Инфоурок Другое Научные работыТілім менің тірлігімнің тірегі (тіл туралы ашық тәрбие сағаты)

Тілім менің тірлігімнің тірегі (тіл туралы ашық тәрбие сағаты)

Скачать материал

«Тілім менің – тірлігімнің тірегі»

Мақсаты: Оқушылардың өз тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, қазақ тілінде таза сөйлеуге, сөздің мағынасын түсініп тапсырманы дұрыс орындауға баулу.

Ой -өрісін дамыта отырып, сөздік қорын және мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.

Еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз тілін өұрметтеуге тәрбиелеу.

Жүргізуші:

         Ерлік, елдік,бірлік,  қайрат, бақ, ардың,

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі сен қалдың.

         Сәләмәтсіздарма құрметті ұстаздар. 5 «ж» сыныбының Тіл апталығына орай өткізіп жатқан «Тілім менің – тірлігімнің тірегі» атты ашық тәрбие сағатына  қош келдіңіздер.

Хор: Қазақстан Республикасының Гимні.

Жүргізуші:

         Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп  кетуі алдымен тілдің ауылынан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр.  Бүгінгі қазақ қоғамындағы мәңгүрттіктің басы да өз тілін тәрк етуден туды. Тілі мен дінінен айырылған ондай жан рухани кемтарлығын, адамдық болмысын түсінбей, көлдененең көк атының қолжаулығына айналады.

         Әрине тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам – қаперсіз болған емес. Жиырмасыншы жылдарда тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Мұхтарлар, сексенінші жылдардың аяғында бостандықтың лебі бөлінісімен басталған бүкіл халықтық қозғалыс – соның айғағы.

         Шүкір бүгін де тілінің тағдырына алаңдайтын азаматтар баршылық. Бірақ жаныңа бататыны – сол арындап басталған ұлы істің аяғы нәтижесіз тез басылып қалғандығы. Жиырмасыншы жылдары да солай болған. Әрине, оның себептерін бәріміз де білеміз, елі мен тілінің намысын көтерген ағаларымыздың көбі басы байлауда кетті.

         Тұяқ серпуге шамасын келтірмеді.

         Сондықтан да тіл – халықтың тарихы, тіл – ұлттық қазына, тіл – біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз.

         «Ана тілім – бабалардың жалғасы» бөлімінде 5 «ж» сынып оқушыларының ана тілі туралы өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.

1.     Қуан далам! Қуанатын күн бүгін!

         Серпіп таста мұңды жүрек түндігін!

         Тіл туралы заңың енді күшіне,

         Паш еткендей мұңды жүрек түндігін.

         Қуан бабам! Қуанатын күн бүгін!

         Деген едің «Тіл бар жерде өмір бар»

         «Халық жауы» атандың – ау сол үшін,

         Ғұмырыңды құрбан етіп жолыңда

         Қуан анам! Ұзағынан сүйініп,

         Сәтің де көп кеткен кейде түңіліп,

         Ақ сүтіңмен бойға біткен тіліңді,

         Пір тұтамын мен алдыңда иіліп.

2.     Әр адамда өз анасынан басқа

Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада

Болу керек қасиетті төрт ана;

Туған жері – түп қазығы айбыны,

Туған тілі – сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр, салт – санасы тірегі

Және туған тарихы, еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті болса да.

Төрт анаға әнін жолдай алмаған

Пенделердің басы қайда қалмаған

Төрт анасын қорғамаған халықтың

Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.

3.     Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым, дара тілім.

О, адамдар, қадіріне жетіңдер

Ана тілің – анаң. Сыйлап өтіңдер!

Туған тілін танымаған көрсоқыр

Болып өтер ертең мәңгі өкінер.

4.     Ана тілім – тірлігімнің тірегі,

Тілмен ғана кірер адам реңі

Тілсіз қоғам – өлі мынау дүние

Түсініксіз тылсыммен бір еді.

Ана тілім – әрекетім азығы,

Бар ғаламды тануымның қазығы.

Ой – санамның өсуінің куәсі,

Ғасырлардың кейінгіге өз үні.

5.     Ана тілім – айна түсер аймағы

Елім, жерім, ұлтымның айғағы.

Бар қалпымды, бар өремді дәлелдеп,

Жеткізетін мәні,  нәрі, қаймағы.

Ана тілім – бәрін сөйлер шежірем,

Тілсіз нені білдіре алам не білем,

Тілім барда ғана мынау ғаламның,

Кілтін табар саналысы сезінем.

6.     Ана тілім – болашағым, ертеңім.

Ана тілім жыр дастаным, ертегім

Өз тілімді «өз тілім» деп ардақтап,

Әрқашанда әнге қосып өтемін.

Жүзімнің нәрлі, нәзік сабағындай,

Тіліңді мәпелей біл ала қылмай,

Аямай арам шөбін отап отыр,

Таза сақта көзіңнің жанарындай.

7.     Тілім менің сан мың жылдан сақталған,

Ең көрікті, ең  таза боп ақталған.

Көкірегіме күдікті ой түссе де,

Көңілімде көктемдей боп жатталған.

Бұл тілімде сөйлеген шешендер де,

Шешендер де, ақындар, көсемдер де,

Аллаға мың шүкірлік айтудамын,

Тілімді тас төбеге көтергенге.

Анамның сүтіменен дарыған – тіл,

Әкемнің құтыменен дарыған – тіл

Жаханда жаңғыруда қазақ тілі

Әлемге әйгілі боп танылған тіл.

8.     Қазағым тіліңменен жана берші,

Әуендетіп әніме сала берші.

Мәңгі даңқың түспесін қазақ тілі,

Көкейімде жатталып қала берші.

Қасиетті үніңнен тілім менің,

Көгімдегі нұр шашқан күнім менің

Өмір болып жатса түңілгенім,

Сол тіліммен шаттанып күлімдедім.

Жаса тілім, жаңғыршы, шарықташы,

Өзге тілден басып оз қалыспашы,

Қазақстан -  Отаным тіліңменен

Көк аспанда көк туым қалықташы.    

Жүргізуші:

Иә, ана тілі туралы сыр шертпеген ақын жоқ шығар сірә. Әсіресе оны айтыс өнерінен көруімізге болады.

         Бір кезде жоғалтып алған асылымыз, отыз жылдан кейін қайтып келген салтымыз – айтыс. Сендер оны теледидардан тамашалап жүрсіңдер.

         Талай айтыскерлер Қазақстанның халық ақыны атанды. Міне сол айтыстың бір түрі – бәдік айтыс. Наурыз мерекесі аясында өткізілген қыз бен жігіт айтысын тамашалаңыздар. Ортада Оразбайұлы Әлфараби және Бисенбекова Айсұлу. Қай топ жеңіске жетеді екен бірге тамашалайық.

1.     Қыз:

Дел – сал ғып туған дала атырабын,

Бұл наурыз бүгін шырқап жатыр әнін.

Айтайық кемшілікті бетке басып,

Ей, құрбым кел айтысқа шақырамын.

 

2.     Жігіт:

Дегенде ала қарға, ала қарға,

Бойыңда бәдік бар жан опалар ма?

Кей қыздар кітап десе аллергия

Балмұздақ қуғандарға дауа бар ма?

 

3.     Қыз:

Жабысар болсаң бәдік ұлға жабыс,

Оқудан, пайдалы істен, жырдан алыс,

Еліріп есі кеткен видеоға

Картэ, у – шу, кун – фу, күнде шабыс.

 

4.     Жігіт:

Ауырдым дер сәл ғана суық тисе,

Киімі бір машина буып түйсе.

Ей бәдік, жабыссаң тек қызға жабыс,

Ұрысқақ шыңқ ететін шыбық тисе.

 

5.     Қыз:

Бұл бәдік кедергіңді елеместен,

Тағы да асып өтер бір белестен.

Жаңбырмен жер көгерсе кейбір ұлдар,

Жүргені көз көгертіп төбелестен.

 

6.     Жігіт:

Келгендей қырдан ілбіп әзер сәуір,

Сен айтқан сын сөздерге төзем де ауыр.

Жөнінен биязылық кей қыздардан

Үйдегі оқымаған әжем тәуір.

 

7.     Қыз:

Мініңді түзейін деп алдым парақ,

Сыныңа мен ойланып қалдым қарап,

Ей, бәдік, жабыссаң тек ұлға жабыс,

Кітабы жыртық – жамау, салдыр – салақ.

 

8.     Жігіт:

Тілімді, жырымды айтып, құмарланам,

Қазақы әдет – ғұрып ұнар маған,

Сен сияқты емеспін «ну и что» деп,

Өзінің ана тілін шұбарлаған.

 

9.     Қыз:

Айтыстық біз бәдікті пайдаланып,

Көбірек ойланарлық жайға қалып,

 

10. Жігіт:

Бәріміз ұл – қыз болып жұмылыссақ,

Бар міннің жойылары айдан анық.

         Жүргізуші:

Иә, балалар, қыздар жеңіске жеттіме әлде ұлдар ма? Қалай ойлайсыңдар? Меніңше екі топта бір – бірлерінен қалыспады, тең түскен сияқты. Менімен келісесіңдер ме? (оқушылар «иә»)

Көп жасаған қария

Ақылы теңіз дария.

Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі соқпақ, өзі нәр, - дегендей келесі кезекте «Халық айтса, қалт айтпайды» атты бөлімде мақал – мәтелдердің жалғасын табу.

1.      Бас кеспек болса да – тіл кеспек жоқ.

2.     Шебердің қолы ортақ, Шешеннің тілі ортақ.

3.     Сөз сүйектен өтеді,  Таяқ еттен өтеді.

4.     Тіл тас жарады – тас жармаса бас жарады.

5.     Жүйелі сөз жүйесін табады,  Жүйесіз сөз иесін табады.

6.     Басқа пәле – тілден.

7.     Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі ой өсіреді.

Ал балалар, мақал – мәтелдерді қаншалықты білетіндеріңді көрдік. Енді жұмбаққа қалай қарайсыздар? (оқушылар «иә»)

1.     Үлкен үй, үлкен үйдің ішінде кіші үй,

Кіші үйдің ішінде палуан би. (ауыз, тіс, тіл)

2.     Қабат – қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. (кітап)

3.     Жағалай – жағалай тас қойдым,

Жирен атты бос қойдым. (тіс, тіл)

4.     Үш қазық, екі желі, тоғыз ноқта,

Теңселіп, тербеледі адам соқса,

Шешен тіл сөзге жүйрік болғанымен,

Не пайда үндемейді адам жоқта (домбыра)

5.     Әрі сүйексіз,

Әрі тиексіз (тіл)

Жүргізуші: Өте дұрыс таптыңдар балалар.

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй, - дегендей ортаға Қыпшақбаев Нұрсұлтан мен  Алдаберген Нұрасылды «Жаса Қазақстан» әнімен шақырамыз.

Қайырмасы:

 

Жаса! Қазақстан!

Жаса, менің қазағым

Артта қалды қыйындық пен азабың

Жаса! Қазақстан!

Жаса, менің ұлы елім

Атқан таңдай ашық болсын ажарың

Жаса! Қазақстан!

Алаш жұртым ардағым

Алтын бесік, байтақ далам, бар бағым

Жаса! Қазақстан!

Ата мекен тұрағым

Көк аспанда желбіресін байрағың

 

Жақын көңіл жайсаң ел қазағым

Өз ұраның айтылсын, өз әнің

Ана тілдің айбыны асқақтап

Болсын таза дін!

Батыр ұлдар ел көшін бастаған

Жасымасын жас ұрпақ, жас бала

Ашық аспан астында мәртебең

Артсын басқадан

 

(Қайырмасы)

 

Даламызға мұрагер халқымыз

Даламызда мақтаныш даңқымыз

Ұмытылмай ұрпаққа ұлассын

Дәстүр салтымыз

Ару қыздар аяулым, ақ гүлім

Шаңырақтың шырағын жақ бүгін

Думандатып тойласын әрқашан

Елім, шаттығын

 

(Қайырмасы)

Жүргізуші: 

Көрініс:Сөз қадірі:

Автор:Өте ерте заманда бір қадірлі шешен қария дүниеден көз жұмарында баласына.

Әке:Балам,мен көп ұзамай дүние салам. «Әкем маған қазына қалдырмады деп өкпелеме. Ел ішінде қалдырып бара жатқан асыл мұрам бар. Соны іздеп тап, қадірле, қастерле!»

Автор:Мұны естіген бала әке мұрасын іздеймін деп табанынан таусылса да таба алмайды Ойы сансаққа кеткен бала бір күні ел ішіндегі абзал қарияға келеді.

Бала: ата,әкем маған қандай қазына қалдырды. Мен іздеп таба алмадым.Мұны сіз білетін шығарсыз ,айтыңызшы.

Қария: Әкеңнің сөзі рас, балам.Оның саған қалдырған мұрасы- тіл.Ол шешен адам еді ғой. Бәріміз сөйлеуді сенің әкеңнен үйрендік Тілден қымбат қазына байлық жоқ .

         Жүргізуші:

         Иә тілден қымбат қазына, байлық жоқ.

         «Білімдіден шыққан сөз

Талаптыға болсын кез» - демекші ана тілін білу, үйренудің қажеттілігі, маңызы жайлы ақын – жазушыларымыздың мазмұнды ойларына «Аталы сөз» бөліміне тоқталайық.

1.     «Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа аузы тиген жұрт, өз тілінде жоқ деп мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра – араластыра, ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей, айырылып қалуы мүмкін. Сондықтан мәдени жұрттардың тіліндегі әдебиеттерін, ғылыми кітаптарын қазақ тіліне аударғанда, пән сөздерінің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарасмтырып сөз табуымыз керек. Сонда біздің әдебиетіміздің тілі таза болып, талғау салтының шарты орындалған болады» (Ахмет Байтұрсынұлы).

2.      «Ертедегі түркілер тұрмысының көптеген іздерін өзінде сақтап қалған қазақ тілін мен ерекше ұнаттым» (Н. И. Ильминский).

3.     «Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы – Ана тіліміз» (Н. Ә. Назарбаев).

4.     «Қазақтардың ақыл – ой қабілетінің зорлығына барған сайын менің көщім жетуде. Қандай әсем сөйлейді. Кез келгені айтайын дегенін тез түсіндіре, қарсыласының сөзіне шебер тойтарыс бере біледі.  Тіпті балаларының ақыл – есі де өте тез жетіледі» (А. Янушкеевич поляк жазушысы).

 

Жүргізуші: Әрі қарай «Ананың тілі – аяулы үні» әнімен жалғастырамыз.

 

Өмірге келдім,                         

Анамды көрдім,

Деді ол: жаным,

Арайлы таңым.

Самал боп желпіп,

Жырымен ертіп,

Үйретті тынбай

Бал тілін, әнін.

 

Анамның тілі - айбыным менің,

Анамның тілі - ай-күнім менің!

Сүйемін байтақ елімді туған,

Сүйемін мәңгі - өмірді думан.

 

Мектепке келдім,

Ұстазды көрдім,

Тыңдадым сөзін

Табынып, сүйіп.

Анамның тілі,

Аяулы үні

Жүрекке нұрын

Жіберді құйып.

Қ – сы:

Жүргізуші:

Қымбат маған ана тілім, бал тілім,

Қымбат маған дана тілім, ар тілім.

Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,

Ана тілім ардақ тұтар алтыным.

Тіл – байлығымыз, тарихымыз, мәдениетіміз, әдебиетіміз. Тіл – біздің ұлттық намысымыз, арымыз, қорытып айтсақ барымыз.

Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық.

Өсер болсаң байтақ далай тұрғанда,

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік (хормен).

Қазақ тілінің мерейі үстем бола берсін!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұнайлы ауданы «№ 7 жалпы білім беру орта мектебі»КММ

 

 

 

 

 

 АШЫҚ ТӘРБИЕ 
САҒАТЫ
 

 

 

 

 

Тақырыбы:  «Тілім менің – тірлігімнің тірегі»

 

 

 

 

 

                                                       Сынып: 5 «ж»

                                                                  Сынып жетекші: Тұрымова А. К.

 

 

 

 

 

2015 – 2016 оқу жылы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тілім менің тірлігімнің тірегі (тіл туралы ашық тәрбие сағаты)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер по платежным услугам

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 023 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.04.2016 9550
    • DOCX 39.9 кбайт
    • 76 скачиваний
    • Рейтинг: 2 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Турымова Айгул Коргамбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Турымова Айгул Коргамбековна
    Турымова Айгул Коргамбековна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10595
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Мини-курс

Маркетплейсы: организационные, правовые и экономические аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 15 регионов

Мини-курс

От Зейгарника до Личко: путь к пониманию человеческой психологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 15 регионов

Мини-курс

Стимулирование интереса к обучению у детей дошкольного возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек