Инфоурок Начальные классы Рабочие программыТәрбие сағаты "Әдептілік" 2 сынып

Тәрбие сағаты "Әдептілік" 2 сынып

Скачать материал

 Тақырыбы:   Әдептілік  -  әдемілік.
Мақсаты
:

  • оқушыларды әдептіліктің алтын ережелерін қастерлеуге, өмір заңдылықтарын білуге үйрету.
  • Адамгершілік қасиеттерге тәрбиелей отырып, оқушылардың рухани көзқарасын байыту.
  • Адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге және үлгі етуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: гүлдер, жүрекшелер, жұлдыз, күн суреттері, слайд

Шаттық шеңбері

Сабақтың алдында қағаздан қиылған жүрекшелер қобдишаға  салынып қойылады.

-  Балалар мен бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп, сүйсініп тұрмын. Сол себептен мен сендерді көңілашар сәтіне шақырамын! Бұнда түрлі-түсті жүрекшелерге толы. Есімізде түстерді сақтайық. Олар адамның құнды қасиеттерін білдіреді екен. Қызыл-адамгершілік, сары-адалдық, қызғылт- мейірімділік, көгілдрі- сүйіспеншілік, жасыл- әдептілік, көк-ізеттілік, ақ- қайырымдылық.

- Балалар осы жүрекшелерді алып, биікке ұшыруға тырысайық. Балалар жүрекшелерді аспанға лақтырады.

- Қараңдаршы қандай керемет! Біздің сыныптың іші осы құнды қасиеттерге  толды. Балалар бұл түрлі-түсті қағаздан жасалған жүрекшелердің ұшқанын неге ұқсаттыңдар?

Балалардың жауаптары.

- Ондай болса бәріміз бірге әдептілік, мейірімділік сыйлайтын күнмен сәлемдесейік.

Сәлем Күн-Анамыз! /қол жоғарыда/

Қуанатын күн бүгін / қол ұстасады/

Қайырлы таң! Қайырлы күн! /қол көкіректе/

Күліп шықты күн бүгін! /қол жоғарыда/

Шығармашылық жұмыс

   Парталарыңыздың үстінде екі парақ қағаздың біріне адам бойындағы жаман қасиеттерді жазыңыздар. Екінші параққа адам бойындағы жақсы қасиеттерді жазасыздар.

    Жазып болсақ, жаман қасиеттерді жазған қағаздарыңызды бүктеп қоямыз да ал жақсы қасиеттерді оқимыз.

 Топтастыру стратегиясы.

        адалдық                       әдептілік                    әділдік          имандылық

     жақсы қасиеттері              Әдептілік                 қанағатшылық

       мейірімділік                   ізеттілік             қайырымдылы қ                          

Мұғалім: осы жаман қасиеттерден аулақ болу үшін манағы жазған   жағымсыз қасиетерді жыртып тастайық.

Балалар, енді әдептілік алтын ережелері туралы не айта аласыңдар?

Оқушы: адамның бойындағы асыл қасиеттерінің бірі-әдептілік сезімі. Өзіңді әр түрлі жағдайда эстетикалық және этикалық талаптарға сай ұстай білу. Шын жүректен шыққан әдептілік сезімі өзге біреудің жанына кірбің салмай, адамға қуаныш әкеле алатынның бәрін түсінуді және басқа біреудің уайым- қайғысына ортақтаса білуді талап етеді. Әдепті адам әр уақытта қоғамға, басқа адамға қиянат жасаудан бойн аулақ ұстайды. «Әдебі жақсы-әдемі» деген қанатты сөз осының айқын дәлелі.

Мектептегі әдептілік деген не?

Оқушы: мектептегі әдептілікке мектеп ережесін сақтау, сабаққа кешігіп келмеу, мұғалімдермен, жолдастарыңмен амандасу, мектеп мүлкін сақтау, үлкендермен, кішілермен қарым-қатынаста болу.

 Оқушы: Әдептілік амандасудан басталады. Амандасу үшін айтылатын сөз: Сәлеметсіз бе? Ассалаумағалейкум, Қайырлы таң, Қайырлы күн? Кеш жарық…

Балалар амандасудың тәртібі туралы не айта аласыздар?

  • Үлкендермен амандасу
  • Қол алысып амандасқанда, қолғапты шешу керек.
  • Таныс адам алыс жерден келсе, оған барып амандасу.
  • Үлкендермен және қыздармен сөйлескенде түзу түрып, дұрыс жауап беру керек.
  •  Қолыңды екі қалтаңа салып, шіреніп тұру сыйламаушылықтың белгісі.

 

Ал қайырымдылық деген не?

Оқушы: қайырымдылық-өзіңнен кішілерге, жетімдерге, мүгедектерге, қарт кісілерге рухани және материалдық көмек көрсету.

Мақал –мәтел жарысы:

Әдептілік, ар-ұят—адамдықтың белгісі,

Тұрпайы мінез, тағы жат—надандықтың белгісі.

Әдепті бала—арлы бала,

 Әдепсіз бала—сорлы бала.

Әдепті елдің баласы

Алыстан сәлем береді.

Әдептілік белгісі –иіліп сәлем бергені,

Жақындықтың белгісі—келіп –кетіп жүргені.

Ән : «Мен әдепті – баламын»

   Е. Өтетілеуовтың  «Әдептілік –әдемілік »   өлеңін оқу

 Мұғалім :Әдеп  әліппесі туралы кім не біледі

Ә – әрпі

Әдеп, тәртіп білемін,

Әдеппен сөйлеп күлемін.

Әрқашан жұрт алдында

Әдеппен сөйлеп жүремін.

Д –әрпі

Досты сыйлау салтымыз,

Достық жасау шартымыз.

Достық жасап бар елмен,

Достасады салтымыз.

И –әрпі

Иландырған әдепті

Иман- сенім әдепке.

Иманды жан біледі,

имандылық әдетті.

С – әрпі

Сабырлы жетер мұратқа,

Сабырсыз қалар ұятқа.

Сабырлық ақыл туындай

Сабырдың туын құлатпа.

Бой сергіту  жаттығуы:   өлеңді қимыл арқылы жасау

Көрініс:   « Жаман әдет » .

Мақал – мәтел:

оқушы:         Жаман бала –өле жейді

                       Жақсы бала бөле  жейді.

оқушы:        Жаман туғаның болғанша,

                        Жақсы жолдасың болсын.

 оқушы :    Жаманнан жирен ,

                  Жақсыдан үйрен.

Сөзжұмбақ    шешу.

Ж-  жақсы бол

А – ақылды  бол

Қ – қамқор  бол

С -  сабырлы  бол

Ы – ынтымақты бол

Ә –әдепті  бол

Д  - дос  бол

Е – еңбекшіл бол

Т – тәртіпті бол

Ойын : « Жақсы  -жаман»  сурет бойынша   жаман – жақсы әдетті айыру.

Би:  «Қамажай»   Аружан , Аяна.

 Қорытынды жасау:

  Ән:  « Болайықшы  осындай» әнін орындау.


 

 

        № 1 Жалпы орта білім беретін  мектеп –лицейі

                   

 

 

 

 

 

            Әдептілік –әдемілік

                 Тәрбие сағаты

 

 

 

 

 

 

                                         

 

 

 

                 Қарақұлшық Әсем

 

 

 

 

 

        Мұғалім жетістіктері

 

 

 

            

Анықтама

1.Аты- жөні: Қарақұлшық  Әсем Сайкомқызы

2. Туған  жылы:  1979 жыл. 11 қараша

3.Білімі:  жоғары

4. Диплом бойынша мамандығы : Бастауыш сынып мұғалімі

5.Қай тілде : қазақ тілі

6.Еңбек өтілі: 12 жыл

7. Курстан өткен жылдары:  2003ж, 2012ж,2013ж

8.Мақтаулары:  «Бастауыш сыныптар олимпиядасы»  2 –орын

                             Маңғыстау аудандық Білім беру және спорт бөлімінің

                              Құрмет грамотасы.

 

       9. Мекен –жайы: Ақшұқыр ауылы, С . Наубетов көшесі- № 24 үй.                    

 

 

 

 

  


 

 

 

 

Шәкірттердің өз шығармашылығынан
№ 1 жалпы орта білім беретін мектеп –лицейі

 

 

 

 

 

     Баяндама : « Оқушы үшін күнделіктің маңызы»

               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                         Дайындаған: Қарақұлшық Әсем.


 

 

№1 жалпы орта білім беретін мектеп –лицейі

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі:      « Жұрнақ пен жалғау»

              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                 Қарақұлшық Әсем

 

 

 

 

Тәрбие сағаты: « Желтоқсан жаңғырығы»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                  Қарақұлшық Әсем


 

№1жалпы орта білім беретін мектеп –лицейі

 

 

 

 

 

 

Баяндама:  

Оқушылардың жазу дағдысын  қалыптастыру.

                                                                               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                             Қарақұлшық Әсем

 

     №1жалпы орта білім беретін мектеп -лицейі

 

 

 

 

 

 

 

          Қош бол, сүйікті Әліппем!

                            1 « ә» сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                        Қарақұлшық Әсем

№ 1жалпы орта білім беретін мектеп –лицейі

 

 

 

 

 

 

«Тәуелсіздік –тұғырым»

 

 

 

 

 

 

 

                   Қарақұлшық Әсем

  

 

 

 

 

 

 

   Оқушы жетістіктері

                     Таныстыру ( келіндер сайысы)

Алдымен сәлем берейін,

Сөз маржанын терейін.

Алдарыңда өзімді

Таныстырып өтейін.

 

Әсем атты есімім,

Қосайларға келінмін.

Аяулы жар, ана боп,

Тербетемін сәби бесігін.

 

Тоқабайдың қызымын

Желбіреп өскен тұлымым,

Аялап мені өсірген

Ондыдай ауыл тұғырым.

 

Ұстаздық жолды таңдадым,

Болса да көп салмағы.

Білім беру ұрпаққа,

Міндетім көп алдағы.

 

Ізденгенге асу көп

Қанаттанып  талмасаң.

Бүгінгідей сайыстар

Шеберлікті шыңдасын.

 

 

               Мұғалімдерге арналған жұмбақтар

 

Кішкене ғана бойы бар,

Бірақ үлкен ойы ба ұстаз олр.

Қимылы ширақ, қағылез

Кім айтады тауып тез            Гүлжамал

 

Сұлу,көркем , сымбатты,

Баланың бәрін тыңдатты.

Стажы көп ұстаз ол,

Кім шешеді жұмбақты      Латипа

 

Жас болса да жігерлі,

Техника тілін біледі.

Білім алған шетелде,

Осы мектеп түлегі.        Гүлима

 

Ақынжанды жүрегі,

Тіліңді тауып біледі.

Кездескенде әрдайым,

Жымиып әркез күледі.     Айсұлу

 

Күлімдеген  жанары,

Жаныңды баурап барады.

Сымбатты мүсін, жас маман,

Кәнекей кім табады?                 Гүлім

 

                             Өмірбаян

        Мен, Қарақұлшық Әсем Сайкомқызы  1979 жылы

11 қарашада Маңғыстау облысы Онды ауылында дүниеге

келдім. 1986-1996 жылдары  аралығында Онды орта мектебінен білім ала отырып,1997 -2000жылдары

Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін

«Бастауыш сыныбы мамандығы бойынша бітіріп шықтым.

2000-2005жылдар аралығында Онды орта мектебінде

Бастауыш сыныптарға сабақ бердім. Осы жылдар ішінде  мектепшілік, аудандық сайыстарға қатыстым.

2006-2011 жылдары М. Әбдіхалықов атындағы мектепте қызмет еттім. Еңбек өтілім -12 жыл.

2012-2013 оқу жылынан бастап С. Шапағатов атындағы елді мекеніндегі

№1 мектеп-лицейінде қызмет етемін.

 

 

 

 

 


 

                                       Түпқараған  ауданы , С. Шапағатов  елді –мекеніндегі

                                       № 1 жалпы орта білім беретін мектеп –лицейінің

                                       Бастауыш сынып мұғалімі: Қарақұлшық Әсемге

 

                                  М і н е з д е м е

  Қарақұлшық Әсем Сайкомқызы 1979 жылы 11қарашада Онды ауылында дүниеге келген.Отбасылы ,үш баласы бар. Әсем тәжірбиелі ,жоғары білімді маман. Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын,талапшыл мұғалім. Ұжым мүшелерімен тез тіл табыса алады. Өз тәжірбиесін шыңдауда жаңа басылымдарға  жазылып, ғаламтормен жұмыс  жасайды. Бнрілген тапсырмаларды тиянақты,ұқыпты орындайды. 1986-1996 жылдар Онды орта мектебінен білім ала отырып, 1997-2000 жылдары Ш. Есенов атындағы  Ақтау мемлекеттік университетін « Бастауыш сыныбы мамандығы бойынша бітіріп шығып. 200-2005 жылдар аралығында Онды орта мектебінде  Бастауыш сыныптарға сабаұ берген.Бұл жылдар ішінде мектепшілік , аудандыұ сайыстарға қатысқан. 2006-2011 жылдары М. Әбдіхалықов  атындағы мектепте  қызмет еткен.

   Еңбек өтілі -12 жыл.  2012-2013 оқу жылынан бастап С. Шапағатов елді –мекеніндегі №1 мектеп –лицейінде қызмет

етеді.

 

                   Мектеп әдіскері:                     Ізмағанбет Амангүл 


 

 

 

 

   Оқыту үрдісінде

              ойынның маңызы.

 

 

 

                      

 

 

 

 

    

 

 

 

                       Қарақұлшық  Әсем

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Әдептілік" 2 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по автотранспорту

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 086 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.10.2015 4756
    • DOCX 37.4 кбайт
    • 25 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Каракулшык Асем Сайкомкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Каракулшык Асем Сайкомкызы
    Каракулшык Асем Сайкомкызы
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20383
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 844 человека

Курс повышения квалификации

Особенности развития критического мышления обучающихся в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 257 человек

Курс повышения квалификации

Активизация познавательной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) как стратегия повышения успешной учебной деятельности

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 124 человека из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 525 человек

Мини-курс

Детская нейропсихология: особенности, диагностика, исследования

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 126 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 65 человек

Мини-курс

Психология личности: свойства и характеристики личности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 27 регионов

Мини-курс

Работа с детьми с особыми образовательными потребностями

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 346 человек из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 187 человек