқылы белгілейді (жоқ, гректің кіші әріптерімен белгілейді)

11.Түзу арқылы тек бірр ғана жазықтық жүргізуге болады (жоқ,шексіз көп)

12.Әрбір жазықтықта жататын да,жатпайтын да нүктелер болады деген пікір стереометрияның І теоремасы (жоқ, стереометрияның 1-аксиомасы)

13. Егер әр түрлі екі жазықтықтың ортақ нүктесі бар болса, онда бұл жазықтық осы ортақ нүктесі арқылы өтетін түзу бойымен қиылыады (ия)

14.Жазықтықты планиметрияда гректің кіші әріптерімен белгілейді (жоқ,планиметрияда жазықтықты белгілемейді)

15. Кеңістікте жазықтықтар саны шектеулі (жоқ,шексіз көп)

Үшінші белгі нәтиже бойынша барлық оқушыларға плюс немесе минус. «Ия» немесе «жоқ» деген жауапты талап ететін сұрақ қойылмайды. Тақтаға нәтижені жазу:

4 кезең ≤ немесе ≥ нормалар

7

Талдау

(5 минут)

Тақырып бойынша тақырыптық сөздік қор өткізіледі. Сөздер қысқартылмай, толық жазылады.

Үшінші белгі нәтиже бойынша барлық оқушыларға плюс немесе минус қойылады.

Тақтаға нәтижені жазу:

5 кезең ≤ немесе ≥ нормалар

8

Рефлексия

Мұғалім әр кезеңдегі нормаларды орындау бойынша қысқа сабаққа талдау жасайды 4- 5 деген бағалар санына қарай және нормаға сәйкес. Мұғалім әр кезең бойынша оқушыларға ойлау қабілетіне байланысты проблемаларды көрсетеді және алға ұмтылуға ынталандырады.

 

9

Бағалар

Журналға баға қою нормативі:

Ø 4–5 баға – 5 ұпай

Ø 3 баға – 4 ұпай

Ø 2 баға – 3 ұпай

Ø 1 баға – 2 ұпай

Сапа нормативі: 63% оқушы «5» ұпай алу керек.

10

Үй тапсырмасы

4 бағадан кем алған оқушыларға үйге тапсырма беріледі.

§1 оқу,  1,2-мысалдар

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Стереометрияның негізгі ұғымдары" тақырыбындағы сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель организации

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Стереометрияның негізгі ұғымдары

Мақсаты: Оқушыларды стереометрия аксиомаларымен таныстыру; аксиома, кеңістікұғымдарын

дамыту; сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгеруіндегі

логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзыреттілілгін

дамыту. Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту

және ынталандыру.

Міндеті: технологиялық картаның регламентін орындау.

Жоспарланған нәтиже: қойылған мақсатқа жету

Өткізу түрі: «Ауызша сабақ 1» картасы, БжС технологиясы.

Жаңа материалды оқып және оны бекіту бойынша сабақ келесі қисынмен жүзеге асады: мотивация > оқушының субъективтік тәжірибесін өзектендіру > қабылдауды ұйымдастыру > ұғынуды ұйымдастыру > түсінуді біріншілік тексеру > біріншілік бекітуді ұйымдастыру > талдау > рефлексия.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 887 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.10.2018 3033
    • DOCX 19.1 кбайт
    • 18 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жумагулова Жанар Мырзагаликызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 48597
    • Всего материалов: 14

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Мастерство мышления: развитие SoftSkills и математической логики

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Математика» в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 65 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 301 человек

Курс повышения квалификации

Развитие функциональной грамотности у обучающихся средствами математики

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 207 человек из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 869 человек

Мини-курс

Волонтерство: история, типы и роль в образовании

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Здоровые взаимоотношения: адаптация и развитие ребенка через привязанность и игрушки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 89 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 61 человек

Мини-курс

Психология личности: свойства и характеристики личности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 27 регионов