Инфоурок Другое Рабочие программыТақырыбы: "ЕЛ ЕРТЕҢІН ОЙЛАҒАН ЕЛБАСЫ"

Тақырыбы: "ЕЛ ЕРТЕҢІН ОЙЛАҒАН ЕЛБАСЫ"

Скачать материал

«Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып,

санатына қосудан үлкен мақсат жоқ».

Н.Ә. Назарбаев

    

«Ел ертеңін ойлаған Елбасы»

 

Мақсаты мен міндеттері:

1.   Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

2.    Елбасының  азаматтық,патриоттық портретін баяндай білу дағдысын қалыптастыру.

3.   Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу;

Сабақ түрі: Топтық жұмыс

Оқытушының негізгі функциясы ол бағыттаушы, сабақ үстіндегі процесті ұйымдастырушы, ой қозғаушы. Студенттердің пікірін қолдап, тақырыптың аясында сұрақтар қойып қорытындылап отырады. Топта дисскусиялық жағдай орнатып, сол арқылы оқущылардың қызығушылығын оятуға, белсенділігін арттыруға тырысады.

 

САБАҚ БАРЫСЫ:

1 КЕЗЕҢ (5 минут)

 Бастапқы кезеңде оқытушы студенттерді топқа бөліп, мәтіндерді үйлестіреді. Әр топ өзі таңдаған мәтін бойынша жұмыстанады. Оқытушы студенттерге мәтінмен танысуын сұрап, негізігі ойды немесе бүгінгі тақырыпты анықтауды ұсынады. 

 

ІІ КЕЗЕҢ (20 минут)

Студенттерге мәтінмен жұмыс кезінде төмендегі сұрақтар аясында талдау жұмыстарын жүргізу ұсынылады. Студенттер топтық жұмыс кезінде өз ролдерін бөліп алады. Оқытушы студенттердің пікірі аясында қосымша сұрақтар қойып, ойларын қорытындылап, баға беріп отыруға және студенттердің өздеріне кері байланыс жасауға мүмкіндік жасап отырады.

 

 

Тапсырма:

1.   Берілген мәтін тақырыбы мен идеясын неде?

2.   Елдің перзенті болу деген сөзді қалай түсінесіз? әтін бойынша мысалдармен дәлелде)

3.   Ежелден ер тілегі – ел тілегі.

4.   Адал ұл ер боп туса – ел тірегі

Мына афоризмді мәтінмен қалай байланыстырасын («Елім үшін не істей аламын?»- деген ситуациялық сұраққа жауап беріп анализ жаса)

 

 

 

 

№ 1. Жаһандық жасампаз істердің бастауы

«Ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі тарихи аманаты 1991 жылғы 1 желтоқсанда бірауыздан Мемлекет Басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың басшылығымен іске асты.. Бұл даусыз шындық. Ғасырлар бойы бабалар армандаған тәуелсіздіктің туы көкте желбіреді. 150-ден астам елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, өзге мем­лекеттердің даму жолдарын саралай келе, өзінің даңғылын таңдады. Қазақстанның шынайы егемендігін қамтамасыз еткен маңызды мемлекеттік актілерге қол қойылды. Мәселен, 1991 жылдың 29 тамызында Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлығы шықты. Бұның өзі Елбасының ерлігін жер-жаһанға паш еткізіп, кейіннен әлем мойындаған бастамаға ұласты. Ядролық қарусыз әлемге қарай қадам басқан жаһандық қозғалыстардың да бірден бір бастауы осындай Президент шешімінен туындаған еді. Сондай-ақ 1991 жылдың 25 қазанында Президенттің Жарлықтарымен Қауіпсіздік кеңесі және мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конс­титуциялық заңы 1991 жылғы 16 желтоқсан күні қабылданды. Осы заң негізінде Қазақстан өзінің Тәуелсіздігін жария етті.

 

№ 2. Елін сүйген, елі сүйген Елбасы

«Қазақстан-2030», «Қазақстан-2050» стратегиялары, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» даму бағдарламасы, «Мәңгілік ел» патриоттық актісі, «Әлем. XXI ғасыр» манифесі және Қазақстан тәуелсіздігін жариялауға, еліміздің бас қаласын Ақмолаға (қәзір - Нұр-Сұлтан) көшіруге, Президентті ұлықтау рәсіміндегі, әлемдік деңгейдегі форумдар мен конференциялары еліміздің жарқын келешекке жетелейді. Тұңғыш Прези­дентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілі­гімен елімізде экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және саяси түбегейлі өзгерістер жүзеге асырылғандығын бөле-жара атап көрсету қажет. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Елбасы белгілеген және батыл жүргізген бағыт өзін-өзі ақтады және алдағы уақытта да өміршең болатындығын дәлелдеп отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүр­гіз­ген бұл саясаты мен бағыты қазіргі уақытта «Қа­зақ­станның даму жолы» ретінде дүниежүзі қауымдастығынан мойындалды. 2012 жылдың 13 қарашасында Қазақстанның БҰҰ адам құқықтары бойынша Кеңесінің мүшесі болып сайлануы да Елбасының қоғамды реформалауға қатысты іс-шараларының әлем тарапынан танылғанын көрсетеді. Қазақстанның Тәуелсіз­дігі мен Елбасы еңбегінің бір-бірімен тығыз ұштасып жатқандығын, олардың бір-бірімен ажырағысыз егіз ұғым екендігін ақиқат есебінде тарих алдымызға тартып отыр. 

 

 

№3 Н.Ә.Назарбаевтың кітаптары:

««Балуан Шолақ» повесі, «Ботагөз» романы Тарих тағылымдары және қазіргі заман» - Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің бес жылдығына арналған салтанатты жиналыста жасалған баяндама. (Қазақстан, 1997)

«Тарих толқынында» - Кітапта автор өткеннің кейбір іргелі сабақтарына жүгіне отырып, қазақ халқының тарихи жолы туралы ой толғайды, рухани мұраны дамыту мәселесіне тоқталады. (Атамұра, 1999)

«Ғасырлар тоғысында» - Бұл кітап өз көзімізбен көргенімізді, өз басымыздан кешкенімізді, жүздес-сұхбаттас болған тұлғалардың мінездемелерін қамтығанымен, мемуар жанрына жатпайды. Егер бізге салса, бұл шығарманың жанрын «болашақ жайлы естелік» деп санаған орынды сияқты.

«Қазақстан халқының азаматтық таңдауы - тарихи зерде, ұлттық татулық және демократиялық реформалар» - Қазақстан халықтары ассамблеясының IV сессиясындағы баяндама, Ақмола, 1997 жылғы 6 маусым. (Қазақстан, 1999)

Елбасымыздың бұдан басқа «Еуразия жүрегінде», «Ой бөлістім халқыммен», «Өзекжарды ойлар», «Бейбітшілік кіндігі», «Туған елім – тірегім», «Қазақстан-Ресей қатынастары», және тағы да басқа кітаптары жарық көрген.

№ 4. Тәлім алар, тағылым

Елбасының әрбір сөзінде мән мағына бар. Тәлім алар, тағылым боларлық құндылықтар жетерлік.

«Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман».

*«Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді».

*«Сол білімді әжетке, тұрмыс игілігіне жарата білуімен бағаланады».

*«Инемен құдық қазғандай, қиын да күрделі, орасан қажыр-қайрат пен ерік-жігерді талап ететін білімсіз – өмір тұл».

*«Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны».

*«Бүгін қазақстандықтар – жас және серпінді ұлт. Біздің азаматтарымыздың орта жасы 35-тен аспайды».

*«Жас қазақстандық азамат дегені­міз – бұл тек құқық қана емес, бірінші кезекте өзі, өзінің отбасы және біздің Отанымыз үшін ұлы жауапкершілік екенін есте ұстаулары тиіс».

*«ХХІ ғасырда қазақстандықтар Ұзақ жасаушылар Ұлты болуы тиіс».

*«Денсаулықты бірінші кезекте адамның өзі қалыптастыруы керек».

*«Мен сіздерді және барлық студент­терді біздің олимпиадашыларымыздың жеңісі құрметіне зиянды әдеттерден бас тартуға шақырамын, спортпен айналысыңыздар, саламатты өмір салтын ұстаныңыздар».

*«Біз «білім – ғылым – инновациялар» үштігі билеген постиндустрия­лық әлемге қарай жылжып келеміз».

«Біздің еңбексүйгіштігіміз біздің екінші құнды жеңісіміз болып табылады».

 

ІІІ КЕЗЕҢ. (7 минут)

Оқытушы бүгінгі сабақты қорытындылайды. Сабақтың басындағы мақсатқа қайта оралады. «Ассоциативті қатар» әдісі арқылы берілген уақыт ішінде ашық сабақтың «Ел ертеңін ойлаған Елбасы» деп аталуы неде?-  деген сұраққа пайда болған пікірлерін студенттер ақ параққа жазып ұсынады, жиналған ойларын тұжырымдайды.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: "ЕЛ ЕРТЕҢІН ОЙЛАҒАН ЕЛБАСЫ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Хранитель музейных предметов

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 121 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.12.2019 402
    • DOCX 19.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Оралбаева Айгуль Сенбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Оралбаева Айгуль Сенбековна
    Оралбаева Айгуль Сенбековна
    • На сайте: 4 года и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 94899
    • Всего материалов: 36

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 161 человек из 47 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 285 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 850 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Мини-курс

Личностный рост и развитие: инструменты для достижения успеха

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инновации, инвестиции и развитие транспортной отрасли

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии B2B маркетинга: от анализа до продаж

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе