Инфоурок Технология Другие методич. материалыТақырыбы :«Қазіргі мектептердегі технология сабақтарында электронды білім беру ресурстарын пайдалану»

Тақырыбы :«Қазіргі мектептердегі технология сабақтарында электронды білім беру ресурстарын пайдалану»

Скачать материал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                          

                                                 Баяндама

 

Тақырыбы :«Қазіргі мектептердегі технология сабақтарында электронды білім беру ресурстарын пайдалану»

 

                                                              

                                                                               Баяндаманы дайындаған

                                                                               Қарақия №1 орта мектебінің

                                                                               технология пәнінің мұғалімі

                                                                               Унайбекова Тамара

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бүгінгі күнгі білім беру бағдарламасының басты бағыты - әрбір оқушыға нәтижеге бағытталған білім беру, дәстүрлі мәдениеттің негіздерін үйрету, оқушығы қолайлы жағдай жасау. Мектепте жүргізілетін технология сабағының басты міндеті - жас ұрпақты келешекте кеңінен тараған кәсіптерді меңгеруіне көмектесу. Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сай мектептегі оқытудың негізгі міндеттері – білім беріп қана қою емес, білім мазмұны арқылы зерделі, білімді, ұлтымыздың болашағы үшін өз бетімен іс-әрекет ете алатан шәкірттерді дайындау.
Оқыту мен тәрбие бір-бірімен байланысты үрдіс болғандықтан, технология пәнінің тәрбиелік мазмұнын анықтай отырып, сабақ барысында оқу мен тәрбие міндеттерін қатар ұштастыру қажет.
ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Білім берудің негізгі мақсатыбілім мазмұнын жаңартумен қатар, окытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Осы орайда ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауындағы «оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып, сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға жаппай көшуіміз керек.
Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері технология сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. 
Осыған байланысты күнделікті сабаққа:
-
мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық оқулықтарды);
-
компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта
-
интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді.
Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мұғалімнің сабақ өткізу тәсіліне де байланысты.

Ақпараттық технология негіздері тұлғаның технология пәнінен алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман ағымына қарай сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді. Әсіресе, оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып, шығармашылығын дамытады.

Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігібұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет. Сабақты сәтті ұйымдастырудағы басты мақсат -оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып, бүгінгі заман талабына сай білім беру.Сабақтың сәтті өтуі біріншіден,мұғалімнің біліміне,іскерлігіне, тәжірибесіне байланысты болса, екіншіден, сабақ материалына, ал үшіншіден,сынып типіне, төртіншіден мұғалім мен оқушының көңілкүйіне де байланысты.

Ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы тағы бір мүмкіндігіол электронды оқулық. Электрондық оқулық - бұл дидактикалық әдістәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негізделген түбегейлі жүйе. Электронды оқулықпен оқыту оқытушының оқушымен жеке жұмыс істегендей болады. Электрондық оқулық тек қана оқушы үшін емес, мұғалімнің дидактикалық әдістемелік көмекші құралы да болып табылады.

Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болу ғана емес,тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық,саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етуде. Білім саласындағы кез келген пәннің жеке тұлғаны қалыптастыруға өзіндік үлес қосары анық.Мектептегі технология пәні-басқа пәндерге ұқсамайтын,өзіндік атқаратын қызметі мен тәлім-тәрбиелік мүмкіндігі зор пән.Технология пәнінің базалық мазмұны оқушылардың болашақ кәсіптерін анықтау қабілеттерін дамытады,өздерін танып білулеріне,технология әлемін зерделеуіне,әр түрлі кәсіби салалар бойынша қабілеттіліктерін,біліктіліктіліктерін шыңдауға мүмкіндік жасайды.Қазіргі кезде әлемде ақпарат және ақпараттық технологияның маңызы ерекше.Электрондық анықтамалардан сән журналындағы немесе кітаптағы ақпаратқа қарағанда әлдеқайда көп мағлұмат алуға болады. Электрондық анықтамалықтар керек ақпаратты тез тауып алуға көмектеседі. Осыған сәйкес қазіргі білім беру жүйесінің ерекшеліктеріне-оның іргелілігі,алдын алу сипаты және осыларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады.

Технология сабақтарында электрондық оқулықты пайдаланудың тиімділігі: 
Оқушының өз бетімен жұмысы; 
Аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу; 
Білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру; 
Оқушының дүниетанымын, ой-өрісін кеңейтуге ықпалы зор. 

Қазіргі таңда технология пәнінен элетрондық оқулықты пайдалану өте тиімді деп ойлаймын.Онда әр тарауда тақырыптың мазмұны, заңдары мен анықтамалары, түсініктеме сөздігі мен қазақша-орысша сөздік,кестелер, ғалымдардың өмірбаяндары, жаттығулар мен есептер,бақылау жұмыстары қамтылған.

Интерактивті тақтасыныптағы оқушылардың барлығын оқыту үшін құнды құрал.Бұл мұғалімдерге жаңа материалды өте қызықты және қарқынды етіп түсіндіруге көмектесетін көзге көрінетін ресурс.Оның ақпаратты түрлі мультимедиялық ресурстар көмегі арқылы таныстыруға мүмкіндігі зор.Оқытушылар мен оқушылар материалды барынша жетік түсініп оқи алады.Ол сызбаларды түсіндіруді жеңілдетіп,қиын мәселелерді шешуге көмектесе алады.Біздің заманымыз компьютерлендірілген.

Еңбек тәрбиесі - барлық тәрбиенің қайнар көзі. 
Еңбек тәрбиесі арқылы киімді пішу, тігу қолөнер шеберлігін меңгерту арқылы ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелей аламыз. Өйткені, оқушы алған теориялық білімін іс жүзінде қолдана отырып, оны өмірімен, өзінің іс-әрекетімен байланыстыра білгенде ғана, өзіне де пайдасын тигізе алады. Технология сабағы арқылы оқушыны іскерлікке, ұқыптылыққа, әдемілікті сезініп, қабылдауға үйретеміз. Біздің негізгі ұстанымыз: «Сөзден - іске көшу». 
Мен 25 жылдай технология пәнінен сабақ беріп келемін әр баланың ерекшелігін ескеріп тақырыпты өмірмен байланыстырып, әр оқушыға жеке тақырыптар бағыт-бағдар беріп отырамын. Сонда ғана оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады. Қазіргі таңда жеке тұлғаны қалыптастыру технология пәні мұғалімдеріне өз қызметіне өте үлкен жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Сонымен бірге технология пәні мұғалімі әр оқушының іскерлігі мен белсенділігіне ерекше көңіл бөлінуі қажет. Осындай жетістіктерге қол жеткізу бағытында технология сабында оқушылардың кәсіби іскерліктерін жетілдіру кәсіпке бағдарлау үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданамын оқушыларға үйретемін.
Қорыта келгенде электрондық оқулықты технология пәнінде қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалануоқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Сонымен қатар электрондық материалдарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен практикалық тапсырмалар орындайды. әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша қажетті материалдармен танысып, кестелер және сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы :«Қазіргі мектептердегі технология сабақтарында электронды білім беру ресурстарын пайдалану»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий отделом архива

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 451 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.10.2015 1459
    • DOCX 59.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Унайбекова Тамара Унайбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Унайбекова Тамара Унайбековна
    Унайбекова Тамара Унайбековна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 3
    • Всего просмотров: 8045
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика инструктажа и обучения в социальном учреждении по вопросам трудовой деятельности

180 ч.

3300 руб. 1650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Технология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель технологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 998 человек из 76 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 590 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания технологии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 239 человек из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 079 человек

Мини-курс

Классики и современники: литературные портреты и психология творчества

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Основы теоретической механики

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Библиотечная трансформация: от классики до современности с акцентом на эффективное общение и организацию событий

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 38 человек