Инфоурок / Другое / Конспекты / "Табиғатты аяла" (тәрбие сағаты) 6 сынып
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

"Табиғатты аяла" (тәрбие сағаты) 6 сынып




Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Табиғатты аяла»

Тәрбие сағатының мақсаты: оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту; шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру; табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу,экологиялық тәрбие беру, Табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу;

Көрнекі құралдар: интерактивті тақтаға әзірленген слайдтар, табиғат туралы нақыл сөздер, өлең шумақтары, қабырға газеті, суреттер, «Қызыл кітап», кітаптар

Тәрбие сағатының түрі: дәстүрлі емес сабақ

Тәрбие сағатының әдісі: әңгімелеу, түсіндіру,сұрақ-жауап,тілек айту,пікірлесу, шығармашылық жұмыстар

Тәрбие сағатының барысы:

Ұйымдастыру

I. Табиғат дегеніміз не?(саяхат-шолу)

1.Тіршілік атаулының бар арманы –ауа

2.Тіршілік көзі –су

3. Табиғат байлығы – өсімдіктер

4.Орман сәні –құстар

5.Табиғаттың сұлу мүсіні –хайуанаттар

II. Сергіту сәті: «Мейірімділікті табиғаттан үйрен!» -«Мейірімді жүрек» ойыны

III.Қорықтар

IV.Батыс Қазақстанда кездесетін өсімдіктер

V.Өз аймағымызда кездесетін өсімдіктер мен аң-құстарға кезек берейік.

VI. Толғаныс. (Үй тапсырмасы)

а) «Мен табиғатты сүйемін немесе табиғатпен сырласу»

ә) « Егер табиғатқа тіл бітсе...»

б) «Егер мен суретші болсам...»

в) «Егер мен ақын болсам...»

«Жүректен жүрекке» табиғатқа тілек айту

VI. Ырым-тыйымдар

VII. Табиғат – келесі ұрпаққа

VIII.Сабақты қорыту.

Сабақтың барысы:

(Оқушылар дөңгеленіп отырады,орталарына әдемі гүл шоқтары қойылған)

І. Ұйымдастыру:

Қайырлы, күн, балалар! Күнде таңертең сендер ояна салысымен , терезені ашып Табиғат-Анаға көз салып қарайсыңдар.Біз нені көреміз?Күнді көреміз.

Күн сәулесі: Сәлем, достар!

Көзімді таңмен ашамын,

Әлемге нұрым шашамын

Мен алтын күннің сәулесімін. Сендер мені көргендеріңе қуаныштысыңдар ма?

Әрине қуаныштымыз.

Күн: Мен –күн әлемінің сыйлығымын. Достар, мені ұстап көріңдерші. Көздеріңді жұмыңдар. Бастарыңды көтеріңдер, мен сендердің беттеріңдемін. Мені сипап көріңдер.

Енді мұрындарыңа жеттім, мұрындарыңды сипаңыздар. Көздеріңдемін. Бастарыңдамын. Жарайсыңдар, достар!

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Табиғатты аяла» деп аталады.

Мақсатымыз: Біз бүгін, сендермен бірге қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсінігімізді кеңейтеміз, табиғатты сүюді,қорғауды, табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауды үйренеміз. Біз бүгін, табиғатпен сырласамыз, оны түсінуге тырысамыз. Біз бүгін, Табиғат-Анадан мейірімділікті үйренеміз!

Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын,

Пәк табиғат, жүрегімнің тамылжыған жырысың!

Ей,адамдар, қалай ғана қатыгездік жасайсың?!

Ол анаң ғой, ал сен оның ұлысың!

Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі.

Балалар, жалпы табиғат дегеніміз не ? Оларға нелер жатады?


hello_html_m25e8f828.gif өсімдік адам жер

hello_html_1c88672e.gifhello_html_m10ffbb55.gif

hello_html_5aabcc5.gifhello_html_m58b751ba.gif су Табиғат орман

hello_html_m35df66cb.gifhello_html_32926795.gif

құстар аңдар

Ендеше, бірінші « Тіршілік атаулының бар арманы –ауа» екендігіне назар аударайық. Сөз кезегі оқушыларға беріледі.

1-оқушы.

Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі –ауа.

Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат,

Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.

Ал адамға ауа қымбат бәрінен,

Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.

Расында да ауадан қымбат еш нәрсе жоқ . Адам бар –жоғы бір-екі минут ғана дем алмай тұра алады. Сондықтан дана халқымызда « Ауадай қажет» деген сөз бар. Бірақ сол ауамыз қаншалықты таза екеніне ешкім толық жауап бере алмайды. Өзіміздің Семей қаламызды алып қарасақ, қаланың үстінен қою бұлт сияқты тұманды көреміз.Автокөліктен, завод, фабрикадан шыққан түтіндер ауамыздың мөлдірлігін бұзады. Сонау 1949 жылдардан бастап Семей даласында ядролық қару жарылып, сол газдар ауаны улады. Сол ауамен дем алған қаншама адам ауруға ұшырады. Сонда адам баласы біріншіден, Табиғат-Ананы ренжітсе , екіншіден өзіне -өзі қастандық жасады.Дүниеге келген сәби мүгедек болып жарық дүниені өксікпен өткізді. Мен сөзімнің соңында адамдарға былай демекпін: Ей, адамдар, Табиғат –ана саған дем ал деп ауаны сыйлады, өйткені ол өте мейірімді. Сен оның сенімін ақта, ауаны ластама!

Болмасын ауа ешкімнің арман -мұңы,

Ауадан асқан жан жоқ жалғанда ұлы.

Ойлашы кімге керек боламыз біз,

Жұтудан таза ауаны қалған күні.

-Ия, балалар, ауасыз өмірді елестету мүмкін емес.Ауаны ластамау әрқайсымыздың борышымыз.Ал тіршілікті сусыз елестету мүмкін бе?

«Тіршілік көзі –су». Судың қаншалықты маңыздылығы бар екен ?

2-оқушы: Табиғаттың көркін ажарландырып , жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі –су. «Судың да сұрауы бар» дейді дана халқымыз. Қазақстан Республикасында мол сулы өзендер, көлдер теңіздер бар осы мол суды өлшеусіз, есепсіз пайдалану судың азаюына әкеп соғып отыр. Мысалы Арал теңізіне Сырдария өзені мол су әкеп қоректендіріп отырды. Кейінгі уақытта осы өзен суын көп мөлшерде күріш, мақта өсіруге пайдаланды. Соның салдарынан Арал теңізінің суы азайып, ол тартылып қалды. Тартылған су астынан тұзы шығып, кеуіп, ұшып ауа құрамына кіруде. Арал аймағының жағдайы осындай болды Ал Каспий теңізі мұнайдың қалдығымен ластанып, балықтар улануда. Міне бұл да адам қолымен жасалған қатыгездік. Көп жерлерде ауыз су жеткіліксіз.

Ойлау керек Арал жайын , ел жайын,

Пәк табиғат тозып жатыр жыл сайын.

Өзімізді асыраушы табиғаттай –Ананы

Азаматтық арыңменен аялауға тұр дайын!

-Сонымен су –табиғаттың жаны, қара жердің сәні дедік. Ал табиғатты әдемілікке бөлеп тұрған не? Ол –өсімдіктер.

«Табиғат байлығы –өсімдіктер».Табиғат байлығының бір тобы –жер бетіндегі әдемі өсімдіктер.Олар туралы не айтамыз?

3-оқушы: Өсімдіктер, ағаштар табиғатымызды түрлендіріп тұрған түкті кілем сияқты. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп алып, одан қамқорлығын еш аямаған. «Әкеңнен мал қалғанша тал қалсын» деген көрнекті сөз соның айғағы. Ысырапсыз пайдаланғандықтан өсімдіктердің кейбір түрлер азайып бара жатқандықтан олардың 300-ге жуығы Қызыл кітапқа енгізілді. Қызыл Кітапқа енген өсімдіктерді заңсыз жинаса олардың әрбір данасына 360 теңге көлемінде айып төлейді. (Бұл 2005 жылғы 12 қыркүйектегі №1186 Қазақстан Республикасының қаулысы). Елімізде сонымен қатар « Жасыл ел» бағдарламасы бойынша көптеген істер атқарылып жатыр. Менің ойымша, әрбір азамат оларды қорғаудың маңызын саналы түрде ұғынбаса , біздің керемет жасыл бағымызды ешқандай тиым салу құтқармайды. Сондықтан мен осы отырған барлығыңызды өз өлкелеріңіздің өсімдіктерін біліп, оларды қорғауға шақырамын.

Көзін ашып, бақ өсір бұлағыңа,

Айналсын құтты қоныс тұрағыңа .

Жайқалсын өлкемізде саялы бақ ,

Бөленіп күннің нұрлы шуағына.

-Расында да, өлкемізді саялы баққа айналдыру әрқайсымыздың қолымыздан келеді.

Ал сол әдемі табиғатымызды әсем әнге бөлейтін не ,балалар?(Құстар)

«Орман сәні құстар» Бұл туралы не айтасыңдар?

4-оқушы. Табиғаттың сәні де, әні де қалықтай ұшқан құстар.Олардың әсем әндері бойымызды балқытып, еріксіз еліктіреді. Олар –біздің қанатты достарымыз. Олар –табиғат сақшылары. Егістіктің, бау-бақшаның сенімді серігі. Сондықтан ата-бабамыз құстарды қадірлеп, құрметтеген. Олар батыр ұлдарын сұңқарға, сұлу қыздарын аққуға теңеген.

Қазақстанда құстардың 480 түрі бар екен. Соның ішінде азайып кеткен құстар Қызыл кітапқа енгізіліп, қорғауға алынды. Ата-бабамыз құсты аса қадірлеген.Ертеде жоңғар шапқыншылығы кезінде ауыл адамдары елін-жерін тастап қаша жөнелген екен.Сол ауылда Төле би атамыз ғана қозғалмай,киіз үйін жықпапты.Қалмақтың әскер басы себебін сұраса,Төле би үйінің төбесін көрсетіпті. «Қарлығаш шаңырағыма ұя салды,балапандары әлі жас, ұша алмайды» депті.Жас әскер басы Төле бидің адамгершілігіне риза болыпты. Содан Төле би атамызды «Қарлығаш би» атапты, ал қарлығашты «Әулие құс» деп атаған екен.

Қазақтар құстарға қарап ауа райын да болжай білген.


• Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді.

• Сары шымшық ысқырса- шынымен күз болғаны.

• Қарға қарқылдаса -қар жауады.

• Жыл құсы қаптап кетсе -көктем ерте келеді.

• Көкек қатты әрі жиі шақырса –күн жылиды.

• Сауысқан шақылдаса, қонақ келеді.

• Ерте көктемде қарға суға шомылса, күн жылиды.

Айтсақ әніміз, ардақтасақ сәніміз, табиғаттың көркі құстарды қорғау әрқайсымыздың парызымыз.

Құстарды табиғаттың әні десек, табиғаттың сәнін келтіретін тағы да нелер деп ойлайсыңдар?(Хайуанаттар)

«Табиғаттың сұлу мүсіні - хайуанатар»

5-оқушы:Табиғаттың сұлу мүсіні , көрікті келбеті – хайуанаттар. Халқымыз ежелден-ақ жануарларды көзінің қарашығындай аялап, қамқорлыққа алған көздері мөлдіреп тұрған қыздарын «Ботагөз» деп атаған.Бүгінде орманның сәнін келтіретін жан-жануарлар азайып келеді. Соның бірі Қазақ жерінде тас дәуірінен бері тіршілік етіп келе жатқан ғажайып хайуанаттар өкілі –Ақбөкен болып табылады. Оны халық көбіне киік деп атайды. Оның мүйізінің өзінен өкпе қабынуын, жүрек ауруын т.б ауруларды жазатын емдік қасиеті бар екен. Ал еті өте тез сіңетін жеңіл тамақ болып табылады. Қазақта киікті «қасиетті аң, киелі аң» деп атауы осыдан болса керек. Бірақ осы қасиетті аң бүгінде өте аз қалды. Мысалы 1991 жылғы есеп бойынша оның қоры 700-900 мыңдай болса, ал соңғы 2009 жылғы есеп бойынша 30,7 мыңдай ғана болды. Ақбөкеннің азаюының басты себебі –аңды заңсыз брокеньерлік жолмен аулаудың жаппай етек алуы.

Бүгінде ақбөкенді, жалпы қарақұйрық, құлан, арқар т.б аңдарды қорғау үшін

«Дарвин», «Интас» сияқты қорлар, түрлі қорықтар құрылып ,түрлі жұмыстар жасауда. Менің ойымша, адамдардың осындай қамқорлығының, мейірімділігінің арқасында орманымыз қайтадан әдемі аңдарға толатынына сенемін.

-Өте жақсы, балалар біз табиғаттың тамаша туындыларына саяхат жасадық. Табиғат-Ана адамзат баласына бар қажетті нәрсенің барлығын да беріпті.Ол бізге дем алсын деп ауа берді,ішсін, бар қажеттіне жаратсын деп мөлдір су берді, ғажайып жасыл әлем сыйлады, орман-тоғайымыз әдемі болсын деп құсы мен әдемі аңдарын берді, қысқасы біз өмірге қажеттінің бәрін Табиғат- Анадан алады екенбіз. Қадыр Мырзалиев атамыз былай жырлаған екен:

Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,

Дархандықты қазаққа дала берген секілді.

Еркелікті, ерікті желден алған секілді,

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.

Ол қандай мейірімді,өзі қандай дархан,кең болса да, жүрегі де дәл сондай қайырымдылыққа, мейірімділікке толып тұр. Олай болса біз, балалар дәл қазір Табиғат-Анадан үйренген мейірімділігімізді бір-бірімізге арнаймыз.

Сергіту сәті «Мейірімділікті табиғаттан үйрен» немесе « Мейірімді жүрек»ойыны. Әр бала қасындағы көршісіне, досына оның жақсы қасиетін білдіретін сөздерді жазып жүрекшені ұсынады. Мысалы: Сен мейірімдісің, Сен әдемісің, Сен ақылдысың!..т.б.

Ән:

Біз табиғатттан осыншама мейірімділікті аламыз. Оны ластайтын, бүлдіретін кімдер?

Шағын көрініске кезек берейік.

Қорықтар «Қорық» сөзі аң-құсты аулауға қатаң тыйым салынған жерлерді белгілеу үшін қолданылады.

  1. Ақсу-Жабағылы қорығы 1926 жыл

  2. Наурызым қорығы 1934 жыл

  3. Алматы қорығы 1931 жыл

  4. Барсакелмес қорығы 1939 жыл

  5. Қорғалжын қорығы 1968 жыл

  6. Марқакөл қорығы 1976 жыл

  7. Үстірт қорығы 1984 жыл

  8. Батыс Алтай қорығы 1992 жыл

  9. Алакөл қорығы 1998 жыл

  10. Қаратау қорығы 2004 жыл


Батыс Қазақстанда кездесетін аң-құстар

Біздің аймақта кездесетін өсімдіктер мен құстарға кезек берейік.

Би: «Аққу» биі

Жаңа сіздер «Қызыл кітап» туралы айтып жатырсыздар. Ол не?

Қ.Мырзалиевтің «Қызыл кітап» шығармасынан үзінді Оқитын: Дильназ

Ой-толғау

А)«Мен табиғатты сүйемін немесе табиғатпен сырласу»

ә) « Егер табиғатқа тіл бітсе...» тақырыбы бойынша оқушының таза жүрегінен жазған шығармасына кезек берейік:

б) «Егер мен суретші болсам...»(Бұл бөлімде сыныптағы суретті жақсы салатын оқушылардың суреті көрмеге қойылып, сол туралы пікірлері тыңдалды)

г) «Егер мен ақын болсам...» (Бұл бөлімде сыныптағы өлең шығаратын оқушылардың өлеңдері тыңдалды.)

Көрініс «Аңшы мен бала»

Ырым-тыйымдар Табиғатты қорғауда қандай тыйым сөздерді білесіздер?

Табиғатты келесі ұрпаққа жеткізу үшін не істеуіміз керек? Оқушы пікірлерін тыңдау

Жас шыбықты сындырмайық!

Орманды өрттен сақтайық!

Шөптесін өсімдіктерді таптамайық!

Түрлері сирек кездесетін өсімдіктерді қорғайық, сақтайық!

Өсімдік түрін көбейту жолын үйренейік!

Табиғатты бәріміз бірге қорғайық!

Ағаш егейік!

Гүл егейік!

-Иә, оқушылар, табиғатты қорғау туралы әсем сөздер айтылды. Адам табиғат перзенті. Сондықтан туған еліміздің, жеріміздің табиғатын, байлықтарын қорғау – баршамыздың міндетіміз.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 38-бабында «Қазақстан Республикасының азаматы табиғатты қорғауға және оның байлығын сақтауға міндетті» деп жазылған.

Сабақты қортындылау кезеңі: «Жүректен жүрекке» Оқушылар сабақ соңында табиғатқа тілек айтып, тақтада ілініп тұрған күннің сәулесіне кезегімен мынандай сөздерді апарып іледі.

Гүлдей бер, Жер-Ана!

Аспаның ашық болсын!

Аспаныңды бұлт торламасын!

Тоғайың аң мен құсқа толсын!

Жеріміз кең болсын!

Суымыз тұнық болсын!

Гүліміз жайқалып өссін!

Суың мөлдір, таза болсын!

Өзен, көлің, теңізің балықтарға толсын!

Орманың қызыл, жасыл гүлдерге толсын!

Күнің жарық болсын!т.б.

Табиғат – тіршілік бесігі. Адам – табиғаттың бір перзенті. Табиғат - тұнған асыл қазына. Оны қорғап қамқорлық жасау, игеріп ел игілігіне жұмсау - баршамызға ортақ іс. Табиғат – баршаның ортақ үйі.

Біздің қазақ халқының табиғатқа деген жанашырлық сезімі ананың ақ сүтімен бойымызға дарыған. Біз өзіміз осы туған табиғаттың төл перзенті екенімізді ұмытпайық! Оған дәлел ақындарымыз дың мына өлең шумақтары:

Қасиетті, қайырымды Жер – ананың

Мейірімінен өмірге нәр аламын,

Аялы алақанмен аялау да,

Азаматтық борышы әр адамның!

Атамекен жанға жайлы сая, бау,

Ар алдында күнә болар табиғатты аямау.

Қанымызға сіңген екен,

Ақ сүтімен Ананың

Туған жердің табиғатын аялау!

Ән «Атамекен»

















Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 13 декабря. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-104333
Курсы профессиональной переподготовки
133 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 13 декабря
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>