Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Тіл дамыту бойынша ойындар"

"Тіл дамыту бойынша ойындар"

Скачать материал

Тіл дамыту бойынша ойындар

Дос сөздер

Мақсаты: сөздерді айтылуы бойынша салыстыруды, берілген сөздердің достарын іріктеуді үйрету; түрлі дыбыстар туралы түсінікті бекіту.

Батыр – шатыр, бата, ата, мата, ота, отау.

Бай – май, сай, жай.

Асық – қасық; лақ – тақ; тау – атау; жалау – палау; сана – шана.

Жейде – кейде; аяқ – таяқ; пеш – кеш; еден – кеден.

Дыбысты ауыстыр

Мақсаты: балаларға дыбыстардың орнын ойша ауыстыруды, оларды берілген дыбыстармен алмастыруды, осылайша шыққан сөзді айтуды үйрету.

Материал: өзгертуге арналған сөз қатары, құрастырылуы тиіс сөздер жазылған суреттер.

Ойын барысы

Ересек сөздегі ауыстыратын алғашқы немесе соңғы дыбысты белгілейді.

Осыдан кейін ол суреттерді жайып, сөзді айтады, ал бала оның көмегімен алғашқы сөздегі дыбысты берілген дыбыспен ойша алмастырады және шыққан сөзді дауыстап айтады.

Мысалы: алғашқы әріпті [т] дыбысына алмастыру керек (бар – тар, бұл – тұл, жас – тас) немесе соңғы дыбысты (жақ – жат, штаб – штат, бек – бет).

Жаттығуға қарай ойынды суреттерді қолданбай, ауызша өткізуге болады.

Қай дыбыс жетпейді?

Мақсаты: бір дыбыс жетпейтін жаңа сөздерді жаттау. Дыбыстық талдау дағдыларын жетілдіру.

Материалы: әр сөзге берілген суреттер.

Ойын барысы

Ересек сөз жазылған суреттерді іріктеп, оларды үстелдің үстіне қояды және тиісті дыбысты үзіліспен алмастыру арқылы сөзді айтады.

Бала сәйкес суреттердің көмегімен мұның қандай сөз екенін тауып, оның түсіп қалған дыбысын анықтауы тиіс.

№ 1 нұсқа

Пеш үстінде мысы... отыр, екі көзін қысы... отыр

Ұл бала қолына қарында..., ал қыз ша... ұстап отыр

Зообақта пі..., мүйізтұмсы..., қолтырауы... тұрады

№ 2 нұсқа

Мысалы, пи[]ама – [ж] дыбысы түсіп қалды, вок[]ал – [з] дыбысы, тәрел[]е – [к] дыбысы, кәмпи[] – [т] дыбысы, майм[]л – [ы], мака[]он – [р] және т. б. Ересек қандай да бір дыбыс үшін сөздер жазылған суреттерді іріктей алады, баланың оны айтуын бекіту керек.

Сөзді түрлендір

Мақсаты: еркелеткіш-кішірейткіш мәнді зат есімдер құрастыруға жаттықтыру. Дикциясын жаттықтыру.

Ойын барысы

Балалар [тай] жұрнағы арқылы сөздерді түрлендіруі тиіс:

бармақ – бармақтай,

шынашақ – шынашақтай,

ат – аттай,

жат – жаттай.

Үшіншісі артық

Мақсаты: сөздегі белгілі дыбысты есту машығын дамыту.

Ойын барысы

Балалар үш суреттің ішінен атауында [ш] дыбысы жоқ сөзді алып тастауы тиіс:

Шанышқы, шана, тиін; шаңырақ, гармошка, ара; көгершін, тон, тышқан; шегіртке, банан, шоқ.

Ашулы қарға

Мақсаты: балаларға сөздегі алғашқы дыбысты анықтауды үйрету.

Ойын барысы

Балаларға түрлі аңдардың бетперделері таратылады. Жиналмалы үйшікке «көпірді» (тақтайды) тірейді.

Тәрбиеші. Бұл үйшікте аңдар: қоян, түлкі, аю, қасқыр және т. б. тұрады. Үйшікке көпір арқылы өтуге болады, бірақ ол қарапайым емес, сиқырлы көпір: онымен үйшіктен шығу оңай болса, ал кері қайту оңайға соқпайды. Көпірдің жанында қарға отыр (басына қарғаның бетпердесін киіп алады). Көпірге өтетін әр аңнан ол атауындағы алғашқы дыбыстың қандай екенін сұрайды. Кім дұрыс жауап берсе, сол өтеді. Ал жауабын білмейтіндерді ашулы қарға өткізбейді.

Самғау

Мақсаты: сөздердегі [с] дыбысын ажыратуды үйрету.

Ойын барысы

Тәрбиеші. Бүгін біз ұшақпен самғаймыз және өзімізбен қандай заттарды алуға болатынын ойластырайық (балаларға суреттерді таратады). Атауында [с] дыбысы бар заттарды ғана алуға болады.

Балалар ұшақ жасайды. «Тәрбиеші-жолсерік» тек [с] дыбысы бар зат бейнеленген сурет ұстаған балаларды өткізеді. Бала ұшаққа кірерде қолындағы суретті көрсетіп, былай дейді: «Мен өзіммен бірге сөмкемді аламын» (сағыз, бас киім, ас және т. б.) және өз орнына отырады.

Біз ұшуға дайындаламыз. Бізге көңілді болу үшін сөздерінде [с] дыбысы бар өлеңді жаттайық.

Самғауға, достар, асықпыз,

Сәт-сапар сендерге,

Осылайша самғаудамыз,

Сағынбасын асыл анамыз.

Әткеншек

Мақсаты: сөздегі [ш] дыбысын саралауды үйрету.

Ойын барысы

Балалар оң қолымен арқанды ұстап, шеңберге тұрады, осыдан кейін шеңбермен жүріп, мына сөздерді айтады:

Әрең-әрең-әрең-әрең

Әткеншегім айналады екен (шеңбермен баяу жүреміз),

Содан кейін шеңбермен (біртіндеп жылдамдықты арттырамыз),

Жүгіріп өтеді екен (тағы жылдамдықты арттырамыз).

«Жүгіреміз» сөзінен кейін балалар шеңбермен жүгіреді. Осыдан кейін тәрбиешінің «бұрыламыз» деген бұйрығы бойынша балалар сол қолына арқанды ұстап, мына сөзді айтып, басқа жаққа қарай жүреді:

Тыныш, асықпаңдар, тыныш, (баяулаймыз),

Ш-ш-ш!

Әткеншекті тоқтатыңдаршы,

Бір-екі, бір-екі –

Тыныш: ш-ш-ш,

Осымен ойын аяқталды.

Тәрбиеші. Балалар, сендер қай дыбысты айттыңдар?

Балалар. Ш-ш-ш.

Жұмбақ сөздер

Мақсаты: балаларға сөздердің ұзақтығын анықтауды үйрету.

Ойын барысы

Тәрбиеші жұмбақ жасырады. Балалар оны шешіп, мұның қысқа немесе ұзын сөз екенін анықтайды.

[З] дыбысы бар сөздерді ата

Мақсаты: балаларға берілген дыбыс бар сөздерді атауды үйрету.

Ойын барысы

Балалар шеңберде тұр. Олар допты бір-біріне лақтырып, [з] дыбысы бар сөзді атауы тиіс.

Кім көп айтады?

Мақсаты: фонематикалық түсінікті, есту қабілетін дамыту.

Ойын барысы

Балалар берілген дыбыстан басталатын сөздерді атайды (Қайталауға болмайды).

Естісең – қол шапалақта

Мақсаты: есту қабілетін, фонематикалық қабылдауын дамыту.

Ойын барысы

Ересек дыбыстар қатарын (буындарды, сөздерді) айтады, бала көзін жұмған күйі белгілі дыбысты естігенде қол шапалақтайды.

Зейінді тыңдаушы

Мақсаты: фонематикалық түсінікті, зейінді дамыту.

Ойын барысы

Ересек сөздерді айтады, ал балалар берілген дыбыстың әр сөздегі орнын анықтайды.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Тіл дамыту бойынша ойындар""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Управляющий рестораном

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 685 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.02.2023 110
    • DOCX 22.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жилкибаева Людмила Жумартовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жилкибаева Людмила Жумартовна
    Жилкибаева Людмила Жумартовна
    • На сайте: 7 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17120
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 290 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 852 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 499 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 336 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 158 человек

Мини-курс

Психологические аспекты родительства и развития ребёнка

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Копирайтинг: от пресс-портрета до коммуникаций

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Преодоление расстройств: путь к психическому здоровью"

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе