Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыТақырыбы: «Ұстаз ізденісі» (БАЯНДАМА)

Тақырыбы: «Ұстаз ізденісі» (БАЯНДАМА)

Скачать материал

МКҚК «Теректі колледжі»

БАЯНДАМА

Тақырыбы: «Ұстаз ізденісі»

                                                     Дайындаған тарих пәні оқытушысы:

                                                                                  А.Х. Амангалиева

                                                        ОРАЛ- 2015 жыл

Жоспары:

І.Кіріспе

Сыни  тұрғысынан ойлау технологиясының маңызы

ІІ. Негізгі бөлім

1.    Технологияны пайдалану тиімділігі

2.    Сыни тұрғысынан ойлау технологиясын сабақта колдану

ІІІ. Қорытынды

                                                                           Ұстаз болу өзіңді аямау,

                                                                            Өзгенің бақытын аялау.

                                                                                                           Зейнолла Қабдолов

            Білімді де білікті, салиқалы да парасатты, жан- жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу мемлекеттік маңызды іс. Қазіргі жаңару кезеңінде біздің қоғамымыздың ілгерілеу процесінде адам факторы және оны жан-жақты жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту бала тәрбиесінің мәнімен оның проблемаларын күрделендіріп отыр. Осыған байланысты білім берудің тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі бағыты- барлық тәрбиелік істе әрбір жеке тұлға деп танып біліп, жан- жақты қалыптастыру.

              Неміс педагогі А Дистервергтің «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойға үйретеді» дегені мәлім. Дәл осы тәжірибені СТО технологиясы да ұстанады. СТО оқытушы мен оқушының арасындағы қарым-қатынас. Оқытушы бұл жағдайда танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйтқысы болғандықтан, оқушылардың шығармашылығы мен танымдық  белсенділігін арттырады. Сын тұрғысынан ойлау негізінде құрылған сабақта тек жақсы оқитын оқушылар ғана  белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық оқушының дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылса, әр оқушының оқуға деген қызығушылығы артатыны даусыз. Сондай ақ «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясына негізделген сабақ оқушының  ой-өрісін дамытып, жан-жақты, терең білім алуына жағдай жасап қана қоймай, оқушы бірде басқаға көмектессе,бірде басқаның көмегін өзі алады. Оқушы білімді өз ізденісімен, өз біліктілігімен  алады, іскерлік дағдылары қалыптасып, артады. СТО  бағдарламасы негізінде өткізілген сабақтар оқушының тақырыпты толық меңгеруіне, өз бетінше жұмыс жасауына және  уақыт үнемдеге өте ыңғайлы. Бұл технологияны пайдалану жеке тұлғаның ойлау қабілетін дамытуға, эстетикалық тәрбие, коммуникативтік қабілеттерін шыңдауға, қолайлы шешім қабылдай алуға, ең бастысы, білім сапасын арттыруға негіз болады.

Мен 2006 жылы Орал қаласындағы №42 «Ақ ниет» гимназиясы базасында «Сыни тұрғыдан ойлау» қоғамдық бірлестігі жұмысы барысында осы оқуды игеріп қолыма сертификат алдым. Содан бері сабақтарымда СТО технологияны қолданып келемін. Бұл оқу өзімнің   ой- толғанысыммен философиялық өзгеруіме  мүмкіндік берді.

 Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түпкір-түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Ситл, Куртис С. Мередит, Чарльз Тэмбл. Жобаның негізгі Ж.Пиаже, Л. С. Выготский теорияларын басшылыққа алады.

Қазақстанда сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасы 90 жылдарда оқытушылар үшін әйгілі бола бастады. СТО жобасында 80-ге жуық «стратегиялар» бар. Оларды мақсатты, тиімді қолдана білу оқытушының шеберлігіне байланысты.

Ұстаз үшін ең басты мәселе оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойынының дамуында басты рөл атқарады. Жаңа технологияларды меңгеру оқытушының зияткерлік, кәсіптік,адамгершілік, рухани, азаматттық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. «Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады» деген В.Сухомлинскийдің сөзін оқытушының талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі. Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр.

                      ІІ. Негізгі бөлім

1.       Технологияны пайдалану тиімділігі

Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. Біздің  елімізге Джорж Соростың  ашық қоғам институты, «Сорос-Қазақстан» қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.  Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы оқушы бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті. RWCT бағдарламасы – ағылшын тілінен аударғанда “Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу” дегенді білдіреді. Мақсаты – шығармашылық ойлауды, сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.  Ол үш кезеңнен тұрады:

I. Қызығушылықты ояту. Үйрену процесі – бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктердің өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі,не айта алатындығын анықтаудан басталады.Осы арқылы ойды қозғау,ояту,ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады.Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» т.б деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған.

II. Ойлану мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Oл бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында

V білемін+ білмеймін-  мен үшін жаңа ақпарат? мені таңқалдырады –

белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.

III. Тақырып туралы ой толғаныс-бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білім үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді, яғни нағыз білім шыңына көтеріледі, үлкен әлемге енеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзгеше сенім, тәрбиелік даналыққа бастау алады. Толғануды тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі», «Кубизм» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын, ой түйістіруін қамтамасыз етеді, әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.

         Қазіргі қолданып жүрген сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Мақсатқа жету оқушылардың өзі арқылы жүзеге асады. Оқытушы-ұйымдастырушы, бағыт беруші, сыныпта шешім жасаушы және үкім кесуші оқытушы емес, оқушы екендігі туралы пікір қалыптастырады, яғни оқушы-басты тұлғаға айналады, «оқушы оқу әрекеті-мұғалім» жүйесі қажет болады. Бұдан оқытушы рөлі төмендемейді, тіпті 2-3 есе жоғарылайды, енді ол білімді беруші ғана емес, танымдық іс-әрекеттерді әр оқушыға лайықтап ұйымдастырушы, оқушының қабілет көзін ашушы тұлға. Сөйтіп өз тәжірибемізде осы жаңа бағыттардың ортақ нүктесі қиылысар жерінде бір-бірімен ұштастыруға, өзара байытуға үлкен мүмкіндік барын көріп отырмыз. Дәл осы тоғысудан ізденгіш оқытушы өзі үшін көп нәрсе алары сөзсіз.

Осы идеяларды дамыту үшін оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларын ала отырып, жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдай жасау, негізгі құндылық- оқушы және оның жеке тұлғасы. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік рухани, азаматтық, басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін- өзі дамытып, оқу- тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі. Сын тұрғысынан ойлау әдісі оқытуда дамыту технологиясына жатады. Бұл илюстративті түсіндірмелі, ішнара іздену, пікір сайыс ойын, шығармашылық, өзін өзі дамыта оқыту әдістерінің бірі.

2.       Сын тұрғысынан ойлау технологиясын сабақта қолдану

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы оқушы мен оқытушы арасында өте жақсы ынтымақтастықтың орнауына да жағдай туғызады. Оқушының даму психологиясын, әр оқушының сабаққа қатысуын, ынтасын бақылап, бағалауға мүмкіндік береді.       

Енді осы стратегиялардың мақсат-міндеттерін 10 сыныпта өтілетін «Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт дәстүрлері» атты сабақта қолданғанмын соған  толығырақ тоқталып өтейін. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік:  Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері туралы толық мағлұмат бере отырып, оқушылардың бойында әдет-ғұрып, салт-дәстүрге деген обьективті көзқарасын қалыптастыру.

ә) дамытушылық: Оқушылардың қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы ой-пікірлерін ортаға сала отырып, сыни тұрғысынан көзқарастарын одан әрі дамыту.

б) тәрбиелік:  Қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптарының жастарға беретін тәрбиелік мәнін ашу арқылы, жастарды Отан сүйгіштікке, еңбекке, адамгершілікке, өз ұлтының салт-дәстүрін сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.

 Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: СТО жобасымен.

Сабақтың көрнекілігі: ҚР-ның саяси картасы,мультимедиялық тақта,суреттер

Сабақтың барысы:

I.Қызығушылықты ояту.

а) Жуан-жіңішке сұрақтар:

Оқушыларды екі топқа бөліп топтың атын қойып, топ басшысын тағайындау.Топ басшылары үй тапсырмасын төмендегі сұрақтармен тексереді:

      1-ші топ «Шаңырақ»

      2-ші топ « Мұрагер»

 «Шаңырақ» топ басшысының 2-ші топқа сұрақтары:

1.Таң патшалығының көрнекті ақыны Бэй Жуші өзінің «Биші бикеш» деген өлеңінде қай тайпаның қыздарының билерін суреттейді? (Қаңлы).

2. Бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай деген сөзді айтқан кім?                                          (Г.Н.Потанин).

3. «Қазақ халқының 100 әні» кітабының авторы кім? (А.В.Затаевич).

4. Елге жау шапқанда хабар беретін музыкалық аспап? (Керней).

 2-ші «Мұрагер» топ басшысының «Шаңырақ» тобына сұрақтары:

1.     Бақсы-балгер зікір салғанда пайдаланылатын аспап? (Асатаяқ).

2.     Қазақ ұлтың әлемге танытқан аспап (Домбыра).

3.     Балшықтан, қамыстан,мүйізден жасалатын аспап?(Сазсырнай)

4.     Соқпалы музыкалық аспаптар?(Даңғыра, дабыл,шыңдауыл,астаяқ)

 1-ші топ басшысына сұрақ:

  Ұлттық аспаптар неше түрге бөлінеді? (үрмелі,ұрмалы,ішекті).

Үрмелі аспаптарды ассоциала.

2-ші топ басшысына сұрақ:

   Қазақ өнерінің түрлерін ата?

  (Қолданблы өнер,сурет,би,ән-жыр,айтыс,терме т.б).

   Ішекті аспаптарды ассоциала.

Оқушылар сендердің өткен тапсырманы жақсы меңгергендерін өз жауаптарынан белгілі болды. Енді мультимедиалық экранға көңіл аударыңдар. Тақтадан қандай суреттер көріп тұрсыздар? Суретке қарап    жаңа сабақтың тақырыбын қалай қоясыздар? (оқушылардың жауабы).

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері». Сабақтың жоспары:

1.Отбасыға байланысты әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер.

2. Ұлттық ойындар.

3. Шаруашылыққа байланысты әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер.

4.Діни наным-сенімдер.

Қазақ ұлты сонау ғасырлар тереңінен ру-тайпалық дәрежеден бастап

XIV-XV ғасырлар тұтас халықтық дәрежеге жеткенше  салт-дәстүріміз

этникалық үдерістерге байланысты өзгерістерге ұшырап отырды.

«Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» дегендей бізге жеткен тәрбиелік мәні

зор бүгінгі ұлттық салт-дәстүрлер халқымыздың ең қымбат қазынасы.

Қазақ ұлты қалыптасқанға дейінгі ұлттық құрамының негізгі арқауы болған қаңлы,үйсін, керей,найман т.б ру-тайпаларының рухани мәдениеті дамып,

жалғасын тауып бізге жетіп отыр.  

  II.Мағына тану

   а) Мәтінмен танысуға 5минут уақыт беріледі.

   ә) Кластер 5 минут уақыт беріледі(ватман,маркермен жұмыс)

     1.«Шаңырақ» тобына «Отбасына байланысты әдет-ғұрып»

     2. «Мұрагер» тобына «Ұлттық ойындар»(мәтіндерімен жұмыс жасайды)

  2-топқа сұрақ:

1.Теледидардан ұлттық өнерімізді насихаттап жүрген қандай хабарларды

білесіздер? («Дала думаны», «Айтыс» т.б)

  2. Бүгінгі күні телехабарлардан ұлттық ойындар көрсетіле ме?

       (алтыбақан,көкпар, тоғызқұмалақ, күрес т.б).

  3. Қазақтың ұлттық киімдерін насихаттап жүрген сән орындары бар ма?

       («Сымбат», «Кенже» т.б)

   Ұлт дегеніміз не? Өзіміз анықтама берейік.

     Ұлт дегеніміз- белгілі бір аймақта тарихы қалыптасқан адамдар тобының

  әлеуметтік-этникалық бірлестігі.

 III. Толғаныс

      а) «Бағалау және жоспарлау»

      ә)  Т кестесі.

       2 топқа тапсырма:

     Сіздер шет елге қазақтың ұлттық құнды бір затын апаруларыңыз керек.

Өзі әдемі,ұлттық нақышы бар, сынбайтын,ыңғайлы,сапалы,қауіпсіз болуы шарт.Енді осы қазақы символды кім шет елге апарады екен? Сурет арқылы жеткіземіз. Бұл кімнің идеясы? Кім сурет салды?

 Салт-дәстүр Т кетесі бойынша жұмыс

                Кеше

                     Бүгін

   Құрсақ тойы

     Сүйінші

   Жарыс казан

    Шілдехана(бесікке салу)

   Сүйінші

    Балаға ат қою

   Шілдехана(бесікке салу)

  Тұсау кесу

   Балаға ат қою

  Сүндет тойы

   Тұсау кесу

  Тілашар тойы(мектепке бару)

   Атқа мінгізу(4-5 жас)

  Жыл сайын туған күн тойы

   Сүндет тойы

  Мектеп бітіру тойы

  Тілашар тойы

  Жоғары оқуға түсу тойы

 Балаға ата-тегін үйрету(7-9 жас)

  Оқуды бітіру тойы

 Тоқым қағар(7-8 жас)

  Жұмысқа орналасу тойы

 Құда түсу(қарын, бесік т.б)

  Құда түсу немесе алып қашу

 Жаушы жіберу

  Құдаларды қарсы алу

 Құдаларды қарсы алу

  Қалың мал немесе киіт беру

 Есік-төр көрсету тойы

  Қыз жасауын дайындау

 Ұрын келу немесе ілу

  Келін түсіру

 Қалың мал

  Бал айын өткізу т.б.

 Жасау

 Келін түсіру(бас киімі-сәукеле)

 Төркіндеу(1 жылдан соң)

Бүгінгі сабақты қорыта келе, қазақ елінің ұлттық байлығы мол, келер ұрпаққа берер тәлім тәрбиесі зор екеніне көзіміз жетті.

Сіздер бүгінгі сабақтан ұлтымыз туралы өздеріңе қажетті мағлұмат алды деп ойлаймын. Болашақ ұрпақ ретінде ата- бабамыздың бізге мұра етіп қалдырған мәдениетімізбен ұлттық санамызды жоғалтпайық!

 Оқушыларды бағалау.Үй тапсырмасы ретінде  «Ұлттық мұра» 10 минуттық эссе жазу, тақырыпқа дайындалу.

ІІІ. Қорытынды

Осындай жүргізілетін іс-әрекеттің барлығын бақылап, өзім жүргізген тәжірибемнен айтарым, осындай әдіс-тәсілдерді қолдана отырып өткізген сабақтың оқушыға берері мол, нәтижесі өте жоғары.  Себебі оқушылардың барлығы дерлік  сабаққа қатысады, өздерінің ойын еркін айтады, бірін-бірі тыңдайды, салыстырады, сол сабақтан өзінше бір түйін жасап, өз бетінше білім алады. Ал тәрбиелік жағына келер болсақ, оқушылар ұйымшылдыққа, тез шешім тауып, тығырықтан шығуға, өзіне баға беруге ұмтылады, үйренеді. Сонымен СТО, технологиясының мақсаты:

 – шығармашылық ойлауды, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
- рухани дүниесін байыту ;
- оқырмандығын күшейту;
- ауызша – жазбаша тіл мәдениетін дамыту;
- ойлау, елестете алу қаблетін қалыптастыру;
- көзқарасын тереңдету;
- өзінше бағалап, ой түйуге баулу;
- ойын жеткізе алу, ой түйюге баулу;
- танымдық оқу ауқымын кеңейту;
- шығармашылық ізденісіне жол ашу.

Әр технологияны қолдану арқылы белгілі бір жетістіктерге жетеміз.
Мұндай технологияларды қолдану-біріншіден оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы арта түспек деп ойлаймын.

Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру, инновациялық үрдісте тиімді пайдалану қазіргі заман талабы.

Нағыз өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге ие бола алады. Ал білікті маман болу үшін көп ізденіс керек. Әр оқушының жүрегіне жол тауып, оларды білімге қызықтыру-біздің міндетіміз. Білім беру кезінде оқушы білім алады, сана сезімі өседі, жақсы әдет-ғұрыпқа, мәдениетке, әдептілікке, үлкен –кішіні сыйлауға үйренеді. Сабақтың қызық өтуіне көптеген факторлар әсер етеді. Ең қажеттісі, оқытушының әдіскерлік шеберлігі. Сол үшін оқытушыға қажет үлкен қасиет - өз ісін сүюі және шәкірттерді жақсы көруі.

          Баяндамамды «Мектептің жаны мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі де һәм сондай болмақшы» деп Ахмет Байтұрсыновтың сөзімен аяқтағым келеді.

                        Пайдаланылған әдебиеттер:

1.                           Абдықайырұлы Қ., Монахов В.М., т.б. Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы – А, 1999.

2.                           Әбілқасымова А.Е., Омарова Р.С. Мұғалімдердің танымдық іздемпаздығын қалыптастыру. Алматы: Ғылым, 2003.                  

3.                           Президент Н.Ә.Назарбаевтң Қазақстан халқына жолдауы. Астана, 2004, 19 наурыз.

4.                           ҚР-ның жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасы. Астана, 2005ж

5.                           Бәкелестікке қабілетті тұлға тәрбиелеу. Қ.Жүнісханов. 2008.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: «Ұстаз ізденісі» (БАЯНДАМА)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист органа опеки

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Жоспары:

І.Кіріспе

Сыни  тұрғысынан ойлау технологиясының маңызы

ІІ. Негізгі бөлім

1.    Технологияны пайдалану тиімділігі

2.    Сыни тұрғысынан ойлау технологиясын сабақта колдану

ІІІ. Қорытынды

І.Кіріспе

Сыни  тұрғысынан ойлау технологиясының маңызы

                                                                           Ұстаз болу өзіңді аямау,

                                                                            Өзгенің бақытын аялау.

                                                                                                           Зейнолла Қабдолов

            Білімді де білікті, салиқалы да парасатты, жан- жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу мемлекеттік маңызды іс. Қазіргі жаңару кезеңінде біздің қоғамымыздың ілгерілеу процесінде адам факторы және оны жан-жақты жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту бала тәрбиесінің мәнімен оның проблемаларын күрделендіріп отыр. Осыған байланысты білім берудің тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі бағыты- барлық тәрбиелік істе әрбір жеке тұлға деп танып біліп, жан- жақты қалыптастыру.

              Неміс педагогі А Дистервергтің «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойға үйретеді» дегені мәлім. Дәл осы тәжірибені СТО технологиясы да ұстанады. СТО оқытушы мен оқушының арасындағы қарым-қатынас. Оқытушы бұл жағдайда танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйтқысы болғандықтан, оқушылардың шығармашылығы мен танымдық  белсенділігін арттырады. Сын тұрғысынан ойлау негізінде құрылған сабақта тек жақсы оқитын оқушылар ғана  белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық оқушының дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылса, әр оқушының оқуға деген қызығушылығы артатыны даусыз. Сондай ақ «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясына негізделген сабақ оқушының  ой-өрісін дамытып, жан-жақты, терең білім алуына жағдай жасап қана қоймай, оқушы бірде басқаға көмектессе,бірде басқаның көмегін өзі алады. Оқушы білімді өз ізденісімен, өз біліктілігімен  алады, іскерлік дағдылары қалыптасып, артады. СТО  бағдарламасы негізінде өткізілген сабақтар оқушының тақырыпты толық меңгеруіне, өз бетінше жұмыс жасауына және  уақыт үнемдеге өте ыңғайлы. Бұл технологияны пайдалану жеке тұлғаның ойлау қабілетін дамытуға, эстетикалық тәрбие, коммуникативтік қабілеттерін шыңдауға, қолайлы шешім қабылдай алуға, ең бастысы, білім сапасын арттыруға негіз болады.

Мен 2006 жылы Орал қаласындағы №42 «Ақ ниет» гимназиясы базасында «Сыни тұрғыдан ойлау» қоғамдық бірлестігі жұмысы барысында осы оқуды игеріп қолымасертификат алдым. Содан бері сабақтарымда СТО технологияны қолданып келемін.Бұл оқу өзімнің   ой- толғанысыммен философиялық өзгеруіме  мүмкіндік берді.

 Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түпкір-түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Ситл, Куртис С. Мередит, Чарльз Тэмбл. Жобаның негізгі Ж.Пиаже, Л. С. Выготский теорияларын басшылыққа алады.

Қазақстанда сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасы 90 жылдарда оқытушылар үшін әйгілі бола бастады. СТО жобасында 80-ге жуық «стратегиялар» бар. Оларды мақсатты, тиімді қолдана білу оқытушының шеберлігіне байланысты.

Ұстаз үшін ең басты мәселе оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойынының дамуында басты рөл атқарады. Жаңа технологияларды меңгеру оқытушының зияткерлік, кәсіптік,адамгершілік, рухани, азаматттық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. «Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады» деген В.Сухомлинскийдің сөзін оқытушының талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі. Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр.

                      ІІ. Негізгі бөлім

1.      Технологияны пайдалану тиімділігі

Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. Біздің  елімізге Джорж Соростың  ашық қоғам институты, «Сорос-Қазақстан» қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады. Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы оқушы бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті. RWCT бағдарламасы – ағылшын тілінен аударғанда “Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу” дегенді білдіреді. Мақсаты – шығармашылық ойлауды, сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.  Ол үш кезеңнен тұрады:

I. Қызығушылықты ояту. Үйрену процесі – бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктердің өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі,не айта алатындығын анықтаудан басталады.Осы арқылы ойды қозғау,ояту,ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады.Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау»,«Түртіп алу»,«Ойлану»,«Жұпта талқылау»,«Болжау»,«Әлемді шарлау» т.б деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған.

II. Ойлану мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT.Oл бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында

V білемін+ білмеймін-  мен үшін жаңа ақпарат? мені таңқалдырады –

белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.

III. Тақырып туралы ой толғаныс-бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білім үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді, яғни нағыз білім шыңына көтеріледі, үлкен әлемге енеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзгеше сенім, тәрбиелік даналыққа бастау алады. Толғануды тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі», «Кубизм» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын, ой түйістіруін қамтамасыз етеді, әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.

         Қазіргі қолданып жүрген сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Мақсатқа жету оқушылардың өзі арқылы жүзеге асады. Оқытушы-ұйымдастырушы, бағыт беруші, сыныпта шешім жасаушы және үкім кесуші оқытушы емес, оқушы екендігі туралы пікір қалыптастырады, яғни оқушы-басты тұлғаға айналады, «оқушы оқу әрекеті-мұғалім» жүйесі қажет болады. Бұдан оқытушы рөлі төмендемейді, тіпті 2-3 есе жоғарылайды, енді ол білімді беруші ғана емес, танымдық іс-әрекеттерді әр оқушыға лайықтап ұйымдастырушы, оқушының қабілет көзін ашушы тұлға. Сөйтіп өз тәжірибемізде осы жаңа бағыттардың ортақ нүктесі қиылысар жерінде бір-бірімен ұштастыруға, өзара байытуға үлкен мүмкіндік барын көріп отырмыз. Дәл осы тоғысудан ізденгіш оқытушы өзі үшін көп нәрсе алары сөзсіз.

Осы идеяларды дамыту үшін оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларын ала отырып, жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдай жасау, негізгі құндылық- оқушы және оның жеке тұлғасы. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік рухани, азаматтық, басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін- өзі дамытып, оқу- тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі. Сын тұрғысынан ойлау әдісі оқытуда дамыту технологиясына жатады. Бұл илюстративті түсіндірмелі, ішнара іздену, пікір сайыс ойын, шығармашылық, өзін өзі дамыта оқыту әдістерінің бірі.

2.      Сын тұрғысынан ойлау технологиясын сабақта қолдану

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы оқушы мен оқытушы арасында өте жақсы ынтымақтастықтың орнауына да жағдай туғызады. Оқушының даму психологиясын, әр оқушының сабаққа қатысуын, ынтасын бақылап, бағалауға мүмкіндік береді.   

Енді осы стратегиялардың мақсат-міндеттерін 10 сыныпта өтілетін «Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт дәстүрлері» атты сабақта қолданғанмын соған  толығырақ тоқталып өтейін. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік:  Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері туралы толық мағлұмат бере отырып, оқушылардың бойында әдет-ғұрып, салт-дәстүрге деген обьективті көзқарасын қалыптастыру.

ә) дамытушылық: Оқушылардың қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы ой-пікірлерін ортаға сала отырып, сыни тұрғысынан көзқарастарын одан әрі дамыту.

б) тәрбиелік:  Қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптарының жастарға беретін тәрбиелік мәнін ашу арқылы, жастарды Отан сүйгіштікке, еңбекке, адамгершілікке, өз ұлтының салт-дәстүрін сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.

 Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: СТО жобасымен.

Сабақтың көрнекілігі: ҚР-ның саяси картасы,мультимедиялық тақта,суреттер

Сабақтың барысы:

I.Қызығушылықты ояту.

а) Жуан-жіңішке сұрақтар:

Оқушыларды екі топқа бөліп топтың атын қойып, топ басшысын тағайындау.Топ басшылары үй тапсырмасын төмендегі сұрақтармен тексереді:

      1-ші топ «Шаңырақ»

      2-ші топ « Мұрагер»

 «Шаңырақ» топ басшысының 2-ші топқа сұрақтары:

1.Таң патшалығының көрнекті ақыны Бэй Жуші өзінің «Биші бикеш» деген өлеңінде қай тайпаның қыздарының билерін суреттейді? (Қаңлы).

2. Бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай деген сөзді айтқан кім?                                          (Г.Н.Потанин).

3. «Қазақ халқының 100 әні» кітабының авторы кім? (А.В.Затаевич).

4. Елге жау шапқанда хабар беретін музыкалық аспап? (Керней).

 2-ші «Мұрагер» топ басшысының «Шаңырақ» тобына сұрақтары:

1.     Бақсы-балгер зікір салғанда пайдаланылатын аспап? (Асатаяқ).

2.     Қазақ ұлтың әлемге танытқан аспап (Домбыра).

3.     Балшықтан, қамыстан,мүйізден жасалатын аспап?(Сазсырнай)

4.     Соқпалы музыкалық аспаптар?(Даңғыра, дабыл,шыңдауыл,астаяқ)

 1-ші топ басшысына сұрақ:

  Ұлттық аспаптар неше түрге бөлінеді? (үрмелі,ұрмалы,ішекті).

Үрмелі аспаптарды ассоциала.

2-ші топ басшысына сұрақ:

   Қазақ өнерінің түрлерін ата?

  (Қолданблы өнер,сурет,би,ән-жыр,айтыс,терме т.б).

   Ішекті аспаптарды ассоциала.

Оқушылар сендердің өткен тапсырманы жақсы меңгергендерін өз жауаптарынан белгілі болды. Енді мультимедиалық экранға көңіл аударыңдар. Тақтадан қандай суреттер көріп тұрсыздар? Суретке қарап    жаңа сабақтың тақырыбын қалай қоясыздар? (оқушылардың жауабы).

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері». Сабақтың жоспары:

1.Отбасыға байланысты әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер.

2. Ұлттық ойындар.

3. Шаруашылыққа байланысты әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер.

4.Діни наным-сенімдер.

Қазақ ұлты сонау ғасырлар тереңінен ру-тайпалық дәрежеден бастап

XIV-XV ғасырлар тұтас халықтық дәрежеге жеткенше  салт-дәстүріміз

этникалық үдерістерге байланысты өзгерістерге ұшырап отырды.

«Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» дегендей бізге жеткен тәрбиелік мәні

зор бүгінгі ұлттық салт-дәстүрлер халқымыздың ең қымбат қазынасы.

Қазақ ұлты қалыптасқанға дейінгі ұлттық құрамының негізгі арқауы болған қаңлы,үйсін, керей,найман т.б ру-тайпаларының рухани мәдениеті дамып,

жалғасын тауып бізге жетіп отыр.  

  II.Мағына тану

   а) Мәтінмен танысуға 5минут уақыт беріледі.

   ә) Кластер 5 минут уақыт беріледі(ватман,маркермен жұмыс)

     1.«Шаңырақ» тобына «Отбасына байланысты әдет-ғұрып»

     2. «Мұрагер» тобына «Ұлттық ойындар»(мәтіндерімен жұмыс жасайды)

  2-топқа сұрақ:

1.Теледидардан ұлттық өнерімізді насихаттап жүрген қандай хабарларды

білесіздер? («Дала думаны», «Айтыс» т.б)

  2. Бүгінгі күні телехабарлардан ұлттық ойындар көрсетіле ме?

       (алтыбақан,көкпар, тоғызқұмалақ, күрес т.б).

  3. Қазақтың ұлттық киімдерін насихаттап жүрген сән орындары бар ма?

       («Сымбат», «Кенже» т.б)

   Ұлт дегеніміз не? Өзіміз анықтама берейік.

     Ұлт дегеніміз- белгілі бір аймақта тарихы қалыптасқан адамдар тобының

  әлеуметтік-этникалық бірлестігі.

 III. Толғаныс

      а) «Бағалау және жоспарлау»

      ә)  Т кестесі.

       2 топқа тапсырма:

     Сіздер шет елге қазақтың ұлттық құнды бір затын апаруларыңыз керек.

Өзі әдемі,ұлттық нақышы бар, сынбайтын,ыңғайлы,сапалы,қауіпсіз болуы шарт.Енді осы қазақы символды кім шет елге апарады екен? Сурет арқылы жеткіземіз. Бұл кімнің идеясы? Кім сурет салды?

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 734 материала в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.01.2015 1683
    • DOCX 32.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Амангалиева Агжан Хамитқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Амангалиева Агжан Хамитқызы
    Амангалиева Агжан Хамитқызы
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 38186
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по истории в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 191 человек

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 168 человек из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 771 человек

Курс повышения квалификации

Электронные образовательные ресурсы в работе учителя истории в контексте реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 129 человек

Мини-курс

Робототехника в школе: конструирование и программирование

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Мини-курс

Теория вероятности и комбинаторика в современной математике

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные стратегии продаж: воронка, агрегаторы и мессенджеры

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе