Инфоурок Другое Конспекты"Сөз бен саз" бөлімі

"Сөз құдіреті" интелектуалдық сайыс.

Скачать материал

МКҚК  «№34 «Болашақ» балабақша»

                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Педагогикалық  кеңеске  ұйымдастырылған интелектуалдық сайыс

 

          

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                

 

                                                  Өзін – өзі тану  маманы: Жақсыбаева А.М.

                                                                 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтау   2017 жыл

Тақырыбы: «Сөз құдіреті»

Мақсаты: Ұстаздардың ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Ана тілінің қадір - қасиетін біліп, көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсінуге баулу. Ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру. Тапсырмалар слайд арқылы беріледі.

- Сүйемін туған тілді, ана тілді,
Бесікте жатқанда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін – демекші, тіл - әр халықтың ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан қасиетті құралы. Оны әр уақытта аялап, шұбарламай кейінгіге жеткізу – біздің борышымыз. «Сөз құдыреті» атты танымдық сайысқа қош келдіңіздер.
- Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар, - дей келе өзінің туған тілін жан - тәнімен жақсы көретін, баба рухынан, тілінен нәр алып, сусындап жүретін жалынды, білімді, тәрбиелі мамандарымызды ортаға шақырайық. Қошеметпен ортаға «Болашақ» тобын және «Шаңырақ» топтарын ортаға шақырамыз. Екі топ өздерін таныстырып кетсін. Ендеше бүгінгі ойынымызбен таныс болыңыздар.
Сайысымыз 5 бөлімнен тұрады:
1-бөлім. Мықты болсаң, тауып көр.
(Тұрақты тіркестердің мағынасын табу).
2-бөлім. Жүйрік болсаң, озып көр.
(Мақал-мәтелдедің жалғасын табу).
3-бөлім. Ұйқасын тап.
(Өлең жолдарының жалғасын табу).

4-бөлім. Сиқырлы сандар.

(Берілген ұяшықтардағы сұрақтарға жауап береді)

5-бөлім. Көнерген сөздер.

(Ұяшықтардағы берілген көнерген сөздердің мағынасын ашу)

- Бүгінгі ойынымыздың сарапшылармен таныс болыңыздар.

Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!
Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық. Ойынымыздың бірінші бөлімі «Мықты болсаң, тауып көр» деп аталады. Бұл бөлімнің шарты бойынша ойыншылар берілген сөздерден тұрақты сөз тіркестерін құрастырып мағынасын ашып айтып беру керек. Әрбір дұрыс жауап бес балдық көрсеткіш бойынша есептеледі. Ендеше іске сәт деп бірінші белесімізді бастайық.

І – бөлім.

1-тапсырма 
Сақал(Сақал сипап қалу – алдану)
Шаш
Бас

Сипау

Бет

2-тапсырма
Көз

Оқ
Ай
Сөз (Сөзі мірдің оғындай - өткір сөз)
Тас

3-тапсырма
Биік
Ұзын

Жіп (Қысқа жіп күрмеуге келмейді - Қысқа кедейлік)
Аласа

Қысқа

4-тапсырма
Торғай

Түйе(Түйенің танитыны жапырақ – білетіні бір-ақ нәрсе)
Қарға
Ешкі
Жапырақ

5-тапсырма

Бәкі
Қайшы
Жүзі
Ұстара (Ұстараның үстінде отыр - өте қиын жағдайда болу)
Пышақ

6-тапсырма
Сиыр
Қой (Қой аузынан шөп алмас – жуас)
Лақ
Түйе

Шөп

7-тапсырма
Жіп
Құрық(Құрығы ұзын – билігі күшті)
Бау

Ұзын
Жол

8-тапсырма

 Бас
Көз

Кір
Тырнақ (Тырнақ астынан кір іздеу – бәле  іздеу)
Аяқ

9-тапсырма
Он бес

Тамыр
Жиырма
Алпыс екі (Алпыс екі тамыры босады - елжіреп, мейірімі түсті)
Отыз төрт

10-тапсырма
Өкпе(Өкпесі қара қазандай - реніші таудай)
Қазан
Реніш
Қуаныш

ІІ – бөлім.

- Сайысымыздың екінші бөліміне көшейік. Екінші бөлім «Жүйрік болсаң, озып көр» деп аталады. Бұл бөлімнің шарты бойынша ойыншылар берілген мақал – мәтелдердің жалғасын шапшаң табуы тиіс. Бұл бөлімде де әрбір дұрыс жауап бес балдық көрсеткіш бойынша есептеледі. Ондеше іске сәт деп екінші бөлімімізді бастайық.

1. Ат жақсысын мақта,

Адам жақсысын жақта.

2.Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар

3.Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас

4.Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына

5.Бір елі ауызға – екі елі қақпақ.

6. Өз тілің – бірлік үш,

Өзге тіл – тірлік үшін.

7. Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды.

8. Құлаққа кірген суық сөз, көңіліңе барып мұз болар.

9. Қылыш жарасы бітер,

Тіл жарасы бітпес.

10. Малға кедей – жарлы,

Тілге кедей – сорлы.

11. Елуінде ер дана,

Елу жылда ел жаңа.

12. Жаман жолдастан,

Жақсы дұшпан артық. 

13. Ақылды өзінен көреді,

Ақылсыз ағайыннан көреді. 

14. Жаман туыстан,

Жақсы таныс артық.

15. Акылсыз атқа мінсе,

Атасын басып кете жаздайды.

16. Мал қонысын іздейді,

Ер жігіт туысын іздейді.

ІІІ – бөлім.

- Сайысымыздың үшінші бөліміне де келіп жеттік бөлі. Үшінші бөлім «Ұйқасын тап» деп аталады. Бұл бөлімнің шарты бойынша топ басшысына өлең жолдары беріледі, сол өлең жолдарының жалғасын айтуы тиіс. Бұл бөлімде де әрбір дұрыс жауап бес балдық көрсеткіш бойынша есептеледі. Ондеше іске сәт деп екінші бөлімімізді бастайық.

«Болашақ» топ басшысына:

1.     Бақта өскен сәні бар,

2.     Гүлі майда көрікті.
Жемісі бар дәмі бал,
Жақсы көрем...
(өрікті)

3.     Жайқалып биыл шығыпты,
Тігіп ем былтыр...
(шыбықты)

4.     Көз алмай күнге алыс, қарайды...(күнбағыс)

5.     Тұмсығымен шымшып,
 Құрт тереді...
(шымшық)

6.     Кезіп жүрген шаңдақты,
Көрдім жаңа...
(Қаңбақты)

«Шаңырақ» топ басшысына:

1.       Жүнді жайып өрнектеп,
Шиге орап тептік төпелеп.
Сосын аштық көрмек боп,
Дап-дайын тамаша...
(текемет)

2.       Алмастан тыным,

Шабады... (құлын)

3.       Жүгіретін қуанып,

           Бала біткен андыздап,

           Қандай тәтті... (балмұздақ)

4.       Бата алмас түлкі,

Үсті тікен... (кірпі)

5.       Кезіп жүрген шаңдақты,

      Көрдім жаңа... (қаңбақты)

IV – бөлім.

- Ендеше сайысымыздың төртінші бөліміне көшейік. Төртінші бөлім «Жүйрік болсаң, озып көр» деп аталады. Бұл бөлімнің шарты бойынша ойыншылар 30, 40, 50 ұпайлар көрсетілген ұяшықтарды таңдап, ішіндегі берілген сұрақтарға мұқият жауап беруі тиіс. Бұл бөлімде әрбір дұрыс жауап ұяшықта көрсетілген балдық көрсеткіш бойынша есептеледі. Ондеше іске сәт деп екінші бөлімімізді бастайық.

І – қатар.

30. Үш алысты атаңыз?

Жер мен Көк арасы

Жас пен Кәрі арасы

Жақсы мен Жаман араасы

40. Үш арсызды атаңыз?

Күлкі

Ұйқы

Тамақ

50. Үш тұлды атаңыз?

Қайратсыз – ашу,

Тұрлаусыз – ғашық,

Шәкірсіз – ғалым.

ІІ – қатар.

30. Үш байлықты атаңыз?

Денсаулық

Ақ жаулық

Он саулық

40. Бес  қаруды  атаңыз?

Садақ

Найза

Қылыш

Айбалта

Шоқпар

50. Жеті  жоқты  атаңыз?

Жерде  өлшеуіш

Аспанда  тіреуіш

Таста  тамыр

Құста  сүт

Жылқыда  өт

Тасбақада  талақ

Аллада  бауыр

 ІІІ – бөлім.

30. Жеті  жетімді  атаңыз?

Тыңдалмаған сөз жетім

Аққу – қазсыз көл жетім

Киюсіз бөз жетім

Иесіз жер жетім

Басшысыз ел жетім

Жерінен айырылған ер жетім

Замандасы сиреген қарт жетім

40.  Жеті жұтты атаңыз?

Құрғақшылық

Жұт (мал қырылу)

Өрт

Оба (ауру)

Соғыс

Топан су

Зілзала (жер сілкіну)

50. Жеті қазынаны атаңыз?

Ер жігіт

Қара қазан

 Ақыл, білім 

 Жүйрік ат

 Қыран бүркіт

 Берен мылтық

Құмай тазы

V – бөлім.

- Ендеше сайысымыздың соңғы бөліміне де келіп жеттік. Бұл бөлім интерактивті тақтадан ұяшық таңдап, берілген сұрақтарға жауап береді. «Көнерген сөздер» деп аталады. Бұл бөлімнің шарты 3 бөлікке бөлулі: «Үй жиһаздары», «Киім - кешек», «Киіз үй жабдықтары». 30, 40, 50 ұпайлар көрсетілген ұяшықтарды таңдап, ішіндегі берілген сұрақтарға мұқият жауап беруі тиіс. Бұл бөлімде әрбір дұрыс жауап ұяшықта көрсетілген балдық көрсеткіш бойынша есептеледі. Ондеше іске сәт деп екінші бөлімімізді бастайық.

Үй жиһаздары.

30. Үй жиһаздары.

Асадал дегеніміз... (тамақ пен ыдыс – аяқ сақтауға арналған үй жиһазы)

40. Үй жиһаздары.

Жозы дегеніміз...(жерге отырып, тамақ ішуге арналған аласа үстел)

50. Үй жиһаздары.

Абдыра дегеніміз... (киім – кешек, әр түрлі бұйымдар салатын үлкен сандық)

Киім – кешек атаулары

30. Киім – кешек атаулары.

Шекпен  дегеніміз...(түйенің немесе қойдың жүнінен тоқылған жаздық сырт киім)

40. Киім – кешек атаулары.

Шалма дегеніміз...(түйе жүнінен не түбіттен тоқылған, мойынға салатын орамал)

50. Киім – кешек атаулары.

Пәс дегеніміз...(шашақты биік тақия)

Киіз үй жабдықтары.

30. Басқұр дегеніміз... (керегелердің бастарын тартып, үйді айналдыра байлайтын жалпақ бау)

40. Туырлық дегеніміз... (уықтың  орта тұсынан керегенің үстін жабатын киіз)

50. Бақан дегеніміз... (киіз үй тіккенде, шаңырақ көтеруге, үзіктер мен түдіктерді көтеріп жабуға арналған ашалы ағаш)

- Сайыстың соңында әділ - қазы мүшелері әр топтың бағасын шығарып, жеңімпаз топты анықтайды. Жеңген топқа марапаттау қағазы беріледі.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Сөз бен саз" бөлімі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Музыкальный журналист

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 936 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.04.2017 1102
    • DOCX 31.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жақсыбаева Ақтілек Мұратбекқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 56899
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой