Тақырыбы: «Армысың , Алтын күз! »
Мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы алған білімдерін тиянақтау, күз
ерекшеліктерін, күз сыйын ұғындыра отырып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Көрнекіліктер: Залдың
іші күз мерекесіне сай безендірілген.
Жүргізуші:
Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз.
Құрметті ата-аналар, балалар, тәрбиешілер «Армысың , Алтын күз!» атты
ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Хор: «Алтын күз».
Жүргізуші: Шоғы толған гүлдей жайнап,
Шақырады жарқын жүз.
Сайрандаған күліп-ойнап,
Келді міне алтын күз.
Бүгінгі мерекеге орай «Жұлдыз» шағын орталық бүлдіршіндері өздерінің жылы лебіздерін
жолдайды.
Саят: Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін.
Еркемай: Жел тынымсыз гуілдеп
Болып кетті тым бұзық
Шуылдайды тал терек
Жапырағын жұлғызып
Ринат: Күншуаққа маужырап
Жатыр еді атырап.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Рамазан: Әй алақай тамаша,
Шашу шашты жапырақ
Бақтың іші алаша
Аунар ма еді жатып ап.
Дінмұхаммед: Алтын-сары, қызыл-көк
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады жапырлап.
Думан: Үркіп-үйрек қаздары,
Шулайды көл қоғалы,
Дәурен өтіп жаздағы
Күздің желі соғады.
Ханшайым: Ұшты талдан жапырақ
Сары көбелек секілді
Аспанда жай шатырлап
Тамшы жерде секірді
Ерасыл: Дамылдап жатқан балғындай
Тоқтатты сулар тасуын
Ағаштар алтын жамбыдай
Шашады жерге шашуын
Жүрексіз қоян безеді
Жөңкілсе қаңбақ күздегі.
Қызықтыру сәті: залға «Күз ханшайымы» кіреді.
Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме балалар!
- Мені таныдыңдар ма?
- Не тойлап жатсыңдар?
- Күз туралы және оның ерекшеліктері туралы кім біледі?
Балалардың жауабы: Күзде табиғат ерекше күйге енеді. Жапырақтар сары, қызыл
болса, алқаптағы шөптер қоңыр, сарғыш түске боялады, құстар жылы жаққа ұшып
кетеді. Күн біртіндеп қысқарады, жауын –шашын көбейіп, күн суытады. Күзде
жеміс-жидектер, көкөністер, бақша дақылдары, егістіктегі астық пісіп,
қамбаларға жиналады. Күз мезгілінде 3 ай бар, олар: қыркүйек, қазан, қараша.Күз
- жылдың берекелі мезгілі.
Күз ханшайымы: - Ой жарайсыңдар балалар ал енді күз айларын және күз
ерекшеліктерін кім маған жырға қосып айта алады?
Қыркүйек
Бір-біріне жер аспан
Мейіріммен қарасқан
Ұстаз-шәкірт жүздескен
Қош келіпсіз күз дескен.
Қазан
Қазан айы болыпты,
Қамбаға астық толыпты
Сары даланы сәндетіп
Думандатып әндетіп
Қараша
Күн суытып барады
Малдар қолға қарады
Қараша ауыл даламыз
Қысқа дайын боламыз
Зере
Жатыр дала жалтылдап
Жаз шуағы мол құйды
Күн астында алтын дән
Тербеледі толқиды
Көктемде егін егетін
Күзде жиып беретін
Біздің дала бай дала
Астық толы айнала
Інжу
Қоңыр күз келдің бе?
Қабағың түйіліп,
Қауындар, жемістер
Қалыпты жиылып.
Айзере
Қызды қайнап ел ісі
Қызыл қырмен жер үсті
Елдің тоймен жүрген
Еңбегінің жемісі.
Жүргізуші: Күз ханшайымы
біздің балаларымыздың өнерлері бұнымен шектелмек емес балаларымыз өте талантты
қане төрлетіңіз біздің өнерімізді тамашалаңыз.
«Жапырақтар биі»
Хор: «Сары күз»
Жүргізуші: Күз ханшайымы сізде құр алақан келмеген шығарсыз бізге арнап
бір тосын сый жасап келген шығарсыз солайма?
Күз ханшайымы: Ия дұрыс айтасың бұндай өнерлі балалардың ортасына келіп
ойнамай кеткенім жөн болмас сондықтанда «Жемістер мен көкөністерді жина» деген
ойынды ойнағым келіп тұр. Ойынның шарты бойынша балаларды 2 топқа бөлемін
сендер «Алтын күз» ал сендер «Жомарт күз» боласыңдар келістік пе?
Ал ендеше ойынды бастаймыз.
Қимылды ойын: «Жемістер мен көкөністерді жина»
Ән: «Жау-жау жаңбыр» Орындайтындар: топ бүлдіршіндері
Би: «Қара жорға»
Жүргізуші:
Жатыр дала жалтылдап,
Жаз шуағы мол құйды.
Күн астында алтын дән
Тербеледі толқиды
Топ балалары жырдан шашу шашады.
Айзере
Таудан салқын жел соқса,
Сыбдырлайды қалтырап
Жақын қалды желтоқсан
Жабырқайды жапырақ
Жанайым
Қиқулап көкте жүзеді
Құстардың керуен тізбегі
Күйекте күйлі мал қанша
Қырманда толы дән қанша
Алтын күз әсем айналам
Қараймын көзім талғанша
Гүлсезім
Кейде құйын кетеді
Доп қылып-ап қаңбақты
Бейне тентек баладай
Ойран асыр салады
Алма бағын жағалай
Алмаларын қағады
Назым
Барын беріп халыққа
Жұмыстан соң қалтырап
Дала ұқсайды алыпқа
Дамыл алған маужырап
Айару
Ой балалар балалар
Қоңырқай күз болыпты
Қурап жапырақ салыпты
Ел егінін алыпты
Жүргізуші:
Жемістер жүр қадамын аңдап басып
Келеді міне ортаға толқып тасып
Бөбектерін өбектеген халқым менің
Көңілді қошеметпен қол соғалық
Ортаға жемістерді «Жемістер биімен» қарсы алайық «Жемістер биі»
Жүргізуші: Балалар мен жұмбақ жасырғым кеп тұр бәріміз мұқият тыңдайық:
Іші толған шәрбат
Дәмі қандай әйбат
Үзесің бірден жүзін
Оның аты-…(жүзім)
Дөп-дөңгелек сары
Ішінде бар дәні
Қызығасың көріп
Оның аты-…(өрік)
Жапырақты тасалап
Өсетін жері бақша-бақ
Күрең қызыл шіркін ай
Оның аты-…(құлпынай)
Бір сабақта көп түйме
Жей алмайсың көк күйде
Санап қара қанша
Оның аты-…(шие)
Пісетін кезі дәл күзде
Мезгілсіз оны үзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмі
Оның аты…(Шабдалы)
Көрініс: «Түлкі мен торғай»
Күз ханшайымы: Ой балалар менің көңіл-күйімді көтергендеріңе сендерге
көп-көп рахмет. Өнерлерің үстем болсын өте таланты балалар екенсіңдер, келесі
күз келгенше білімдеріңді де өнерлеріңді де өрістете беріңдер. Ал мен сендермен
қош айтысамын, сау болыңдар. (Күз ханшайымы залдан шығып кетеді)
Хор: «Күз жомарт»
Жүргізуші:
Өңі қашқан бәрінің
Оңып кеткен атырап
Қолдарындай кәрінің
Қалтырайды жапырақ
Соңғы кезде жерге күн
Қырын қарап алыпты
Қара бұлттар жөргегін
Кептіре алмай қалыпты
Демекші міне балалар күзде аяқталып қалды, енді қылышын сүйретіп қыс келмекші.
Күзге айтарымыз берер сыйын жылдан-жылға көп болсын елде тыныштық болсын
дейміз. Осымен «Армысың, Алтын күз! » атты ертеңгілігіміз аяқталды көңіл қойып
тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.
Настоящий материал опубликован пользователем Козыбай Жадыра Смагуловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалӘдіскер
Файл будет скачан в формате:
Бұл жұмыс парағы «Қоршаған орта. Күз» тақырыбына арналға.
8 тапсырмадан тұрады. Соңғы бетте жауаптары бар.
Жұмыс парағы мектепке дайындық тобына және 1 сынып оқушыларына арналған.
Тапсырмалардың мазмұны:
Қандай жыл мезгілдерін білесің? Төменге жаз.
Жаздан кейін жылдың қандай мезгілі басталады?
Күз қандай болады? Кемінде 5 белгіні жаз.
Төменгі қатардағы қолшатырлардың саны жоғарғы жолдағыдай болатындай етіп сызып таста.
Күзде жасайтың сүйікті ісің қандай? Төменге жаз.
Күзгі айлардың атауларын жаз
Судың ең кішкентай үш тамшысын қорша.
Жұмыс парағы жарқын, креативті және қызықты тапсырмалармен толтырылған. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыруға көмектеседі және шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді.
Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
Курс профессиональной переподготовки
Курс профессиональной переподготовки
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Тақырыбы: «Армысың , Алтын күз! »
Мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы алған білімдерін тиянақтау, күз ерекшеліктерін, күз сыйын ұғындыра отырып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген.
Жүргізуші:
Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз.
Құрметті ата-аналар, балалар, тәрбиешілер «Армысың , Алтын күз!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Хор: «Алтын күз».
Жүргізуші: Шоғы толған гүлдей жайнап,
Шақырады жарқын жүз.
Сайрандаған күліп-ойнап,
Келді міне алтын күз.
Бүгінгі мерекеге орай «Жұлдыз» шағын орталық бүлдіршіндері өздерінің жылы лебіздерін жолдайды.
Саят: Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін.
Еркемай: Жел тынымсыз гуілдеп
Болып кетті тым бұзық
Шуылдайды тал терек
Жапырағын жұлғызып
Ринат: Күншуаққа маужырап
Жатыр еді атырап.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Рамазан: Әй алақай тамаша,
Шашу шашты жапырақ
Бақтың іші алаша
Аунар ма еді жатып ап.
Дінмұхаммед: Алтын-сары, қызыл-көк
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады жапырлап.
Думан: Үркіп-үйрек қаздары,
Шулайды көл қоғалы,
Дәурен өтіп жаздағы
Күздің желі соғады.
Ханшайым: Ұшты талдан жапырақ
Сары көбелек секілді
Аспанда жай шатырлап
Тамшы жерде секірді
Ерасыл: Дамылдап жатқан балғындай
Тоқтатты сулар тасуын
Ағаштар алтын жамбыдай
Шашады жерге шашуын
Жүрексіз қоян безеді
Жөңкілсе қаңбақ күздегі.
Қызықтыру сәті: залға «Күз ханшайымы» кіреді.
Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме балалар!
- Мені таныдыңдар ма?
- Не тойлап жатсыңдар?
- Күз туралы және оның ерекшеліктері туралы кім біледі?
Балалардың жауабы: Күзде табиғат ерекше күйге енеді. Жапырақтар сары, қызыл болса, алқаптағы шөптер қоңыр, сарғыш түске боялады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Күн біртіндеп қысқарады, жауын –шашын көбейіп, күн суытады. Күзде жеміс-жидектер, көкөністер, бақша дақылдары, егістіктегі астық пісіп, қамбаларға жиналады. Күз мезгілінде 3 ай бар, олар: қыркүйек, қазан, қараша.Күз - жылдың берекелі мезгілі.
Күз ханшайымы: - Ой жарайсыңдар балалар ал енді күз айларын және күз ерекшеліктерін кім маған жырға қосып айта алады?
Қыркүйек
Бір-біріне жер аспан
Мейіріммен қарасқан
Ұстаз-шәкірт жүздескен
Қош келіпсіз күз дескен.
Қазан
Қазан айы болыпты,
Қамбаға астық толыпты
Сары даланы сәндетіп
Думандатып әндетіп
Қараша
Күн суытып барады
Малдар қолға қарады
Қараша ауыл даламыз
Қысқа дайын боламыз
Зере
Жатыр дала жалтылдап
Жаз шуағы мол құйды
Күн астында алтын дән
Тербеледі толқиды
Көктемде егін егетін
Күзде жиып беретін
Біздің дала бай дала
Астық толы айнала
Інжу
Қоңыр күз келдің бе?
Қабағың түйіліп,
Қауындар, жемістер
Қалыпты жиылып.
Айзере
Қызды қайнап ел ісі
Қызыл қырмен жер үсті
Елдің тоймен жүрген
Еңбегінің жемісі.
Жүргізуші: Күз ханшайымы біздің балаларымыздың өнерлері бұнымен шектелмек емес балаларымыз өте талантты қане төрлетіңіз біздің өнерімізді тамашалаңыз.
«Жапырақтар биі»
Хор: «Сары күз»
Жүргізуші: Күз ханшайымы сізде құр алақан келмеген шығарсыз бізге арнап бір тосын сый жасап келген шығарсыз солайма?
Күз ханшайымы: Ия дұрыс айтасың бұндай өнерлі балалардың ортасына келіп ойнамай кеткенім жөн болмас сондықтанда «Жемістер мен көкөністерді жина» деген ойынды ойнағым келіп тұр. Ойынның шарты бойынша балаларды 2 топқа бөлемін сендер «Алтын күз» ал сендер «Жомарт күз» боласыңдар келістік пе? Ал ендеше ойынды бастаймыз.
Қимылды ойын: «Жемістер мен көкөністерді жина»
Ән: «Жау-жау жаңбыр» Орындайтындар: топ бүлдіршіндері
Би: «Қара жорға»
Жүргізуші:
Жатыр дала жалтылдап,
Жаз шуағы мол құйды.
Күн астында алтын дән
Тербеледі толқиды
Топ балалары жырдан шашу шашады.
Айзере
Таудан салқын жел соқса,
Сыбдырлайды қалтырап
Жақын қалды желтоқсан
Жабырқайды жапырақ
Жанайым
Қиқулап көкте жүзеді
Құстардың керуен тізбегі
Күйекте күйлі мал қанша
Қырманда толы дән қанша
Алтын күз әсем айналам
Қараймын көзім талғанша
Гүлсезім
Кейде құйын кетеді
Доп қылып-ап қаңбақты
Бейне тентек баладай
Ойран асыр салады
Алма бағын жағалай
Алмаларын қағады
Назым
Барын беріп халыққа
Жұмыстан соң қалтырап
Дала ұқсайды алыпқа
Дамыл алған маужырап
Айару
Ой балалар балалар
Қоңырқай күз болыпты
Қурап жапырақ салыпты
Ел егінін алыпты
Жүргізуші:
Жемістер жүр қадамын аңдап басып
Келеді міне ортаға толқып тасып
Бөбектерін өбектеген халқым менің
Көңілді қошеметпен қол соғалық
Ортаға жемістерді «Жемістер биімен» қарсы алайық «Жемістер биі»
Жүргізуші: Балалар мен жұмбақ жасырғым кеп тұр бәріміз мұқият тыңдайық:
Іші толған шәрбат
Дәмі қандай әйбат
Үзесің бірден жүзін
Оның аты-…(жүзім)
Дөп-дөңгелек сары
Ішінде бар дәні
Қызығасың көріп
Оның аты-…(өрік)
Жапырақты тасалап
Өсетін жері бақша-бақ
Күрең қызыл шіркін ай
Оның аты-…(құлпынай)
Бір сабақта көп түйме
Жей алмайсың көк күйде
Санап қара қанша
Оның аты-…(шие)
Пісетін кезі дәл күзде
Мезгілсіз оны үзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмі
Оның аты…(Шабдалы)
Көрініс: «Түлкі мен торғай»
Күз ханшайымы: Ой балалар менің көңіл-күйімді көтергендеріңе сендерге көп-көп рахмет. Өнерлерің үстем болсын өте таланты балалар екенсіңдер, келесі күз келгенше білімдеріңді де өнерлеріңді де өрістете беріңдер. Ал мен сендермен қош айтысамын, сау болыңдар. (Күз ханшайымы залдан шығып кетеді)
Хор: «Күз жомарт»
Жүргізуші:
Өңі қашқан бәрінің
Оңып кеткен атырап
Қолдарындай кәрінің
Қалтырайды жапырақ
Соңғы кезде жерге күн
Қырын қарап алыпты
Қара бұлттар жөргегін
Кептіре алмай қалыпты
Демекші міне балалар күзде аяқталып қалды, енді қылышын сүйретіп қыс келмекші. Күзге айтарымыз берер сыйын жылдан-жылға көп болсын елде тыныштық болсын дейміз. Осымен «Армысың, Алтын күз! » атты ертеңгілігіміз аяқталды көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.
7 245 789 материалов в базе
Вам будут доступны для скачивания все 222 274 материалы из нашего маркетплейса.
Мини-курс
4 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.