Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / Тәрбие сағаты : "Шынықсаң шымыр боларсың"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Тәрбие сағаты : "Шынықсаң шымыр боларсың"

библиотека
материалов

Тақырыбы: Ынтымақ түбі - береке
Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт - дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт - саналарынан хабардар ету, балалардың өз өнерлерін көпшілік ортаға салу арқылы шығармашылық білімдерін көрсету, балалардың жаңа қырларын ашу.
Көрнекілігі: «Ынтымақ галереясы» атты плакат, тақырыбы, слайд - суреттер, балалардың әр ұлт өкілдерінің киім үлгілері.
Барысы:
Мұғалім:
Сәлеметсіздер ме, оқушылар, ұстаздар мен құрметті ата - аналар қауымы.
Бүгінгі біздің «
Ынтымақ түбі - береке»- деп аталатын мәдени - мектеп ішілік тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Жаса елім, жаса достық бірлікпен,
Көштен қалма, қалма және тірліктен.
Елім менің – Қазақстан Отаным,
Алға өрле үшінші мың жылдықпен
Тек достықпен, өзгеде ел - халықпен - деп бүгінгі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндар, дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Олар өздерінің осындай кең байтақ қазақ жерінде өмір сүріп жатқандарына қанша жыл өтсе де, қазақ халқының осынша кең пейіл, қонақжай екендігіне көз жеткізді. Олар өз елдерінде болмасада, қазақтардың елін елім деп, жерін жерім деп құрметтеп, үлкен үлгілі отбасының кейпін көрсетуде. әлем халықтарының мұндай көп ұлттан құрылған мемлекетте осыншалық тату - тәтті, бейбітшілікте өмір сүріп отырғандығы біздің елдің арқасы және олар мұны жақсы біледі, рахметтері шексіз екендіктерін білдіреді.
Бүгінгі біздің 6 - сынып оқушыларымен бірге ұйымдастырып отырған тәрбие сағатымызда, оқушыларымыз шама - шарқына қарай
төрт топқа бөлініп, төрт түрлі ұлттың өнерімен, халқымен, салтымен, ұлттық тағамымен өнер көрсете отырып, сайысқа түспекші.
1 - топ: «Қазақтар»
2 - топ: «Орыстар»
3 - топ: «Өзбектер»

4-топ:»Үнділер»
Жүргізуші:
Қара қылды қақ жарған,
Әділ сынды дәл айтқан.
Бағаларын береді,
Көрсеткен жақсы өнерге, - дей келе әділ - қазылар алқасын сайлап алайық.
Бүгінгі сайыстың 1 - ші кезеңінде ортадағы халықтар өздерін таныстырып өтсін.
Алғашқы топ: Мінезі бар салмақты,
Алғашқы топ «Қазақты»
Қарсы аламыз бәріміз,
«Қазақ» деген халықты.
Ортада «Қазақтар» тобы өздерінің таныстыруларымен.
Жүргізуші: Көршімізді сыйлаймыз,
Қонақ келсе қимаймыз,
Қасымызға алып - ап,
100 күндетіп тойлаймыз,- дей келе ортағы «Орыстар» тобының таныстыруын тыңдайық.
Жүргізуші: Көшіп - қонып жүретін,
Ала дорба асынып,
Киноларға түсіріп,
Шаршамайтын өмірден
Ортада «Өзбектер» тобы өздерінің таныстыру өлең шумақтарымен.
Топтарымызға рахметімізді айта отырып, әділ - қазыларына сөз кезегін береміз.
Жүргізуші: «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді қазақ мақалында. Бұл сөздің қаншалықты дұрыстығын өмір көрсетіп отыр.
Мынадай бір аңыз бар:
Бір қарт өзінің ұлдарына бір бума шыбықты сындыруды ұсынады. Ұлдары олай әурелеп, былай әурелеп шыбықты сындыра алмайды. Сонда қарт буманы шешіп, шыбықтарды бір талдап сындырып көруді ұсынады. Шыбықтар оп - оңай сынады.
Сонда ақсақал қария: «Бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің әлі келмейді, ал жеке - жеке өз беттеріңмен жүрсеңдер, әр қайысыңды біртіндеп құртады» - дейді.
Әрине, мұның барлығы шындық. Бірлігі жарасқан елдің болашағы жарқын болады.
Сонымен кезекті «Өнерлі біздің халқымыз» атты сайысқа береміз.
Ортада «Қазақтар» тобы: «Қара Жорға» биімен.
Келесі: орыс ханымдарының билеріне кезек берсек.
Ал, енді ортада өзбектердің өздерінің ерекше өнерімен.
Ал, халқымыздың өнеріне тәнті болдық. Бағасын әділ - қазыларымыз бере отырсын.
Жүргізуші: Бүкіл дүние жүзі бойынша қазақтардың саны – 12 млн. Бүгінде шет елдерде тұратын қандас бауырларымыздың саны 3, 5 млн адам.
Қазақстанда 130 - ға жуық ұлт өкілдері тұрады. Олардың ішінде ең көп санды орыстар - 30%, украиндар – 3, 7%, өзбектер – 2, 5% құрайды. Адам санының өсімі мен дамуы жағынан Қазақстан БҰҰ - на мүше мемлекеттер қатарында да қомақты орын алады. Даму жағынан қазіргі күні ТМД - ға кіретін мемлекеттердің ішінде алдыңғы орында. Қазақстанда 84 қала, 200 кент, 2036 аудандық округ, 7684 ауылдық мекендер бар. Қазақстан тұрғындарының 56%- ы қалада, 44%- ы ауылдық жерлерде тұрады.
Қанша ұлт болсын,
Қанша салт болсын,
Ынтымағы жарасқан
Мәдениетті ел болсын,- дей келе сайысқа түсуші қонақтарымызға кезекті берсек. Олар бізге өздерінің ұлттық тағамдарымен таныстырса.
Жүргізуші: әрбір халықтың бай мәдениеті бар. Ертегі, аңыз, салт - дәстүрлер ұрпақтан - ұрпаққа беріліп отырады. әр халықтың өзінің ұлттық ертегісі, бесік жыры бар. Бірақ олардың бәріде бір атаның баласындай бақыт, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін өмір сүреді. Бұл мақсат бәрінің басын біріктіреді.
Сонымен ортада әр халықтың ертегілерінен үзінді.
Қазақтар назарларыңызға «Алдар көсе мен Қожанасыр хикаяларын» ұсынады.
Орыстар бүгін «Бауырсақ» ертегін алып келген.
Өзбектер «Шалқан» ертегісінен үзінді көрсетпекші.
Енді әділ қазылар алқасы өз бағаларын көрсете отырсын.
Жүргізуші: Жер бетіндегі халықтардың барлығы мына 3 - нәсілге бөлінетінін бәріміз білеміз. Олар: маңғолоидтық, негроидтық, еуропоидтық.
Әртүрлі нәсілдерге жататын адамдар бір - бірімен табиғи ортаға бейімделген сырт келбеті жөнінен ғана ерекшеленеді. Олардың көру, есту және ойлау қабілеттері бірдей. Нәсілдік ерекшеліктер қоғамның дамуына, халықтардың іс - әрекеттеріне ешқашан әсер етіп көрген жоқ.
Нәсілдерді осындай бір - бірімен бір - бірімен тең деп есептейтіндер қатар еуропоидтықтар өздерін ақ нәсілдіміз деп жоғары, негроидтықтарды қара нәсілділер деп, маңғолоидтықтарды сары нәсілділер деп төмендететіні бар. Олар қара және сары нәсіл адамдарының ойлау қабілеті төмен, тек қана дене еңбегімен айналысуға жаратылған, жер бетінде жалғыз ақ нәсілділер билік жүргізу керек деген өздерінің биік ұстанымда тарихымызға үңілу арқылы көруімізге болады.
Біздің еліміз нәсілшілдік, ұлтаралық араздықты қоздыруға жол бермейді. Қазақстан Республикасындағы сан жағынан аз халықтарға қамқорлық жасау үшін «Қазақстан халықтарының ассамблеясы» құрылған. Түрлі нәсілдерге жататын барлық ұлт өкілдерінің тең құқықтығы Конституциямен қорғалады.
Біздің еліміз ынтымағы жарасқан, бірлігі нығайған үлгілі елдердің біріне айналды. Халық әрқашан бір жеңнен қол шығарып, бір жағадан бас шығарған қиындықты бірге бөлісіп, қандай жағдайда да өздерінің бірліктерін көсетіп келеді.
Жүргізуші: Сонымен, кезекті әділ - қазылардың шешіміне берсек.
Жеңімпаздарды құттықтай отыра мына өлең жолдарын сіздерге арнаймыз:
Көз тойғысыз қазағымның жері бар,
Ну орманы, тауы, өзені, көлі бар,
Қазағымның елін, жерін қорғайтын
Жас жеткіншек ұланы бар, елі бар.
Міне, осындай егеменді еліміз,
Кең жазира, ұлан - байтақ еліміз.
Туған елін, туған жерін сүйетін,
Біз қазақтың ұланымыз, еріміз - дей келе барлықтарыңызға рахметімді айтамын.
Оқушылар өз өнерлерін көрсеткені үшін, және қатысқан ата - аналар мен ұстаздарға алғысым шексіз.
Енді барлығымыз ортаға шығып «Қара Жорға» биін бірге билейік.
Келесі кездескенше, сау болыңыздар!!!





















































12.04.2013

Тақырыбы: Еңбек пен бақыт егіз.
Мақсаты: Оқушының жеке қабілетіне сай рухани, шығармашыл, өз отанын сүйетін, өз бойындағы құндылықтарын сақтап дамытатын саналы, білімді, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру. Оқушылардың бойына рухани тәрбие беру, олардың ой өрістерін, ойлау қабілетін, сөздік қорларын молайтуға ықпал жасай отырып, өз ойларын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ - жауап
Көрнекілігі: нақыл сөздер, слайдтар
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың мақсатымен таныстырып өту.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
«Еңбектену дегеніміз не?» тақырыбында жазылған эсселерін шолу жасау.
III. Еңбек және бақыт дегеніміз не? Топтастыру тәсілі арқылы оқушылардың ойларын білу:
Еңбек
Бақыт
IV. Әңгімелесу арқылы оқушылардың сүйіп істейтін істері туралы әңгімелесу.
Сүйіп істеген іс шаршатпайды.
халық мақалы.
V. Мақал мәтелдердің жалғасын табу.
Жалғастырып көр
1. Еңбек етсең ерінбей......
2. Еңбек ер.......
3. Еңбек түбі......
VI. Байлық, бақыт және ақыл туралы ертегіні тыңдау.
VII. Өз жерлестіріміздің өз еңбегі арқылы бақытқа жеткен адамдар туралы тоқталып өту.
Мадина Ералиева, Роза Бағланова, Күлән Қалымбетова, Ғани Мұратбаев т. б
Оқымысты - ойшылдар бар ғұлама,
Түлеп ұшқан мектебімнен қияға.
Еңбек – іздену, үйрену, көмек көрсету, оқу, қамқор болу, нәтижеге жету.
Бақыт - Қуанышқа бөлену, сезіну, қадірлі болу, адалдық, мақсатқа жету, өз еңбегінің жемісін көру
VIII. Қорытынды.
Адал еңбектің нәтижесі адамды
қуанышқа бөлейді. Адам өз
мақсатына ерінбей еңбек
еткенде ғана қол жеткізе алады.
Бір - бірімізге еңбектеріміздің жемісті болуына
тілек білдірейік...





Тәрбие сағаты: "Намыс дода",(спорттық сайыс)
Мақсаты: Оқушылардың дене бітімінің қалыптасуына көңіл бөлу. Спорттың денсаулыққа пайдасы зор екенін түсіндіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы ептілікке, жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Жүргізуші: «Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым, мұң тілменен,
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен күн түрілген - деп Ж. Молдағалиев аталарың айтқандай бәрің де егемен еліміздің бақытты ұл-қыздарысыздар. Ата-бабамыз бізге ұлан-ғайыр жерді мұра етіп қалдырған. Осы ата-бабаларымыздан қалған жерді қорғау үшін денесі мығым, батыр да ержүрек ұрпақ керек. Олай болса егемен еліміздің болашағы, қорғаны болатын ұл-қыздарымыздың қатысуымен өтетін «Намыс-дода» атты спорттық сайысымызды ашық деп жариялаймыз.
Бұл сайысқа «Сұңқар» және «Тұлпар» тобы қатысады.
Бүгінгі сайысымыз 9 бөлімнен тұрады.
Алдымен әділ-қазылар алқасын сайлап алайық.
Әділ-қазылар алқасы:
І. Таныстыру. (Төсбелгімен таныстыру, тобымен таныстыру)
ІІ. Музыкамен жаттығулар жасау. Әр оқушы өзінің спорт өнерлерін көрсетеді.
ІІІ. «Кім жылдам?» ойыны.
Шарты:
1. Әр топтан төрт ойыншы шығады.
2. Ойыншылардың екеуі екі аяғын біріктіріп, байлап, бірігіп үш аяқпен
3. Әр топтың алдында 2 метр қашықтықта үстіне оншақты алма қойылған.
4. Аяқтары байланған ойыншылар үш аяқтап орындық үстіндегі алманы жәшікке салуы керек.
5. Қай топ мүшелері 1 минут ішінде қанша алма жинаса, сонша ұпай есептеледі.
Жүргізуші:
Келіңдер, көріңдер!
Тек ынта бөліңдер,
Шығам деп сеніңдер,
Оқа емес әуелде.
Қиналсаң егер де,
Оп-оңай жеңімпаз,
Болғандар жоқ елде.
ІV. «Арқан тарту»
Шарты: Бұл сайысқа екі топ қатысады. Ортаға сызық сызылады. Сол сызықтан қай топ өз қарсыластарын өткізе алса, сол жеңіске жетеді.
V.«Су тасымақ»
Шарты: Бұл сайысқа ойыншылар түгел қатысады. Екі топ қатар сапқа тұрады. Әр топ жанында шелекте су бар. Сол шелектен су алып, бастарына шелекті қойып, екінші жақтағы ыдысқа құяды. Ойын шарты бойынша шелекті басына қояды. Қолымен шелекті ұстамауы керек. Егер шелекті ұстап қойса, су төгілсе ойын шарты бұзылады. Ойынды келесі ойыншы жалғастырады. Қай топ жеңімпаз екенін әділ-қазылар анықтайды. Ыдыстағы су мөлшерін анықтайды, қай топтың ыдысында су көп болса, сол топқа ұпай саны қосылады.
VI. «Шар жинау»
Шарты: Ойынға барлық ойыншылар қатысады. Екі-екіден кезектесіп шар жинауы керек. Ол шарларды алаңның екінші жағындағы тұрған жәшікке жинайды. Шар жинау үшін бұқалардың кедергісінен өту керек. Бұқалар шығыршық жанында тұрады. Ал ойыншылар сол шығыршық арасынан өту керек.
Шарларды бұқаларға жарғызбау керек. Егер жарылса, ұпай саны есептелмейді.
Келесі ойыншы жалғастырады. Ойын соңында шар санау арқылы ұпай саны анықталады.
VII. «Шеңбер сызығы»
Шарты: Шеңбер сызылған. Сол шеңбердің сызығына ішіне команда мүшелері сиюы шарт.
VIII. Жемістер жинау.
Шарты: Жемістер жәшік ішіне салынған. Сол жемістерді 1 минут ішінде жинауы керек. Ұпай саны жиған жемістер санына байланысты.
Капитандар сайысы.
IX. «Білім жарысы»
Шарты: Әр топ капитаны ортаға шығады.
Алдымен оларға жауап бермес бұрын үстел үстінде конверттер қойылған. Капитандар конверттер қойылған. Капитандар конверттің біреуін алады.
Ол конверттер ішінде әріптер жасырылған, кімге қандай әріп түссе, жоғарыдағы сұрақтардың жауабы сол әріптер басталуы керек.
«Білім» жарысының сұрақтары:
Спорттық ойындарды ата. (баскетбол, сырғанақ, теннис, арқан тарту)
Денсаулыққа не зиянды? (темекі, сағыз, арақ, т. б)
Денсаулыққа не пайдалы? (сәбіз, алма, таза ауада серуендеу)
Ұлттық ойындарды ата. (Алтыбақан, «Соқыртеке» ойыны, бәйге)
Мақал-мәтел.
Т. Біреудің ала жібін аттама.
С. Сен оқысаң, мен тоқығам.
А. Ақыл – тозбайтын тон, білім-таусылмайтын кен.
Б. Бейнетсіз рахат жоқ.
Қорытындылау. Әділ-қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар анықталып, құттықтаймыз.









Тақырыбы: «Толағай» отбасылық сайыс.
Мақсаты: Оқушы мен ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.
Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Түрі: Эстафеталық ойын.
Өтілетін орны: Мектеп спорт кешені.
Көрнекілігі: Доптар, шар, жалауша, кедергілер, шығыршық т. б.
Жүргізуші:
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
Құрметті мұғалімдер және ата-аналар, оқушылар бүгінгі «Толағай» отбасылық сайысымызға хош келдіңіздер!Көңілді жарысқа 8а , 8ә сынып оқушылары мен ата-аналарымыз қатысады.
Жарысқа қатысатындарды шақырамыз
Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға Имангазин, Алиев, Жиенбае, Құлмұратовтар отбасын шақырамыз.
(әр отбасы орындарына келіп тұрады)
Жүргізуші:
Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата-ана – шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасан зор.
«ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің мектебіміздің оқушылар қауымы мен сүйікті де белсенді ата-аналарының арасында өткізілгелі отыр. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.
Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!
Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
1. Оқу ісінің меңгерушісі. К. О. Еңсепова
2. Тәрбие ісінің меңгерушісі: С. Н. Бижанов
3. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі: М. Ж. Игіліков
Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
Сайыстың бағдарламасы:
1. Кедергілер арасымен жүгіру
2. Кедергілер арасымен доп алып жүру
3. Кедергілер арасымен допты алып, жүріп шеңберге салу
4. Допты жоғарыдан беру
5. Допты төменнен беру
6. Егін егу, егін жинау
7. Нысананы көздеу
8. Кенгуру
9. Кедергіден өту
10. Қанбақ
Әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді.
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!
Сайысымызды бастаймыз.
«Атамекен» тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Бәріміз біріміз үшін!
«Жасұлан»тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Біз әрқашанда мықты
Бәрін жеңіп шықты
«Барыс»тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Біз шымыр сергек денеміз, өнер сүйер өренбіз.
«Бәйтерек» тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз.
І тур: Кедергілер арасымен жүгіру.
ІІ тур: Кедергілер арасымен доп алып жүру.
ІІІ тур: Кедергілер арасымен допты алып, жүріп шеңберге салу.
ІV тур: Допты жоғарыдан беру.
V тур: Допты төменнен беру.
VІ тур: Егін егу, егін жинау.
VІІ тур: Нысананы көздеу.
VIII тур: Кенгуру.
ІХ тур: Кедергіден өту.
Х тур: Қаңбақ.
Әкелер обручты айналдырып отырады, ал балалары допты обручқа лақтырып отыру керек, ал келесі ретте аналары осылайша жасайды.
Жүргізуші:
Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады
демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.
(Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)
І орын Алиевтер отбасы
ІІ орын Жиенбаевтар отбасы
ІІІ орын Имангазиндер отбасы
Алғыс хат Құлмұратовтар отбасы
Жүргізуші:
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші
Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп-көп рахмет.

































Тақырыбы: Балалар денсаулығы – ұлт денсаулығы. (спорттық шара)
Мақсаты: І. Біліктілігі: Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге шақыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, Эстафеталық ойынға қызығушылықтарын арттыру.
ІІ. Тәрбиелік мәні: Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, достық пен ынтымақшылдыққа, инабаттылыққа, елжандылыққа баулу.
ІІІ. Дамытушылық міндет: Күш, жылдамдық, ептілік қасиеттерін дамыту.
Қажетті құрал жабдықтар: жалаушалар, төсеніш, дорбадағы картоп, доп, арқан, тұсау жіптер, ысқырық.
Жүру барысы:
Кіріспе сөз. Құрметті ұстаздар және оқушылар! Сіздерді «Балалар денсаулығы – ұлт денсаулығы » атты спорттық шарамызға шақырамыз.
Еңкейген кәріден бесіктегі балаға дейін салауатты өмір сүруге талаптанып, соған қоғам да, мектеп те жағдай жасап, денсаулықты сақтауға нығайтуға ат салысумыз қажет. Ол үшін күнделікті таңертеңгілік жаттығулар жасауды, жүгіруді әдетке айналдыруымыз керек, сонда ғана егеменді еліміздің мықты азаматы болып өсеміз. Көп адамдар денсаулығына мән бермейді – «Қолда бар алтынның қадірі жоқ, қолдан шығып кеткен соң өкіндім-ай» демекші, салауатты өмір салты туралы біліммен қарулануымыз қажет.
Жүргізуші: Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер!
Жарысты бастамас бұрын ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстыра кетейін.
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену жалықпау.
Біреуі озса сайыста
Біреуі артта қалады.
Жеңілгендер ренжімей,
Тараса бізге жарады.
Сабырлы да, салмақты
Білімді де, өнерлі
Білікті де жүректі.
«Сіздерге жеңіс тілейік», – дей отырып ортаға екі топты шақырамыз. Қарсы алыңыздар!
І топ «Сымбат»
ІІ топ «Денсаулық»
а) Таныстыру рәсімі өтеді.
б) Сәлемдесу рәсімі өтеді.
в) Топ ұрандары айтылады.

Құрметті ұстаздар және оқушылар! Топтармен таныстық, қазылар алқасын сайладық. Енді құрметті сайыскерлер, сіздерге сәт-сапар!
1. «Кедергілерден өту»
Сөреден жүрелей отырып шығып, төсеніште алға аунап, жалауды айналып, кедергілерден жүгіріп қайту. Жеңіске эстафетаны жылдам аяқтаған топ жетеді.
2. «Шаяндар сайысы»
Ойыншылар белгіленген сызыққа дейін шаян жүрісімен жүріп өтеді де, келесі ойыншыға эстафетаны береді. Тапсырманы 1-ші орындаған топ жеңіске жетеді.
3. «Картобыңды егіп кел де, жинап ал!»
Топ капитанының қолында дорбада картоп бар. Белгі бойынша картопты бір-бірден шеңберге орналастыру керек. (егу керек). Орындалып болған соң жүгіріп келіп дорбаны келесі ойыншыға береді. Ол картопты жинап шығады да келесіге береді. Қай топ бұрын аяқтаса, сол жеңіске жетеді.
4. «Допты бастан асыра беру және аяқ арасынан өткізу»
Бірінші оқушы допты бастан асыра береді, екінші оқушы аяқ астынан өткізеді, осылай жалғасады. Қай топ бұрын аяқтаса, сол топ жеңіске жетеді.
5. «Арқан тарту»
Белгі бойынша әрбір топ арқанды өз жағына қарай тартады. 3 рет тартысқаннан кейін 2 рет өз жағына арқанды тартып шығарған топ жеңімпаз болып танылады.
6. «Тұсау кесу»
Оқушылардың аяғына байланған тұсау жіппен белгіленген жерден секіріп айналып өту, қай топ бұрын келсе, сол жеңіске жетеді.
7. «Шеңбер ішінде тіресу»
Шеңбер сызылады, ішінде екі топтан бір-бір баладан, бір аяқпен екі қолды артқа ұстап тұрады. Белгі берілген соң екі бала шеңбер ішінде тіреседі, шеңберден шығып қалған топ баласы жеңіледі, шеңбер ішінде қалған топ баласы жеңіске жетеді.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Сөз кезегі әділқазылар алқасында. Әділқазылар сайыстың шарты бойынша қорытынды шығарып, жеңімпазды атайды.
Жүргізуші: Міне біздің сайысымыз аяқталып келеді. Топ оқушылары өздерінің күштерін, ептілік пен жылдамдықтарын көрсете білді. «Балалар денсаулығы – ұлт денсаулығы» шарасын қорытындылайтын кез жетті.
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сауда.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.
Құрметті ұстаздар және оқушылар! Келгендеріңізге көп-көп рахмет, сау-саламат болыңыздар!















Автор
Дата добавления 04.06.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров1413
Номер материала ДБ-109896
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх