Инфоурок Другое КонспектыТәрие сағаты "Байлық көзі-теңге"

Тәрие сағаты "Байлық көзі-теңге"

Скачать материал

Тақырыбы: Байлық көзі-теңге.
Мақсаты
:
1) Білімділік: Оқушыларды ұлттық теңгенің шығу тарихымен таныстыру.
2) Тәрбиелік: Оқушыларды рәміздерімізді құрметтеуге, тәуелсіз қазақ елінің жетістіктерін, тарихын білуге тәрбиелеу.
3) Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік көзқарастарын қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта,теңге туралы слайдтар, суреттер, нақыл сөздер.
Барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі
 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау
Жүргізуші:
Еліміздің ұлттық валютасы теңгенің шығу тарихын әрбір Қазақстан азаматы білуі тиіс. Себебі халықаралық экономикада, еліміздің қаржы саласында теңгенің маңызы ерекеше. 1992 жылы 12 қарашада еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Қазақстан Республикасында валюта енгізу туралы" Жарлыққа қол қойды. 1993 жылы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге айналымға енді. Ескі ақшаны ұлттық теңгеге айырбастау 15 қарашадан басталып, 20 қараша күні аяқталды. 1 теңге 500 сомға бекітілді. Алғашқы валюта Англияда " Харрисон және оның ұлдары" компаниясында жасалса, алғашқы тиындар Германияда жасалды. Теңгенің бірінші бетіне қазақ халқының ұлы тұлғаларының бейнелері басылды. Ұлттық валюта банкнот және монета түрінде айналысқа енгізілді.
1 тапсырма.
Сұрақ - бізден, жауап - сізден.
1. Ақша тарихын зерттейтін ғылым.
2. Ұлттық валюта дегеніміз не?
3. Қазақстан теңгесі қай жерде басылды?
4. Алғашқы тиындар қай жерде жасалды?
5. Ұлттық валюта - теңге айналымға шыққан мерзім.
6. 1993 жылы 1 теңге неше соммен белгіленді?
7. Ескі ақшаны теңгеге айырбастау жүргізілген мерзім?
2 - тапсырма: Төменде аталған елдердің валюта атауларын жазыңыз.
1. Ресей ___________
2. Қытай ___________
3. Қырғызстан ___________
4. Өзбекстан ___________
5. Германия _____________
6. АҚШ ______________
3 тапсырма: Берілген қағазға ұлттық валюта - теңгенің ерекшелігі болады деген 5 суретті сал.
4 тапсырма: Мақал - мәтелдегі қалып кеткен орынға төмендегі сөзді жаз.
( дүние, көз, дария, теңге, санап, шашу, есеп, ақшасы, судың, құлып)
1. _____ тиыннан өсер.
Жылқы құлыннан өсер.
2. Есепсіз ______ жоқ.
3. Алтын тапсаң _______ ал.
4. Ақша кетуге тырысады,
_________ ұстауға тырысады.
5. Тамшыдан тама берсе _______ болар.
6.______ оңай, жинау қиын.
7. Ақша ашпайтын _________ жоқ.
8. _______ да сұрауы бар.
9. Ақшада ____ жоқ.
10. Ар - намысы таза адамның _______ аз болады.
5 тапсырма: Шешендік өнер: "Мен ақшасыз өмір сүре аламын ба?"
Қорытынды:

Викторина

1.     Қазақстанның ұлттық валютасы қашан енгізілді? (1993 жыл қарашаның 15-і)

2.     Қандай валюта халықаралық болып саналады? (евро, доллар)

3.     Теңгеге дейінгі Қазақстанның ақша валютасы қалай аталған? (рубль)

4.     Монеталар және басқа да ақша белгілері туралы ғылым қалай аталады? (нумизматика)

5.     Қазіргі кезеңде Қазақстан территориясында қандай номиналды банкноттар қолданыста? (200, 500,1000,2000, 5000, 10000)


     Теңге – Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышаны. Әнұран, ту және елтаңба сияқты ұлттық валюта да мемлекеттік нышандардың қатарына жатады. Ұлттық валюта - теңге біздің еліміздің тәуелсіздігін жариялаған уақыттан бастап болған айрықша мəнді оқиғалардың бірі болып табылады. Ұлттық валютаны енгізу елімізде жеке ақша - кредит саясатын жүргізуге мүмкіндік берді.
Қазақстан валютасын қолдау туралы Халықаралық валюта қорымен, Бүкіл дүние жүзілік, Еуропалық және Азия даму банкілерімен, сондай – ақ әлемнің бірқатар дамыған елдерінің үкіметтерімен келісімге қол жетті.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрие сағаты "Байлық көзі-теңге""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по финансам

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 992 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.04.2017 756
    • DOCX 18.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мустапаева Майра Ерликовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мустапаева Майра Ерликовна
    Мустапаева Майра Ерликовна
    • На сайте: 7 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5052
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой