Инфоурок Другое Другие методич. материалыТақырыбы: «Ешкімде – ешуақытта ұмытылмайды».

Тақырыбы: «Ешкімде – ешуақытта ұмытылмайды».

Скачать материал

Ешкімде – ешуақытта ұмытылмайды.

 

 

Ән байқауы.

 

 

 

 

 

Жауапты: Темирбекова Ж., Тынянская И.Н.,

                            Николаева Л.Н.

 

 

Тақырыбы: «Ешкімде – ешуақытта ұмытылмайды».

Мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, туған жерді, елді, тілді, ата-бабаны құрметтеуге, қорғауға және қайсарлыққа, қайраттылыққа тәрбиелеу.
Сабақ ұраны:
Өткен адам болады көзден таса,
Өлді-өшті, оны ешкім ойламаса.
Ол кетсе де, белгісі жоғалмайды,
Керектісін ескеріп ұмытпаса.
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Сабақ барысы:
Мұғалім сөзі: Тарих көші үнемі жаңарып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі- әлемді дүр сілкіндірген ІІ дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетті батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкімде ешқашанда ұмытпақ емес. Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941 жылы маусымның 22-де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945жылы 9- мамырда бұл оқиға жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 66 жыл мерзім уақыт өтті.
Оқушы: Жеңіс... Иә, оның сан миллиондаған адамдар 4 жыл бойы минуттап, сағаттап сарыла күтті емес пе? Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталды. Тілектері орындалды. Бірақ сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ.
Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жауымен жан алмай шайқасып, ерлік пен ерен үлгілерін көрсетті. Ана жарын жоғалтып жесір, бала әкесінен, шешесінен айырылып жетім атанды.Фашистердің тұтқын лагерінде қанша ана мен бала айуандықпен азаптап өлтірді. Ал, тылда қалған қарттар , аналар мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғықасіретін арқалай жүріп, бірде аш , бірде тоқтынбай жұмыс істеді. Бірақ ешкімнің сағы сынбады. Жігері жасымады. Олардың бойындағы сапқа тұрған көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі Жеңіс сағатын жақындата түсті.
Оқушы: Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кемде кем. Жүз мыңдаған ата- әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде ақ майданға аттанды. Жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етіп бүгінгі күнгі Жеңіс күнінің қайғысы мен қасіретін басынан өткізген мына біздер мен сіздерге нұрлы да, шуақты өмірде сыйлаған ардақты да, аяулы ардагер аталарымызға бас иіп ризалығымызды білдіреміз.
(Ән Әлия)-Махарадзе Л.
Оқушы: Соғыс жалмап аға-іні, бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты балыны.

Оқушы: Жеңіс, Жеңіс мәңгі өзіңді жырлаймын!
Сенімен қуанышым, бір қайғым
Жүзімізді шаттығына бөледі
Мерекесі мамырдағы нұрлы айдын.
Ән-«Қайдасыңдар қаһармандар» , Есенбекова С.


Ассоциация құру

Оқушы: Қазақстанда соғыстың алдында 6,2 миллион халық тұратын еді.Осы жылдары Республикамыздан 1 млн. 196 мың 164 адам қару асынып, майданға аттанды. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комисариаттары арқылы 1 млн 900 мыңдай адам сапқа тұрды.Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ , Кеңес халқы жан – тәнімен Отанды қорғады. Әрбір ауыл, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншылар мен кеңес азаматтары аянбай шайқасты.

«Ел қорғауға әзірміз»-Шабиева А.


Оқушы: Соғыс жылдар ақ Қазақстандық 5 әскери құрамға гвардиялық деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына әлденеше ордендер қадалды.Олардың жауынгерлерінің ерлігі аңызға айналды. Соның ішінде атақты 28 гвардиялық Панфилов дивизиясы бар. Оның құрамынан шыққан 28 батырдың батольон, кейіннен дивизия командирі болған Бауыржан Момышұлының,Мәлік Ғабдуллиннің есімдері соғыс тарихынан мәңгілік орын алады.
Нақ сол кез естідім ел дүбірін,
Атағы атын алып келді бұрын.
Үстінде тұрған елдің тұрды толқып,
Бауыржан Момышұлы деген бір ұл.

«Катюша»-хор.
Оқушы: Біздің даңқты жерлесіміз, шығыстың батыр да, өжет қызының бірі Әлия 1925 жылы қазіргі Әлия Молдғұлова ауылының Бұлақ бөлімшесінде дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айырылған Әлия нағашысы Әубәкірдің қолына келеді. Әлияның оқушылық өмірі Ленинград қаласында өтті. Осы жерден 1943 жылы майданға ұрысқа аттанды.
Полковник Уральский бастаған 54-атқыштар бригадасы Псков облысының Казачиха селосында бекініп жатқан жау әскеріне қарсы шабуылға шықты. Осы ұрыста 18 жасар сарбаз снайпер Әлия қаза тапты.
Соғыс жылдары ерлігі үшін орден және медальдармен награтталғандардың ішінде 96938 қазақ жауынгері бар. 497 жерлесіміз Кеңес Одағының батыры атанды. Олардың 97-сі қазақ, 142 жауынгер «Даңқ» орденінің толық иегері болды.
Мұғалім сөзі: Шығыс Қазақстандық батырлар(компьютер)
Бір минут үнсіздік
Оқушы: Ұлы Отан соғысындағы ұлы жеңіс. Осы соғыста қасық қанын қиып ұрыс даласынан қайтпай қалған қаһармандар қаншама! Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігіміздің нұрындай мәңгі шуағын шашпақ! Осы ата – бабамыздың арқасында біз жастар осындай өмір сүрудеміз және биылғы 2011 жылы Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл
Тыныштық! Жаса тыныштық!
Осы сөз бізге тым ыстық.
Көркейе берсін еліміз.
Көркейе берсін ырыс-құт!
Эссе «Менің Отаным Қазақстан»
Біз қазақпыз
Ел үшін атқа мінген.
Жанып жатқан лапылдап отқа кірген
Бойтұмарғып ар-ождан қазынасын
Ерлеріміз ел намысын сақтап жүрген.
Біз қазақпыз
Қастерлеген баба салтын
Аман бол айналайын дана халқым ,
Күн туса атқа қонам бір сен үшін
Міне, жаным, міне қаным, міне антым.
Ән «Қазақ жігіттері»-Сербаев Г.

 

 

 

      

 

 

      

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: «Ешкімде – ешуақытта ұмытылмайды»."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Ректор

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 711 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.11.2016 729
    • DOCX 3.6 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тынянская Ирина Николаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тынянская Ирина Николаевна
    Тынянская Ирина Николаевна
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12834
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой