Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Воспитательная работа / Рабочие программы / Тәрбие сағаты: Салт-дәстүрдің тәрбиелік мәні
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Тәрбие сағаты: Салт-дәстүрдің тәрбиелік мәні

библиотека
материалов

А.Байтұрсынов атындағы № 139 мектеп-гимназия













Ашық тәрбие сағаты:



«Салт-дәстүрдің тәрбиелік мәні»

5 «в» сынып













Алматы қаласы

Күні: 23.02.2016ж.



Тақырыбы: «Салт-дәстүрдің тәрбиелік мәні» 


Мақсаты:  оқушыларға қазақ халқының салт -дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету.



Сабақтың әдісі: Ой- толғау, ауызша баяндау, сұрақ-жауап

Көрнекілігі:  суреттер, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар,бейнеролик.


Барысы:

Кіріспе
Мұғалім: Қай заман болсын адамзат алдында тұратын басты міндет – адал, білімді, еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр халық салт-дәстүріне орай іске асырады. Яғни әр халық ғасырлар бойы сыннан өтіп, сұрыпталған озық салт-дәстүрлерін жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланып келген.

Бала тәрбиесі тек мектеп қабырғасында ғана берілмейтіні анық. Ананың бесік жырынан бастап, адамның жер қойнына берілгенге дейінгі өзі көріп-білген салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар барлығы да адамның дүниетанымын қалыптастыратын өмір сабақтары.
Халық педагогикасының тұрмыстық ереже болып, халықтың салтына айналған әдет-ғұрыптардың тәрбиелік мәні ерекше.
Халық тәрбиені балаға ана құрсағында жатқаннан бастайды. Оған куә іштегі сәбидің уақытында дүниеге келуі үшін үлкен аналар түрлі ырымдар жасайды.

1-оқушы:
Шілдехана – сәби дүниеге келген соң бір жеті бойы ана мен баланы күтіп, оның көңілін көтеріп, оның қасына дастархан жаю әдеті. Қазақ елінің әр түкпірінде бұл рәсім әр қалай өтеді. Сол күні баланы шілде суына шомылдырып, сыңғырлаған тиындар салады, балаға денсаулықпен бірге байлық та тілейді. Шілдехана өткізілетін күні ана әбден сорпаланып өзінің шілде терін шығаруы тиіс.

2-оқушы:
Қырқынан шығару – бөбек дүниеге келген соң 40 күннен соң оның алғаш рет шашы мен тырнағы алынып, бесікке салу рәсімі орындалады.
40-күннің өзі ананың бой көтеріп, денсаулығы түзелген кезде болады. Жалпы осы уақыт ішінде ананың да, баланың да денсаулығы өте мықты күтімді қажет етеді. Анаға кіндік шеше көмек беруі тиіс. Бұл дастархан басына тек әйел адамдар келіп қатысады.

3-оқушы:
Есімін атау (ат қою) – бұл рәсім ұлағатты кісіге жүктеледі. Қазақ аттарының көптігі басқа халықтардан ерекшелігі. Қыз балалардың есімдері олардың көркемдігі. Ат қою «көз тимесін» деген оймен қойылады. Ат таңдалғаннан кейін баланың құлағына 3 қайтара айтылады.

Мұғалім: Ал балалар сендердің есімдерің қандай мағына береді екен?

(Әр оқушы өз аттарының мағынасын айтып шығады)

4-оқушы:
Бесікке салу – бұл кішігірім той ретінде өтеді. Келушілер тарту, шашу, жоралғыларыналып келеді, бесікке салу немесе бөлеу тәжірибелі әжеге немесе анаға жүктеледі. Бесікті түбегімен, жабдығымен кіндік шеше алып келеді, сумен бала шыланады, ыдыстары отырғандарға таратылып беріледі. Баланың «ит көйлегі» жүгіртіледі, яғни тәтті дәм толтырылған кішкене дорба иттің мойынына көйлегімен байланады да жүгіртіледі, соңынан қуып жеткен бала дорбаға ие болады. Бесіктің түбегі орналасқан жерден кішкене бұршақ тәрізді тоқаштар өткізіліп, оны «тыштырма» деп айтады. Осы жерде жиналған аналар бесік жырларын айтады.
Бесік жырының сөздері естияр балалардың ой-қиялына жыр етіп, ананың мейір-шапағатын арттырады. Ондай отты жырларды балалар да жаттап алу керек.

5-оқушы:
Тұсау кесер – бір жасқа толып еркін жүре бастаған бал бөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіру салтанаты ретінде өтеді. Бөбектің тұсауын ата-ананың қалауы кеседі. Тұсауы кесілген баланы «Ақ жол болсын» деп ақ орамалдың үстімен немесе жұмсақ болсын деп кілем үстімен жүргізеді.
Тұсау кесер жырлары айтылады.


Бейнебаян: «Тұсау кесер»

6-оқушы:
Баланы атқа мінгізу салты – баланың буыны бекіп, 4-6 жасқа келгенде ат үстінде өзін-өзі ұстап отыра алатын жағдайға жеткенде, атқа мінгізу салтын жасап, ат құлағында ойнайтын денсаулығы зор, мықты, шымыр жауынгер, еңбекқор, қиыншылыққа төзімді ұрпақ тәрбиелеудің бір түрі.
Балаға ер-тұрмандарын сыйлап (ашамай, жандарба, тоқым, жүген, ноқта), атқа мінгізіп той жасайды.
Бұл әрекет ер баланың ендігі азамат болуға дайындалғанының белгісі болып саналады.

7- оқушы: Кәде (дәстүр) айтта, ойын-тойда тағы сол сияқты ажарлы, базарлы мейрамдарда берілетін сыйды немесе алымды «кәде» деп атайды. Кәдеге тоқтау жоқ,дәлел жүрмейді, кәде беру-міндет. «ат өлсе де, кәде өлмейді» деген атамыздан қалған аталы сөз бар. Той кәделері: тойбастар, айттық, мүше сұрау, көрімдік,тәбәрік, жыртыс, сарқыт. 

8- оқушы: Байғазы(дәстүр) балалардың ,жастардың жаңа киімі үшін берілетін ақшалай, заттай сый. Тәбәрік (дәстүр,ғұрып) біреу ойын, тойда бәйге, жүлде алса немесе құдалық салт-дәстүрде кәде болса,одан жанындағыларға үлес

беруі керек.


Көрініс: «Асық ойыны» (Оқушылар ортаға шығып асық ойынының қалай ойналатынын көрсетеді)


«Сандар сыр шертеді» (Әр оқушы бір сұраққа жауап береді.Осылай сұрақтарға кезек кезекпен жауап беріп отырады.)

«3» саны
- Үш мақсатты ата.(жол мақсаты - жету, дау мақсаты - біту, сауда мақсаты - ұту)
- Үш арсыз (ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз)
- Үш алыс (кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын)
- Үш биді атаңыз (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
- Үш жүзді атаңдар (Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз)
- Үш даусыз (мінез, кәрілік, ажал)
- Жігіттің үш жақын жұртын ата.(ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт)
- Үш арыс (Сәкен, Ілияс, Бейімбет)
- Үш сауап (шөлге құдық қазған, өзенге көпір салған, жолға ағаш еккен)
Үш байлық (денсаулық, ақ жаулық, он саулық)
- Үш тәтті (жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті)
«4» саны
- Төрт қонақ түрін атаңдар (арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ, қылғыма қонақ)
- Төрт қымбат не? (Алтын ұяң Отан қымбат,
Құт - береке атаң қымбат.
Мейіріміңді анаң қымбат,
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат)
«5» саны
- Бес дұшпан (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
- Бес асыл (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
- Бес қаруға нелер жатады?(мылтық, садақ, найза, қылыш, айбалта)
- Бес жақын кімдер? (Тату болса - ағайын жақын,
Ақылшы болса апайың жақын.
Бауырмал болса - інің жақын,
Инабатты болса - келінің жақын.
Алдыңа тартқан адал асын,
Қимас жақын – қарындасың.)
«7» саны
- Жеті күнді атаңдар (Бүгін - дүйсенбі.
Ертең - сейсенбі.
Бүрсігүні - сәрсенбі.
Арғы күні бейсенбі
Қасиетті күн жұма
Соңғы күні - сенбі
Азына - жексенбі.)
- Жеті қазынаны атаңыз.(ер жігіт, сұлу әйел, ілім - білім, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт, берен мылтық)
Жеті атаны таратыңыз?
(әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.)
- Жеті жетімге нелер жатады?
(Тыңдаусыз қалған сөз жетім,
Қиюсіз қалған бөз жетім.
Иесіз қалған жер жетім.
Басшысы жоқ ел жетім.
Аққу - қазсыз көл жетім.
Елінен айырылған ер жетім.
Замандасы қалмаса,
Бәрінен де сол жетім.)


Қорытынды:

Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты - заман өзгерсе де ұлттық салт - дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту. Бүгінгі тәрбие сағатымызда өздеріңіз куә болған дәстүрлерді көкейлеріңізге тоқып, саналарыңызға сіңіріп алсаңыздар артық болмас.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар»демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт - дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін.
Еліміздің жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда, құрметті оқушылар!


Сынып сағаты

Күнделік тексеру

Бірыңғай талаптың орындалуы




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 23.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Рабочие программы
Просмотров598
Номер материала ДВ-479029
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх