Инфоурок Классному руководителю КонспектыТақырыбы: «Тәуелсіздік таңы» тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Тәуелсіздік таңы» тәрбие сағаты

Скачать материал

Тәрбие сағаты

8 а сыныбы

Исмагулова А.А.

 

Тақырыбы:  «Тәуелсіздік таңы»

 

Мақсаты:

а) Білімділік: өлеңді мәнерлеп оқу, өлеңдегі ақынның айтайын деген ойын ашатындай, оны Отанымыз тарихының үлкен беттеріне алтын әріппен жазылған көтерілісті оқушылар түсінетіндей жағдайға әкелу, ұғындыру.

Б) Дамутушылық: ойын, қиялын, тілін дамыту.

В) Тәрбиелік: отан сүйгіштікке, өз елін, жерін қорғай білуге, қаһармандыққа тәрбиелеу.

 

Көрнекіліктер: слайд, видео-ролик, плакат, ресурстар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, география пәндері

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, топтық жұмыс, СТО стратегиялары.

 

Барысы:

I.                   Кіріспе бөлімі

/Оқушылар екі топқа бөлініп отырады/

Мұғалімнің сөзі:  ТӨРТ АНА өлеңі оқылады
Тағдырыңды тамырсыздық iндетiнен қалқала,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Ғұмырына етер мәңгi астана,
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдiреттi төрт ана:
ТУҒАН ЖЕРI – түп қазығы, айбыны,
ТУҒАН ТIЛI – мәңгi өнеге айдыны,
ЖАН БАЙЛЫҒЫ, САЛТ-ДӘСТҮРI – тiрегi,
Қадамына шуақ шашар үнемi,
Және ТУҒАН ТАРИХЫ,
Еске алуға қаншама
Ауыр әрi қасiреттi болса да.

Құдiрет жоқ төрт анаға тең келер,
Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.
Өзге ананың ұлылығын танымас,
Төрт анасын менсiнбеген пенделер.
Төрт анадан сенiм таба алмаған
Тамырсыздың басы қайда қалмаған?!
Төрт анасын сыйламаған халықтың
Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.

Қасиеттi бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшiн болған күрес – күрестердiң ұлысы!

 

-          Бұл өлеңнің атауы қалай аталады?

-          Төрт ананы атаңыз? /тақтаға ілу/

-          Өлеңнің соңғы жолдары

Қасиетті бұл төрт ана - тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшiн болған күрес – күрестердiң ұлысы!- қандай мағына береді?

-           Авторы кім?

-          Мұхтар Шаханов туралы не білеміз? Слайд №1

Мұхтар  Шаханов 1942  жылы  Оңтүстік  Қазақстан  облысы, Ленгір ауданы,  Қарасу селосында дүниеге келді. Ақын, жазушы, «Түрік халықтары арасынан шыққан ең үздік әлем ақын» атағының иегері, 1984-1993 жылдар аралығында «Жалын» журналының бас редакторы. 1986 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы. 2004-2007 жылдары ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты. Қазақстан Республикасының халық жазушысы, Қырғыз Республикасының Халық ақыны.

 

II.                Тұсаукесер

-          «Отан» дегеніміз не? Отан туралы қандай мақал – мәтелдерді білеміз?

-          Ассоциация әдісі. «Отан» сөзін естіген де ойларына келген сөзді стикерге жазайық.

Отанға деген сезімін  әрбір азамат өзінше білдіреді. Ал ақын, жазушылар өлеңдерімен білдіреді, сол ақиық ақын 9 ақпанда дүниеге келген, артынан өлместей мұра қалдырған, ол кім? /Мұқағали Мақатаев/. Мұқағали Мақатаевтың «Отан» өлеңнің тыңдайық.

Видео-ролик «Отан» Слайд №2

-          Сұрақ-жауап әдісі. Сұрақтарға жауап беру.

- Сенің Отаның?
- Мемлекеттік тіл?
- Киіз үйдің төбесі?
- ҚР – ның рәміздері?
- Қазақстанның  Елордасы?
- Тұңғыш президент?
- ҚР – ның ақшасы?
- Біз тұратын облыс?
- ҚР – ның бірінші ғарышкері?
- 16 желтоқсан қандай мереке?

III. Негізгі бөлім
- 16 желтоқсан бұл ең үлкен мереке, себебі біздің мемлекетіміз 25 жыл өз алдына дербес, тәуелсіз мемлекет болып өркендеп, дамып келе жатырмыз. Бұл тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Оның өз тарихы бар, оны біз ұмытпауымыз керек.

-          Бүгінгі тәрбие сағатымызда осы мерекеге арналады.

-          Тәрбие сағаттың тақырыбы: «Тәуелсіздік таңы» Слайд №3

Сұрақ: - Ол қандай оқиға?

-          1986 жыл оқиғасы туралы не білеміз?

-1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы орталық Комитетінің V пленнумы өтті, осы пленумда Д.Қонаев қызметінен босатылып, оның орнына Ресей Федерациясының Ульянов облыстық партия ұйымын басқарған Г.Колбинді сайлады.

17 желтоқсан күні таңертен Алматының Брежнев атындағы алаңға жастар жинала бастады. Кешке қарай жиналғандардың саны 25-30 мыңға жетті. Бұл бейбіт шеру болатын, өйткені жастардың қолында: «Әр халыққа –өз көсемі», «Жасасын біздің Қазақстан!» деген плкаттар болған.

Салдары:

8,5 мыннан астам адам ұсталды, 2401 адам уақытша қамау орындарына жеткізілді, қалғандары қала сыртына апарылып тасталды. 99 адам айыпталып, бас бостандығынан айырылды, 2 адам өлім жазасына кесілді.

246 студент оқудан шығарылды;

ЖОО-ның 12 ректоры қызметінен алынды;

1720 адам жарақат алды;

Желтоқсан құрбандары:

1. Қайрат Рысқұлбеков 1996 жылы «Халық қаһарманы» атағы берілді
2. Ляззат  Асанова
3. Сәбира Мұхаметжанова
4. Ербол Сыпатаев

- Н.Назарбаев «1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Қазақстандағы оқиғаға қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөнінде» 1991 ж. 12 желтоқсанда Жарлық шығарды.

-Сұрақ:

Неге тәрбие сағатын Мұхтар Шахановпен бастадым? Оның желтоқсан оқиғасына қандай байланысы бар?

Мұхтар Шаханов 1986 жылы желтоқсанда алаңда бас көтерген жастарды қолдаған қайраткер. Желтоқсан көтерілісінің ақиқатын зерттеп, "Желтоқсан эпопеясын" еңбегін жазды.

Мұхтар Шаханов «Желтоқсан тағылымы» атты өлеңі бар, сонымен жұмыстанамыз.

Желтоқсан тағлымы
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың, 
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың. 
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның, 
Айналайын, жас қайратым, жас өркені халқымның! 
Қайырмасы: Арманыңның атын, 
Жігеріңнің отын 
Өшіре алмас асау желі уақыттың. 
Егер кім қанша 
Уайымсыз болса, 
Нақ сол адам құнын білмес бақыттың. 
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған, 
Намысыңды жықпай өттің нәубет, дүлей маусымнан. 
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма 
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан. 
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы, 
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы. 
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің 
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

 

1 - топқа: Өлеңді іштей оқу.
Мазмұнын әңгімелеуге дайындалу.

-Бұл қандай ескерткіш? /Тәуелсіздік монументі/ Слайд №5
1996 жылы Алматыдағы Республика алаңында Қазақстан тәуелсіздігінінің 5 жыл толуы құрметіне биік обилиск түрінде тұрғызылған «Тәуелсіздік монументі». Оның биіктігі 28 метрге жетеді. Үстінгі жағында қоладан күйылған қанатты барыс, барыстың үстінде алтынға малынған жебелер бар дуылғасы бар жас сарбаздың құрыштай мығым бітім-тұлғасы /биіктігі 6 м, ал салмағы 4 т./, оң қолында қыран құсы, сол қолында садағы бар.


2 - топқа: Мазмұнын түсініп оқу.
Түсініксіз сөздерді теру, түсінігін түсіндіру.

- Бұл қандай ескерткіш? /Тәуелсіздік таңы/ Слайд №6

-2006 жылы Алматы қаласында «Желтоқсан оқиғаларының» 20 жылдығына байланысты «Тәуелсіздік таңы» ескерткіші бой көтерді.

Мұхтар Шаханов «Желтоқсан тағылымы» атты видео-роликті көрсету

 

 

 

 

 

IV. Қорытынды

-Қазақстан Республикасы туралы кім қаншалықты білетінімізді, білу мақсатында

1-топқа «Тұлғалар сөйлейді» тапсырмасы

2-топқа «Сандар сөлейді» тапсырмасын орындау

Сабағымызды қорыта келгенде М.Шаханов «Желтоқсан тағылымы» өлеңімен сіздерге не айтқысы келді? /Отанды сүю, елді, жерді қорғау, намысшыл болу, ана тілінде сөйлеп, қазақтың рухын жоғары ұстау керекпіз деп айтты/

V.Рефлексия

Стикерға манағы жазған сөздерінді бүгінгі тақырыппен байланыстырып сөйлем құрандар


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: «Тәуелсіздік таңы» тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий отделом архива

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 023 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.02.2017 1261
    • DOCX 25.2 кбайт
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Исмагулова Арайлым Абилкалыковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18901
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 92 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 251 человек

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 215 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 557 человек

Мини-курс

Музыкальная журналистика: создание и продвижение контента

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные методики базальной стимуляции и развивающего ухода для детей с тяжелыми множественными нарушениями развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методы анализа и прогнозирования по финансовой отчетности

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе