Инфоурок Другое Другие методич. материалыТәуелсіз елдің білімді ұрпақтары

Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары

Скачать материал

Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары»

Мақсаты: Қазақстан елі бойынша жинақтаған білімдерін, танымдық қабілеттерін арттыру.Сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге қалыптастыру.Туған жерін, Отанын қастерлеп, сүюге тәрбиелеу.

Сайыстың ұраны: «Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін алдымен азаттық пен білім қажет» Ш.Уәлиханов.

Көрнекіліктері: слайдтар, кинофильм, күй дискілері.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка, спорт.

Өтетін орны: Акт залы.

Сайыстың жүру барысы:

Жүргізуші:

         1-ж: Тәуелсіздік- қасиетті ұғым, сәулелі құбылыс. Сандаған ғасырлыр мен замандар бойы бабаларымыздың асыл арманы болған. Армысыздар құрметті бүгінгі ойынның қонақтары, ойынға қатысушылар және жанкүйер қауым! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арнап ұйымдастырылып отырған «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары»  атты интеллектуалды - танымдық ойынымызға қош келіпсіздер! Қазақ Елі осы Тәуелсіздікке қалай жетті, қандай қилы замандарды бастан кешірді? Міне осы  бастан өткен тарихқа  қөз жүгіртейік!

 «Тәуелсіз Қазақстан»  тақырыбындағы  видеоролик арқылы  қазақ елінің тарихына шолу жасау.

  2-ж:    Елбасы   ұсынған «Мәңгілік Ел» идеясының мұраты да кешегі өткен бабалардың ұлы идеясымен мазмұндас, мағыналас болып отыр.Адам баласы өзінің өткенін , тарихын білу арқылы ғана мәңгілікке жол тартады.
Тәуелсіз Қазақстан елінің тарихы – Отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін, тамыры терең  бай тарих. Елім, Жерім, Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан, өз отбасынан, өз қаласынан, өз өлкесінен басталады. Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «барыс» текті намысты ұрпақ бойында ұлттық сана көрініс тапса, ақыл ойы мен жүрегінде туған жері мен еліне деген сүйіспеншілік орын тепсе, бұл Тәуелсіз Қазақстанның қалыпты дамуы, әлемдегі ең беделді мемлекеттер қатарына ұмтылу жолындағы нәтижелі көрінісі болып саналатыны анық.  
       1-ж: Міне, бүгінгі біздің интеллектуалды - танымдық «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары» атты ойынымыз да осыны меңзейді. Жоғары да аталған қасиеттер сіздердің де бойларыңызда бар екені және тәуелсіздік таңының жарық жұлдыздары сіздер екені анық. Олай болса, ортаға ойынға қатысушы топтарды шақырайық.
Құрметті ұстаздар мен сайысқа қатысушы оқушылар! «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары» атты интеллектуалды-танымдық сайысына қатысып отырған оқушыларымызға ел тарихының кейбір мәселелерін есте сақтап қалсын деген ниетпен, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

2-жүргізуші: Бүгінгі біздің ойынымыз бірнеше кезеңнен тұрады, оған 10-11 сынып оқушыларынан құралған 3 топ қатысады. Ол:
1.«Нұрлы жол» тобы
2. «Мәңгілік ел» тобы

3. «Қазақ елі» тобы

1-жүргізуші:

Баға берер топтарға,
Қара қылды қылышпен қақ жаруға.
Әділқазы алқасын біз сайлайық,
Жүлдегерді таңдап бүгін алуға.
Енді бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап, сайысқа қатысушыларымыздың білімдерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық. (Әділқазылар алқасымен таныстыру)

1. ______________________________________________

2. ______________________________________________

3. ______________________________________________

2-жүргізуші:

Енді бүгінгі сайысымыздың шартымен таныстырып өтейін.
1. Таныстыру (топтың аты, ұраны, белгі)
2. Викториналық сұрақтар
3. Сандар сыры
4. Терминдер

5. Топ жетекшілерінің сайысы
6. «Туған жер – тұнған шежіре» (Облыстар)     (1-5 ұпай)

7. «Болашақ біздің көзімізбен» тақырыбында эссе жазу.

Келесі кезекті топтарға берейік. Өздерін тансытырып өтсін.

 

«Нұрлы жол» тобы: 
«Нұрлы жол» атыменен топ жарып, 
Барша жұртқа нұрлы сәлем береміз. 
Сайыстардан жоғары баллды мол алып
Алғырлықпен қарсыласты жеңеміз!
                                       Біздің ұран: Нақты жауап, саналы шешім таба біл! 
«Мәңгілік ел» тобы: 

Ұран етіп тапқырлық пен білімді

Сұрақтардан сүрінбей біз өтеміз
«Мәңгілік ел» жастарымыз бүгінгі
Бұл сайыста тек жеңіске жетеміз!

Біздің ұран: Қандай сынақ болсадағы беріспе, әрқашанда ұмтыла біл жеңіске. 

«Қазақ елі» тобы: 

Біздің ұран:

1-жүргізуші:

2 кезең «Викториналық сұрақтар»  (5-10 балл аралығында)

1-топ

1.                          Тәуке ханның зандар жинағы (Жеті жарғы)

2.                          ҚР Конституциясы бойынша мемлекеттік биліктің кайнар көзі (халық)

3.                          Қазақ хандығының алғашқы ханы(Керей)

4.                          Қазақстан БҰҰ-ға кірген жылы (1992 ж.)

5.                          Қазақ автономиясының алғашкы астанасы (Орынбор)

6.                           Бала туғанда қазақтар қандай той  жасайды (шілдехана)

7.                          Ахмет Йассауи кесенесі қай қалада орналасқан (Түркістан)

8.   Ұлы Отан соғысында қазақ арасында ең жас болған Кеңес одағының батыры кім?       (Ж. Елеусізов)

2-топ

9.    «Невада-Семей» қозғалысының жетекшісі кім болды? (О. Сүлейменов)

10.   ҚР Жаңа Конституциясы неше баптан тұрады? (98)

11.  Қазақтың тұңғыш академигі (Қ. Сәтбаев)

12.                  Отырар қаласы басында қалай аталды (Фараб)

13.                  Астана қай өзеннің жағасында салынған (Есіл)

14.  Тың игеру жылдары (1954-1956 ж.)

15.                   «Алаш» партиясы құрылған жыл (1917 ж.)

16.                  Малдың жаппай қырылуы (жұт)

3-топ

17.                 Алғашқы қазақ ғарышкері (Т. Әубәкіров)

18.                  Түйенің сүтінен жасалған сусын (шұбат)

19.        1929-1997 жж. Қазақстанның астанасы (Алматы)

20.                  Алашахан күмбезі орналасқан жер (Орталық Қазақстан)

21.                  Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақстандық (Р. Қошқарбаев)

22.                 Бала бірінші сыныпқа барғанда қандай той жасалады? (Тілашар)

23.        Қазақстанда Наурыз қай жылдан бастап тойлана бастады? - 1989 жылдан бастап тойланады.

24.        Тәуелсіздік монументінің биіктігі - 28 метр

3        кезең. «Сандар сыры»

1.     10-1. Қазақстандағы ең ыстық жер (Қызылқұм шөлі)

2.     10-2. «Көшпенділер» трилогиясының авторы кім? (І. Есенберлин)

3.     10-3. Аристотельден кейін дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист-ғалым  (Әбу Насыр Әл -Фараби) 

4.     20-1. Ежелгі Баласағұн қаласында туған, ортағасырлық ғалым, «Құтты білік» атты дидактикалық поэманың авторы? (Жүсіп Баласағұн)

5.     20-2. Тұңғыш қазақ мультфильмінің аты қалай және авторы кім? («Қарлығаштың құйрығы неге айыр», авторы - суретші әрі режиссер Әмен Қайдаров)

6.     20-3. Қазақ спортшылары арасынан тұңғыш рет Олимпиада чемпионы атанған кім? (Балуан Жақсылық Үшкемпіров)

7.     30-1. Біздің елімізде өсіп тұрғанына 700 жыл болған ағашты қай жерден кездестіруге болады? (Бұл тораңғы ағашы. Алтынемел ұлттық паркінен кездестіреміз.)

8.     30-2. Қызыл кітапқа енгізілген грейг жауқазыны қай қорықтың эмблемасы болып табылады?   ( Ақсу-Жабағылы қорығы)

9.     30-3. Қазақстанда сирек кездесетін дала қойы «муфлон»  қандай қорықта кездеседі?   (Үстірт қорығы)

4 кезең. «Терминдер»

Ақылдасуға уақыт беріледі. Әр жауап 1-5 ұпай аралығында бағаланады.

1.                           Би — дау-жанжалға бітім айтып, төрелік жасаушы, ел ішіндегі әділ қазы, рубасы.

2.                         Диаспора — басқа мемлекеттің аумағында тұратын халықтың шағын бір бөлігі, бұрынғы өз Отанынан тысқары жерлерге қоныстанған адамдар.

3.                          Медресе — Ислам дінің оқытатын орта және жоғары дәрежелі оқу орны.

4.            Демократия – халықтың билік қайнары ретіндегі танылуын негіз еткен, қоғамның саяси ұйымдасу формасы.

5.            Декларация – мемлекеттер, үкіметтер, партиялар, ұйымдар  атынан жасалатын мәлімдеме; негізгі ұстанымдарды ресми түрде жариялау, сондай-ақ олар баяндалған құжаттардың жалпы атауы.

6.            Конституция (лат. Constituto-құрылу, өкім) – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттің негізгі заңы.

5 кезең. Жорға.

1-топ:

1.            Ежелгі сақтардың ел билеген атақты әйел патшаларының бірі (Томирис)

2.            Қазақ қобызының түп нұсқасын кім жасаған ? (Қорқыт ата)

3.            «Диуани лұғат ат -түрік» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы кім? (Махмұд Қашқари)

4.            «Тарихи Рашиди» кітабының авторы кім?  (Мұхаммед Хайдар Дулати)

5.            Еліміздегі ең биік тау шыңы (Хан тәңірі)

6.            Дүние жүзіндегі ең үлкен көл (Каспий)

7.            Дүние жүзіндегі ең биік шың – Джомолунгманы (Эверест) бағындырған (8848 м.) қазақ альпинисі кім? (Қазбек Уәлиев)

8.            Қазақстандағы батыс бөлігі тұщы, ал шығыс бөлігі тұзды көл қалай аталады? (Балқаш)

9.            Қазақтардың ежелгі рулық белгісі (таңба)

10.   «Қара сөздердің» авторы (Абай)

11.   Ғұндардың көсемі, аты аңызға айналған әскери қолбасшы? (Аттила)

12.   Шыңғысханның кезінде Отырар қаласының әміршісі болған хан (Қайырхан)

13.        Қазақ даласының музыкалық символы «Сарыарқа» күйінің авторы? (Кұрманғазы)

14.        Абайдың шын есімі? (Ибраһим)

15.        Қазақта тұңғыш генерал атағын алған хан? (Жәңгір Бөкейұлы)

16.        ҚР - да «халық қаһарманы» және «ғасыр адамы» атағын иеленген қайраткер? (Тоқтар Әубәкіров)

17.        ҚР - да ұлттық валюта – Теңге қашан айналымға енген еді? (1993ж. 15 қараша)

18.        Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады? (130 - дай)

19.         «Бақытсыз Жамал» романының авторы кім? (М. Дулатұлы)

20.        Орыс империясына қарсы қазақ халқының біртұтас ұлт - азаттық

көтерілісінің қолбасшысы кім болды? (Кенесары Қасымұлы)

2-топ:

21.        Қазақта тұңғыш дүние жүзі чемпионы атағын алған палуан кім? (Қажымұқан Мұңайтпасұлы)

22.        Тасқа салынған сурет қалай аталады? (петроглиф)

23.        Үйсіндердің билеушісінің титулы қалай аталды? (гуньмо)

24.        1975 жылы Алматыда шыққан «Азия» кітабының авторы? (О. Сүлейменов)

25.        Қазақ тарихындағы тұңғыш кәсіби биші қыз? (Шара Жиенқұлова)

26.            31 мамыр қандай күн? (Репрессия құрбандарын еске алу күні)

27.        Мұсылмандардың жыл санауы қалай аталады? (хижра)

28.        Украинадағы конкурста «Әлия» әнімен1 - ші орын алған қай әнші? (Р. Рымбаева)

29.         «Ленинградтық өренім» деп бүкіл кеңес халқын рухтандырған қай ақын? (Ж. Жабаев)

30.        1883 – 1897 ж. ж. Кіші жүз территориясында болған көтерілісті басқарған кім? (Сырым Датұлы)

31.             Париж сахнасында ән салған тұңғыш қазақ әншісі? (Ә. Қашаубаев)  

32.             «Балқадиша» әнінің авторы (Ақан сері Қорамсаұлы)

33.        Шахматтың Отаны (Үндістан)

34.        І-ғасырда пайда болған әлемдік дін- (Христиан)

35.        Бетіне  түрлі-түсті ою-өрнек басылған киіз үй жиһазы - (Текемет )

36.        Сопылық бағытты дамытқан ғұлама  - (Ахмет Яссауи)

37.        24 жасында КСРО халық әртісі атағын алды. «Қазақтың бұлбұлы» аталған  әнші.  (Күләш Байсейітова )

38.        Абай Құнанбаевтың анасы. -  (Ұлжан)

39.        Ислам діні нешінші ғасырда пайда болды.( 7)

40.        ХІІ ғасырда Қарахан салдырған  Тараз қаласындағы ескерткіш-күмбез. (Айша Бибі кесенесі.)

3-топ:

41.        Грек медицинасының даңқын шығарған дәрігер – ( Гиппократ)

42.        Қазақ ғалымдарынан Аттила туралы алғаш жазып,ғылымға еңгізген (Ш.Уалиханов)

43.        «Диуани Хикмет» кітабының авторы ( Ахмет Яссауй)

44.        Рухани ұстазы Арыстан бабты пір тұтқан сопы ( Ахмет Йассауи)

45.        «Ленинградтық өренім» өлеңінің авторы ( Ж.Жабаев)

46.        Өзбек әдебиетінің негізін салушы ( Әлішер Науай)

47.        Исламның қасиетті кітабы (Құран)

48.        Ұлы Жібек Жолы қай жерден аяқталады. ( Рим)

49.        «Еділ» патшаны европалықтар қалай атаған (Аттила)

50.        Ұлы Жібек Жолының ұзындығы (7000-шақырым)

51.        Түйенің пірі (Ойсылқара)

52.        «Мона Лиза» туындысының авторы – ( Леонардо Да Винчи)

53.        Тарихтың атасы - (Геродот)

54.        Қазақ хандығының даңқты қолбасшыларының бірі, әйгілі Қабанбай батырдың жорыққа мінген тұлпарының аты (Қубас).

55.        Арыстанның баласы?  (абдан)

56.         «Семей полигоны» атты кітаптың авторы? (К. Бозтаев);

57.        Гений болу үшін - 1 % шабыт және 99 % еңбек ету керек деп   айтқан өнертапқыш? (Томас Эдисон)

58.        Ауыл шаруашылығына орасан зор зиянын тигізетін жәндік (Саранча).

59.        М.Х. Дулати:  «Жошыдан кейін бұл жұртта (Дешті Қыпшақта) одан ұлы хан болған емес»- дейді. Ханның әскер саны 300 мың деп көрсетеді. Бұл мәлімет қазақтың қай ханы жөнінде айтылып тұр? (Қасым хан 1511-1518 (1523) жж).

60.        Н. Назарбаевтың 11.11.2014 жылдағы жолдауының атауы («Нұрлы жол-Болашаққа бастар жол»)

 

 

 

6 кезең. «Туған жер – тұнған шежіре» (Облыстар)     (1-5 ұпай)

Оқушыларға ақ қағаздар беріледі.

1. Ақмола облысы – ауданы, орталығы, халық саны.

Көлемі - 146,2 мың км2, халқы - 733426, орталығы – Көкшетау қ.

2. Алматы облысы – ауданы, орталығы, халық саны.

Көлемі – 224,0 мың км2, халқы - 1953352, орталығы – Талдықорған қ.

3. Батыс Қазақстан облысы – ауданы, орталығы, халық саны.

Көлемі – 151,3 мың км2, халқы - 618656, орталығы – Орал қ.

4. Жамбыл облысы – ауданы, орталығы, халық саны.

Көлемі – 144,3 мың км2, халқы - 1072862, орталығы – Тараз қ.

5. Павлодар облысы – ауданы, орталығы, халық саны.

Көлемі – 124, 8 мың км2, халқы - 749860, орталығы – Павлодар қ.

6. Шығыс Қазақстан облысы - ауданы, орталығы, халық саны.

Көлемі – 283, 2 мың км2, халқы - 1394234, орталығы – Өскемен қ.

 

 

7 кезең. «Болашақ біздің көзімізбен» тақырыбында эссе жазу.

Қорытынды сөз:   Құрметті қонағымыз, ұстаздар, оқушылар  бүгінгі тарихи-интеллектуалдық сайыс сабағына катысып ат салысқандарыңызға үлкен рахмет. Сайысымызды  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деген сөзімен аяқтағым келіп отыр. Сондықтан әр қайсымыз өз еліміз тарихын арқашанда жадымызда сақтап, мақтан етейік.

 Осымен «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары» атты тарихи-интеллектуалдық сайысы аяқталды. Бәріңізге де көңіл қойып көргендеріңіз, тыңдағандарыңыз үшін көптен-көп рахмет айтамын!

БҚО Бөкей ордасы ауданы Ұялы ауылы

Ш.Жексенбаев атындағы жалпы орта

білім беретін мектеп-балабақшасының

ІІ санатты қосымша білім беру педагогі

Султанова Нурия Амантаевна

 

5 кезең. Көрермендерге қойылатын логикалық сұрақтар.

1.            Күрекпен су тасуға болады ма? (болады, мұз күйінде)

2.            Аңшы көлде жүзіп жүрген үйректерді бір оқпен атса, көлде неше үйрек қалады? (қалмайды, бәрі үркіп ұшып кетеді)

3.            Есік пен терезенің арасында не тұрады? («пен» тұр)

4.            Орыс күнтізбесіндегі ең қысқа ай? (Май - үш әріптен тұрады)

5.            Қай өзен ең қорқынышты ? (Тигр өзені)

6.            Нені дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды? (сабақты)

7.            Қай қолмен шәйді араластырған дұрыс? (шәйді қасықпен араластырған дұрыс)

8.            Қандай сұраққа «иә» деп жауап бере алмаймыз? (ұйықтап жатырсыз ба?)

9.            Қар жауады, күн жылынып, ери бастайды, біраздан соң жаңбыр жауады, одан кейін аяз қатты тұрса, не байқалады? (көктайғақ болатындығы)

10.        Он жұмыртқа салынған себетті екі рет түсіріп алсаң нешеуі қалады? (бәрі жарылып қалады)

11.        Қазақтандағы аты да, мінезі де бұзық өзен қайда?  (Талдықорған облысы,  Тентек өзені.) 

8кезең. Көрермендерге арналған сұрақтар:

Сұрақтар «Егер де мен . . . болсам» кезеңі уақытында қойылады.

1.            Қазақстанның монет сарайы орналасқан қала? (Өскемен).

2.            Қандай кәсіптің мамандары Гиппократ антын қабылдайды? (дәрігерлер)

3.            Шығыс елдерінде кеңінен тараған сауда орталықтары қалай аталады?(Базар)

4.            Компьютерде ақпаратты өлшеудің ең кіші бірлігі (бит)

5.            Бұғының баласы (Бұғышақ).

6.            Ауыл адамдарының бір-біріне сатусыз көмегі  (Асар)

7.            Отбасылық қымбат заттардың біреуге белгілі бір уақытқа сақтауға берілуі. Оны сақтау үлкен  адамгершілік белгісі ретінде саналған (Аманат)

8.            Садақтан немесе мылтықтан атпен бар пәрменімен шауып келе жатқан күйде тігілген тиынды  атып түсіру ойыны?    (Жамбы ату немесе Алтын қабақ деп атайды.)

9.             «Қазақ вальсінің королі»  (Ш.Қалдаяқов)

10.         «Алгебраның атасы»   ( Мұхамед Әл-Харезми)

11.        Астана Қазақстанның нешінші астанасы? (4)

12.                   Қамшыгер деген кім?(қамшының қожасы)

13.        Маңғыстау облысында қандай байлық бар? (мұнай)

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор десткого сада

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 567 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.03.2017 1878
    • DOCX 46 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Султанова Нурия Амантаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Султанова Нурия Амантаевна
    Султанова Нурия Амантаевна
    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10636
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой