Инфоурок Другое Статьи"Тәуелсіз елде тәуелсіз адамдар"мақала

"Тәуелсіз елде тәуелсіз адамдар"мақала

Скачать материал

Тәуелсіз елде –тәуелсіз адамдар.

Қазақ десе қозатын делебесі,

Сіз бен біздер-тәуелсіз ел егесі.

Биік болып әрдайым шаңырағы.

кеңейе берсін әркез керегесі.

З,Қожаев

      Қазақстан-тәуелсіз мемлекет!Осы бір қасиетті де қастерлі ұғымға тұнып киелі атауды ата-бабаларымыз қаншама жылдар, жылдар емес-ау,ғасырлар бойы аңсамайды десеңізші! 

       Уақыт тіршілік өзгесі десек, тіршілік  дегеніміз тынымсыз өзгерістер.Қазақ халқы Тарих деп аталатын өмір толқынында ғаламат өзгерістерді бастан кешіріп,ХХІ  ғасыр табалдырығын еңсесі биік ел болып аттағанын мақтанышпен айта аламын. Бүгінгі таңба менің бойымды өз еліме, өз халқыма деген мақтаныш сезімі кернейді.

Өзіңдікі-Елің  де,
Өзіңдікі-Жерің де.

Өзіңді өзің еткен бақ-

Тәуелсіздік –төріңдеІ

Асқар тау да –сенікі.

Бақша-бау да –сенікі.

Қалтқысыз дос пенен

Қатал жау да сенікі.

Өзіңдікі- Туың да,

От пен ауа, суың да

Жаса, Қазақстаным

Белді бекем буын да!

«Тәуелсіздік» деп аталатын бұл өлеңінде арқалы ақын Иран-Ғайып осылай тереңнен сыр толғаса, ол сыр менің, сенің- баршамыздың сырымыз, жырымыз, мұңымыз,үкілі үмітіміз екені ақиқат емес пе?!

    Тәуелсіз ел атанып, өз алдымызға жеке мемлекет болып, туған тілімізді мемлекеттік тіл ретінде көкке көтергенімізге де, міне, 23 жыл!

    Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстанды Тәуелсіз Республика деп жарияланды.Екі жүз елу жылдай патшалық Ресейдің отары, жетпіс жылдан астам Кеңес өкіметінің тас бұғауында болған Қазақстан егемен ел мәртебесіне ие болды.Бұл күн-ел тарихына Тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріптермен жазылды.

   Қазақ халқы тәңірдің берген несібесімен Тәуелсіздіктің ақ таңын қарсы алды.

    Өткен жылдарға көз жіберсек, аласапыраны жетерлік,алай-дүлей қоғамда қатыгездік пен көрсоқырлықтың құрбаны болмаған, куғын-сүргінге ұшырамаған халық кемдекем шығар.Солардың бірі-туған халқым,қазақ халқы.

   «Саяси сенімсіз» деген айыппен жазықсыз жандарды,әсіресе қазақ  зиялыларын қудалап, атып-асып, итжеккенге айдаған зұлмат кезеңдер бүгінгі ұрпақ- мына біздердің санамызда жаңғырып тұр.Мен нұрлы болашаққа, халқымның іргелі де гүлдеген мемлекет болатынына зор сеіммен  қараймын.Өле-өлгенше сол сенімнен баз кешпеген кешегі қазақ  зиялыларының  алдындағы біздердің парызымыз-оларды  қастерлеп еске алу, ұмытпау екенін мойындаймын.

     Тарих қойнауына көз жіберіп отырсам, ХХ ғасыр қазақ халқы үшін әрі сәтті, әрі сәтсіз ғасыр болғандай!Сәтсіздік неде дегенге ой жіберіп көрейікші.

      1923-1933 жылдары қолдан жасалған ашаршылыққа тап болдық. 1936-1937 жылдары қазақтың бас  көтерер оқымысты, зиялы тобын сыпырып әкетіп, атты, асты.Түбі тәуелсіздік іздейтін азаматтар деп алдымен соларды құртты.

   Ал 1941-1945 жылдары соғыс кезінде ең көп қырылған ұлттардың бірі қазақ болды, өз жерін, Отанын қорғау жолында қанға боялды.

   1954-1955 жылдары тың жерді игеру деген желеумен Ресейдің жұмыссыз жүргендерін Қазақстанға үйып-төкті.Қазақтың санына орыстың саны көп болу керек деген құйтырқы мақсат жүзеге асты.1970-1980 жылдары тілімізді күрмеді, қазақ тілі керексіз тілге айналды.

     1986 жыл азаттық іздеген қазақ жастарын қанға бояған жыл болды.

     1940 жылдың соңы 1950 жылдың басынан бастап, қазақ  жеріц атом сынаға полигонына айналды. Халқымыз тәжірибе жасап көретін мысық, тышқан рөлінде болды.Соның зардабын халық әлі күнге бастан өткеруде.

     Қазіргі таңда біздің санамыз оянды десек,артық айтқандық болмас. Туысқан өзбек достарымыздың арасында:»Қазақтармен ойнама, ол оңайлықпен оянбайды,оянса қоя алмайды» деген қалжың сөз бар екен. Бірақ  қалжың түбінде шындық барын олар біліп айтты деп топшылаймын.

   Осындай алапат сойқандарды бастан кешіп жүріп қолымыз жеткен тәуелсіздігімізге биыл 23 жыл толып отыр.Бұл аз уақыт емес.Ата- бабамыз 23 жасқа толған баласын «азамат болды» деп ат жалын тартқызып, жүген ұстатқан.

    Бұл өз бетінше тіршілік ете алатын, ат мініп ел қорғайтын, жер қорғайтын азамат болды деген ұғым.

    1991 жылғы желтоқсанның 1-нде Елбасымыз болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. Бойында қазақтың адами қасиеті тұнып тұрған, ұлт намысы үшін басын бәйгеге тіккен жанды мен мақтан тұтамын.Себебі, Н,Ә.Назарбаев- тарихи тұлға.

    Бақытқа бөлен, қадірлі халқым!- деп дүниеге жар саламын.

            Ақиық ақын Жұбан Молдағалиев:

Мен- қазақпын қаныммен. сүйегіммен,

Сән салтанат салтымды сүйемін мен,

Бақ орнатам басына моланың да,

Мұрагермін, оған да иемін мен.

Мен –қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім,-

деп жар салғанда, қазақ халқының тағдыры қыл үстінде тұрғаны ақиқат....екені даусыз еді-ау!

     Қазақта қаншама арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты батырлар мен ақындар, ел билеген көсемдер, небір дүлдүл шешендер, ақылы асқан даналар, аруақты бабалар елімнің елдігін сақтап қалғанын бір ауыз сөзге  сыйғызу мүмкін бе?! « Өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ» деген терең мағналы сөз маған ой тастап отыр. Асылы, ақ емген адал сүтін халқына түгел қайтарып беру жолында көз жұмғанша еңбек ету керек деген шешім менің халық алдымдағы прызым мен қарызым деп білемін.

Ең бірінші бақытым- халқым менің

Соған берем ойымның алтын кенін.

Халқым болса мен бармын әрқашанда,

Сол халқыма артамын мәңгі сенім.

Өзімнің туған халқыма деген жүрек толғанысымды, перзенттік махаббатымды қазақтың біртуар ақыны М.Мақатаевтың осы өлең жолдармен жинақтауды ұйғардым.

    Халқымның тілеуімен келген тәуелсіздігіміз баянды болғай!Әнұранымыз әуеде асқақтап, елтаңбамыздың еңсесі биік болып, туымыз көкте шарықтай берсін!

 

 

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы

Абай атындағы жалпы білім беретін орта мектеп

кітапханасының меңгерушісі

Абетова Риза Қанатқызы.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Тәуелсіз елде тәуелсіз адамдар"мақала"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инструктор по туризму

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 542 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.04.2016 1012
    • DOCX 273 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абетова Риза Канатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абетова Риза Канатовна
    Абетова Риза Канатовна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 36863
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Основы программирования и мультимедиа: от структуры ПО до создания проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Психологические концепции и практики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов

Мини-курс

Основы управления проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе