Инфоурок Другое Другие методич. материалыТәрбиелік шара «Қош келдің, Әз Наурыз!»

Тәрбиелік шара «Қош келдің, Әз Наурыз!»

Скачать материал

Тақырыбы: «Қош келдің, Әз Наурыз!»

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар,

Көктемнің тамаша мерекесі

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын !

Әр шаңыраққа береке, бірлік мәртебе келсін.

Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Наурыздың 22- де күн мен түн теңеледі, қыс өтіп көктем келеді. Тіршілік басталады. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам – Жаңа жыл Наурыз мерекесі құтты болсын!

Уа,  халайық, халайық!

Ақ сандықты ашайық,

Бұл мереке бұл тойдың

Шашуларын шашайық! ( шашу шашылады)

Шашу шаштық болсын деп аман халқым

Болған соң мұндай дәстүр жақсы салтым

Шашуды тер, мол болсын деп несібелі

Келер жылға жетсек деп аман – есен

Ұлыстың ұлы күні Наурызда адамдар ақкөңіл, адал жүрекпен құшақтарын айқастырып «Қөрісу» күнін атап өтеді.Көрісу күнінде халық қыстан аман- есен шыққанына қуанып, бір – бірмен қол алысады. Араз адамдар бір – бірімен татуласады, өкпе – реніштерін ұмытадыекен. Көрісу күні кіріп – шықпаған жасы кіші туған – туысқан, көрші – қолаңға жасы үлкендер «Кіріп шықпады» деп ренжиді. Сондықтан, бұл күні әр адам мүмкіндігі болса, бүкіл ауылдың табалдырығын аттап шығуға тырысады.

Әжеміздің құттықтау сөзі:

Би: Қыздар

Наурыз мейрамы – өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке. Ол парсының «Нау- рыз» жаңа күн деген сөзінен шыққан.Күн мен түн теңелген, мал төлдеп, адамның ауызы аққа тиген, жер бусанып, малдың аузы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі – «Ұлыстың ұлы күні »- деп атайды екен.

Наурыз – жыл басы, көктем мейрамы. Наурыз мерекесінде наурыз көже дайындалады, дастархан жайылады. Халық бір – бірін мерекемен құттықтайды, ән салып, би биленеді. Ойындар ойналады. Мерекеде көпшілік бұлақтардың көзін ашып, тал егеді. Бұл кезде мал төлдеп, жер көктеп, дүние жаңара бастайды.

Наурыздың 21-інен 22- сіне қараған түнінде даланы Қыдыр ата аралайды. Қыдыр атаның назары жерге түссе, оның тоңын жібітеді, ал тасқа түссе тасты ерітіп жібереді.

Оқушылардың тақпақтарына назар аударсақ.

Ақат :

Жыл басы – Наурыз мереке,

Ақ нұрға әлем боянды.

Наурыз тойы береке

Тіршілік жаңа оянды.

Райхан :

Жылдың басы Наурыз,

Жердің басы Наурыз.

Мерекеге арналсын

Бүгінгі жыр әніміз.

Нұртілек :

Наурыз келді еліме,

Наурыз келді жеріме

Байлық, бақыт тілеймін,

Бүкіл қазақ еліне.

Жанерке:

Қыс өтіп, қар кетіп,

Шырайлы жаз жетіп,

Шаруаның кенелген

Мейрамы ежелден

Құтты болсын, Наурыз.

Фархат:

Басқа жаққа бармаймыз деп

Әнімізді арнайық деп

Құстарда ұшып, келіп қапты,

Осы тойды тойлайық деп.

Жүргізуші:

Жыл келді деп жар салайық,

Би билейік ән салайық.

Біз ұлыстың ұлы күнін

Думандатып қарсы алайық.

Бүгін Ұлыстың Ұлы күні! Ата – бабаларымыздың сөзімен айтсақ «Ақ түйенің қарны жарылған күн».

Наурыз келсе, құт келгені халайық !

Ел болып қарсы алайық!

Өлең: «Көктем»

Салт – дәст.р. слайд

Серікболсын, сен айтшы, халқымыздың ежелден келе жатқан қандай салт – дәстүрін білесің?

Ия......................................... Көненің көзін көрген дана әжелерімізден сұрап көрейік. Әлімжан: Әже айтыңызшы «Азан шақыру «деген не?

«Шілдехана» деген не?

«Тұсау кесу» деген не?

«Бесікке салу» деген не?

Әже:

«Азан шақыру»- дегеніміз, атасы бөпенің құлағына: «Мейрімді бол, денің сау болсын, еліміздің қуанышы бол!»- дейді де, үш рет: «Сенің атың .......»деп қайталайды.

«Шілдехана»-жаңа туған нәрестенің құрметіне арналған той. Қонақтар ән салып,домбыра тартып, өлең айтады. Шілдеханаға шақырумен де шақырусыз да келе береді. Бұл той өмірге адам келгеннің, оған қуанудың бір белгісі.

«Тұсау кесу»

Сәби еңбектеуден өткен соң қаз-қаз басады. «Тәй-тәй» жүре бастайды. Сол кезеңде сәби жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін деген тілекпен тұсауын ала жіппен кеседі. Мұның мәні мынады: Халқымыз баланы тәрбиелегенде ұрлыққа, зорлыққа, жаман іске, бұзақылыққа әуестенбе деп, дұрыс жолға салады. «Біреудің ала жібін аттама!» деп үлкендер айтады. Оның мәні: Аяқтағы ала жіптің болуы біреудің бір құлаш бас жібіне жолама, ал оның кесілуі – баланың келешегіне  жол ашу, ақ жол тілеу. Сол кезде «Тұсау кесу» жыры айтылады.

Қаз – қаз балам, қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам.

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін.

Қаз баса ғой қарағым

Құтты болсын қадамың.

Өмірге аяқ баса бер

Асулардан аса бер.

«Бесік жыры», «Бесікке салу» (Бесікке салу рәсімін өткізу.)

«Әлди –ай»

Болсын маған көмегің,

Тынышталғын бөбегім.

Жан – жануар баласы

Паналайды даласын.

Әлди –әлди, әлди – ай!

Құлдыраған құлыншақ,

Қара лақ та ұрыншақ.

Үнсіз қалды, әнеки,

Ұйықта күнім, кәнекей,

Оқушылардың тақпақтарына кезек берейік.

Альмира:

Наурыз – шаттық әніміз

Салтанатты сәніміз.

Ән салып жас- кәріміз

Би билейік бәріміз.

Темірлан:

Наурыз тойым, Наурыз тойым,

Құтты болсын халайық!

Қане, достар, қане достар,

Шырқап әнге салайық.

Серікболсын:

Өлкеме Наурыз келді, көктем келді,

Құлпырып, гүлге орап көк пен жерді.

Халқының салт – дәстүрін аялаған,

Әбілхан:

Арманы асқақатады көптен бергі.

          Наурыз тойы – салтанат

          Наурыз тойы – мархабат.

          Әр жүректен ән тарап,

          Шаттанады шартарап.

Жаннұр:

   Әже бізге Наурыз көже туралы айтып беріңізші? Оны не үшін пісіреміз?

Жауап:Наурыз көжені жоқшылық жоқ болсын деп, тоқшылық көп болсын деп, береке, бірлік болсын деп ішеміз.

Әже, Наурыз көжені қалай дайындайды?

Жауап: Наурыз көжеге соғымнан қалған сүр ет, сүт,,езілген құрт, бидай, пияз, сәбіз секілді жеті түрлі тағамдарды қосып әзірлейді.

Қазақтың ұлттық тағамдары туралы не білеміз?

Өлең «Дастархан»

Наурыз тойында ұлттық ойындар ойналады.

Қане қандай ұлттық ойындарды білеміз?

Қыз қуу, теңге алу, көкпар, асық ойыны, арқан тарту, күрес, т.б

Арқан тарту ойыны

Топ оқушылары екі жаққа бөлініп арқан тартады.

Орамал тастамақ.

Балалар шеңбер жасап тұрады. Бастаушы (тәрбиеші) балаларды айнала жүріп бір баланың артына орамал тастап кетеді. Артына орамалды тастағанын сезген бала менің артымда деп жауап береді.Артына орамалдың тасталғанын сезбесе ол өлең, тақпақ айтып немесе билеп беруі керек. Балалар шеңбер бойында көздерін жұмып тұруы керек. Ойын осылай жалғаса береді.

Асық ойыны.Ер балдарды ортаға шығарып асық атып, ойнату.

Қыз қуу.

Балалар арасынан бір ер бала, бір қызды (ағаш атпен ) қуады. Бала қызға жетіп қолынан ұстаса сол бала жеңіске жетеді.

Жүргізуші:

Күлейік те ойнайық біз,

Бал қызыққа тоймайық біз.

Күн шуақты көктем тойын

Күндей күліп тойлайық біз.

Жыл келді деп жар салайық,

Би билейік ән салайық.

Біз ұлыстың ұлы күнін

Думандатып қарсы алайық.

Би: «Қаражорға»

Жүргізуші:

Дастарханы халқымның тола берсін

Бақыт құсы басына қона берсін

Ұлы тойдың төресі – Наурыз тойы

Жаңа жыл құт басы бола берсін.

Бата сұрау

Наурыз тойы асқақ әнмен шарықтасын

Халқымыз той думаннан жалықпасын

Жер жүзі бейбітшілік заман болып,

Ұрпақтар әрқашанда аман болсын!

Ұлыс оң болсын !

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбиелік шара «Қош келдің, Әз Наурыз!»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Клининговый менеджер

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 390 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.04.2017 1022
    • DOCX 17.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Иманалиева Марта Абылайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Иманалиева Марта Абылайқызы
    Иманалиева Марта Абылайқызы
    • На сайте: 7 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6012
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой