Инфоурок Другое Другие методич. материалыТәрбие сағаты "Табиғатты қорғау адамзатың парызы" 4-сынып

Тәрбие сағаты "Табиғатты қорғау адамзатың парызы" 4-сынып

Скачать материал

Тақырыбы: Табиғатты қорғау- адамзаттың парызы.

Мақсаты: Табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғаттағы сұлулықты көре білу, эмоциялық әсер ала білуге, өз ортасында сымбатты да шыныққан тұлға болуға баулу.

Көрнекіліктер:

Ұлы  адамдардың айтқан сөздері, слайд, пошта ойыны,
Тәрбие сағатының құрылымы:
І. Ұйымдастыру
1.Тәрбие сағатының тақырыбын айтып, мақсатын хабарлау;

2.Шаттық шеңбері;

3.Топтастыру
4. Табиғат дегеніміз не?(оқушылардың пікірі)
5.«Мейірімді жүрек» сергіту сәті

6. «Пошта» ойыны
ІІ. Ой-толғау (Үй тапсырмасы)
а) «Мен табиғатты сүйемін немесе табиғатпен сырласу»
ә) « Егер табиғатқа тіл бітсе…»
ІІІ. Сабақты қорыту. «Жүректен жүрекке» табиғатқа тілек айту
VI. Ән шашу «Туған Жер»
І. Ұйымдастыру:

Мұғалім: — Армысыздар құрметті ұстаздар және оқушылар!    «Табиғатты қорғау- адамзаттың парызы»  атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Табиғат, Жер – Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын қасиетті қадірлі сөздер.
Адамның өзі Табиғат пен Жер – Ананың перзенті. Жер – Ананы сүйе білу оны аялау – адамның азаматтық борышы.
Қайырлы, күн, балалар! Күнде таңертең сендер ояна салысымен , терезені ашып Табиғат-Анаға көз салып қарайсыңдар.Дәл бүгінгі күні табиғат-Ана бізді несімен қуанты, бізге не айтады? Олай болса, мен сендерді Табиғат -Анаға саяхатқа бірге шығуға шақырамын.
Келісесіңдер ме? Өте керемет!
Мақсатымыз: Біз бүгін, сендермен бірге қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсінігімізді кеңейтеміз, табиғатты сүюді,қорғауды, табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауды үйренеміз. Біз бүгін, табиғатпен сырласамыз, оны түсінуге тырысамыз. Табиғат-Анадан мейірімділікті үйренеміз!
Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі.Ендеше біз бүгінгі сабағымызды табиғатпен амандасудан бастаймыз.Барлығымыз орнымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге айтайық!
Шаттық шеңбері:

Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім.
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер
Қайырлы күн, бар тіршілік иесі!
Кіріспе: Томирис.
Адам табиғат перзенті. Оның тіршілігі табиғат аясында өтеді.
«
Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ » деген сөздері көп жағдайды аңғартатыны анық.Табиғатбізді қоршаған орта.Адамдар тіршілік етіп отырған ортақ үйі.Адам табиғатпен тығыз өмір сүреді.
Ал,табиғатты қорғау дегеніміз-ауаны ластамау,құстарды аялау,өзен-көлдің суын бүлдірмеу,жан-жануарларға қамқорлық жасау.
 Мұғалім:Өте жақсы!Барлығымыз орындарымызға отырамыз.Балалар, жалпы табиғат дегеніміз не ? Оларға нелер жатады?
Топтастыру:  

 

 

 


                             

                                      Табиғат

 

 

 

 

 


Оқушылардың  өлең –шумақтарына кезек берейік.
Диас: Атамекен жанға жайлы сая бау,
Ар алдында күнә болар табиғатты аямау.
Қанымызға сіңген екен сүтімен ананың
Туған жердің табиғатын аялау.
Ақбота: Сұлу дала, менің сүйген өлкемсің,
Жаны жайсаң жаратылған еркемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған жер, тамашасың, көркемсің!
Аққу:Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,
Бір-бір ағаш және гүл егейік.
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін терімізді төгейік.
Томирис:Қадір тұтіп табиғат қасиетін,
Әділдіктің алдында бас иетін.
“Мал қалғанша атаңнан, тал қалсын” деп
Бабам айтқан орынды өсиетін.

 Мұғалім:Табиғат дегеніміз бұл бізді қоршаған орта. Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Ендеше, осы табиғи тепе-теңдік сақталып отырылған жоқ. Өйткені адамдар табиғат байлығын есепсіз пайдаланып, экологиялық ойсырауға ұшыратады.

-Кәне, кім айтады туған өлкемізде қандай экологиялық проблемаларды?
ІІ.Оқушылардың пікірі: «Тіршілік атаулының бар арманы –ауа» деп аталады. Сөз кезегі оқушыларға беріледі.
1-оқушы.Диас: Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі –ауа.
Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат,
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен,
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.
Расында да ауадан қымбат еш нәрсе жоқ . Адам бар –жоғы бір-екі минут ғана дем алмай тұра алады. Сондықтан дана халқымызда « Ауадай қажет» деген сөз бар.
Мұғалім: Ия, балалар, ауасыз өмірді елестету мүмкін емес .Ауаны ластамау әрқайсымыздың борышымыз.Ал тіршілікті сусыз елестету мүмкін бе?
«Тіршілік көзі –су»  деп аталады.   Судың  қаншалықты маңыздылығы бар екен ?
2-оқушы:Ақбота: Табиғаттың көркін ажарландырып , жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі –су.
Ойлау керек Арал жайын , ел жайын,
Пәк табиғат тозып жатыр жыл сайын.
Өзімізді асыраушы табиғаттай –Ананы
Азаматтық арыңменен аялауға тұр дайын!
Мұғалім:Сонымен су –табиғаттың жаны, қара жердің сәні дедік. Ал табиғатты әдемілікке бөлеп тұрған не? Ол –өсімдіктер.
«Табиғат байлығы –өсімдіктер» деп аталады.Табиғат байлығының бір тобы –жер бетіндегі әдемі өсімдіктер.Олар туралы не айтамыз?
3-оқушы: Томирис:Өсімдіктер, ағаштар табиғатымызды түрлендіріп тұрған түкті кілем сияқты. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп алып, одан қамқорлығын еш аямаған. «Әкеңнен мал қалғанша тал қалсын» деген көрнекті сөз соның айғағы. Сондықтан мен осы отырған барлығыңызды өз өлкелеріңіздің өсімдіктерін біліп, оларды қорғауға шақырамын.
Мұғалім: Расында да, өлкемізді саялы баққа айналдыру әрқайсымыздың қолымыздан келеді.
Ал сол әдемі табиғатымызды әсем әнге бөлейтін не ,балалар?(Құстар)
Олай болса «Орман сәні құстар» деп аталады.
Бұл туралы не айтасыңдар?
4-
оқушы. Аққу:Табиғаттың сәні де, әні де қалықтай ұшқан құстар.Олардың әсем әндері бойымызды балқытып, еріксіз еліктіреді. Оларбіздің қанатты достарымыз. Олартабиғат сақшылары. Егістіктің, бау-бақшаның сенімді серігі. Сондықтан ата-бабамыз құстарды қадірлеп, құрметтеген. Олар батыр ұлдарын сұңқарға, сұлу қыздарын аққуға теңеген.
Қазақтар құстарға қарап ауа райын да болжай білген.
Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді.
Сары шымшық ысқырса- шынымен күз болғаны.
Қарға қарқылдаса -қар жауады.
Жыл құсы қаптап кетсе -көктем ерте келеді.
Көкек қатты әрі жиі шақырсакүн жылиды.
Сауысқан шақылдаса, қонақ келеді.
Ерте көктемде қарға суға шомылса, күн жылиды.
Айтсақ әніміз, ардақтасақ сәніміз, табиғаттың көркі құстарды қорғау әрқайсымыздың парызымыз.
 Мұғалім:Құстарды табиғаттың әні десек, табиғаттың сәнін келтіретін тағы да нелер деп ойлайсыңдар?(Хайуанаттар)
Ендеше «Табиғаттың сұлу мүсіні жануарлар» деп аталады.
5-оқушы:Диас:Табиғаттың сұлу мүсіні , көрікті келбеті –жануарлар. Халқымыз ежелден-ақ жануарларды көзінің қарашығындай аялап, қамқорлыққа алған көздері мөлдіреп тұрған қыздарын «Ботагөз» деп атаған..
Бүгінде орманның сәнін келтіретін жан-жануарлар азайып келеді. Соның бірі қазақ жерінде тас дәуірінен бері тіршілік келе жатқан ғажайып хайуанаттар өкілі –Ақбөкен болып табылады. Оны халық көбіне киік деп атайды. Оның мүйізінің өзінен өкпе қабынуын, жүрек ауруын т.б ауруларды жазатын емдік қасиеті бар екен. Ал еті өте тез сіңетін жеңіл тамақ болып табылады. Қазақта киікті «қасиетті аң, киелі аң» деп атауы осыдан болса керек.
Мұғалім:
Өте жақсы, балалар біз табиғаттың тамаша туындыларына саяхат жасадық. Табиғат-Ана адамзат баласына бар қажетті нәрсенің барлығын да беріпті.Ол бізге дем алсын деп ауа берді,ішсін, бар қажеттіне жаратсын деп мөлдір су берді, ғажайып жасыл әлем сыйлады, орман-тоғайымыз әдемі болсын деп құсы мен әдемі аңдарын берді, қысқасы біз өмірге қажеттінің бәрін Табиғат- Анадан алады екенбіз.
Ол қандай мейірімді,өзі қандай дархан,кең болса да, жүрегі де дәл сондай қайырымдылыққа, мейірімділікке толып тұр. Олай болса біз, балалар дәл қазір Табиғат-Анадан үйренген мейірімділігімізді бір-бірімізге арнаймыз.

Сергіту сәті: «Мейірімді жүрек» деп аталады.
Әр бала  қасындағы көршісіне, досына оның жақсы қасиетін білдіретін сөздерді жазып жүрекшені ұсынады.

«Пошта» ойынын ойнаймыз Оқушылар сұрақ жазылған парақшалар таратылады. Тақтада жауабы жазылған үйлер тұрады. Сәйкес «хаттарды» үйлерге таратуы керек.


ІІІ.«Мен табиғатты сүйемін немесе табиғатпен сырласу»
(Бұл тапсырмалар оқушыларға алдын-ала берілген болатын, мына беріліп отырған шағын шығармалар)
Мұғалім:Оқушылардың пікірі тыңдалып болған соң: балалар, сендер табиғаттың әдемілігін осылай жырласаңдар,Ақбота  оны өлеңмен былайша өрнектейді.  Кәне, бәріміз тыңдап көрейікші.
Ақбота: (слайдтағы табиғат суреттері көрсетіліп, мына өлең жолдары баяу музыка әуенімен оқылады)
Күн сәулесі төгілгені әдемі,
Алуан түрлі қызыл гүлдер әдемі.
Сылдыр қаққан мөлдір суда әдемі.
Биік –биік шыңдарым да әдемі.

Айдын көлде аққу қандай әдемі
Сұңқар құстың самғағаны әдемі
Даланы әнге бөлеген құстарым қандай әдемі
Мөлдіреген көздері киігім қандай әдемі

Ақ көрпеге оранған қысым қандай әдемі.
Масатыдай құлпырған көктем қандай әдемі
Асыр салып ойнайтын жазым қандай әдемі.
Сары түске боялған күзім қандай әдемі.

Осылайша табиғатқа бір қарап
Табиғатпен сырласуда әдемі.
Жер-Ананы аяласаң жан-тәнмен
Боласыңдар сендер де, дүниедегі ең әдемі!
 « Егер табиғатқа тіл бітсе...»

 

 «Қызыл кітап» жайында  шағын түсінік. 

 
ІҮ.Сабақты қортындылау кезеңі: «Жүректен жүрекке» Оқушылар сабақ соңында табиғатқа тілек айтып, тақтада ілініп тұрған күннің сәулесіне кезегімен сөздерді апарып іледі.
Хормен :
Табиғат сені сүйеміз,
Басымызды иеміз!

Барлығы орындарынан тұрып, Табиғат-Анаға тағзым етеді.

Ән «Туған жер»
Осымен бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жолдыбай негізгі мектебі» КММ

 

 

 

 

 

 

Ашық тәрбие сағаты:

 

 

 

"Табиғатты қорғау- адамзаттың парызы"

 

 

Өткізген:  Шамиғанова Д.Ғ.

4-сынып

 

 

 

26.01.16 жыл

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Табиғатты қорғау адамзатың парызы" 4-сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бренд-менеджер

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 354 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.01.2017 18723
    • DOCX 42.8 кбайт
    • 468 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шамиганова Данагуль Галымовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шамиганова Данагуль Галымовна
    Шамиганова Данагуль Галымовна
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 30392
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой